Читайте также: |
|
Күштік (беттік) сораптың жұмысшы сұйығының күштік қысымын (арын) анықтау үшін, батпалы агрегаттың төмен және жоғары қозғалған кездегі оның плунжерларына әсер ететін статиткалық күштердің тепе-теңдік теңдеумен қолданады. (сурет 8.5.)
F2pn+(F1-f)pn+pmp=(F2-f)P’p+F1pn (8.2)
F2p’’n+(F1+f) pn =(F2+f) pн + F1 pн +pmp (8.3)
Бұл жерде F2,F1,f – қозғалтқыш плунжерінің және штоктың көлденең қимасы, м2; pн -көтергіш тізбектегі арын шығынын ескере отырып айдалатын сұйық бағананың қысымы; pn - тіреудің керуі (қысымы),МПа; pmp - батпалы агрегаттағы арынның шығындары (плунжердегі және штоктағы механикалықүйкелістер), МПа;
P’p және - батпалы агрегат қоғалтқышының плунжеры жоғары және төмен қозғалған кездегі оның жұмысшы сұйығының қысымы, МПа.
Бұл теңдеулерден P’p және P’’p анықталады.
Батпалы агрегаттың кіруіндегі жұмысшы сұйықтың орташа қысымы.
Рср=(P”p+P’p)/2 (8.4)
Бет сорабындағы жұмысшы сұйықтың анықталған мөлшері мен қысымы, оны каталог бойынша таңдауға мүмкіндік береді. Сорапты таңдау кезінде оның ұзақ бойы және үзіліссіз жұмыс істеуі керектігін және сораптың индивидуальды қондырғылары жеңіл паналарда (укрытие) орналасатының ескеру керек.
Сурет 8.5. Гидропоршенді агрегаттың плунжерлі тобына әсер ететін күштердің есептелген сүлбесі: а –жоғары қозғалған кезде; б-төмен қозғалған кезде
Құбырлардың ұзын тізбектері жұмысшы сұйықтың қысымының тербелістерін байсалдататын өте жақсы компенсатор болғандықтан, плунжердің жоғары және төмен қозғалған кездегі жұмысшы сұйығының қысымының есептелуінің теңсіздігі, олардың жоғары және төмен қозғалыстағы жылдамдықтары әр түрлі болатындығын көрсетеді.
Плунжерлі топ жұмыс қадамын жасаған соң жұмысшы сұйық қысып шығарылады да тартып алынған сұйықпен араласады. Батпалы агрегаттан НКТ тізбегімен және одан әрі қабылдаушы резервуарға араласқан сұйықтың қозғалысы кезде арынның шығыны Дарси-Вейсбах формуласы бойынша анықталады.
hсм=KсHV22/2g(dn-du) (8.5)
бұл жерде K - гидравликалық кедергінің коэффициенті; dn - көтергіш құбырлардың ішкі диаметрі, м; du - арынды (орталық) құбырлардың сыртқы диаметрі, м.
К–ны аңықтау үшін Рейнольдстың Re саның білу керек, ол сұйықтың ағу жылдамдығына V байланысты.
Күштік сораптағы жұмысшы сұйықтың қысымы (МПа)
Рсн=Pp+Pпр-Pr (8.6)
Бұл жерде Pпр – жұмысшы сұйықты батпалы агрегатқа әкелетін тізбектегі арынның шығыны, МПа.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Гидропоршеньді сораптар бойынша есептер құрылысы. | | | Дәріс 9. Штангалық сораптармен ұңғымаларды пайдалынуға арналған жабдықтар. |