Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Синусты аритмия

RS - T сегментін талдау | I. Импульс пайда болуының бұзылыстары | СИНУСТЫ ТАХИКАРДИЯ |


Читайте также:
  1. Лечение артериальной гипотензии и шока при тахи- и брадиаритмиях
  2. СИНУСТЫ БРАДИКАРДИЯ
  3. СИНУСТЫ ТАХИКАРДИЯ

Синусты аритмией (СА) ырғақ кезеңділігінің жиілеуімен немесе сиреуімен сипатталатын дұрыс емес синусты ырғақ.

 

Механизмі: төмендегілердің нәтижесіндеСА-түйінде пайда болатын ретсіз импульстер:

1) тыныс алу кезеңімен байланысты кезбе нерв тонусының рефлекторлы өзгерістері,

2) тыныс алу кезеңімен байланыссыз кезбе нерв тонусының өзіндік өзгерістері,

3) СА-түйіннің органикалық зақымдалуы.

Себептері:

1 ) СА тыныстық түрі: жиі дені сау жастар мен балаларда, вегетоқантамырлық дистониямен ауыратын науқастар мен реконвалесценттерде кездеседі.

2) СА тыныстық емес түрі:

а) периодты емес түрі – СА-түйіннің зақымданулары (ЖИА, жіті МИ, кардиосклероз, миокардиттер, оймақгүл препараттарынан интоксикацияның болуы),

б) периодты түрі – СА-түйіннің зақымданулары немесе вегетоқантамырлық дистониямен ауыратын науқастарда, реконвалесценттерде, жас дені сау адамдарда кездеседі.

ЭКГ-көріністері:

СА тыныстық түрінде:

1) 0,15 с артатын R-R аралықтарының ұзаруымен болатын тыныстық өзгеру,

2) синусты ырғақтың сақталуы (барлық циклдерде QRST комплекстері мен Р тісшелері кезектілігінің дұрыс сақталуы және I, II, aVF,V4 - V6 тіркемелерде Р тісшесінің оң болуы);

3) тыныс алу тоқтаған кездегі аритмияның жоғалуы (53,а-сурет).

СА тыныстық емес түрі:

1) R – R аралықтарының (0,15 с артық) біртіндеп (периодты түрі) немесе секірмелі түрде (периодты емес түрі) өзгеруі;

2) синусты ырғақтың сақталуы (барлық циклдерде QRST комплекстері мен Р тісшелері кезектілігінің дұрыс сақталуы және I, II, aVF,V4 - V6 тіркемелерде Р тісшесінің оң болуы);

3) тыныс алу тоқтаған кездегі аритмияның жоғалуы (53,6-сурет).

 

 

53-сурет. Синусты (тыныстық) аритмия. а – тыныштық жағдайда тіркелген дені сау адамның ЭКГ көрінісі (ЖСЖ минутына 77 рет), б – синусты (тыныстық аритмия) және вегетоқантамырлық дистониясы бар адамның ЭКГ көрінісі. ЖСЖ тыныс алу кезінде жиілеуі, ал тыныс шығару кезінде сиреуі байқалады.

 


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 465 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СИНУСТЫ БРАДИКАРДИЯ| БАЯУ (АУЫСПАЛЫ) ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЫРҒАҚТАР МЕН КОМПЛЕКСТЕР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)