Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

РЕФЕРАТ 1 страница

РЕФЕРАТ 3 страница | РЕФЕРАТ 4 страница | РЕФЕРАТ 5 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

Бітіру жұмысы кіріспе, әдеби шолу, негізгі бөлім, тәжірибелік бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 53 беттен, 57 суреттен, 1 кестеден, 37 қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Түйін сөздер: МҰЗ, ҰШАҚ, СУПЕРГИДРОФОБ, ТЕФЛОН, ПОЛИФЕНИЛЕНСУЛЬФИД, АЛЮМИНИЙ, АЭРОДИНАМИКА

Зерттеу нысандары: супергидрофобты беттегі судың жұғу бұрышы және сырғу бұрышы, аэродинамикалық трубадағы ауаның жылдамдығы және бағыты, -18 температурада әдеттегі және супергидрофобты қанат бетіне мұздың жиналу механизмі және жылдамдығы.

 

Жұмыстың мақсаты:қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болған мұздану мәселесі, яғни, ұшақ қанатының бетіне жиналатын мұзды біржақты ету шараларын зерттеу, оған супергидрофобты беттің көмегінің шамасын зерттеу.

Зерттеудің маңызы: анемометр қондырғысы арқылы аэродинамикалық трубаның ішіндегі ауа жылдамдығын зерттеу, су тамшысын супергидрофобты бетке тамызып жұғу бұрышын зерттеу, түтін арқылы ауаның труба ішіндегі қозғалу бағытын зерттеу, -18 температурада аэродинамикалық труба ішіндегі қанат бетіне жиналған мұздың салмағын өлшеу әрі екі түрлі қанат бетіндегі мұздың жиналу уақытын салыстыру.

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

 

ПФС – полифениленсульфиді

ПТФЭ– политетрафторэтилен (тефлон)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

  КІРІСПЕ  
  ӘДЕБИ ШОЛУ  
1.1 Ұшақ қанатындағы мұздану мәселесі,мұзданудың ұшақ ұшуы кезіндегі туғызатын кедергілері  
1.1.1 Мұзданудың ұшақ аэродинамикасына әсері  
1.1.2 Мұздану процесінің полярлы қисыққа әсері  
1.1.3 Мұзданудың ұшақ ұшу бағытына әсері  
1.2 Ұшақ қанатын супергидрофобты материалмен қаптаудың маңызы  
1.2.1 Қазіргі кездегі ұшақтағы мұздануға қарсы жүргізілетін іс-шаралар  
1.2.2 Ұшаққа қолданылатын гидрофобты материалдар  
1.2.3 Құрамында фторы бар полимерлердің гидрофобты материал ретінде қолданылуы  
1.2.4 Фторлы полимерлердің ұшақтың мұздануға қарсы материалы ретінде қолданылуы және дамуы  
  ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ  
2.1 Судың физикалық қасиеті  
2.2 Гидродинамика және оның аэродинамикамен байланысы  
2.3 Аэродинамикалық труба  
2.4 Адгезия және когезия, беттік керілу  
2.5 Супергидрофобты беттің физикалық негізі  
  ТӘЖІРИБЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ  
3.1 Тефлонның физикалық және химиялық қасиеті  
3.2 Полифениленсульфидінің физико-химиялық қасиеті  
3.3 ПТФЭ – ПФС қоспасындағы супергидрофобты қанат бетін алудың тәжірибелік әдісі  
3.4 Төмен жылдамдықтағы аэродинамикалық трубаның жасалу жолы  
3.5 Ұшақтың ұшу модельін аэродинамикалық трубада жасау және әдеттегі және супергидрофобты қанат беттерінің мұздану жағдайын салыстыру  
  ҚОРЫТЫНДЫ  
  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

 

 

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде мұздану мәселесі дүниедегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мұздану мәселесі тасымалдау трубаларында, антенналарда және авиацияда болады. Авиацияда, яғни ұшақтың ұшуы кезінде атмосферадағы ауа тұтқырлығының жоғары болу себебінен, ауа ылғалдығынан, температураның төмен болу факторларынан мұздану жоғары болады. Ұшақ аспан кеңістігінде ұшу барысында ұшақ сыртқы бетінде мұз жиналу процесі болады. Ұшақ сыртына мұз жиналу негізінен екі түрлі болады: біріншісі, кеңістіктегі су буының ұшақ беткі қабатымен тікелей жанасу арқылы мұз түзу. Екіншісі, ауа құрамындағы су тамшыларының жартылай кристалдары (тұман,бұлт) біршама тұрақсыз келеді, олар қатты денеге тигенде адгезиясы біршама жоғары болады да, толық кристалға айналады. Ұшақ қанатына жиналған мұз ұшақтың ұшуы кезінде көптеген кедергілерді туғызады. Мысалы, ұшақтың өзін-өзі көтеріп ұшу күшін азайтып, ұшақ тепе-теңдігін бұзады. Сондықтан, қазіргі кезде көптеген әдістер мұзды жоюға қолданылуда. Қолданылатын әдістердің ішінде қанат ішіндегі қыздыру жүйесі жатады. Ұшақ бетіне жиналған мұзды қыздыру энергиясы арқылы ерітіп, қанат бетін тазартып отырады. Бірақ энергия шығымы көп жұмсалады. Осы себептерге негізделіп энергиялық шығымды азайту мақсатында мұзбен адгезиясы төмен, яғни супергидрофобты бетті қанат бетіне қаптау арқылы мұздан арылу жолын қарастырамыз. Жұмыс барысында әдеттегі және супергидрофобты қанат беттерінің моделін жасап, оларды ұшақтың ұшу моделі, яғни аэродинамикалық трубада тәжірибеден өткіземіз және оларды салыстыра отырып, супергидрофобты беттің мұздануға қарсы жүйеге тигізетін көмегін бақылаймыз. Бұл жағдайда аэродинамикалық труба ішіндегі ауа ағысын ламинарлы ағыс ретінде жағдай жасап, труба ішіне қанатты қойып, эксперимент жүргіземіз. Қанат бетіне қатқан мұздың қандай параметрлерге тәуелді екенін зеттейміз.

 

 

1.ӘДЕБИ ШОЛУ

 

 

1.1 Ұшақ қанатындағы мұздану мәселесі,мұзданудың ұшақ ұшуы кезіндегі туғызатын кедергілері

 

Ұшақ жер бетінен көтерілу кезінде температура (OAT)≤5℃немесе ұшу барысындағы ауа температурасы (TAT)≤7℃болғанда, сонымен қатар судың қандай да бір фазасының әсерінен (мысалы, қар, жаңбыр, тұман) мұз қату шарты толықтанады. Бірақ ұшақтың сыртқы бетіндегі мұз қату жағдайы ауа ағысының жанасу орнының ұқсамауына байланысты ол да басқаша болады. Кей жерлерге мұз дұрыс қатпайды (мысалы, ұшақ қанатының артқы бөлігіне және ұшақ құйрығына). Ұшу барысында мұздану әдетте ұшақ қанатының алдыңғы бөлігінде, ұшақ басында, айналғыш парақта біршама ауыр болады. Әр жерде түзілген мұз кристаллдарының құрамында үлкен өзгешеліктер болады, қатты кристал және бос күйдегі қыраулар да болуы мүмкін. 1-суретте көрсетілгендей қанат алдыңғы бөлігінде де екі түрлі мұз қату жағдайы болады.[1,2]

Cурет 1. Қанаттың алдыңғы бетіндегі мұз қату жағдайлары

 

Ұшақ сыртына жиналған мұз қабаты ұшақтың механикалық қозғалысына үлкен әсер етеді,.ұшақ жылдамдығына қарама-қарсы бағыттағы ауа ағысының жүру бағытын өзгертеді, сонымен қатар ұшақ жылдамдығын азайтады және тепе-теңдігіне әсер етеді (2-суретте көрсетілгендей).

 

A:ауа ағысының қалыпты қозғалысы B: ауа ағысының трублентті қозғалыс жасауы

 

Cурет 2. Мұз қатудан бұрынғы (A) және мұз қатқаннан кейінгі (B) ауа ағысының ұшақ қанаты бетімен қозғалу бағыты (жанынан қарағанда).

Қанаттың мұздануының қозғалысқа әсері. Әдеттегі жағдайда қанаттың мұздануы ұшақтың аэродинамикалық қасиетіне үлкен әсерін тигізеді, ұшу үдеуін азайтып, жылдамдық азаю үдеуін жоғарылатады. Сандық коэффициентінің дәрежесіне, бірнеше қозғалыс параметрлеріне әсер етіп,ұшу барысындағы математикалық модель функциясын бұзады, ұшқыштың басқаруы қиынға соғады.

 

 

1.1.1 Мұзданудың ұшақ аэродинамикасына әсері

Бұл әсерді бірнеше жақтан қорытындылауға болады:(3-сурет).

1) түзілген мұз сыртының α бұрышына байланысты аэродинамикалық жылдамдықтың азаюы болады.

2) максималды аэродинамикалық үдеудің азаюы болады

3)жылдамдық азаю бұрышы азаяды.

 

Cурет 3. Аэродинамика жылдамдығының CL ұшақ қозғалыс бағыт бұрышына α тәуелділігі

 

Максимальды аэродинамикалық коэффициент мұздың қалыңдығына және құрылысына тәуелді (4-суретте көрсетілгендей). Ең маңыздысы мұз қалыңдығы бірнеше милиметрге артса жылдамдық үдеуін жартысындай дәрежеде азайтады, яғни мұздың аз мөлшері ұшақ тепе-теңдігіне зор әсер етеді.

 

Cурет 4. Мұз құрылысының максимальды аэродинамикалық жылдамдыққа әсері

 

Жоғарыдағы график арқылы мұз қатқаннан кейінгі ұшақ аэродинамикасы 25-40%-ға азаятынын түсінуге болады. Жылдамдық азайту бұрышы 5°~7°- ға азаяды. Бұл арқылы жылдамдық қосу үдеуі 25%-ға азайса, жылдамдық азайту үдеуі 75%-ға жоғарылайды. Яғни, Vs2/VsO2 = 1/0.75, жылдамдық азаю үдеуі

Vs =1.1547VsO. Жылдамдық азайту үдеуі 15%-ға артады, ал жылдамдық үдеуі 40%-ға жоғарылайды.[3]

1.1.2 Мұздану процесінің полярлы қисыққа әсері

 

1) α бұрышына байланысты кедергі күш CD артады;

2) аэродинамикалық коэффициентке CL байланысты кедергі күш CD те артады;

3) жоғары аэродинамикалық үдеу жылдамдық төмендеу үдеуінің минимальды мәнінде байқалады.

 

Cурет 5. Мұзданудың полярлы қисыққа әсер етуі

 

1.1.3 Мұзданудың ұшақ ұшу бағытына әсері.

 

Қазіргі кезде кең қолданылатын турбореактивті ұшақтың ұшу биіктігі шамамен 9000m айналасында болады. Төмен биіктікте ұшақтың мұздану мүмкіншілігі біршама төмен, бірақ көтерілу барысындағы жиналған мұз ұшақтың көтерілу энергия шығымын жоғарылатады. W = ρV2CLS/2 формуласы бойынша және D =ρV2CDS/2 бойынша кедергі күш ұшақтың ұшу барысындағы ауа ағысына түсірген қысым күшке байланысты өседі. Яғни D = W/K. Мұндағы K- аэродинамикалық константа. Егер максимальды аэродинамикалық жылдамдық азайса, минимальды кедергі күш жоғарылайды (6-суретте көрсетілгендей). Жылдамдық азайту үдеуі мұздың жиналу шамасына байланысты өседі, максимальды бірқалыпты қозғалу жылдамдығы азаяды [4].

 

 

Cурет 6. Мұздану жағдайының қажетті сүйреу күшіне әсері

 

1.2 Ұшақ қанатын супергидрофобты материалмен қаптаудың маңызы

Ұшақ кеңістікте ұшу барысында Маха критерийі бойынша мұздану метеорологиялық шартынан кіші болғанда ұшақтың кейбір сыртқы бетінде ауа ағысы құрамындағы сумен соқтығысады, осылайша мұз бірте-бірте жинала бастайды. Көптеген зерттеу жұмыстары бойынша ұшақтың негізгі бөліктерінде жиналған мұз кристаллы аз мөлшерде болса да, бірақ ұшақтың ауырлық күші арта түскендіктен ұшақтың тепе-теңдігі нашарлай бастайды. Ең ауыр жағдай кеңістіктегі төмен температура әсерінен ұшақтың ауа кіру аузында және қанаттың алдыңғы жағында мұздың қатуы. Негізінен ұшақтың бірнеше бөлігінде мұз қату біршама ауыр болады: ұшақ қанаты, горизонталь стабилизатор, вертикальді сабилизатор алдыңғы жағы, температура датчигі, айналу парағы сияқтылар (7-суретте көрсетілгендей). [18][20]

 

Сурет 7. Ұшақтың мұз қататын негізгі бөліктері.

1.Температуралық датчиктегі мұз қату 2. Көру әйнегіндегі мұз қату 3. Қанат алдындағы мұз қату 4. Артқы тепе-теңдік құйрығындағы мұз қату 5. Айналу парағына жабысқан мұз 6. Жел өткізгіш труба ернеуіндегі мұз

 

 

1.2.1 Қазіргі кездегі ұшақтағы мұздануға қарсы жүргізілетін іс-шаралар:

 

1) Двигатель компрессормен үрленетін ыстық жел арқылы мұз еріту: бұл көбінесе қанатта, ұшақ құйрық бөлігінің алдынғы жағына, двигательге ауа кіргізу аузына қолданылады. Бұл әдіс ыстық ауа көмегімен жартылай кристалл немесе толық кристаллданған мұзды буға айналдырып, сыртқы қабатты тазалап отырады. Сонымен қатар төмен температуралы ауа ағысын жылытып, ұшақтың сыртқы бетімен адгезиясының алдын алады.

2) Шар цикл әдісімен мұздан ажырату әдісі: двигательден шыққан ытық ауа әсерімен пневматикалық каналға ыстық жел жіберіп, шар циклын ұлғайтып және қысу арқылы механикалық күш туғызу, күштің әсерінен мұздың адгезиясы жойылады. Бұл әдіс қанат бөлікте және құйрық бөлікте қолданылады. Бұл әдісте қажетті ыстық ауа энергиясы бірінші әдіске қарағанда біршама аз болады. жылу энергиясы жеткіліксіз жағдайда көлем өзгерту әдісімен мұздан ажыратылуға мүкіндік береді.

3) Электр жылуы арқылы мұзданудың алдын алу: бұл әдіс тұрақты электр жылуының әсерінен мұз кристаллдарын еріту болып табылады. Көбінесе спиральді айналу парағына орнатылады және қанат ішіне орнатылады. Электрлік жылу әдісінен басқа электрді үнемдейтін яғни уақытша қыздыру жүйесі де кеңінен қолданылады, электрлік импульс әдістері қатарлылар, кейде ульлтрадыбыс толқынын да қолдануға болады [7].

Жоғарыдағы әдістерден басқа қазіргі заманға сай энергия шығымының алдын алу мақсатында ұшақтың мұз қататын бөліктерін супергидрофобты материалмен жасау жолға қойылуда. Бұл әдістің артықшылықтары өте көп, энергия шығымын үнемдеп қана қоймай мұз қату уақытын ұзартуға болады және ұшақтың сыртқы металл материалдарының коррозиясынан сақтануға болады. Ұшақтағы жылыту жүйесі ток энергиясын пайдаланып жұмыс жасайды, құрылғысының негізгі бөлігі:жылу қыбылдау қанат беті, қыздыру пластинкасы, электродтардан тұрады. Төменгі қабатқа, яғни қанат бетіне жақын жиналған мұз кристаллдары қыздыру әсерінен суға айналып, адгезиясын азайтады (8-сурет).

 

Сурет 8. Қыздыру жүйесі 1.Қанат беті 2. Қыздыру пластинкасы 3. Электродтар

 

Қыздыру құрылғысынан басқа мұздануға қарсы жүйеде қанат бетіне шашатын мұздануға қарсы сұйықтықтар болады. Ұшақтардың ұшуы алдында сұйықтықтарды ұшақ сыртына шашады, беттік активті сұйықтық әсерінен мұз қанат бетіне жанаспайды (9-сурет), бірақ сұйықтықтың қолданылу уақыты біршама аз болады.

Cурет 9. Мұздануға қарсы беттік активті сұйқытық

1. Мұз 2. Беттік активті зат 3. Қанат беті

 

Мұздануға қарсы қазіргі кезде қолданылатын сұйықтықтар пропиленгликоль (C3H8O2) және этиленгликоль (C2H6O2). Қазіргі кезде қолданылу уақыты жағынан ұзақ беттік активті сұйықтар түрлері шықты. Мысалы, құрамында төмендегідей радикалдары бар заттар:

1.2.2 Ұшаққа қолданылатын гидрофобты материалдар

 

1) Гидрофобты материалдардың теориялық моделі: сұйықтықтың қатты бетке жұғу жағдайын Юнг теңдеуімен қарастырсақ, егер қатты бет пен сұйық арасындағы жұғу бұрышы үлкен болса адгезия жұмысының аз болғаны, яғни гидрофобты қасиетінің жоғары болғаны. Қатты дененің гидрофобты қасиеті мен беттік энергиясы өте тығыз байланыста болады. Қатты беттің беттік энергиясы төмен болса тыныш күйдегі су тамшысының жұғу бұрышы үлкен болады. Жұғу бұрышы 90° тан үлкен болғанда гидрофобты қасиет болғаны. Материалдардың ішінде органикалық кремний қосылыстары мен органикалық фтор қосылыстарында беттік энергия төмен болады. Құрамында фтор болатын топшалардың беттік энергиясы:

—CH2—>—CH3>—CF2—>—CF2H>—CF3 бойынша солдан оңға қарай төмендейді. —CF3 –тің беттік энергиясы шамамен 6.7mJ/m2. Қатты тегіс күйдегі материалында жұғу бұрышы ең үлкен болады. Дюпре формуласымен есептегенде жұғу бұрышы 115.20 болған. Ұзын тізбекті көмірсутектердің сумен жанасу бұрышы шамамен 1120 болады. Ретсіз орналасқан органикалық кремний және фтор полимерлерінің сумен жанасу бұрышы 101-1100 болған. Қатты дененің сумен жанасу бұрышы беттік қабаттағы құрылысқа байланысты, топшалардың диаметріне және сұйықтықтың беттік керілуіне тәуелді. Негізінен екі әдіс арқылы гидрофобты қасиетті жоғарлатуға болады, біріншісі - химиялық әдіс арқылы қатты беттің құрамын гидрофобты құрамға өзгерту, екіншісі - бетті дөрекі құрлымға келтіру, механикалық әдісті қолданамыз. Химиялық топшаларға байланысты тегіс беттің жұғу бұрышы шекті болады, 1200 –тан аспайды. Табиғатта көптеген өсімдік жапырақтарында супергидрофобты қасиет болады. Гидрофобты қасиеті ең жоғары болатын - ол лотус жапырағы, Германияның Бон университетінде Wbarthlot және Cneinhuis жүйесінде лотус құрамындағы өздігінен тазарту құбылысын зерттеген, зерттеу барысында беттік қабаттағы талшық өсінділерін байқаған, бұлардың гидрофобты қасиет беретінін түсінді. Cонымен қатар дөрекілік құрлымын байқаған, бұл құбылысты (Lotus-effect)деп атады. Қытай орталық зерттеу институтында Жян лей қатарлылар лотус жапырағында дөрекілік өсінділердің ара қашықтығы шамамен 5~9μm ал наноталшықтарының диаметрі 124.3±3.2nm екенін байқаған (10-сурет). Бұл микроөлшемді және наноөлшемді құрылымның супергидрофобты қасиетке негізгі фактор екенін байқады. Беттегі дөрекілік құрылымның гидрофобты қасиетке маңыздылығы зор. Wenzel жұғу бұрышының формуласын ұсынды. Дөрекілік фактор r –ді енгізді (дөрекілік құрлымның реалды жағдайдағы ауданы мен геомертиялық проекция ауданының қатынасы, r≥1).

Сурет 10. Лотус бетінің микроқұрлымы

 

Қатты дененің дөрекілік құрлымын арттырсақ, гидрофобты қасиетті

(θ>90°болғанда cosθ теріс мәнге, θ<90°болғанда cosθ оң мәнге ие болады. сондықтан дөрекілік құрлымдымды арттыру қажет) арттыруға болады, судың бетпен жұғу бұрышы 1500-тан жоғарылатып супергидрофобты қасиетке жеткіземіз. Wenzel принципіне негізделсек, қатты беттегі химиялық құрам мен физикалық құрылысты өзгертіп дөрекілік құрлымды өзгертсек, тек қана тыныш күйдегі су тамшысының жұғу бұрышы ғана емес судың домалау бұрышын өзгертуге болады, яғни судың қозғалыс бұрышын білуге болады.[8,9].

Cassie қатты дене мен сұйықтық арасындағы газ көпіршігінің негізін талқылап, Cassie's моделін және формуласын ортаға қойды. Мұнда f сұйықтықтың қатты беттегі жанасу үлесі. Супергидрофобты беттің негізі лотус жапырағына негізделген. Сұйықтың қатты бетпен жанасуы бірнеше түрлі болады (11-суретте көрсетілгендей).

 

Cурет 11. Cұйықтықтың қатты бетпен жанасу түрлері

1. Жазық беттегі 2. Wenzel моделі 3. Cassie's моделі

 

Сұйықтың қатты бетпен жанасу формуласы төмендегідей болады:

 

Бұл жерде: γSL、γSV,γLV - қатты-сұйық, қатты-газ,сұйық-газ беттік керілулері. Φ-тұрақты коэффициент, θS-жазық беттегі жанасу бұрышы, θr-дөрекі беттегі жанасу бұрышы, r-дөрекілік факторы, f-сұйықтың қатты беттегі аудандық үлесі.

Лотус эффектісінің қабықшасы үш түрлі жақтан сипатталады:

1) құрамында супергидрофобты қасиет болады;

2) үйлесімді дөрекілік дәрежесі болады;

3) төмен домалау бұрышы болады.

 

Екі түрлі әдістен лотус эффектісін алуға болады: Бірінші-жоғары гидрофобты материалдарды қосу, мысалы фтор, кремний қоспаларын қосу арқылы беттік энергияны азайту, адгезия жұмысын болдырмау. Екінші-.лотус беті сияқты дөңес, ойыс бетті әдеттегі бетте орнату, бетке бөгде заттардың жанасу ауданын азайту.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 316 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Выходные посреди недели.| РЕФЕРАТ 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)