Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақты бақылау, талдау сәтінен көрініс

Читайте также:
  1. RS - T сегментін талдау
  2. Постер қорғау сәтінен көрініс
  3. Практикалық сабақтың жоспары
  4. Практикалық сабақтың тақырыптық жоспары
  5. р топтың постер қорғау үстіндегі көріністері
  6. Сабақтың қысқаша мазмұны

Сабақ соңынан рефлексия алу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырдық.

Алғашқы сөзді мектеп басшымыз Данара Мейранбекқызы мектебіміздегі деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдер саны мен олардың іс-әрекеттерімен таныстыра отырып тәжірибе алмасу және курстан кейінгі көмек беру мақсатында келіп отырған ІІІ деңгей тренерлері Камила Асиповна мен Ақерке Алданышқызына сәттілік тіледі.

Камила Асиповна бүгінгі берілген үш сабақтың өзінше жақсы деңгейде өтілгендігін атап айтты, сонда да алдағы уақытта ескеретін жәйттердің бар екендігіне тоқталғанды жөн санады. Онда бағалаудың ретке қойылмағандығы, АКТ-ны қалай пайдалану керектігі, критрийлер яғни бағалау парақтары алдын-ала берілуі керек еді, үш сабақта да бұл ескеріле қоймады, соңынан ауызша өзін –өзі бағалатып отырды.Қандай тығырық болса да шығу жолдары бар, сол жолдарды біздер үнемі ескеріп отырғанымыз абзал деп ой тастады.

Ақерке Алданышқызы сабақтарды жаман өтті деуге келмейді, жақсы деңгейде өтілді, дегенмен менің аңғарғаным топқа бөлу деп сөйлейді екенсіздер, ол дұрыс емес топқа біріктіру деген дұрыс болар. Сайдтарға жиі кіріп тұрғандарыңыз жөн, онда сіздерге көмек алу жолдары оңтайлы шешілген, сабаққа барлық бала қатысқан жоқ ІІ, ІІІ топ болса да қадағалау керек, барлық баланың сабаққа қатысқанын ескеріп, оқушы үнін қолға алу керек!

Камила Асиповна сабақ өткен мұғалімдерге жоспар құрғанда неге уақытпен санаспағандарын сұрап, мұғалім ең бастысы шығу жолдарын тиімді жоспарлап, уақытпен санасу керектігіне тағы бір рет тоқталып өтті. Сабақ өткен мұғалімдерімізден сәтті шыққан тұстарыңыз болды ма, болмаса жоспарда жоқ өзіңіз күтпеген сәттер кездесті ме? деп сауал қойды, мұғалімдер бұл сұраққа жауап беріп отырды, міне осылай өздеріңіз сәтсіз тұстарына талдау жасап отыруды әдетке айналдырғандарыңыз жөн деп ой тастады. Орта, қысқа мерзімді жоспарлардың жүру барысында кедергілер жоқ па деп, «Шың» кәсіби қоғамдастығының жұмыс жоспарларымен танысып ойын айта кетті. Қорыта келгенде бүгінгі сабақ маған ұнағандығын жеткізгім келеді, әсіресе бастауыш, орта, жоғары буын сыныптарын таңдауда ұйымдастырушылықтың жақсы жүргендігін сезіндім, сіздерге сәттілік тілеймін деп сөзін қорытындылады.

Мектеп директоры Данара Мейранбековна келген қонақтарға алғысын айтып, шеберлік сыныптарын жиі ұйымдастырса, әдістемелік тұрғыда жұмыс жүргізуді қолға алу керектігін атап өтті.

Ұсыныс: Рефлексия, методика керек, кедергіні жою жолдарын конструктивті талдау керек.

Сын айтыла отырып, ұсынысты айту міндетті. Мұғалімнің көп сөйлейтінін жойып, керісінше тапсырма беруден қорықпауымыз керек.

vk.com/club желісіне кіріп, онда ой бөлісіп, іс-тәжірибе алмасу жолдарында еңбек етуде табысқа жететіндігмізге сендірді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 355 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рефлексивті есеп| Информационно-аналитические задачи ОАО «Газпром газораспределение» по г.Оренбург «Оренбургмежрайгаз», требующие автоматизации

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)