Читайте также:
|
|
Мұнай өндірісінде құбырларды келесі жағдайлар үшін қолданады: ұңғы ішінде мұнай қозғаласын оқпанды жасау үшін, ұңғы ішіндегі қоңдырғыларды орналастыру үшін, өңдірс территориясында құбырларды жүргізу үшін. Қолданатын құбырлар әр түрлі, бірақ олардың негізгі 4 түрін бөлуге болады: бұрғылау, шегендеу, сорапты-компрессорлы және өндірістегі байланыс құбырлары.
Құбырдың алғашқы үш түрінде әрбір құбырда муфтасы жоқ шетінен 0.4-0.6 метр жер аралығнда белгілер бар: шартты диаметр (мм) және құбыр номері, болаттың төзімділігі, қабырға қалыңдығы, шығарылған айы мен жылы, өндіруші зауыттың тауарлық белгісі. Бұл белгілердің үстіне ақ түсті шайылмайтын бояумен қайта жазады.
Сорапты компрессорлы құбырлардан тізбек құрылып ұңғыма бойымен түсіреді. СКҚ-ды қолдану мақсаттары:
- қабаттан алынған сұйық, сұйық пен газ қоспасы немесе газды жер бетін көтеру үшін;
- ұңғы түбіне сұйық немесе газды айдау үшін (технологиялық процесстерді орындау үшін, өнімді арттыру немесе жөндеу жұмыстарын орындау үшін);
- ұңғы ішіндегі қоңдырғыларды ілу үшін;
- ұңғыма ішінде жөндеу және бұрғылау жұмыстарын жүргізу;
СКҚ-ң шартты белгілену үлгілері:
Төзімділік дәрежесі Е, шартты диаметрі 60мм, қабырға қалыңдығы 5мм құбырлар үшін:
- 60х5-Е МЕСТ 633-80 – тегіс құбырлар үшін;
- В-60х5 МЕСТ 633-80 – шеттері сыртқа шығарылған құбырлар үшін;
- МСК (муфталы сорап компрессоры)-60х5 МЕСТ 633-80 – жоғары герметизацияланған құбырлар;
- МСК*(муфтасыз * сорап компрессоры)-60х5 МЕСТ 633-80 – жоғары герметизацияланған муфтасыз құбырлар;
СКҚ-лар МЕСТ 633 бойынша жасалады. Ол бойынша тегіс құбырлар және олраға муфта, шеттері сыртқа шығарылған құбырлар және оларға муфта, тегіс жоғары геметизацияланған құбырлар және оларға муфта және муфтасы жоқ шеттері сырқа шығарылған құбырлар. Тегіс құбырларды жасау жеңіл, бірақ олардың шет жақтары жасалған бұранда есебінен шет жақтары төзімділігі әлсіз. Ал бұрандасы сыртында құбырлардың бойы мен шет жақтары төзімділігі қатты. Оны бірдей төзімді құбырлар дейді. Оларға жасалған муфтаның диаметры үлкен. (кесте 3.1)
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 498 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Курстың тақырыптық жоспары | | | Кесте-3.1 |