Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рт қауіпсіздігі

Транспорттан дәнді түсіру жабдықтарының есебі | Астықты тазалауға арналған жабдықтарды таңдау және есептеу | Алдықтарды өңдеу және сақтау | Астық кептіргіштерді таңдау және есептеу | Астықты су жағалауынан қабылдау және жөнелту | Рылыс алаңына қойылатын талаптар | Ндірістік ғимараттың бас жоспары | А1-БИС ауалы сепараторы | Триерлер | Таразылар |


Өндірістік орында өрт қауіпсіздігін мемлекеттік өртке қарсы ұйымы бақылайды. Зауытқа өртке қарсы шараларын ұйымдастырып олардың орындалуын бақылайтын мемлекеттік өртке қарсы ұйымның инспекторы

бекітіледі. Өндіріс орны мен аудандық өртпен күресу бөлімшесі арасында келісім шарт құрылып, сол бөлімшеден екі өрттік автоцистерна бекітіледі.

Керамзит өңдейтін технологиялық жерде өртке қарсы сумен қамтамассыз етіліп, диаметрі 300 мм құбырлар орнатылған. Оларда гидрант қондырылған.

Майлар мен эмульсиялар қоймасында автоматты көбікті (өндіргіштері) орнатылған. Технологиялық цехтар өртті анықтайтын және өшіретін автоматты қондырғылармен жабдықталган.

Өрт кауіпсіздігінің нормалары

 

Өрт ке қар сы дәр еже Ең аз құрылыс конструкциясының төзімділігі
Қабырғалар   Баспа лдақ алаңд ары Плита  
Баспал дақпен бөрене лік Бөрен елік Сыртқы Ішкі Жылыт у қабат тары Аркала р және т.б
I 2,50 1,250 0,50 0,50 2,50     0,50 0,50
II 2,0   0,250 0,250     0.750 0,250 0,250
III 2,0   0,250 0,25040     0,75025    
IVa   0,50 0,2540 0,2540 2.50   0,250 0,2525 0,250
VI6   0,540 0,250 0,25040   0,750 0,75025 0,250 0,7525
IV 0,540 0,240 0,250 0,2540 0,254 0 0,252 5      
IVa 0,2540 0,254 0 0,2540 0,2540 0,254 0 0,250 0,250 0,25 0,250
V Нормаланбайды

 

Желдету нормалары

 

Өндірістік орнынын ауданы, м Зерттеудің ең аз нүктелерінің саны
^100  
100-400  
^400  

 


 

Өндірістік жарықтандырудың нормалары

 

Керу жұмыстарының сипаттамасы Нысананың ең кіші көрінуі (мм) Көру жұмысының разряды Жарықтану кезіндегі мәні (t)
Жоғары Жоғарғы және комбин
Ең жоғарғы дәлдік 0,15 I 3,5  
Өте жоғарғы дәлдік 0,15-0,3 II 2,5  
Жоғарғы дәлдік 0,3-0,5 III 2,0  
Орташа дәлдік 0,5-1 IV 1,5  
Аз дәлдік 1-5 V 1,0  
Дәлдіксіз >5 VI 0,5  

 

Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етуде, жұмыстар мен қызметтерді кешенді түрде орындауда, өрттің алдын алу және онымен күресуде ғылыми-техникалық жетістіктер мен жаңа технологияларды енгізуде басшыларға барынша көмек көрсету Қоғамның негізгі міндеттері болып табылады.

«Өрт сөндіруші» АҚ ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет органдарымен, өрт-техникалық комиссияларымен, еңбекті қорғау қызметімен, ұйымдар мен объектілердің техника қауіпсіздігі қызметімен, авариялық-құтқару қызметтерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

«Өрт сөндіруші» АҚ ерікті өрт сөндіру құрамаларын тарту арқылы елді мекендерде шағын өрт сөндіру бөлімшелерін құруда да тәжірибесі бар. Осылайша, 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Успеновка ауылында өрттен қорғайтын өрт сөндіру бөлімшесі құрылды.

БҚО Зеленовск ауданының Үлкен Шаған ауылында Қоғамның қаражаты есебінен үш өрт сөндіру машинасы бар өрт сөндіру депосының ғимаратына жөндеу жұмысы жүргізілді. Батыс Қазақстан облысының Ақсу және Анката ауылдарында өрт сөндіру бөлімдерін құру жөнінде шарттар жасалды.

«Өрт сөндіруші» АҚ филиалдары барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар.

«Өрт сөндіруші» АҚ заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қоғамның Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

«Өрт сөндіруші» АҚ:

· Қазақстан Республикасының аумағында өрттердің алдын алу және жою, басқа авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу қызметімен айналысуға ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетімен берілген куәлігі;

· «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамына монтаждау, жөндеу және күзет сигнализация құралдарына техникалық қызмет көрсету қызметімен айналысуға ҚР ІІМ берілген мемлекеттік лицензиясы;

· Қазақстан Республикасы аумағында өрт дабыл және автоматтық өртке қарсы құралдарын монтаждау, іске қосу және техникалық күту жұмыстарымен айналысуға ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы Мемлекеттіқ бақылау және қадағалау комитетімен берілген мемлекеттік лицензиясы;

· Сәулет, қала құрылысы және құрылысқызметі саласындағы жұмыс (қызмет) түрлерімен айналысуға Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен берілген мемлекеттік лицензиясы;

· Өрттерді және өрт қауіпсіздігі саласындағы табиғи және техногендік сипаттағы басқа төтенше жағдайлардың алдын алу, жоюға ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасымен берілген жұмыстар мен қызметтердің отандық жеткізушісінің куәлігі;

· Қарағанды облысының аумағына ҚР СТ OHSAS 18001-2008 Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты бар.

«Өрт сөндіруші» АҚ жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтердің тізбесі

«Өрт сөндіруші» АҚ өрт қауіпсіздігі саласында келесідей жұмыстар мен қызметтер кешенін орындайды, олар:

· Ұйымдар мен объектілердегі өрттердің алдын алу және оны сөндіру (өрттен қорғау) және елді мекендерді өрттен қорғау;

· Өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа жұмыстар мен қызметтер.

1. Ұйымдарды, объектілерді және елді мекендерді өрттен қорғау

А) өрттің алдын алу бойынша:

· өрт қауіпсіздігі саласындағы нормалардың, ережелердің, стандарттардың және нұсқамалардың бұзылғандығы анықталғанда, өрттің шығу себептерін жоюға, олардың таралуын шектеуге, өрт шыққанда адамдарды және материалдық құндылықтарды көшіру үшін жағдай жасауға бағытталған іс-шараларды әзірлеген кезде күзетілетін объектілердің басшыларына көмек көрсетеді;

· күзетілетін объектілердің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі қызметтерімен, өрт-техникалық комиссияларымен жүргізілетін тексерістерге қатысады;

· күзет қызметін ұйымдастырады, дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс істеу кезінде тапсырыс берушінің сұранысымен өрт сөндіру машиналарына күзет қояды, өрт қауіпсіздігі шараларын дайындауға қатысады;

· заманауи жүйелер мен өрттен қорғану құралдарын енгізу, технологиялық процестердің өрт қауіптілігінің төмендеуі бойынша ұсынымдар береді;

· алғашқы өрт сөндіру құралдарының, өртке қарсы сумен қамту жүйелерінің, өрт сөндіру гидранттары мен суаттарының, өрт сөндіру мен дабылдардың автоматты қондырғыларының жұмыс қабілеттілігін бақылайды;

· күзетілетін объектілердің, сондай-ақ қандай да бір жұмыстарды орындау үшін уақытша тартылған басқа да мердігерлік ұйымдардың жұмысшыларына және инженерлік-техникалық қызметкерлеріне өрт-техникалық минумумы бойынша сабақтар, нұсқамалар өткізеді;

· күзетілетін объектілерде болған өрттердің шығу себебін анықтау мақсатында өрттердің, жауынгерлік іс-әрекеттердің және өрт сөндіру тактикасы мен алдын алуды жетілдіру ұсыныстарының ішкі ведомстволық есебін жүргізеді;

· тұжырымдамалардың жобаларын, тапсырыс берушілердің объектілерін өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ететін мақсатты бағдарламаларын, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нұсқамаларын әзірлейді.

Б) өртті сөндіру бойынша:

· өрт сөндіру бөлімдерін құрады және жауынгерлік топтың күзетілетін объектілеріндегі өрттерді сөндіруге уақытылы шығуын қамтамасыз етеді;

· өрт сөндіруді және авариялық-құтқару, газдан құтқару қызметтерін, алғашқы медициналық қызмет көрсетуді және төтенше жағдайлар кезінде туындайтын басқа да жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;

· күзетілетін объектілердегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерін басқарады, бөлімшелерде жедел-қызметтік және өрт-профилактикалық жұмысын ұйымдастырады, олардың қызметін бақылайды;

· газ түтіннен құтқару қызметін ұйымдастырады және оның белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

· техникалардың өрт-техникалық жарақтардың, жеңдік шаруашылықтың үнемі дайын болуын қамтамасыз етеді және жиі оның қалпын тексеріп тұрады;

· жедел жоспарларды, өрт сөндіру карточкаларын дайындауға қатысады және оларды өндейді әрі түзетеді, жарылыс өрт қауіпі бар объектілердегі аварияларды жою жөніндегі жоспарлар әзірлеуге қатысады;

· өрттің алдын алу және сөндіру жұмыстарына қатысу мүмкіндіктерін ескере, күзетілетін объектілердегі ерікті өртке қарсы құрамаларды дайындауды жүзеге асырады;

· тапсырыс беруші пайдалануға берген өрт техникаларын, жабдықтарын, жарақтары мен қызметтік үй-жайларын дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.

 


Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 119 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Астықты жинағаннан кейін жүргізілетін операциялар үшін қауіпсіздік техникасы| Ндірістік санитария және коршаған ортаны қорғау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)