Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зертханалық жұмыс №20. Топтастыру және сұрыптау.

Ескерту | Ескерту | Зертханалық жұмыс №13. Сұранысқа түрлендіру. | Зертханалық жұмыс №14. Пішін шебері. | Зертханалық жұмыс №15. Пішін құрастырушысы. | Ескерту | Ескерту | Зертханалық жұмыс №17. Тақырыптар (заголовок) және ескертулер (примечание). | Зертханалық жұмыс №18. Есеп беру шебері. | Ескертпе |


Читайте также:
  1. B) баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау арқылы
  2. Eңбек қорғау және қауіпсіздік ережелері.
  3. ақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
  4. ақылау жұмысы. Кеден ісі. Өткен грамматикалық тақырыптарды қайталау.
  5. ақырыбы: Клеман және дезорма тәсілімен қатынасын анықтау.
  6. ақырып: Мемлекет аралық және сала аралық стандартизация.
  7. А) біржақты және өтемақылы, консенсуалды

Алдыңғы екі жаттығуда жасаған есеп беру тағы бір елеулі кемшілікке ие. Контактілер тізіміндегі адамдар фамилиялары әліппе бойынша шығарылмаған. Есеп беру шебері Тізім кестесінің деректерін осы екі кестедегі Код_Контактілер өрістері арасындағы байланыспен анықталатын олардың Контактілер кестесі құрамындағы немесе басқа жазбаларына қарай автоматты түрде топтастырды. Осы көрсетілген себептен есеп берудегі фамилия Контактілер кестесіндегі жазбалар идентификаторы Код_Контактілер сандық параметрінің өсуі бойынша реттелген. Жазбалар саны өте көп есеп беруде мұндай сұрыптамен қажетті адамды іздеп табу ыңғайсыздық тудырады. Сұрыптау ретін өзгертуге болады, ол үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

1. Деректер қорының терезесіндегі Есеп беру батырмасына шертіңіз.

2. Контактілер тізімі есебінің белгішесін ерекшелеңіз.

3. Деректер қоры терезесінің құрал-саймандар тақтасындағы Құрастырушы батырмасына шертіп есеп беруді құрастырушы режимінде ашыңыз.

4. Сурет – 3.19. көрсетілген сұқбат терезесін ашу үшін құрал-саймандар тақтасындағы топтастыру және сұрыптау (Sorting And Grouping) батырмасын шертіңіз.

Сурет 3.19. Сорттау және топтастыру.

Бұл терезеде сұрыптаудың екі деңгейі тағайындалған. Алдымен Код_Контактілер өрісі бойынша өсу реті, сосын бір адамға тиісті байланыс тізімінің шегімен байланыстар уақытының өсуі. Код_Контактілер жолының батырмасында жазбалар ағымдағы өріс бойынша топтастырылатынын көрсететін белгі көрсетілген, яғни Контактілер кестесіндегі жазбалардың араласуы барысында Код_Контактілер өрісінің әрбір жаңа мәні үшін топтар тақырыбы генерирленеді, адамдардың аттары, фамилиясы және басқа да мінездемелері шығарылады.

Код_Контактілер өрісін жай ғана Фамилия өрісіне өзгертуге болады және есеп берудегі жазбалар әліппе бойынша реттеледі. Бірақ бұл жағжайда фамилиялары бірдей Петров деген төрт адам үшін топтарға төменгі жағында барлық Петровтармен байланыс тізімі орналасқан бір ғана тақырып шығарылады. Топтың жаңа тақырыбы топтастыру орындалатын өрістің әрбір жаңа мәндері үшін ғана шығарылатынын еске түсіріңіз. Код_Контактілер — Контактілер кестесі жазбаларының бірегей идентификаторы, осы кестенің барлық жазбаларын есеп беруге шығаруды қамтамасыз ету бойынша топтастыру. Жазбалардын аты және фамилиясын әліппе бойынша сұрыптау үшін сұқбат терезе тізіміне оларды Код_Контактілер топтастыру өрісінен жоғары орналастырып сәйкес өрістерді сұрыптау және топтастыруды (Sorting And Grouping) қосу қажет.

5. Өріс/Лебіз (Field/Expression) ашылмалы тізім батырмасының үшінші жолына шертіңіз.

6. Фамилия пунктін таңдаңыз.

7. Сұрыптау және топтастыру терезесінің Өріс/Лебіз (Field/Expression) ашылмалы тізімінің төртінші жолынан Аты пунктін таңдаңыз.


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зертханалық жұмыс №19. Есеп беру құрастырушысы.| Ескертпе

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)