Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Обоснование 5 страница

Сущность принципа | Обоснование 1 страница | Обоснование 2 страница | Обоснование 3 страница | Синергетика философиясы. |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Н.Г.Чернышевский 1828 жылы Саратов қаласында діни қызметкердің жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді үйде алды, орта білімді – діни семинарияда, жоғары білімді – Петербург университетінде.
Петербург университетін бітіргеннен кейін Саратов гимназиясында үш жыл бойы әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Одан кейін Петербургке барып, өзін әдеби-публицистикалық қызметке арнады.
“Современник” журналының жетекшісі қызметін атқарып, ол журналды орыс революцияшыл-демократтарының жауынгер арганына айналдырды. Сонымен қатар журналистік қызметін атқара жүріп, Чернышевский астыртын революциялық жұмысты жүргізді. 1862 жылы ол ұсталып, Петропавл қамалына қамауға алынды, жеті жылға сотталды, одан кейін патша үкіметі бойынша, Сібірге өмірлік жер аудару тұрған болатын-ды.
21 жыл түрме, каторга және жер аударудан кейін Астрахань қаласында тұруға лұқсат етілді, ал 1889 жылы қайтыс болудан бірнеше ай бұрын Саратов қаласына келді. Чернышевский 1889 жылы қазан айында қайтыс болды.
Чернышевский студенттік жылдардың өзінде крепостникалық право және патша үкіметі еңбекшілердің басына түскен ауыртпалық пен бақытсыздықтың негізгі себептері болып табылады, олар прогресстің, ғылымның және ағарту ісінің жаулары деген қорытынға келген болатын-ды. Сонымен қатар бірден-бір дұрыс және сенімді жол, оны жою үшін күрес революциялық жолы болып табылады.

126. Математика –адамзат мәдениетінін феномені ретінде.Топтау мен абстракциялау математикалық теориялардың даму әдістері ретінде.Математикалық модельдер жүйесі ретінде.

Математика (гр. μάθημαғылым, білім, оқу; μαθηματικόςбілуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.[1]

Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.

Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше сөз, гео — жер, метро — өлшеу деген мағына береді).

127. Діни сананың көптүрлілігі.Дін және өнегелік.

Дінсіз қоғамды елестету мүмкін емес. Дін халық мә­дениетінің рухани негізі. Оның қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Сол себепті жас ұрпаққа діндер тарихы мен оның құн­ды­лықтары, рухани астары туралы мәлімет беру өмір талабы. Осы орайда жас жеткіншектерге діндер тарихы мен ілімдері туралы ғылыми негізде жазылған оқулық аса қажет. Осы қажет­тілікті қа­на­ғаттандыру мақса­тында академик Ғарифолла Есімнің авторлық жетекшілігімен 9-сынып оқушы­ла­рына қазақ және орыс тілде­рінде “Дінтану негіздері” оқу­лы­ғы дайындалып, жарыққа шық­ты. Авторлық ұжым құрамына фи­лософия ғылымдарының док­то­ры, профессор А.Әбуов, Қ. Бе­га­линова, философия ғылымда­ры­ның канди­даты Е. Смағұлов, исламтану­шы Қ.Жолдыбайұлы кірген екен. “Дін­тану негіздері” оқулығында жалпы діни сананың қалыптасуы, поли­теистік діндер­ден кейін монотеистік діндердің пайда болуы, бір сөзбен айтқанда, әлемдік және дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діни культтар жай­ын­да ақпарат берілген. Бұндай ақ­параттар дін туралы тү­сінігі то­лық қалыптасып үлгермеген жас буын үшін тиімді екені сөзсіз.

Оқулықтың алғашқы тарау­ында діни сана құрылымы – діни сенім, ілім және діни идеология туралы баяндалған. Діни сана әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әр­түрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырғандығы сараптал­ған. Діннің адам мен қоғам өміріндегі қызметтері: дүниета­­­­нымдық құндылықтарға баулу, регуля­тивтік (реттеушілік) қыз­меттері көрсетілген. Діннің бастаулары мен тарихи түрлері деп аталатын екінші та­рауда, ежелгі дәуірдегі әр түрлі ани­мистік, фетишистік, магия­лық, тотемистік діни нанымдар сөз болады. Сонымен бірге, по­литеистік мәндегі діни түсініктер өріс алған ежелгі халықтардың діни нанымдарына арналған. Б.д.д. VІ мыңжылдықтың соңын ала Тигр мен Евфрат өзендерінің аңғарларына қоныстанған көне Шумерлердің діни нанымдарына талдау жасалған. Ежелгі парсы елінің зороастризм діні жайында деректер келтіре отырып, этика­лық ұстанымдары мен қасиетті кітабы Авеста жайында баян­дай­ды. Ежелгі Мысырдың көне патшалық дәуірінің “Пирами­далар мәтіні” мен орта патшалық дәуірінің “Саркофактар мәтін­дері” сияқты жекелеген жазулар, жаңа патшалық дәуірі “Өлілер кітабы”, “О дүниеде небары ту­ралы кітап” жазбалардағы діни түсініктерге талдау жасалған. Сон­дай-ақ, көне грек мифо­ло­гиясы мен наным-сенімдерінің ерекшеліктері, құдайлар пан­тео­ны туралы қызықты мәліметтер келтірілген.

128. Ми мен психика. сананың пайда болуы және мәні.

Санан бір дегенен пайда болған жоқ, сезім арқылы бірте-бірте пайда болды.

Адам психикасы - мидың табиғи өнімі емес, әлеуметтік жағдайлар туындысы. Алайда, ол табиғи, физиологиялық зат - мидың арқасында әрекетке келеді. Психиканы ми әрекетінен ажыратып та болмайды, соны­мен бірге оны бүтіндей нейрофизиологиялық үдеріс деп те атау орынсыз. Психика мен физиологиялық үдерістердің өзара қатынасы - идеалды дүние мен заттасқан болмыстық ажыралмас байланысы.

Психика - ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі.

Адам миының жұмыс ерекшелігі сырттан түсіп жатқан ақпараттың ерекше тәсілмен таңба, белгілерге айналуынан көрінеді. Адамның болмысты психикалық бейнелеуі - бұл қоғамды- тарихи тәжірибеде қалыптасқан сөздік белгі, адамдық ұғымдармен жанама күйде берілген өрнек, бейне.

Психиканың негізгі жасау белгілері - оның жүйелілігі, біртұтастығы, бөлшекке түспейтіндігі.

Психика әрқилы күрделілік деңгейіндегі әрекет-қылықты қамтамасыз етуші көп сатылы (бірінен бірі жоғары) қызметтік жүйелерден тұрады. Психика көп деңгейлі ғана емес, ол сонымен бірге көптеген қасиет- сапаларға ие бола тұрып, сан алуан қызметтерді орындайды. Көрінген жүйе өз құрылымымен, әрекеттік қозғалысымен, бірлікті (интегралды) күй-қалпымен және жүйелі қасиеттерімен сипатталады.

Психикалық жүйе өзінің ұйымдасу шарттарымен ерекшеленеді. Ол жүйе психикалық үдерістерге, психикалық қалыптарға және психикалық қасиеттерге ажыралады.

Психикалық болмыс өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзопсихика, эндопсихика және интропсихика.

129. Түркілік көзкарас дәстүрі мен ерекшеліктері.Мифология және дін.

Қорқыт өмірде өлімнен қашты дейді, негізінен ол мәнгіліктің жолын іздеді, қалай адам өзін мәнгілікке сақтай алады деп, өмірде шөпте, суда бәрлығы мінгі емес, сон

Мифология және дін. Ежелгі Грекия мифологиясы ұзақ даму жолынан өтті. Грек мифологиясы өз дамуының ертеректегі сатыларында стихиялық, құбыжықтық формалармен сипатталды. Грек мифологиясының ең жоғары гүлденуі б.з.б. 2-мыңжылдыққа тура келеді. Сол кезде “қарлы” және “көп шатқалды” Олимп тауында тұратын және бір құдайдың – “адамдар мен құдайлардың әкесі” – Зевстің билігіне бағынатын құдайлардың олимп. пантеоны түпкілікті қалыптасып болды. Әрбір олимп. құдай қатаң түрде белгілі бір міндет атқарды: Афина – соғыс, жоғары дәрежелі өнерлердің, қолөнердің құдайы, қалалар мен елдерді қорғаушы, Гермес – сауда құдайы, Артемида – аңшылық құдайы, Афродита – махаббат пен әдеміліктің құдайы, т.б. болды. Олимп. мифология айқын көрінетін антропоморфизммен (ежелгі гректердің діни және мифол. сенімдерінде құдайлар мен перілер адамға тән кәдімгі сапаларға, тұлғаға ие болып, адамға тән кемшіліктері мен кеселдері бар болып бейнеленді) сипатталды. Құбыжықтар жөніндегі бұрынғы аңыздардың орнына құбыжықтармен күресіп, оларды жеңіп шығатын батырлар жөнінде (Геракл, Тесей, т.б.) мифтер пайда болды. Алайда адамның табиғатқа үстемдігінің өсе түскенін дәлелдейтін бұл антропоморфизм грек мифологиясы дамуындағы тек белгілі бір тарихи өтпелі баспалдақты ғана сипаттайды. Рулық-қауымдық қатынастардың ыдырай бастауына, ғыл. білімдердің пайда болуына байланысты қарапайым мифол. антропоморфизм жоғалды. Ежелгі грек ақындары Гесиод пен Пиндар шығармаларында Зевс антропоморфизм қасиеттерінен айырылып, дүниежүз. әділдік қағидасын жүзеге асыратын кейіпкерге айналса, Эсхилдің “Бұғауланған Прометейінде” Зевс көрсоқыр дүлей күштердің өкілі, адамдарды жек көретін дүниежүзілік қатал билеуші түрінде бейнеленеді. Грек мифологиясы кейінгі элллиндік-римдік кезеңде әдеби және көркемдік әдіске, аллегорияға немесе метафораға айналды. Мифологияның дамуымен қатар грек діні де қалыптасып, дамыды. Ежелгі гректердің діни іс-әрекеті белгілі бір құдайға арналған ғибадатханаларда, негізінен құрбандықтар шалу мен дұғалар оқудан тұрды. Ежелгі Грекияда ресми мемл. дінмен қатар тек арнаулы адамдар үшін ғана ашық болған құдайға қызмет етушілік – мистериялар (Элевсиндегі Деметра, Орфийдегі Дионистің құрметіне, кабирлер – жер асты құдайларына табыну, т.б.) да таралды. Грек мифологиясы мен діні Ежелгі Шығыс халықтарының (негізінен хеттер мен финикиялықтардың) кейбір аңыздарын қабылдады, сондай-ақ Шығыстан грек пантеонына кейбір құдайлар мен батырлар енді. Адамиланған, үйлесім мен өлшем сезіміне енген грек мифологиясының кейіпкерлері антик. өнердің дамуына негіз болды. Кейіннен грек мифологиясының кейіпкерлерін Қайта өркендеу дәуірінің идеологтары өз шығармаларында кеңінен қолданды. дықтан артына із калдыру керек екенін білді.

130. Химиядағы редукция және редукционизм.Материянын химиялык қозғалыс турлері.

131. Антика философиясының негізгі сипаттары.Фалес,Сократ.

Зенон тасбақаны адамға қудырып жеткізе алмады, Сократ менің білетінім еш нәрсе білмейтінім өзіңді өзің зертте деді, Фалес дүниенің негізі су деді.

Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.

Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.

Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы ж Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейд. Сократ (грекше: Σωκράτης c. 469 / 471 BC–399 BC[1]), — ежелгі грек пәлсапашысы. Батыс пәлсапасының негізін қалаушылардың бірі болып есептелетін[1] ол Платонға қатты ықпал жасап, оның әсері Платонның шәкірті болған Аристотельгеде етті. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі болып қалып отыр.

Ол этика саласына жасаған үлесімен белгілі, Сократтық мысқыл және Сократтық әдіс атты ұғымдар оның атымен аталған. Сократтық әдіс әлі де түрлі пікірталастарда жиі қолданылатын құрал болып отыр, ол құралды мәнісі мынада: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да маңызды үлестер жасап, батыс пәлсапасы мықтап орналасқан негізді қалады

132. Әл Фарабидың философиялық көзкарастары.Оның «Игілікті қала басшысының қасиеттері туралы»еңбегі.

Қаланы басқаратын адамның он екі турі принцпы: 1-түр сипаты әдемі келісті болу керек,2-тіл жақсы дамыға болу керек,3-оның есі, адамның аттарын сақтайалатын болу керек,4-таза болу керек,білімге ұмтылу керек, 5-

Әбу Насыр Әл-Фараби. Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.[4]

133. Техниканың инженерлік және гуманитарлық философиясы.

Техник арине жаксылык әкелді, сонымен қатар проблема тудырды, адамды адмгершілік қасиетінен айырып барады деді,

К.Ясперстін пікірінше, техника – адамдардың материалдық

өмірін жеңіддету мақсатымен табиғатты ғылыми меңгеру тәсілі, адам қызметінің «заттық» саласы, ол тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық дүниесіне қарама-қарсы, бірақ олар бірін-бірі толықтырады. Техникалық ойлау тәсілі, Ясперстің ойынша, қоғам мен адам қажеттілігінен емес, экзистенцияның өз болмысын қанағат етпеуінен туындады. Ғылыми-техникалық білім дүниені діни -мифологиялық және керкемдік тұрғыдан сезінуді ығыстырып шығарды, дүние мен табиғат бірте-бірте белгісіз затқа, технологиялық қызмет объектісіне айналды. Адам табиғатпен бірлігін жоғалтты, еңбек процесінің өзі де механикалық, еш қызығы жоқ нәрсе бола бастады.

Неофрейдизм бағыты да адамға техниканың типзіп отырған зиянды әсерін атап көрсетеді. Олардың ойынша, техника адамның неврастениялық ауруларының басты себебі, бұл ауруды жеңу үшін адамға психоана-литикалық көмек қажет.

Философиялық антропология техниканы адамның әлсіздігінің орнын толтыру үшін пайда болған, табиғи заңдылықтарды жүзеге асыру тәсілі ретінде түсінеді, адамға әуелден тән «табиғи технологияның» іске асуы деп қарастырады. Олар техниканың зиянды жақтарын да ескереді, бірақ бұл құбылысты жеңу үшін адам техниканың мәнін, даму зандылықтарын ұғынуға тырысып, адамгершіліктік-ұлттық құндылықтарын дамытуы тиіс деп есептейді.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 150 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Обоснование 4 страница| И.Фихте мен Ф.Шеллинг философиясы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)