Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психиатрия бойынша тесттер

Читайте также:
  1. Асхана бойынша кезекші
  2. Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы
  3. Бөлім бойынша кезекші
  4. Бөлімнің штаб бойынша кезекші
  5. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші
  6. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі
  7. Бактерия идентификациясына арналған негізгі биохимиялық тесттер.

Психиатрия, неврология, наркология

 

1. Шизофренияға қандай сана бұзылысы аса тән?

а) аментивті синдром

б) сананың қаруытқан жағдайы

в) +онейроидты синдром

г) делириозды синдром

д) сана шатасуы

 

2. 75 жастағы әйелде, сезімдер сферасындағы лабильділікпен көрініс беретін эмоциональды әлсіздік. Оның күйі болмашы себептен пайда болатын көңіл-күйдің тербелістерімен сипатталады. Аса жасаурағыштық, ал көңіл-күйі жоғарылағанда – сентиментальдылық бақыланады.

Аталған болжам диагноздардың ішінен қайсысы нақтырақ?

а) реактивті депрессия

б) циклотимия

в) +церебральды атеросклероз

г) маниакальды-депрессивті психоз

д) сенильді деменция

 

3. 18 жасар боз бала өз бетінің “ұсқынсыздығына” шағымданады. Мұрынының, құлақтарының “ақауын” түзету мақсатында косметикалық операция жасауды талап етеді. Көндіруге келмейді. Көмек көрсетілмесе өзіне қол жұмсаймын деп қорқытады.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

а) нигилисттік сандырақ

б) дене схемасының бұзылысы

в) зиян келтіру сандырағы

г) +дисморфомания

д) ипохондриялық сандырақ

 

4. 23 жастағы науқас әйел қоршаған ортаның бөтенденуі, өзгеруі, шынайылығын жоғалту сезіміне шағымданады.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

а) сахналау сандырағы

б) +дереализация

в) метаморфопсия

г) оптикалық иллюзия

д) деперсонализация

 

5. 30 жастағы науқас, қандай-да бір халықаралық ұйым «оны әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейтінін, өз ойларын оның басына салатынын, үнемі аңдып, оны басқаратынын» сеніммен айтады

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

а) парафренді

б) +психикалық автоматизм

в) паранойяльды

г) сандырақтық

д) параноидты

 

6. Ауыр жұқпалы аурумен науқастанған 40 жасар науқаста, интоксикация нәтижесінде, кеңістік пен уақыт бойынша бағдарлау бұзылды. Кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық күшейе түседі, науқастың жүріс-тұрысына әсер ететін сахна тәрізді галлюцинациялар ағыны бақыланады. Ұйықтамайды, мазасыз, медициналық персоналдың үнемі бақылауын қажет етеді. Күндізгі уақытта жүріс-тұрысы түзеледі, бірақ кешке қарай қайтадан мазасызданады.

 

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

а) бұзылған сана синдромы

б) +делириозды синдром

в) психомоторлы қозу

г) аментивті синдром

д) галлюцинаторлы синдром

 

7. Рибо заңы бойынша жады бұзылысының қандай формасы дамиды?

а) +үдемелі амнезия

б) антероградты амнезия

в) парамнезиялар

г) ретроградты амнезия

д) конградты амнезия

 

8. 15 жасар жасөспірім мақал-мәтелдерді тікелей мағынасында түсініп, астарын ұқпайды. Ойлауы қарапйымдылығымен, нақтылықпен сипатталады.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

а) дементті

б) +ақыл аздығы (олигофрениялық)

в) психоорганикалық

г) ақыл әлсіздігі

д) эйфориялық

 

9. 17 жасар балада тырысулық ұстама дамыды. Ұстамалар бірінің соңынан бірі жалғасқан, олардың арасындағы үзілістер ұзақтығы әртүрлі. Ұстамалар арасындағы кезеңде науқас санасына келмеген.

Төменде аталғандардан қандай психикалық бұзылыс сәйкес?

а) эпилепсиялық ұстама

б) ұстамалар жиілеуі

в) +эпилепсиялық статус

г) коматозды күй

д) бұзылған сана синдромы

 

10. Төменде аталған бұзылыстардан П.Б. Ганнушкин психопатия критериясына қайсысын жатқызған?

а) психиканың жеке компоненттерінің жетілуінің кешігуі

б) патологиялық фантазиялауға бейімділік

в) интеллектуальды жеткіліксіздік

г) +әлеуметтік дезадаптация

д) жүріс-тұрыс демонстративтілігі

 

11. 17 жастағы жасөспірімге бүкіл денесі үлкейіп бара жатқандай, басы шар тәрізді дөңгеленіп, үрленіп, дәп қазір жарылатындай болады. Осы сезімдерін көзбен көріп тексергенде өз денесінде ешқандай-да өзгерістің болмағанына көзі жетеді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) метаморфопсия

б) +дисморфомания

в) аутопсихикалық галлюцинация

г) дене схемасының бұзылуы

д) дереализация

 

12. Төменде көрсетілген препараттардың барлығы эпилепсиялық статусты басуға қолданады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

а) күкірт қышқылының магнезиясын көк тамырға енгізу

б) +аминазинді көк тамырға енгізу

в) седуксенді көк тамырға енгізу

г) жүрек-қан тамыр қызметін стимуляциялайтын инъекциялар

д) хлоралгидратты клизма түрінде енгізу

 

13. 35 жастағы әйелде, психикалық жарақат нәтижесінде депрессивті күй дамыды. Төмен көңіл-күй фонында қоршаған орта өзгерген, жасанды, бөтен тәрізді қабылданады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) сандырақтық қабылдау

б) деперсонализация

в) +дереализация

г) метаморфопсия

д) иллюзия

 

14. 55 жастағы ер адам көңіл-күйдің төмендеуіне, ұйқысының болмауына шағымданады. Оның орнына үй шаруасымен айналысады. Науқаста тоқтаусыз сөйлеу, пессимистикалық қарым-қатынас анықталады. Көршілерімен соттық дау-дамай шығарады. Үй шаруасымен айналысу әрекеті, үй шаруасымен оның өзінен басқа ешкім айналыспайтындығымен түсідіріледі.

Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

а) эндогенді депрессия

б) +невротикалық депрессия

в) атипті депрессия

г) маниакальды-депрессивті психоз

д) циклотимия

 

15. 57 жастағы ер адам үреймен бірге жүретін көңіл-күйінің төмендеуіне, ойлаудың тежелуіне, қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Периодты түлде қозғалыстың қозу жағдайы байқалады. Осы кезде науқас тынышсызданады, ыңырсып, қатты уайымдап, қайғырады, суицидальді әрекеттерге бейім.

Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

а) кеш шизофрения

б) инволюциялық меланхолия

в) реактивті депрессия

г) +маниакальды-депрессивті психоз

д) инволюциялық параноид

 

16. 28 жастағы науқас, утверждает, что “өзге ғаламдық ұйым” оның ойларын басқаратынына сенімді, олар басының ішінде пульсация “туындатады”, белгілі бір әрекеттер жасауға “мәжбүрлейді”.

Төменде аталған синдромдардан қайсысы болуы мүмкін?

а) ипохондриялық синдром

б) +психикалық автоматизм

в) параноидты

г) тактильді галлюциноз

д) амбулаторлы автоматизм

 

17. Әңгімелесу кезінде науқастың бір ойынан екіншісіне ауысуы қиын. Науқас шағымдарын айта отырып, маңыздысын ажырата алмайды, детальдарда тұрып қалады, негізгі тақырыптан алшақ кетеді.

Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы болуы мүмкін?

а) персеверация

б) +байымдылық

в) үзілуі

г) резонерлік

д) паралогиялық

 

18. 42 жасар ер адамда, иісті газбен уланғаннан кейін, есте сақтау бұзылысы бақыланды. Естен шыққан сәттерді науқас ойдан құрастырылған естеліктермен толықтырады, шын мәнінде болмаған оқиғаларды “есіне алады”. Сонымен қатар, әңгімелесу кезінде, шын мәнінде болған, бірақ бұрмаланған, уақыты немесе орны бойынша дұрыс құрастырылмаған оқиғалар жөнінде айтады.

Аталған бұзылыс полинейропатиямен бірге өтіп жатыр.

Төменде аталған синдромдардан қайсысы болуы мүмкін?

а) конградты амнезия

б) психоорганикалық

в) Корсаков

г) деменция

д) +парамнезия

 

19. Төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы психогенді бұзылыстарға жатады:

а) реактивті ступор

б) +индуцирленген сандырақ

в) реактивті қозу

г) импульсивті қозу

д) истериялық психоз

 

20. Немқұрайдылық пен әрекетсіздік төменде аталған синдромдардың қайсысына АСА ТӘН?

а) депрессивті

б) кататониялық

в) гебефрениялық

г) +апато-абулиялық

д) дереализациялық

 

21. 27 жастағы науқас, үздіксіз ағымды шизофрениялық үрдіспен емделіп жатыр.

Қандай терапияны науқасқа жүргізген ДҰРЫС?

а) психотерапиялық

б) инсулинотерапия

в) +психофармакотерапия

г) шартты-рефлекторлы терапия

д) электротырысулы терапия

 

22. Қызбасы жоғары баланың сезім мүшелеріне сырттан келіп жатқан тітіркендіргіштер бір сәтте ертегілік сюжеттерге біртіндеп трансформирленеді, ол оларды өз ойымен құрастырады. Қабырғадағы жарықтарда, тұсқағаздардағы суреттер кенеттен жануарлар кескінін алып, қозғала бастайды.

Төменде аталғандардан қандай болжам диагноз ТӘН?

а) оптикалық иллюзиялар

б) +парейдолиялық иллюзиялар

в) көру галлюцинациялары

г) сананың қарауытқан бұзылысы

д) аффективті иллюзиялар

 

23. 27 жастағы ер адамда кенеттен қабылдау шеңбері тарылды, осы шеңбер деңгейінде күрделі әрекеттер мүмкіншілігі сақталды, қоршаған ортаны бағдарлауы бұзылды және осы кезең артынан толық амнезияланды.

Қандай болжам диагноз ТӘН?

а) аментивті күй

б) +қарауытқан жағдай

в) делириозды жағдай

г) онейроидты күй

д) сананың истериялық тарылуы

 

24. 30 жастағы ер адамда даулы жағдайдан кейін қарқынды қозғалыстық және вазовегетативті көріністермен, сананың күрт тарылуымен, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған жүріс-тұрыс мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональді реакция дамыды. Аталған реакция шамамен жарты сағатқа созылып, терең ұйқымен аяқталды. Оянғаннан кейін қозу кезеңінің толық амнезиясы бақыланды.

Төменде аалғандардан қандай болжам диагноз болуы мүмкін?

а) физиологиялық аффект

б) реактивті қозу

в) +патологиялық аффект

г) истериялық қозу

д) дисфория жағдайы

 

25. Шындыққа сәйкес келмейтін және коррекцияға келмейтін, науқастың санасын толық билейтін патологиялық негізде дамитын ойларды қалай атайды?

а) аффективті

б) доминирлеуші

в) +сандырақтық

г) жабысқақ

д) аса бағалы

 

26. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы сананың делириозды қарауытуына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

а) психомоторлы қозу

б) шынайы галлюцинациялар

в) орын бойынша дезориентировка

г) +аутодезориентировка

д) көру галлюцинациялары

 

27. Эпилепсияға төменде көрсетілген клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:

а) сананың ерекше күйі

б) абсанстар

в) сананың қарауытқан күйі

г) +резонерлік

д) дисфория

 

28. 47 жастағы ер адам иісті газбен уланғаннан кейін сөзшеңдікпен көтеріңкі көңіл-күйден қорқыныштармен бірге жүретін үрейлі күйге ауысты, естеліктері ағынды түрде айқындалды, тынышсыз. Ұйқысы қорқынышты түс көрулермен, беткей, қоршаған орта иллюзорлы қабылданады. Психика бұзылысы жоғары дәрежеге жеткенде шынайы жағдай, науқастың өзі қатысушысы болып табылатын галлюцинаторлы бейнемен ауысты

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) деперсонализациялық синдром

б) дереализация синдромы

в) метаморфопсия

г) сандырақтық жағдай

д) +сана күңгірттенуі

 

29. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы амнестикалық синдромға тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

а) ретроградты амнезия

б) +үдемелі амнезия

в) конфабуляциялар

г) фиксациялық амнезия

д) полинейропатия

 

30. Стенокардиямен зардап шегетін 57 жастағы науқас өз денсаулығын ойлап мазасызданады. Ең басты қорқынышы жүрегі кенет тоқтап қалатын секілді. Оның негізсіз екенін, тіпті өз қорқынышының жөнсіз екенін түсінеді, бірақ өз күшімен оларды жеңуге дәрменсіз.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) фобиялық синдром

б) +обсессивті-фобиялық синдром

в) истериялық синдром

г) обсессивті синдром

д) фобофобия

 

31. 16 жастағы жасөспірім тәртібі өзгерген, ата-анасынан, достарынан бөлектеніп сөйлеспейді, көңіл-күйі түсіңкі, айнаға жиі және ұзақ уақыт өз бетімен қарап отырады. Пластикалық хирургияға қызығушылық танытады, өзінің сыртқы бейнесіне көңілі толмайды, әсіресе мұрыны, көзі мен құлағына.

Қандай болжам диагноз ТӘН?

а) +дисморфомания

б) депрессивті сандырақ

в) ипохондриялық сандырақ

г) нигилисттік сандырақ

д) аса бағалы идеялар

 

32. Миокард инфарктімен науқастың психикалық жағдайы өзгерді. Науқас төсек деңгейінде қозған, қолдарымен көрпесін тартқылайды, қоршаған ортадан ажыраған. Көзқарасы мәнсіз, контакт жоқ, уақыт, орын және өзіндік тұлғасын бағдарлауы бұзылған.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) +аментивті бұзылыс

б) аффективті бұзылыс

в) делириозды бұзылыс

г) профессиональды делирий

д) сана күңгірттенуі

 

33. 75 жастағы әйел, ми қантамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, жалпы дәрменсіздікке, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Көңіл-күйі жабырқаулы, тежелген, “күнәhармын, өмір сүруге хақым жоқ” деп есептейді, түзетуге келмейді. Суицидальды әрекет бақыланған.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) ипохондриялық сандырақ

б) церебрастениялық синдром

в) +депрессивті - сандырақтық синдром

г) депрессивті синдром

д) өзін-өзі кінәлау сандырағы

 

34. 73 жастағы ер адам, бас-ми тамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, бөлімшеде тұйық, сезікті. «Мүлікке ие болу үшін мені аңдиды, уландырғысы келеді», деген ойлар айтады. Науқастардан, әсіресе өзіне келушілерден қашады. Палатада науқастардың арасында «жалдап жіберілген адамдар» бар деп айтады. Бұл ойды олардың айтқан әңгімелерінен жорамалдайды, «өзіне бағытталған қауіпті сөздерді естиді». Науқастар палатада өздері сөйлесіп отырады, ал ол кіргенде олар тынышталып қалатын сияқты көрінеді. Өзін жазаламас бұрын ауруханадан тезірек шығаруын өтінеді

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) парафренді синдром

б) интерметаморфоза сандырағы

в) +галлюцинаторлы-сандырақтық синдром

г) паранойяльды синдром

д) Кандинский-Клерамбо синдромы

 

35. 40 жастағы әйел ажырасқаннан кейін апатиялы жағдайда. Жалпы дімкәстікке, өмірге деген қызығушылығын жоғалтуына, бітпес қайғыға, уайымға шағымданады. Жұмысқа еңбек ету үшін және балаларын тамақтандыру үшін барады, бірақ қандай-да бір талпынысы мен қажеттілігі жоқ. Оның айтуы бойынша негізгі мәселесі ажырасқаннан кейін қалай өмір сүретінін білмейді, критикалы көзқарас сақталған.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) жедел депрессивті күй

б) апатиялық депрессия

в) +невротикалық күй

г) реактивті күй

д) циклотимия

 

36. 55 жастағы әйел, мамандығы экономист, ұзақ уақыт холецистит және қант диабетімен ауырған. Күйеуінің өлімінен бір жыл өткен соң, дәрігерге тез шаршағыштық, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, басының айналуына, профессиональды қызметін атқара алмауына, эмоциональдік лабильділікке шағымданады

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) бас миының дегенеративті ауруы

б) реактивті психоз

в) үдемелі салдану

г) +орталық жүйке жүйесінің тамырлық зақымдануы

д) ми ісігі

 

37. 57 жастағы ер адамның соңғы жылдары мінезі өзгерді. Міншіл, сараң болды, жиі ақша санайды, әлсіздікке және ес сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Сентиментальды және тез жасаурайды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) психопатия

б) +қантамырлық деменция

в) алкоголизм

г) шизофрения

д) эпилепсия

 

38. 45 жастағы ер адам, ғылым қызметкері, ешбір себепсіз мінез-құлқы өзгерді: күнделікті көңіл-күйі көтеріңкі, өз балалары мен бөтен адамдардан ұялмай, жыныстық қабілеттілігімен мақтанды, өз жұмысын меңгере алмайтын болды, ештеңемен шұғылданбайды, өзін аурумын деп санамайды

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) псевдодеменция

б) концентриялық деменция

в) кататониялық қозу

г) +тотальды деменция

д) лакунарлы деменция

 

39. 42 жастағы ер адам соңғы 3 айдан бері қозу жағдайында, тежеусізденген, әйелдерге ибасыз комплименттер айтады. Үнемі күліп жүреді, анық сөйлемейді, жөнсіз қалжыңдайды. Қарапайым есепте қателіктер жібереді, бірақ мақал-мәтелдерді анық талдайды. Өз жағдайына сыни көзқараспен қарамайды.

Диагнозды қорытындылау үшін қандай қосымша зарттеуді жүргізген ДҰРЫС?

а) электроэнцефалография

б) +Вассерман реакциясы

в) психологиялық зерттеу

г) реоэнцефалография

д) ультрадыбыстық зерттеу

 

40. 18 жастағы шұғыл әскери қызметтегі солдат, әскери кезекшілікте тұрғанда аяқ астынан қаруын жерге лақтырып, киімдерін үстінен шеше бастаған, ол жасалған ескертуге мән берген жоқ. 3 минуттан кейін өз-өзіне келіп, үстіндегі шешілген киіміне таң қалды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) психикалық автоматизм

б) онейроидты синдром

в) аффективті бұзылыс

г) +сананың қарауытқан бұзылысы

д) императивті галлюцинациялар

 

41. 45 жастағы әйел, шаршаған, тұнжырыңқы көрінеді. Бас ауруына, үрейге, беткей ұйқыға шағымданады, өйткені үнемі, миымда ісік бар деген ой мазалайды. Осы ойға байланысты нашар ұйықтайды. Күндіз бұл ой жұмыс жасауына кедергі болады. Дәрігерден осы жағымсыз ойдан құтқаруына көмек сұрайды, ол ойларының орынсыздығын түсінеді.

Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?

а) депрессивті

б) сандырақтық

в) астениялық

г) +жабысқақтық

д) паранойяльды

 

42. 30 жастағы ер адамда кезеңмен түнгі уақытта кенеттен ұстамалар пайда болады, ұстама кезінде қатты айқайлаған, кейіннен клоникалық және тоникалық тырысулар болған. Бұл кезеңде қоршаған ортаға жауабы жоқ. 2-3 минуттан кейін өзіне келді, бірақ болған жайт есінде жоқ

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) абсанс

б) +үлкен тырысулық ұстама

в) кіші ұстама

г) моторлы автоматизм

д) фокальды ұстама

 

43. 35 жастағы әйел, сатушы. Мерез ауруын жұқтырудан қорқынышқа және осы ойдан құтыла алмауына шағымданады. Бала кезінде күмәнданғыш, ұялшақ болған. Ер адамдармен, әсіресе танымайтын адамдармен сөйлесуге, араласуға қорқады. Қазіргі кездегі жағдайының төмендеуін жұмысындағы бейтаныс ер адамның қолынан ұстауымен байланыстырып отыр.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) астениялық психопатия

б) шизотипті бұзылыс

в) реактивті параноид

г) +фобиялық синдром

д) паранойяльды психопатия

 

44. 30 жастағы ер адам бала кезінен аса бағалы ойлар түзілуіне айқын бейім болған. Жұмысында әріптестерінен сезіктенеді, ескерту жасаса, қатты ашуланады, өзін ешкім бағаламайды деп есептейді. Қызметтестерімен жиі жанжалдасады. Осындай қарым-қатынас оның жанына батады.

Төменде аталған аурулардың қайсысына осы бұзылыс тән?

а) қозғыш психопатия

б) +паранойяльды психопатия

в) истериялық психопатия

г) мінез акцентуациясы

д) тұрақсыз психопатия

 

45. 18 жастағы бозбала әскери экспертизадан өтуде. Бала кезінен тынышсыз, төбелеске үйір. Мектепте тәртіп бұзған, құрбыларымен төбелескен, мұғалімдерімен дауласқан. «Өзі үшін жауап бере алатын адаммын», бірақ аздап ұстамсызбын деп санайды, ал шамадан тыс ашу-ызаға булығу оның өміріне кедергі келтіреді. Тәртіпті бұзуына байланысты бөлімшеде жиі-жиі медициналық персоналдармен дауласады. Аффект жағдайында санитарканы ұрған

Төменде аталған аурулардың қайсысына осы бұзылыс тән?

а) паранойяльды психопатия

б) истериялық психопатия

в) +қозғыш психопатия

г) тұрақсыз психопатия

д) шизоидты психопатия

 

46. 22 жастағы қыз бала. Бала кезінен ерке өскен, әжесінің сүйіктісі болған. Мектепте сәнді киінген, шашын ашық түске бояған, шылым шегуді бастаған. Бәрін өзіне қаратуға тырысқан, «ешкімге бағынбайтынын» көрсеткен. Сыныптастары оның ешкімге «тәуелсіз» екеніне «таң» қалса, ол қанағаттану сезімін тудырған. Достарының ортасында өзін басты рөлге қойып, әртүрлі сыйлықтар жайлы, шетелдік достары туралы болмаған эффективті оқиғаларды ойдан шығарған

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) возбудимая психопатия

б) +истерическая психопатия

в) мозаичная психопатия

г) психастеническая психопатия

д) неустойчивая психопатия

 

47. 32 жастағы әйел күйеуімен жанжалдасқаннан кейін иық аймағы жансызданған және дәлізде айқай салып жүгірген. Көршісі жедел жәрдем шақырған. Қарап тексергенде науқас демонстративті, мәнерлі, жиі театрдағыдай басын артқа лақтырады, самайын қысып, ауыр тыныс алады, бетін қолдарымен жабады. Бәріне күйеуін кінәлі деп есептейді, себебі ұрыстың артынан күйеуі ажырасуды талап еткен, өзін «бағаламаған, қатігез болған», «мұндай жағдайды көтере алмағандықтан» өзін-өзі өлтіргісі келеді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) қозғыш психопатия

б) тұрақсыз психопатия

в) паранойяльды психопатия

г) +истериялық психопатия

д) полиморфты психопатия

 

48. 35 жастағы ер адам, бөлімше басшысы. Мінез-құлқы педантты, жауапкершілік сезімі жоғары. Өндіріс орынында жұмыскерлердің техникалық қауіпсіздікті сақтамауының кесірінен өндірісте болған апатқа байланысты, науқаста қорқыныш сезімі оянды. Бұл қорқыныш үнемі мазалайды. Өзін тыныштандыру үшін, жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздік шараларын бірнеше рет тексеріп шығады. Осы әрекеттерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол өзінің ойынан арыла алмайды

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) +жабысқақтық неврозы

б) депрессивті невроз

в) истериялық невроз

г) психопатия

д) неврастения

 

49. 23 жастағы науқас, тон тәрізді шизофрения ұстамасынан кейін, тітіркенгіш, дау шығарғыш. Туған-туысқандарына күдікпен қарап, олардың айтқан ескертулерін ауыр қабылдайды. Оғаш киіне бастаған, үйде қонбайтынды шығарған, ата-анасына дөрекі сөйлейді, асоциальды өмір салтын ұстанған.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) психопатиялық синдром

б) истериялық психопатия

в) +психопатия тәрізді синдром

г) қозғыш психопатия

д) тұрақсыз психопатия

 

50. 19 жастағы бозбалада іс-әрекеттерінің, қозғалысының және сөйлеуінің мәнерлілігімен, есерсоқтықпен қозу бақыланады. Науқас бетін тыжырайтып, билейді, ерекше сөздер мен фразаларды айқайлап айтады. Алайда күлкісі, қалжыңы, бос сөйлеуі айналасындағы адамдарға әсер етпейді

Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

а) кататониялық

б) +гебефрениялық

в) психопатия тәрізді

г) психопатиялық

д) маниакальды

 

51. 47 жастағы ер адам әйелінің өлімінен кейін көңіл-күйі жабырқаулы. Жоғалтқан жақын адамының бейнесі оның көз алдына келеді. Бірлесіп өмір сүрген кездері жөніндегі ойлар жаулап алған. Науқас әйеліне мұқият қарамағаны үшін өзін кінәлайды. Ұйқысы бұзылған, еңбекке қабілеттілігі төмендеген.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) реактивті параноид

б) +реактивті депрессия

в) индуцирленген параноид

г) невротикалық депрессия

д) истериялық невроз

 

52. 58 жастағы науқас, бала кезінде бас-ми жарақатын алған. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, инженер болып жұмыс жасайды. Соңғы айларда көп жұмыс жасап, дұрыс ұйықтамаған. Тітіркенгіш, зорығып кетуіне шағым айтады. Интеллектуальды қызмет жасағанда тез шаршайды, басының ауырғаны күшейеді, назары шашыраңқы болады. Жарақат алғаннан осы уақытқа дейін көлікті, ыстықты көтере алмайды. Бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуы қиындаған

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) жарақаттық энцефалопатия

б) астениялық синдром

в) психопатия тәрізді синдром

г) +церебрастениялық синдром

д) психоорганикалық синдром

 

53. 35 жастағы ер адам, мамандығы физик. Ол өзін «мафия аңдып жүргеніне», мафия оның жасаған «қарсыласының барлық қарулы армиясын қатардан шығаруға» мүмкіндік беретін «магнитін» «миынан» ұрлайды деп сендіреді. Ол туралы «біледі» және олардың өзара «ақылдасып» жатқанын «естиді». Оны «өшіру» үшін «олар маған радио сәулемен әсер етеді» және «менің миымнан информацияларды көшіріп алуға әрекеттенеді. Олар басының ішіне кіріп, бірнәрселерді іздеп жатқанын сезінеді. Мені өз шығармашылығымды беруге мәжбүрлейді дейді

Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

а) галлюцинаторлы-сандырақтық

б) ұлылық сандырағы

в) соңына түсу сандырағы

г) +Кандинский - Клерамбо

д) параноидты

 

54. 79 жастағы ер адам есте сақтау қабілетінің төмендегеніне шағымданады. Соңғы жылдардағы және соңғы он жыл ішіндегі жағдайларды еске түсіре алмайды. Осыған қарамастан «ерте жастық шағын» және әскери жылдарын жақсы есіне түсіреді

Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

а) ретроградты амнезия

б) антероретроградты амнезия

в) амнестикалық синдром

г) +үдемелі амнезия

д) конградты амнезия

 

55. 17 жастағы бозбала шизофрениял ұстамасынан кейін өзінің «ауруы» жөнінде көп талқылайды. «Өзіңізді аурумын деп есептейсіз бе?», деген сұраққа ол «ауруды қалай түсінуіңе байланысты, дейді. Егер ауруды тіршілік ету түрінде санайтын болсақ, онда тіршілік ету -өмір сүру, ауру –сол өмір. Өмір сүру ащылығы қайғымен тікелей байланысты. Қайғы қанша көп болса, өмір ащылығы сонша көп болады. Егер менде ешқандай қайғы болмаса, онда мен ауырмаймын және өмір сүрмейді. Онда менің өмірім физиологиялық бөліністер деңгейінде формальды, бұзылмаған»

Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсыс болуы мүмкін?

а) үзілуі

б) байланыссыздық

в) +резонерлік

г) персеверация

д) сандырақтық идеялар

 

56. 30 жастағы әйел, мінез-құлқы күдікті. Қараған кезде өте сақ, қабағының астынан қарайды, жұмысындағы қиын жағдайларды нақтылап әңгімелейді, әріптестерім маған жамандық ойлайды дейді. Сөзінің соңында бөлім меңгерушісімен сөзге келіп қалғаны анықталды, өзінің кабинетіне кіргенде онда бейтаныс адамның оның столының үстінде бірдеңе іздеп отырғанын көрді. Ол адамды бөлім меңгерушісі оның құжаттарын «ұрлап алуға» «жіберген» деп ойлайды.

Төменде аталған психопатия формаларының қайсысы болуы мүмкін?

а) +паранойяльды

б) шизоидты

в) қозғыш

г) истериялық

д) эпилептоидты

 

57. 30 жастағы науқас әйел, тамсанып және көп сөзбен күйеуінің үнемі «жүйкесін тоздырып, бұлай өмір сүру мүмкін емес» екендігін әңгімелейді. Кезекті жанжалдан кейін білек аймағына бірнеше тілім салып, айқайлап, жылап, көршілеріне жедел жәрдем шақыруларын өтініп жүгіріп барған. өз күйзелістерін әңгімелеу кезінде дәрігердің реакциясын бақылап отырады, дауысы бірде көтеріңкі, біресе төмендетеді, қолдарын бейнелі майыстырады.

Төменде аталған психопатия формаларының қайсысы болуы мүмкін?

а) паранойяльды

б) шизоидты

в) +истериялық

г) психастениялық

д) қозғыш

 

58. 47 жастағы ер адам екі жақты пневмониямен емделуге түсті. Анамнезінде ішкілікке салынғандығына байланысты бірнеше рет емделген. Терапиялық бөлімге түскеннен кейін үшінші күні кешке қарай мазасыздана бастады, төсекте жата алмай, қорқыныш сезімі билеп, төсегіне көп тышқандардың секіріп жатқанын көреді. Оларды көрпенің үстінен қағып тастап, төсектен тұруға әрекеттенеді, өзін үйдемін деп сезініп әйелінің дауысын естиді

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) +интоксикациялық делирий

б) интоксикациялық галлюциноз

в) алкогольді параноид

г) алкогольді сандырақ

д) Гайе-Вернике энцефалопатиясы

 

59. 18 жастағы бозбала төсекте жатыр, жан-жағына немқұрайлы қарайды, ешкіммен сөйлеспейді. Тамақтандыру кезінде ерінін қысады, аузын аштыртпайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) каталепсия

б) апатиялық ступор

в) +белсенді негативизм

г) пассивті негативизм

д) истериялық ступор

 

60. 37 жастағы әйелде айқын қайғы, үрейлену жағдайы байқалады. Мимикасы уайымды көрсетеді. Кейде, жылап, менің «күнәларым» үшін жауапқа тартыңдар деген сөздермен, қозу жағдайы бақыланады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) истериялық қозу

б) кататониялық қозу

в) жедел сандырақтық жағдай

г) +ажитациялық депрессия

д) дисфория

 

61. 40 жастағы әйел адамда еш себепсіз көңіл-күйі түсіп кетті. Үйден шығуды қойды, төсекте жата беретін әдетті шығарды, өз-өзіне қарамайды. Тәулік бойы көңіл-күйі өзгеріп отырады, әсірісе ертеңгісін өзін-өзі нашар сезінеді, тәбеті төмендеп 7 кг салмақ тастады. Емделгеннен кейін көңіл-күйі орнына түсті, бұрынғысынша эмоциональды, ақкөңіл күйіне түсті, жанұясынмен айналысты, шамамен 2-3 жылда бір рет осы тәріздес жағдайлар қайталанды. Емделуден кейін психикалық жағдайы бастапқы күйіне оралды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) рекуррентті шизофрения, депрессивті синдром

б) депрессивті невроз

в) +маниакальды-депрессивті психоз, депрессивті фаза

г) маниакальды-депрессивті психоз, биполярлы тип

д) инволюциялық депрессия

 

62. 38 жасар әйел, сауда қызметкері. Шапшаң, мимикасы тіріленген, көздері жылтырайды, көп және жылдам сөйлейді. Қимыл-әрекет кезінде жиі ән айтады. Бөлімшеде барлығына араласады, сексуальды тежеусізденген, сексуальды тақырыпта көп және тамсанып әңгімелейді, өзін ерлерге жіберуді талап етеді. Осымен қатар тітіркенгіш, кейде төбелеске бейім тұрады. Қарсылыққа төзбейді, ескертулерге қарқынды және агрессивті реакция береді.

Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН?

а) көңілді мания

б) шатасқан мания

в) +атипті мания

г) өнімсіз мания

д) типті мания

 

63. 55 жасар ер адам, анамнезінде алкоголизация, инсульт. Баяу, сөздерді созып сөйлейді. Байымды, әңгіменің басты мазмұнын ажырата алмай детальдарда тұрып қалады. Жиі ары қарай не айтарын білмей тоқтап қалады, бір тақырыптан екіншісіне ауысуы қиын. Есте сақтау қабілеті күрт төмендеген, жеке өмірінде болған оқиғалардың уақыттарын айта алмайды десе болады. Көңіл-күйі тұрақсыз, жиі себепсіз ызалы, тітіркенген күйге ауысады.

Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН?

а) лакунарлы деменция

б) ақыл аздығы (олигофрения)

в) +психоорганикалық синдром

г) тотальды деменция

д) концентриялық деменция

 

64. Тексерілудегі ер адам, 36 жаста, әскери қызметкер. Ауғаныстанда әскери қызметін өтеген. Әдеттегідей, қызметіне жиналып, қаруын алды, бірақ, кенеттен «Душмандарды соқ!» деген айғаймен, көшеге жүгіріп шықты, оқ атқан дауыс шықты, нәтижесінде екі жай өткінші адам жараланды. Ұстаған кезде қозған жағдайда, бозарған, «душмандар» тарапына төндіріп сөз жаудыруды жалғастырды. Шамамен бір сағат өткен соң, милиция бөлімінде оянып, өзінің ауыр қылмыс жасағанын есіне түсіре алмады. Қызметіне жиналғаны есінде, ал кейінгі оқиғалар толық есінен шыққан.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) сананың аментивті бұзылысы

б) сананың онейроидты бұзылысы

в) +сананың қарауытқан бұзылысы

г) сананың делириозды бұзылысы

д) кататониялық бұзылыс

 

65. Сынақталушы 40 жасар, кассир. Аса ірі көлемде ақша жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тергеушімен әңгімелесу кезінде бала дауысымен сөйлеседі, көздерін бақырайтады, орынсыз жымияды, тізеге отырғысы келеді, еденде еңбектейді. Тергеушіні «ағатай» деп атайды, «конфет» сұрайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) кататониялық ступор

б) истериялық ступор

в) реактивті ступор

г) псевдодеменция

д) +пуэрилизм

 

66. 35 жасар әйел, бухгалтер, ірі көлемдегі банк ақшасының ұрлануына қатысы бар. Өзге қалаға қашып кеткен, сонда ұсталды. Тергеу кезінде – жүріс-тұрысы адекватсыз: уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған, айналадағыларды танымайды, көздерін бақырайтады, өзін буындыратын «кірпіктерімен үлкен көз» көреді, қарапайым сұрақтарға қисынсыз жауап береді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) шизоаффективті бұзылыс

б) аффективті психоз

в) сананың делириозды бұзылысы

г) +истериялық психоз

д) реактивті параноид

 

67. 29 жасар әйел көңілдесінің бұрын кездеспеген бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзіінң тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) симуляция

б) реактивті психоз

в) +шизофрения

г) истериялық психоз

д) аггравация

 

68. Ер адам 37 жаста, созылмалы соматикалық аурумен зардап шегеді. Соңғы жылдары физикалық денсаулығы әлсіреген, тітіркенгіш, өз өміріне күдіктеніп, үрейленеді. Жанжалдасу үстінде әйелі, онымен ажырасатынын, өйткені өзге адамды жақсы көретініні айтады. Осыған жауап ретінде науқас дірілдеп, әйелін мүсінмен ұра бастағанын бұлыңғыр есіне алады. «ары қарай барлығы басымда күңгірттеніп кетті, есімде жоқ». Шамамен таңғы 6-да еденде жатқан жерінен оянды. Жанында еденде қан-жоса мүсін жатты.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) кататониялық қозу

б) психомоторлы қозу

в) +патологиялық аффект

г) аффективті бұзылыс

д) аментивті бұзылыс

 

69. 27 жасар әйел көңілдесінің өзі бұрын кездеспеген бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзіінң тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз. Өнімсіз философиялық талқылауларға бейім.

Аталған қорытындылардың барлығы дұрыс, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ

а) науқаста созылмалы психикалық бұзылыс

б) шизофрения

в) +симуляция

г) құқық бұзушылық сәтінде өз әрекетіне жауап бере алмаған

д) күштеп емдеуді қажет етеді

 

70. 16 жасар жасөспірім, оқушы. Крупозды пневмонияға байланысты амбулаторлы ем қабылдап жүр, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Қарау кезінде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жағында жекелеген құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – оң жақтық пневмония қалдық белгілері. Орын, уақыт бойынша бағдары бұзылған, өз есімін дұрыс атайды. Үреймен мазасызданып айналаға көз тастайды. “Көптеген жылжып жатқан тышқандарды, жыландарды, жәндіктерді көретінін” айтады. Үнемі өз денесінен бірдемені қағады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром

б) сананың аментивті күйі

в) жедел реактивті қозу

г) +сананың делириозды күңгірттенуі

д) интоксикациялық психоз, параноидты синдром

 

71. 70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөліміне түсті. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, басымен, аяқ-қолдарымен үнемі қимылдар жасайды, қолдарымен жаялықты тартады. Кезеңмен жылайды, біресе күледі, сөзі байланыссыз, өзінің қайда және кіммен әңгімелесіп отырғанын, фамилиясын айта алмайды. Спонтанды түрде жеке сөздер айтады, қандай-да бір фамилияларды атайды. Кешкі уақытта мазасыздық күшейеді, қорқыныш сезінеді: “бақалар, жыландар, тышқандар”.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) сананың делириозды күңгірттенуі

б) сананың қарауытқан күңгірттенуі

в) Корсаков психозы

г) +сананың аментивті күңгірттенуі

д) интоксикациялық психоз

 

72. Қыз бала 17 жаста, студент. 2 апта бұрын тұмаумен ауырғаны белгілі. Дене температурасының жоғарылауына, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдерге, ентігуге шағымданған. Уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған. Үрейлі, контакт мүлдем жоқ. Қашуға тырысады, ұстауға тырысқанда күшті қарсылық көрсетеді. Соңынан біреу аңдып жүр деп, оны өлтіретініне сенімді. Айтқан сөздеріне критика жоқ.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) шизофрения, параноидты формасы

б) соматогенді психоз, параноидты синдром

в) +интоксикациялық психоз, делириозды синдром

г) интоксикациялық психоз, аментивті синдром

д) соматогенді психоз, психопатия тәрізді синдром

 

73. Науқас, 36 жаста. Екі жыл деңгейінде 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейшіл, тұйық. Осы кезде соматикалық ауруының өршу кезеңі. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальды ойлар айтады. Критика жоқ.

Төменде аталғандардан қандай синдром аса тән?

а) галлюцинаторлы-сандырақтық

б) реактивті параноид

в) +депрессивті-ипохондриялық

г) сенесто-ипохондриялық

д) обсессивті-фобиялық

 

74. 16 жастағы жасөспірім, оқушы. Бес күн бұрын тұмаумен ауырып қалған, температурасы 40°C дейін жеткен, жөтел, тұмаурату мазалаған. Мазасыз, үрейшіл. Айналадағының барлығы ”әдейі ойластырылып қойған”, ”қос ойын” жүргізіліп жатыр дейді. Біресе ол ауруханада, біресе тергеу изоляторында. Айналадағылар дәрігерлер – дәрігерлер емес, оған қылмыстық іс жүргізіп жатқан тергеушілер, ал медициналық персонал ”киімдерін ауыстырып алған агенттер”. Көндіруге келмейді, толығымен өзінің дертті күйзелістерінің қоршауында.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы-параноидты синдром

б) жедел шизофрениялық эпизод, әсер ету сандырағы

в) интоксикациялық психоз, сананың аментивті күйі

г) +интоксикациялық психоз, сахналау сандырағы

д) интоксикациялық психоз, қарым-қатынас сандырағы

 

75. 17 жасар қыз балада жоғары температурамен тұмау болған. Қарау кезінде мазасыз, үрейшіл, зейіні тез ауысады. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы жағдайды бағдарлауы бұзылған. Жиі төсектен ыршып тұрады, жастық астынан әлденені іздейді, төсек астына қарайды, көз алдына елестеген жәндіктерді ұстауға тырысып, қолдарымен қабырғаны сипалайды. Кезеңмен қорқынышпен жан-жағына қарайды, өз-өзімен сөйлеседі.

Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?

а) галлюцинаторлы

б) параноидты

в) +делириозды

г) санананың қарауытқан бұзылысы

д) аментивті

 

76. 42 жастағы әйел, сауыншы. 10 жылдан бері бруцеллезбен науқастанған. Бас ауыруына, әлсіздікке, температураның жоғарылауына, бүкіл деенсіндегі сырқыраған ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде тері жабындысы бозарған, перифериялық лимфа түйіндерінің барлық топтарының аздап ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ірі буындар аймағындағы ауру сезімі. Көңіл-күйі төмен, әлсіреген. Бөлменің тереңінен оны өлтіремін деп қауіп төндірген әйел дауысын «естиді». “Дауыс” шынайы адамның дауысы тәрізді естіледі.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром

б) шизофрения, параноидты формасы

в) реактивті параноид

г) интоксикациялық психоз, депрессивті синдром

д) +интоксикациялық психоз, делириозды синдром

 

77. 48 жастағы ер адам. Мастану жағдайында 2-ші және 3-ші дәрежедегі күйік алған. Күйік бөлімінде ем алып жатыр. Қарау кезінде: беті, құлақтары, қолдары, кеудесі іріңді қабыршықтармен жабылған, температурасы – 39,3. Науқас өзін үйімдемін деп ойлайды, мазасыз, қозған, тоқтамастан бірдеңені іздейді, ауадан қармайды. Төсектен тұруға талпынады, өз денесінен дәкелердіалып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. өз есімін дұрыс атайды, «денсаулық үшін» ішуге «шақырып» тұрған “достарын” кіргізуді өтінеді

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

а) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром

б) интоксикациялық психоз, санананың қарауытқан күйі

в) +интоксикациялық психоз, делириозды синдром

г) алкогольді делирий

д) интоксикациялық психоз, аментивті синдром

 

78. 47 жастағы әйел жедел жәрдем бөлімшесіне өз үйінің өртінен кейін жеткізілді. Қозғалыссыз қалыпта отыр, жанары кеңістікке қадалған, қоршаған ортада болып жатқанға қатыссыз, контакт мүмкін емес. Осындай жағдайда болғанына алты сағаттай өтті.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) +кататониялық ступор

б) реактивті ступор

в) депрессивті ступор

г) есеңгіреу

д) транс жағдайы

 

79. 14 жастағы жасөспірімде үш жыл бұрынғы бас-ми жарақатынан кейін әсіресе сабақ уақытында аса шаршағыштық, оқу материалдарын есте сақтау қиындығы, агрессиялық ұстамалар бақыланды. Бас ауыруына, бас айналуына шағымданады. Ыстықты, транспортты көтере алмайды, бір қызмет түрінен екіншісіне ауысқанда қиындық сезінеді.

Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

а) пароксизмальды синдром

б) +жарақаттық церебрастения

в) жарқаттық энцефалопатия

г) жарақаттық деменция

д) амнестикалық синдром

 

80. 32 жастағы ер адам, ден саулығына мүлдем шағымы жоқ деуге болады, туысының өлімінен кейін үнемі өлім қорқынышын сезінеді. Өзінің күдіктерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол ойларынан құтыла алмайды. Әртүрлі мамандардың тексеруінен өтті, көптеген инструментальды және лабораторлы зерттеулер жасады, жақындарын жанынан аластатпайды. Зерттеулер нәтижесі аздап сабырға келтіреді, бірақ ұзаққа созылмайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

а) фобофобия

б) канцерофобия

в) +танатофобия

г) клаустрофобия

д) агорофобия

 

81. 32 жастағы ер адам, ден саулығына мүлдем шағымы жоқ деуге болады, туысының өлімінен кейін үнемі өлім қорқынышын сезінеді. Өзінің күдіктерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол ойларынан құтыла алмайды. Әртүрлі мамандардың тексеруінен өтті, көптеген инструментальды және лабораторлы зерттеулер жасады, жақындарын жанынан аластатпайды. Зерттеулер нәтижесі аздап сабырға келтіреді, бірақ ұзаққа созылмайды.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

а) фобиялық

б) +обсессивті-фобиялық

в) жабысқақтық

г) истериялық

д) невроз тәрізді

 

82. 19 жастағы қыз бала күйеуімен жанжалдасқаннан кейін, туыстарының көз алдында диванға құлады, көздері айналды, артынан қолдарында тоникалық тырысулар пайда болды, олар 5 минутқа созылып, ірі сілтемелі клоникалық тілін тістеусіз тырысуларға ауысты. Еріксіз зәр жіберу бақыланған жоқ. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, конфликтті ситуацияны бейнелейтін жеке сөздерді қайталады. Ұстама кезінде қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған. Ұстама 30 минуттан аса уақытқа созылды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

а) «самайлық эпилепсия» ұстамасы

б) генерализацияланған тырысулық ұстама

в) джексондық ұстама

г) +истериялық ұстама

д) абсанс

 

83. 20 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқас, айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайды өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. өз күйзелістерін ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста.

Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?

а) галлюцинаторлы-сандырақтық

б) +дисморфоманиялық

в) галлюцинаторлы

г) вербальды иллюзиялар

д) психикалық автоматизм

 

84. 74 жастағы ер адамда эмоциональды лабильділік көрінетін эмоциональды дәрменсіздік. Оның көңіл-күйі үнемі болмашы себептерге байланысты тербелістермен сипатталады. Жасаурағыштық бақыланады, ал көңіл-күйі көтеріңкі болғанда– сентиментальды

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

а) +дисфория

б) рух әлсіздігі

в) гипертимия

г) эйфория

д) амбиваленттілік

 

85. 35 науқас, угарлы газбен уланғаннан кейін, есте сақтау бұзылысы бақыланды. Естен шыққан сәттерді науқас ойдан құрастырылған естеліктермен толықтырады, шын мәнінде болмаған оқиғаларды “есіне алады”.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

а) ретроградты амнезия

б) псевдореминисценция

в) +конфабуляция

г) конградты амнезия

д) криптомнезия

 

86. 37 жастағы ер адамда конфликтті ситуация нәтижесінде қарқынды қозу және вазовегетативті көріністермен, сананың алдымен күрт тарылып, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған іс-әрекет мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональды реакция дамыды. Аталған реакция қозу кезеңінің толық амнезиялануымен, терең ұйқымен аяқталды


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 219 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тема 6.| Жүйке аурулары кафедрасы ИГА қаз. «Неврология» пәні бойынша.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.219 сек.)