Читайте также: |
|
Сандық коммутация функциясын іске асыратын коммутациялық жүйе сандық коммутация жүйесі (СКЖ) деп аталады.
Сандық коммутациялық жүйеде коммутация функциясын сандық коммутациялық өрістер орындайды. Коммутациялық жүйедегі барлық принциптерді басқаруды басқарушы кешен атқарады.
Сандық коммутация өрісі (СКӨ) звенолық қағида бойынша құрастырылады. Сандық коммутация өрісінің звеносын сандық сигнал координатасын түрлендіретін бір және сол функцияны іске асыратын сатылар тобын (S-,T немесе S-,T) деп атайды. Звено санына байланысты сандық коммутация өрісі екі, үш және көп звенолы болып бөлiнедi.
Егер, кез- келген қосылыс бiрдей звено санымен орнатылса, онда сандық коммутация өрісі (СКӨ) біртекті деп аталады. Қазiргi кезде СКЖ -iнде көбiне бiртектi коммутация өрісі қолданылады.
Көпзвенолы сандық коммутация өрісі құрылысының негізгі ерекшеліктерін атап өтелік.
1. Сандық коммутация өрісі нақты модулдер сандарын қолданумен құралады. Модулдік әртүрлi блоктардың қысқартылу есебінен өндірістің технологиялығын, пайдаланудың қарапайымдылығын және қолайлығын, сыйымдылықтың өзгеруіне байланысты жүйенің жеңiл қолданылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар коммутация өрісінің модулдік құрылуының көмегімен бағдарламаны қамтамасыз ету және жүйені басқару жеңiлдетiледi. Бұл жүйені өндіру, жөндеу, пайдалану кезінде өте маңызды.
2. Сандық коммутация өрісі симметриялық құрылымға ие. Симметриялық құрылым дегеніміз - 1 және N, 2 және N-1, 3 және N-2 буындары коммутация блоктар саны түрі бойынша біртекті болып келетін құрылымды айтамыз. Осындай коммутация өрісінің желiсi, екi бөлікке бөлетін ортанғы сызықпен салыстырғанда, симметриялы болып келеді. Осы симметриялы сандық коммутация өрісін бір типті модулде құрауға ыңғайлы, сондықтан симметриялы және модулді қасиеттер өзара толықтырғыш болып келеді.
3. Сандық коммутация өрісі әрқашан қайталанғыш (дублирования) болып келеді. Ол коммутациялық өрісте жалпы барлық жүйенің функционалды болу салдарынан критикалық істен шығуына байланысты болады. Сонымен қатар коммутация өрісінің екі бөлігі де (көбінесе оны жазықтық деп атайды) синхронды үйлесімді жұмыс істейді және бірдей iс-әрекеттерді орындайды. Бірақ ақпаратты нақты жіберу үшін оның ішінде активті саналатын біреуі қолданылады. Екінші бөлігі “ резервте” болады және де істен шығу немесе бұзылған жағдайда автоматты түрде қосылады.
Сандық коммутация өрісін қайталандыру.
Сандық коммутация өрісі, уақытты тығыздалған ИКМ сигналдары берілетін сандық байланыс желiсi 4 сымды болғандықтан, 4 сымды болып келеді.
Бақылау сұрақтары:
Іс қағаздары не үшін жазылады?
Коммутациялық өріс дегеніміз не?
Көпзвенолы сандық коммутацияны құру ерекшеліктері.(модульдік, симметриялы, қайталағыш)
Глоссарий:
байланыс | связь | connection |
бұзылыс | расстройка | disorder |
өткізу жолағы | полоса пропускания | to miss |
таңдаушылық | избирательность | chosen one |
тәуелділік | зависимость | dependence |
резонанс | резонанс | resonance |
коэффициент | коэффициент | coefficient |
өткізгіш | проводник | guide |
СӨЖ: 1. Мәтінді жақсы оқып шығып, түсінгеніңді айт.
2. Өмірбаяныңды толық жазу.
СОӨЖ: 1. «Кәсіби қазақ тілі»119 бет, «Кәсіптік сипаттама» мәтінімен жұмыс.
Мәтіннен қос нүкте қойылған сөйлемді көшіріп жазып, мағынасын түсіндір.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 943 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Іс қағаздарының стилі. Арыз жазу үлгісі | | | Түсініктеме |