Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Синусты брадикардия

RS - T сегментін талдау | I. Импульс пайда болуының бұзылыстары | БАЯУ (АУЫСПАЛЫ) ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЫРҒАҚТАР МЕН КОМПЛЕКСТЕР |


Читайте также:
  1. СИНУСТЫ АРИТМИЯ
  2. СИНУСТЫ ТАХИКАРДИЯ

Синусты брадикардия (СБ) – бұл қалыпты синусты ырғақ кезіндегі ЖСЖ минутына 60 соққыдан төмен болуы (бірақ минутына 40 соққыдан төмен болмау керек).

Механизмі: төмендегілердің нәтижесінде пайда болатын СА-түйін автоматизімінің төмендеуі:

1) парасимпатикалық нерв жүйесі тонусының жоғарлауы,

2) СА-түйінінің қабынулық немесе дегенеративті зақымданулары,

3) СА-түйінге токсикалық әсер ету.

Себептері:

1) СБ экстракардиальды түрі: спортсмендердегі ваготониялар, гипотиреоз, басішілік қысымның жоғарлауы, НЦД, медикаменттерді дұрыс мөлшерлемеу (β-адренорецепторлардың блокаторлары, жүрек гликозидтері және т. б.).

2) СБ интракардиальды түрі: жіті МИ, атеросклеротикалық және инфарктан кейінгі кардиосклероз, миокардиттер.

ЭКГ-көріністері (52-сурет):

1) ЖСЖ минутына 59-40 соққыға дейін төмендеуі (R-R аралықтарының ұзаруы);

2) қалыпты синусты ырғақтың сақталуы (барлық циклдерде QRST комплекстері мен Р тісшелері кезектілігінің дұрыс сақталуы және I, II, aVF,V4 - V6 тіркемелерде Р тісшесінің оң болуы).

 

Ваготония салдарынан пайда болатын СБ экстракардиальды түріне физикалық жүктеме мен атропин енгізген кездегі ЖСЖ жоғарлауы және оның жиі синусты тыныстық аритмиямен бірігуі тән. Органикалық СБ (интракардиальды түрі) тыныстық аритмия болмайды, атропин енгізгеннен кейін ырғағы жақсарады, ал физикалық жүктемеден кейін ЖСЖ шамалы ғана жоғарлайды.

 

52-сурет. Синусты брадикардия.

а- дені сау адамның ЭКГ көрінісі (ЖСЖ минутына 77 рет), б – тыныштық жағдайда тіркелген дені сау спортсменнің ЭКГ көрінісі (синусты брадикардия).


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 492 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СИНУСТЫ ТАХИКАРДИЯ| СИНУСТЫ АРИТМИЯ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)