Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Этиологиясы. Аса маңыздылыққа генетикалық бейімділік ие болады

Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Диагностикасы | Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Болжамы | АМЕНОРЕЯ | Диагностикасы | Болжамы | Эпидемиология |


Читайте также:
  1. Этиологиясы
  2. Этиологиясы
  3. Этиологиясы
  4. Этиологиясы
  5. Этиологиясы
  6. Этиологиясы

Аса маңыздылыққа генетикалық бейімділік ие болады, себебі оған ролигенді тұқымқуалаушылық тән. Соның ішінде инсулин мен стероидты гормондар биосинтезіне жауапты гормондар ерекше назарға ілігеді: INS, VNTR, CYP11 және т.б. АБПС-на генетикалық бейімділік қантты диабеттің 2 түрімен және семіздікке генетикалық бейімділікпен өте ұқсас деген пікір бар (7.6 бөлімді қараңыз). АБПС-мен сырқаттанған науқастардың отбасылық анамнезі семіздікпен, қант диабетінің 2 түрімен және метаболикалық синдромның басқа да компоненттерімен асқынған (11.2 бөлімді қараңыз).

 

Патогенезі

1. АБПС патогенезінің негізінде аналық бездермен андрогендер гиперпродукциясы жатыр, сондай-ақ бүйрек үсті безі де артық мөлшерде андрогендерді синтездеуі мүмкін. Аналық бездердің не себепті қызметінің бұзылуы, әлі күнге дейін толығымен түсініксіз. P450c17 ферменті белсенділігінің бұзылысы суреттелген болатын, бірақ бұл біріншілік ақау емес, керісінше аналық бездің стероидөндіруші белсенділігінің артқанын көрсететін маркер болып табылатын секілді.

2. АБПС кезінде гонадотропин-рилизинг-гормоны өндірісінің жиілігі мен амплитудасы жоғарылайды, нәтижесінде ЛГ синтезі жоғарылайды, бұл ановуляция және прогестерон мөлшерінің төмен болуымен байланысты деген пікір бар. ЛГ деңгейінің жоғарылауы тека жасушалармен андрогендер синтезінің жоғарылауына және олардың гиперплазиясына әкеледі.

3. АБПС сырқаттанған әйелдердің басым көпшілігіне гипреинсулинемия нәтижесінде дамитын, түрлі айқындылық дәрежесіндегі семіздік тән. Инсулин рецепторлары мен ИРФ-1 аналық без стромасында анықталады, бұл кезде инсулин ЛГ көрінісінде андрогендер өндірілуін ынталандыруы мүмкін. Инсулин жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин мөлшерін төмендетіп, гиперандрогенияны ауырлатады, андрогендер мен эстрогендердің бос фракцияларының артуына әкеледі (5.4 сурет).

4. Гиперандрогения фолликулалардың қалыпты өсуіне кедергі болады, майда фолликулярлы кисталардың түзілуін дамытып, фолликулалардың кистозды атрезиясын (поликистоз) шақырады. АБПС кезінде аналық бездің көлемі 3–6-есе артады, науқастардың басым көпшілігінде ақ қабықтың склероздануы және қалыңдауы көрініс береді.

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 105 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Болжамы| Эпидемиологиясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)