Читайте также: |
|
ЖА жиі солтүстік европалық мемлекеттерде көрініс береді, жылына жаңа жағдайлар жиілігі 100 мың халыққа 4 жағдайды құрайды. 16–18 жас аралығындағы жас қыздардың 1 %-да көрініс береді; жасөсіпірім қыздар мен қыздардағы дене салмағын жоғалтудың басты себебі. ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап ЖА ауруының даму жиілігі артты, бұл сұлулық қағидаларының өзгеруімен тікелей байланысты болды. Зерттеу нәтижелері бойынша жоғарғы сыныпта оқитын қыздардың 40%-ы өздерінде артық салмақ бар деп санайды, шынында артық дене салмағы сол қыздардың тек 4 %-да ғана болған. Батыс мемлекеттерінде 15 жасар қыздардың 11%-ы дене массасын коррекциялау мақсатында жасанды құсу рефлексін шақыратын дәрілерді, 8% — анорексигенді дәрілерді, 7 % — іш айдайтын дәрілерді қолданады.
Клиникалық көріністері
Сырқат басым жағдайда балет мектептерінде, спорт мектептерінде, жоғары оқу орындарында оқитын қыз балалар арасында кеңінен таралады. Қауіп топтарына орташа артық дене массасы бар қыз балалар кіреді. ЖА диагнозы дене салмағының айқын тапшылығы кезінде кеш қойылады. Бұл науқастардың тағам қабылдаудан бас тартуын жасыру үшін құсу рефлексін шақыратын дәрілік заттарды, зәр айдағыш дәрілерді қабылдаумен түсіндіріледі.
1. Бастапқы кезең. Дисфорфоманияның түзілуі жүреді (сырт келбетіне көңілі толмайды, дене бітіміндегі жеткіліксізділікті дұрыстауға ұмтылады).
2. Анорексиялық кезең бастапқы дене массасымен салыстырғанда 25–50 %-ға жүдеумен көрінеді, айқын клиникалық симптоматика мен екіншілік соматикалық бұзылыстар жарыққа шығады. Науқастар үнемі тәбеттің жоқтығына шағымданады, бірақ тамақ туралы көп айтады және тамақ жасауды ұнатып, қонақтарға белсенді түрде тағамдар ұсынады. Науқастар тағамды «жақсы» яғни, жеміс-жидектер және «нашар» яғни, көмірсулар мен майлар деп бөледі. Жиі аштыққа шыдай алмай, кейін булимия ұстамаларына байланысты жасанды түрде құсу рефлексін шақырады, кейін құсу тұрақтанады: құсып, асқазаны тазарғаннан кейін өздерін жеңіл сезініп, «тазарғанына» рахаттанады. Жасанды түрде құсу рефлексін шақыратын науқастарда жиі сұқ саусағында терінің қаттылануы (мозоль) байқалады. Науқастардың тіс эмалі бұзылады. Көбісі зәр және іш айдайтын дәрілерді қабылдайды. Осы кезеңде көпшілігінде аменорея дамиды. Айналымдағы сұйықтық көлемінің азаюы мен электролитті бұзылыстар брадикардия мен артериялық гипотензияға әкеледі. Науқастардың тамақтанудан бас тартуына байланысты созылмалы гипогликемия байқалады.Үдемелі жүдеуге, трофикалық бұзылыстардың белгілеріне қарамастан, науқастардың интеллектуальдік және қимыл белсенділігі сақталады. Бұл дене массасының төмендеуімен сипатталатын басқа аурулардан ЖА басты ерекшелігі, яғни қимыл белсенділігін сақталуы.
3. Кахексиялық кезеңде бастапқы дене массасымен салыстырғанда науқас салмағы 50 %-дан артық төмендейді. Науқастардың өз сырт әлпетіне деген критикалық көзқарасы жоғалады, тері асты шел май қабаты болмайды, ақуызсыз ісік, айқын электролитті бұзылыстар дамиды. Бұл жағдай терапиялық көмек болмаса өлімге әкеледі (11.1сурет).
ЖА науқастарда әлсіздіктің пайда болуы мен күнделікті іс-әрекеттерін тоқтату өмірге қауіпті электролиттік бұзылыстар көрінісі, сол себепті науқасты госпитализациялау науқас өмірін сақтау үшін өте маңызды.
11.1 сурет. Жүйкелік анорексиямен сырқаттанған науқастың сырт келбеті
Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 58 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Этиологиясы | | | Эндрю Четли. Проблемные лекарства. |