Читайте также:
|
|
Шебер көмегімен құрылған форманың кемшілігі: оларда түсіндірме жазбалары болмайды және олар бірдей үлгіде болады. Форманы әсемдеп, өрістерді барынша ыңғайлы түрде орналастыру үшін форманың кез-келген басқа параметрлерін орнататын және деректер қорымен байланыстыратын, форма элементтерін масшабтауға және қозғалтуға мүмкіндік беретін форма құрастырушысын қолдану қажет. Ендеше Тізім кестесі үшін форма құрастырушысы көмегімен форма құрамыз.
1. Деректер қорының терезесінде Құрастырушы режимінде форма құру (Create Form In Design View) белгісіне екі рет шертіңіз. Құрастырушы терезесінде дұрыс орналастыруға көмектесетін тік және жатық сызғыштармен белгіленіп торланған бос форма ашылады (сурет 3.3). Форма құрастырушысының формаға элементтер қосуға көмектесетін ажырамас атрибуты элементтер тақтасындағы (Тoolbox) құралы пацель болып табылады. Жаңа форманы Тізім кестесінің деректер қорымен байланыстыру қажет.
Сурет 3.3. Форма құрастырушысы.
2. Құрастырушының бос аумағына шертіп, жанама мәзірден Қасиет (Properties) бұйрығын таңдаңыз.
3. Форма қасиетінің сұхбат терезесіндегі Деректер (Data) жапсырмасындағы (сурет 3.4) жазбалар қоры (Record Source) өрістерінің бағыттауышына шертіңіз.
Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 84 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Зертханалық жұмыс №14. Пішін шебері. | | | Ескерту |