Читайте также:
|
|
Мақсаты мен міндеттері: Психология ғылымындағы ғылыми зерттеу әдістері туралы, зерттеу әдістерінің жіктелуі туралы түсінік қалыптастыру.
Жоспар:
Әдіснама, әдіс және әдістеме.
Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері.
Психологиядағы ғылыми зертеудің құрылымы мен принциптері.
Әдебиеттер тізімі:
1. Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
2. Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979
3. Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984
4. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента М,1978
5. Фресс, Ж.Пиаже. Эксперементальная психология. М. Прогресс 1966
Ғылыми мәселенің қойылуы- кез-келген зерттеудің бастамасы. Тіпті балалардың шынайы сұрақтары мәселенің түбі болып табылады. Адамда неғұрлым мақсатқа талпынушылық көп болса, соғұрлым көп жақсы жұмыс істейді. Мотивация төмен болған жағдайда, іс-әрекетте қателіктер көбейе бастайды, үйреніп білу баяу дамиды.
Бірқалыпты өзгермелісіз жағдайға бейімделген адамда мәселе туындамайды. Тек өмірдің ауыспалығы және адамның өзінің ішкі жан дүниесінің белсенділігі ғана мәселені туындататды. Ғылыми мәселелер тұрмыстық мәселелерге қарағанда нақты ғылыми саладағы терминдердің негізінде қалыптасады.
«Күн неге жарқырайды?» - десек, бұл сұрақ, мәселе емес.
«Адамдардың жеке басындағы қасиеттің бірі – агрессивтік-генетикалық белгілер өзгешелігі ме, жоқ әлде жанұя тәрбие әсеріне байланысты ма?» - бұл мәселе. Психология дамуындағы терминдердің жинақталу негізінде көрініп тұр және бұл нақты әдістер арқылы шешіледі.
Мәселенің қойылымы болжамдық тұжырымдаудан тұрады. Ғылымда мәселенің болуы-шындықты түсіндіру және сипаттау үшін мәліметтің жетіспеу салдарынан туындайды.
Сонымен мәселенің туындауындағы кезеңдер:
1. Ғылыми білімде шындық туралы жетіспеушіліктің көрінуі.
2. Қарапайым тіл деңгейде мәселені сипаттау.
3. Ғылыми пәндер терминінде мәселелерді тұжырымдау.
Екінші кезең міндетті түрде керек, өйткені қарапайым тіл деңгейінде мәселені сипаттау белгілі бір ғылыми салада, басқа ғылым салаларына ауысуына мүмкіндік береді. Мысалы: адамдарға агрессивтілік қасиетті тек психолгиялық факторлар негізінде ғана емес, сонымен қатар жалпы және молекулалы генетика әдстерді пайдалану арқылы шешуге немесе астрологиялық білімдерге сүйене отырып планеталық адам әрекетімен мінезіне әсері туралы тұжырым жасауға болады. Осыған сәйкес мәселені тұжырымдау, шешу мүмкіншіліктері тереңдейді, зертеу болжамы ұсынылады.
Ғылыми мәселе-зерттеушінің табиғатқа қоятын риторикалық сұрағы, бірақ оған өзі жауап беруі тиіс.
Ғылыми мәселелер төмендегіше топталады:
1. Шындықтағы мәселелер.
2. Мәнді болып көрінетін жалған мәселе
3. Шешімі жоқ мәселелер. Мәселенің шешімінің жоқтығын дәлелдеудің өзі оны шешудің бір варианты болып табылады.
Р.С. Немов экперменттік педогогикалық психологияның мәселелерін былайша топтастырады.
1. Балалардың және ересектердің психологиялық дамуын жеделдету мәселелері.
2. Жас ерекшелік даму дағадарыстарын анықтау және жеңу мәселелері.
3. Дамудағы сензитивтік кезеңді диагностикалау және басқару мәселелері.
4. Баланы психологиялық дамуындағы мүмкіндіктері мен перспективаларына сәйкес оқу мазмұнын таңдау мәселелері.
5. Оқытудың әдістері мен құралдарын дамытушылыққа айналдыру, яғни адамның таным, жеке бастық, өзара жеке бастық даму деңгейін жоғарылату мәселелері.
6. Оқытушылар мен тәрбиешілердің кәсіби психологиялық дайындығы мен мамандықты жетілдіру мәселелері.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 592 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттік психологияның қазіргі хал ахуалын баяндау. | | | Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеудің ғылыми теориясы мен құрылымы, ғылым аппарат туралы білім беру. |