Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Этиологиясы. Семіздік алиментарлы-конституционалды және симптоматикалық (11.2 кесте) болып

Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Этиологиясы | Диагностикасы | СИНДРОМЫ | Болжамы | Эпидемиологиясы | Болжамы |


Читайте также:
  1. Этиологиясы
  2. Этиологиясы
  3. Этиологиясы
  4. Этиологиясы
  5. Этиологиясы
  6. Этиологиясы
  7. Этиологиясы

Семіздік алиментарлы-конституционалды және симптоматикалық (11.2 кесте) болып жіктеледі.

 

11.2 кесте. Семіздіктің жіктелуі

1. Алиментарлы-конституциональді (экзогенді-конституциональді) 1.1. Гиноидты (төменгі тип, сан-бөкселік) 1.2. Андроидты (жоғарғы тип, абдоминальді, висцеральді) 1.2.1. Метаболикалық синдромның жеке компоненттерімен. 1.2.2. Айқын метаболикалық синдром симптоматикасымен 1.2.3. Пиквик синдромы (ұйқы барысындағы апноэ) 1.3. Тамақтану тәртібінің айқын бұзылыстарымен 1.3.1. Түнгі тамақ синдромы 1.3.2. Стресске гиперфагиялық реакция ретіндегі дамитын мерзімдік аффектілік толқындар. 1.4. Пубертатты-жасөспірімдік семіздік
2. Cимптоматикалық семіздік 2.1. Орныққан генетикалық ақаумен 2.1.1. Белгілі генетикалық синдромдар құрамында 2.1.2. Май алмасу реттелуі құрамының генетикалық ақаулары 2.2. Церебральді (адипозогенитальді дистрофия, Бабинский-Пехкранц-Фрелих синдромы) 2.2.1. Бас миы мен басқа церебральді құрылымдардың ісіктері 2.2.2. Жүйелік зақымданулардың диссеминациясы, инфекциялық аурулар 2.2.3. Гормональді-белсенді емес гипофиз ісіктері, «бос» түрік ертоқымы синдромы, «псевдоісік» синдромы» 2.3. Психикалық аурулар көрінісінде 2.4. Эндокринді аурулар (гипотиреоз, гипогонадизм, Кушинг синдромы және т.б.).

 

Патогенезі

1. Генетикалық бейімділіктің маңыздылығы 25–70 %-ды құрайды. Бейімділік МС бірнеше компоненттеріне және 2 типті қант диабетіне орнайды (7.6 бөлімді қараңыз).

2. Алиментарлы түрткілер: тағамның жоғарғы құндылығы (майлы, алкоголь), кешкі уақытта көп мөлшерде тағам қабылдау. Көптеген үлт өкілдерінде дәстүрлі тамақтанудың индустриальді тамақтануға (батыс) ауысқанда дамиды.

3. Тамақтану тәртібі бұзылғанда. Бұл кезде ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық және тамақтанудың дәстүрлік стереотиптері маңызды орынға ие болады. Себебі тамақтану тәртібі психикалық белсенділікпен тығыз байланысты, сондықтан тамақтану тәрітібінде дамитын өзгерістер серотонин мен эндорфин рецепцияларының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Көмірсуларды қабылдау допинг секілді алкоголизм, наркомания секілді аурулар қатарына кіреді. Көптеген адамдар тағам қабылдау арқылы өмірдің қиын шақтарын бастан өткізеді (стресске гиперфагиялық реакция).

4. Физикалық белсенділіктің жетікіліксізділігі.

5. Метаболикалық синдром кезінде басты патогенетикалық түрткі болып инсулинорезистенттіліктің маркері болып табылатын абдоминальді семіздік және атерогенді липидемия табылады. Басқа компоненттерінің өзара қарым/қатынасы 2 типті қант диабетіне ұқсас (7.6 бөлімді қараңыз).

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 101 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СИНДРОМ| Эпидемиологиясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)