Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 123 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 112 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 113 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 114 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 117 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 118 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 119 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 120 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 121 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 122

 

Стр. 124

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Қарауытып, қараңдап алған аспанда анда-санда шымыр-шымыр қайнаған бозғыл түсті

бұйра бір түтіндер көрініп кетеді. Аспан борс-борс жарылып, құлап бара жатқандай, қара

бурыл түтіндер кейде солқ етіп темен түсіп, кейде күржиіп көтеріліп, жоғары серпеді.

?Көр мен көкте бірдей зіркілдеген мотор гүріліне жарылған снаряд пен бомба гүрсілдері

тоғысып, басқа дыбыстарды естіртпейді де. Құлағың естімейді — ауырады, көзің көрмейді

— суырады, шеке тамырларың солқ-солқ етіп, қара құсыңнан ине қадалғандай шаншады.

Айғаймен ыммен тұспалмен ғана сөйлесеміз. Айғайлап тұрған үн жолы өңешің емес,

көздерің мен қолдарың, бет-аузың сияқтанып кетеді.

Соғысты біз өз көзімізбен көріп, өз қолымызбен алысып жүргелі көп уақыт болды. Бірақ

барлық қатер-ызғарымен бүгін бірінші рет көріп тұрғандаймыз. Оқ ойнақ сап қасымызда

жүр, от сумаңдап орап алыпты. Алып бір иық жібергендей, үлкен үйлердің өзі-ақ кейде

бұрышынан, кейде тіпті ортан белінен опырыла кетеді. Дүниеде өз күшіне мақтанбайтын,

қуанбайтын, қайғырмайтын, өкінбейтін, аямайтын, аяу да тілемейтін үлкен бір алып бар.

Ол — сонау домалақ тас пен қара шоқпардан басталып, осы күнгі белдерден асыра ататын

зеңбіректерге жеткен соғыс құралдары. Бүгінгі сөз соларға берілген еді.

Бүгін біздің жүрегімізді қашап, ойымызды кеміріп жүрген жалғыз Ростов қаласының да

жайы емес. Москваға қарай төніп бара жатқан түнек бұлты қазір өзіміздің үстімізде

тұрғандай сезіледі. Иығымызға түскен ауыр салмақтың ішінде Ленинград уайымы да бар.

Әр жердегі ауыр хәлдер солдат жүрегіне мұз болып қатып, аяздай батады. Жүрегіңнің

әрбір соққаны — «Москваға қауіп төнді!» деп тұрғандай болады. Окоптағы аяз ызғары,

адам жүзіндегі ала-құла бір реңсіздік, бозғыл тартқан бұлыңғыр аспан, біріне-бірі үн

қосып, бәрі жиналып осы бір қауіп салмағын есіңе түсіре береді. Волоколам, Клин, Тула,

Калинин майдандарының хабарлары да әзір еңсеңді көтермейді.

Біздің бөлім әр кезде соғыстың бір тынысы тар, қыспақ жерінде жүреді. Қай жағынан

қауіп-қатер қатар келе жатса, бізді сол маңнан табасыз... Сонша кең дүниені жайлап келе

жатқан соғыстың біз тағы да бір тар көпіріне кездестік. Көпір біткен соғыс тұмсығының

қатты қадалатын жері. Елеусіз ғана бір көпірдің айналасына бір күннің ішінде төгілген

қорғасын мен мысты бір айда әзірлеп бере алу үшін аса үлкен завод керек болар еді. Ал,

Дон арқылы салынған үлкен көпірдің айналасына шашылып жатқан снаряд пен

бомбаларда есеп жоқ. Өйткені, бұл көпір ғана емес, Қара теңізді жағалап келе жатқан жау

үшін Кавказ қақпасы еді.

Біздің әскер қаладан соғыспен шығып, осы көпірмен өтіп бара жатыр да, немістер

соғыспен қалаға кіріп келе жатыр. Айғай аралас, қол іргелес қаланы жауып кеткен қара

түтінде екі жақтың да тең еншісі бар.

Көпір біздің еншімізге берілді... Неше күн ұстап тура алсақ, сонша күн біз иеміз...

Окоп пен траншеяларды тереңдете түсіңдер!—деді, командиріміз лейтенант Мирошник.

Тоң болып қатып қалған тасты жерді терең қазып, астына түсіп барамыз. Жырасына дәл

түспесе, снаряд тұмсығы тие алмайтындай етіп өнерлеп жатырмыз. Әр бір окопта

магазиндегі ішімдік бөтелкелеріндей тізіліп гранаталар, шөлмектер, автомат дөңгелектері

қатарлана бастады.

Бұл жолы біздің бөлім жалғыз да емес. Көпір мен қаланың, арасындағы далаңқының

тұлабойы толы әскер. Зеңбіректер де, пулеметтер де көпірдің екі бетіне қаз-қатар

орналасып жатыр. Айқыш-ұйқыш атқан пулемет оқтары електің, көзіндей тоқылып,

шыбын өткізбеуге тиісті. Әрбір ойпат, жыраларда иін тіресе минометтер орналасып

жатыр.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 122 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 124 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)