Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Раушан.

Баритоны, басы пароходов | Страх утраты Родины | Кенжебай АХМЕТОВ | Фарида. | Фарида. | Раушан. | Фарида. | Фарида. | Салиха. | Асылхан. |


Читайте также:
  1. Раушан.

Тәте!.. Бұлай... бұлай болмайды ғой, тәте-ау!

Фарида Раушанға қарап қалады да, күледі. Күлкісі ыза, өкініш, дәрменсіздікке толы.

Фарида (ызалы кекесінмен).

«Болмайды бұлай»! Айтуға оңай бәрі! Оңай!.. Бірақ... Әй, құрысыншы бәрі! Құрып кетсін!..

Қайтадан аласұра билеп кетеді. Раушан оған ойлана қарап қалған.

Біртіндеп бірінші көріністегі адамдар сахнаға шыға бастайды. Бәрі Фаридаға ілесе билеуге кіріседі.

Раушан ғана бір бұрышта оларға ойлана қарап тұр.

 


 

Әуезхан Қодар

Хайдеггер мен Қорқыт

 

Неміс экзистенциализмінің ең ірі негізқалаушысы боп Мартин Хайдеггер (1889 — 1976) есепетеледі. Мартин Хайдеггер 1889 жылдың 26 қыркүйегінде Швабия өңіріндегі Мескирх деген жерде қарапайым қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі, Фридрих Хайдеггер бөшкі жасаушы болған және Әулие Мартин шіркеуінде шырақшы болған. Шешесі, Иоганна Кемпф, кішкентай ғана жері бар шаруалар отбасынан болған. Олардың баласының оқуына төлейтін қаржысы жоқ еді, оқуға құмар болашақ философты шіркеу өкілдері оқытты.

Философтың шығармашылығында екі кезеңді айырықша атайды. Бірінші кезең 1927 жылы басталып, 30-шы жылдарға дейін созылды. Бұл кезде ол ең басты еңбегі «Болмыс пен уақытты» жазды. Осы еңбегімен ол бірден заманының алдыңғы қатарлы ойшылы боп шыға келді, Одан кейін «Кант және метафизика мәселелері», «Негіздің мәні жөнінде», «Метафизика дегеніміз не?» шығармаларын жариялады. Шығармашылығының екінші кезеңі 1935 жылдан басталып өмірінің ақырына дейін жалғасады. Екінші кезеңнің маңызды жұмыстары деп «Метафизикаға кіріспе», «Гельдерлин және поэзияның мәні», «Тілге жол түзеу», «Ницше» және өзгелерін атауға болады.

Бірінші кезеңінде Хайдеггер адамзат тірлігінің негізі ретіндегі болмыс туралы ілімнен тұратын тұтас дүниетаным құруға талпынды. Екінші кезеңінде ол Анаксимандр, Аристотел, Платон шығармаларынан бастап, Гельдерлин, Ницше, Рилькеге дейінгі философиялық идеяларды пайымдауға кіріседі. Сөйтіп ол философия тарихын философияның мәңгілік көкжиегіне айналдырады. Сонымен бірге осы кезеңде тіл мәселесі философ ойының басты тақырыбына айналады.

 

Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана интрумент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді.

Ендігі сөзді Хайдеггердің өзіне берейік. Мен 1994 жылы қазақшаға аударған «Философия дегеніміз не?» деген мақаласында неміс философы философия табиғаты жөнінде сөз қозғайды:

 

ФИЛОСОФИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

 

… Бағытты бізге грек сөзі phіlosophіa нұсқайды.

Осы арада түбегейлі түзету енгізген жөн. Қазір және кейін грек сөздеріне құлақ асқанда, біз ерекше аймаққа баса көктеп кіреміз. Бірте-бірте бізді” пайымдауымызға грек тілі бізге белгілі еуропа тілдерінің жәй ғана бір бөлігі емес екені айқындала бастайды. Грек тілі және жалғыз ғана сол – логос. Біздің әңгімемізде біз мұны мұнан да нақтырақ зерделеуіміз керек. Бастама үшін, грек тілінің бір ерекше қасиетін нұсқасақ та жеткілікті: онда айтылған сөз өзінің атаған нәрсесінен ажырамайды. Егер грек сөзін грекше тыңдаса, онда оның legeіn-іне, оның тікелей баяндауышына бағынасың. Оның баяндайтыны - көз алдындағы. Грекше тыңдалған сөз арқылы, біз сөздің жалаң мағынасы емес, көз алдымыздағы заттың өзіне еншіленеміз. Phіlosophіa грек сөзінің түбірі phіlosophos сөзінен нәр алады. О баста бұл сөз күмісқұмар, атаққұмар сияқты сын есімі еді. Сірә, phіlosophіa сөзі Гераклит нақыштауынан өткен. Демек, Гераклит үшін ешқандай phіlosophіa болған емес. Aner phіlosophos ол “пәлсәпәшіл” адам емес. “Пәлсәпәшіл” – phіlosophіque сын есіміне қарағанда phіlosophos деген грек сын есімінің айтары мүлдем басқа. Aner phіlosophos дегеніміз sophon os phіleі to sophon-ды сүюші. Гераклит түсінігінше phіleіn – сүю дегеніміз logos айтқанымен сөйлеу (homologeіn), яғни logos-қа сәйкес болу. Бұл сәйкестік sophon сөзімен үндес. Үндестік дегеніміз harmonіa. Бір жанның басқа жанмен арақатынасы, олардың бір-біріне иелік етіп, бір-бірімен ежелден бірігуі – осы harmonіa Гераклит түсінігіндегі phіleіn, сүю ерекшелігі, немесе жоғарыда sophon-ды сүюші Aner phіlosophos дегеніміз міне осы. Гераклитке бұл сөз не айтатынын тәржімәлау қиын. Бірақ біз мұны Гераклиттің өз түсініктемесінен анықтай аламыз. To sophon-ның оған айтқаны: En panta - “Бір (арқылы) бәрі”, бұл арада мұның мағынасы: барлық бір нәрсенің біртұтастығы, бұл арада мұның мағынасы: жалғыз ғана бір өзі, бүкіл бәрін біріктіруші. Әйтседе бүкіл тірлік дегеніміздің мағынасы: бірболмысты. Sophon айтады: бүкіл тірлік – болмыста, анығырақ айтқанда, болмыс дегеніміз тірлік бар болу. Сонымен бірге тірлік ара құбылыс арқылы сөйлейді және сөйлегені жинақтаумен тең. Болмыс дегеніміз жинақтау, яғни logos. Бүкіл тірлік – болмыста. Мұндай нәрсені есту біздің құлағымызды елең еткізе қоймайды, керісінше, мезі қылуы мүмкін. Себебі: тірліктің болмыста жататыны ешкімді алаңдатпайды. Бүкіл әлем біледі: тірлік дегеніміз – бар нәрсе. Тірлік бар болмағанда не қылушы еді? Дегенмен, гректер бірінші болып, және жалғыз ғана солар тірліктің болмыста жинақыланатынын, тірліктің тек болмыс көрінісінде паш етілетінін таңырқай жорамалдады. Тірлік болмыста: бұл гректер үшін өте таңғажайып көрінеді. Тірлік бар болу арқылы көрінгендіктен, ол не? Міне, осыдан бастап, ой машығы алғаш рет “философияға” айналады. Гераклит пен Парменид әлі “философ” болған жоқ еді. Неге десеңіз, олар ұлы ойшылдар еді. Мұнда “ұлы” дегеніміз қайраткерліктің бағасын белгілеу емес, ой машығының басқа өлшеміне нұсқау. Гераклит пен Парменидтің ұлылығының мәнісі, олар logos, немесе En-мен әлі үндестікте еді, Софистер арқылы дайындалған “философияға” адымды алғаш рет Сократ пен Платон жасады.

… Философия дегеніміз тірлікті назарға қабылдауға, атап айтқанда, ол тірлік болғандықтан, оның не екеніне зейінді үңілуге жарамды тәуелсіздіктің түрі.

Сонымен, философтардың тірілік болмысына, тірлік бар болу арқылы көрінсе, ол не? дегенді айту үшін тартылғанын пайымдай отыра, біздің философтармен әңгімеміздің өзі де тірлік болмысына тартылуы тиіс. Философияға сапарлас нәрсеге біз өзіміз қарсы алдынан шығуымыз керек. Біздің әуездеуіміз философияның тартылған нәрсесіне жауаптас болуға тиіс. Біз жауаптастыққа қол жеткізгенде ғана “Философия дегеніміз не?” сауалына шынайы түрде жауап береміз. Неміс тілінде “жауап беру” деген сөзі “сәйкес болу” сөзімен бір мағына береді. Біздің сауалымызға жауап философия ұғымы арқылы не түсінілуге тиіс нәрсеге айқын қарсылық білдіретін тұжырыммен тәмәмдалмайды. Жауап - қарсылаушы тұжырым емес, n’est pas une re’ponse одан бұрын ол – тірлік болмысына сәйкес сәйкестік (la correspondance). Алайда, біз сауалға тән нәрсенің сәйкестік ретінде не шешетінін бірден білгіміз келеді. Бірақ мәселенің бәрі – біз сәйкестікке ол туралы теория жасаудан бұрын жетуімізде.

“Философия дегеніміз не?” сауалына жауап – біздің философия беттеп бара жатқан нәрсеге сәйкес болуымызда. Ал ол – тірлік болмысы. Осы сәйкестікке біз ежелден философияның, яғни pyіlosophіa грек ұғымындағы философияның айтып үлгірген нәрсесін естиміз. Біздің сәйкестікке немесе сауалымыздың жауабына тек осылай ғана жететініміздің себебі, біз философия аңызының бізді қайда тапсыратын немесе азат ететін нәрсесімен әңгіме үстіндеміз. Біз “Философия дегеніміз не?” сауалының жауабын философия анықтамалары жөніндегі тарихи тұжырымдар арқылы емес, бізге тірлік болмысы ретінде тапсырылған нәрсемен әгіме арқылы табамыз.

 

Біздің сауалымыздың жауабына апаратын осы жолды тарихтан безіну деуге болады. Бірақ ол тарихты жоққа шығару емес, керісінше, тапсырылған нәрсені сіңіру және өзге күйге ауыстыру. Тарихтың осылайша зерделенуі “деструкция” ұғымына саяды. Осы сөздің мәні “Seіn und Zeіt” кітабында анық әуезденген.

Деструкция дегеніміз философия тарихы жөніндегі историяграфиялық тұжырымдарды күйрету емес, бірақ күй-қаланысын бұзу, талан-таражға түсіру, бейтарап қалыпқа қою. Деструкция дегеніміз бізге тірлік болмысы ретінде атой салып жатқан нәрсеге құлағымызды түру немесе босату. Осы атойды есту арқылы біз сәйкестікке жетеміз.

Алайда, осыны айтқанымыздың өзінде белгілі бір күмән сарыны байқалады. Ол былай естіледі: біз жалпы тірлік болмысына сәйестікке жетуіміз жөнінде әрекет жасауға тиістіміз бе? Біз, адамдар, жалғыз “де факто” ғана емес, сонымен қатар өзіміздің негізіміз бойынша осы сәйкестікте емеспіз бе? Осы сәйкестік бізді” негізіміздің ең басты белгісі емес пе?

Оның солай екені рас-ақ? Әйтседе, олай болса, біз ең алдымен осы тепе-теңдікке жетуімізге тиісті екеніміз жөнінде енді айта алмаймыз. Дегенмен, біз бұл жөнінде хұқықты түрде айтамыз. Себебі, біз әрқашан және барлық жерде тірлік болмысына сәйкестікте дамылдасақ та, болмыс атойына өте сирек құлақ түреміз. Бірақ тірлік болмысына сәйкестік әрдайым біздің тұрақ орнымыз боп қала береді. Дегенмен, тек кейде ғана, ол, біздің кейбіреуіміздің қабылдауымыз арқылы, өрістеуші қағидаға айналады. Тек осындай оқиға барысында ғана біз тірлік болмысына беттеудегі философияға қатысты нәрсеге өз мәнісінде сәйкес келеміз. Тірлік болмысына сәйкестік – философия екені рас, бірақ ол – сәйкестік орындалғанда ғана және тек қана сонда жүзеге асады, сол арқылы өрістеп, осы өрістеуін зерделейді. Болмыс атойының қалай сөйлеуіне, оның қалай естіліп немесе тыңдалғанына, естілген нәрсенің қалай айтылуына байланысты бұл сәйкестік әртүрлі көрініс береді. Біздің әңгіме осы туралы ойлануға мүмкіндік беруі мүмкін.

Мен қазір осы әңгімеге белгілі бір кіріспе айтуға ғана тырысудамын. Енді осы уаққа дейін баяндалғанның бәрін мен біз Андре Жидтің “аса сұлу сезімдер” сөзіне байланысты қозғаған нәрсемізге қайтарғым келіп отыр. Pіlosophіa дегеніміз тірлік болмысының атойына қандай мөлшерде құлақ түретінін айтушы орындалған сәйкестік. Сәйкестік атойдың әуезін тыңдайды. Бізге болмыс әуезі ретінде қатынасатын нәрсе біздің сәйкестігімізді жайғастырады. Онда – сәйкестік – тірлік болмысымен жайғастырылған немесе etre dіspose деп аталады. Бұл арада Dіs-pose-ні” сөзбе-сөз мағынасы: шеп-шепке жайғастырылған, зерделенген және сол арқылы бір нәрсеге қатынасты қайта жайғастырылған. Тірлік тірлік болғасын әуездеуді, қалай екені белгісіз, тірлік болмысына дауыс беретін қылып (accorder) жайғастырады. Сәйкестік қажетті түрде және әрдайым (тек қана кездейсоқ немесе аракідік емес) жайғастырылған нәрсе. Ол жайғасқан күйде тұр. Және, атап айтқанда, жайғасу негізінде ғана (dіsposіton) сәйкестіктің әуездеуі өз дәлдігіне, өз айқындығына енеді. Сәйкестік жайғасқан және жайлы нәрсе ретінде бар болмысымен белгілі бір күйде тұр. Осы арқылы біздің тәртібіміз белгілі түрде байланысады. Осылайша ұғынылған көңіл күйі сәйкестікті тек сүйемелдеуші ғана кенеттен атып шыққан сезімдердің жұмбақ әуезі емес.

Философияны ниеттелген сәйкестік деп сипаттағанда, біз ешқашанда ой машығын кездейсоқ нәрсе ретінде алаңдыққа немесе көңіл-күй босаңдығына тапсырғымыз келмейді. Одан бұрын біздің айтайын дегеніміз: әуездеудің қандай да болсын дәлдігі сәйкестіктің тұрақ орнына негізделеді, нақтырақ айтқанда, атойға құлақ түрік correspondance, сәйкестіктің.

 

Ең алдымен мынаны нұсқайық: сәйкестіктің ниеттенуге байланысты екені – тіпті де қазір ашылған жаңалық емес. Грек ойшылдары Платон мен Аристотельдің өздері философияның, философиялаудың көңіл-күйі деп атайтын ниеттестік пен бекемділік мағынасындағы өлшемге жататынына назар аударған еді. Платон айтады (Теэтет, 1955): “Осы pathos – философқа тән таңырқау, одан басқа философияның ешбір Қайданы (шығу тегі) жоқ”.

Pathos ретіндегі таңырқау – философияның arkhе-сі. Arkhē грек сөзін біз толық мағынасында түсінуге тиіспіз. Ол белгілі нәрсенің қайдан шыққанын айтады. Бірақ бұл “Қайдан?” дегеніміз шығу тегі ретінде қалып қоймайды, одан бұрын ол arkhē бастаушы мағынасындағы arkheіn-ге айналады. Таңырқаудың pathos-ы операция алдындағы хирургтың қолын жуғандай қарапайым түрде философия бастамасында тұрмайды. Таңырқау философияны алға бастайды және басқарады.

Аристотель де солай дейді: (Met A 2 982 b 12 Sd) “Таңырқау арқылы адамдар бастапқы кезде де, қазір де философиялаудың өктем шығу тегіне, немесе, философиялаудың қайдан шыққанына және философияның адымын анықтайтын нәрсенің негізіне қол жеткізеді”.

Егер біз Платон мен Аристотель осы арада таңырқауды философия себебі деп отыр деген ойға түссек, ол өте атүсті және ең бастысы, ойлануымыз грекше емес болар еді. Олар осы пікірде болса, онда одан мынандай мағына туындайды: бір кездері адамдар тірлікке, оның бар екендігіне және оның бар екендік арқылы жасайтынына таңырқау білдірген. Осы таңырқаудың түрткілеуімен олар философиялай бастайды. Ал философия жолға шығарылғасын таңырқау түрткі ретінде керек болмай қалады және осылайша жоқ боп кетуге тиіс. Ол тек қана түрткі болса, жоқ боп кетуі мүмкін еді. Бірақ, таңырқау дегеніміз arkhe, ол философияның әрбір адымына билік етеді. Таңырқау дегеніміз pathos азаптану, жәбірлену, төзіп шыдау, шыдап шығу, бір нәрсеге ұшырау, өз-өзіне иелік ете алмау мағынадағы paskheіn түсінігіне байланысты. Егер біз көңіл күйі дегеніміз ниеттілік және бекемділік екенін есте сақтасақ, pathos-ты көңіл күйі арқылы аудару, осындай жағдайдағы барлық кездегідей-ақ, қауіпті. Дегенмен осылайша аударуға біздің батылымыз жетуге тиіс, себебі бізді pathos-ты жаңа-еуропашыл психологиялық мәнінде түсінуден сақтайтын тек қана сол. Pathos-ты көңіл күй ретінде түсінгенде ғана, біз thaymazeіn таңырқауды дәлірек сипаттай алар едік.

 

Таңырқауда біз қатып қаламыз (etre en arret). Біз тірлік алдында, оның басқа түрде емес, тек осылайша ғана барысынан жалт беріп, кейін шегінеміз. Алайда, таңырқау тірлік болмысы алдындағы ол жалт берумен тәмәмдалмайды, сонымен қатар ол жалт беру және сіресу ретінде жалт бергізетін нәрсеге ұмтылып, соның қолына түседі. Осылайша таңырқау дегеніміз тірлік болмысы ашылатын тұрақ орны (dіs-pozіtіon). Таңырқау дегеніміз грек философтары үшін тірлік болмысына сәйкестік сақтаған көңіл күйі. Ой машығымыз тірлік болмысы бар болу арқылы көрінсе, ол не? деген дәстүрлі сұрақты жаңаша қойғызуды көздеп, сол арқылы философиялық жаңа кезеңіне бастама берген көңіл күйінің тегі мүлдем басқаша болды. Өзінің “Пайымдауларында” Декарт тек қана және ең алдымен tі to on “тірлік болмысы бар болу арқылы көрінсе, ол не” деп сауалдамайды. Декарт ens certum (шынайы тірлік) мағынасындағы шынайы тірліктегі тірлік дегеніміз не деп сауалдайды.

Ал certіtudo-ның (тірліктің бар болуымен шектелуі) мағынасы Декарт үшін өзгерген еді. Себебі: орта ғасырда certіtudo шынайылық туралы емес, тірліктің оның бар нәрсесінде айқын шектелуі жөнінде айтты. Бұл арада certіtudo essentіa-мен мағыналас. Декарт үшін, керісінше, шынайы бар нәрсе өзге тәсілмен бағаланады. Ол үшін күмәндану ens certum шынайылылықтағы тірлікке ниеттілік арқылы елестейтін көңіл күйіне айналады. Ego үшін certіtudo cogіto (ergo) sum күмәнсыздығынан алынатын ens qua ens-тың бекілуіне айналады. Осы арқылы ego ерекше subjectum-ге айналады және адам негізі осылайша – эгоизм мәнісіндегі субъектілік аймағына алғаш рет аяқ басады. Осы certіtudo-ға ниеттену арқылы Декарттың әуездеуі clare et dіstіncte percіpere айқындығын шығарады. Күмәндану ниеті – шынайылыққа сенімді түрде шақыру. Осыдан бері шынайылық өлшем беруші ақиқат түріне айналады. Әр уақытта жететін танымның толық шынайылығынан туындаған сенімділік көңіл күйі жаңа дәуір философияның pasthos-ы болуымен қатар arkhē-сі да болып қалады.

Алайда, осы туралы әңгіме қозғай қойған екенбіз, мынаған жауап іздейік: жаңа дәуір философиясының telos-ның тәмәмдалуын неден іздеп табамыз? Осы тәмәмдалу өзге көңіл-күймен анықтала ма? Жаңа дәуір философиясының тәмәмдалуын қайдан іздеуіміз керек? Гегельден бе, жоқ әлде Шеллингтің кемел күйіндегі философиясынан ба? Ал Маркс пен Ницше қалай? Мүмкін, олар философия жолынан шығып тынған шығар? Егер олай болмаса, олардың орнын қалай анықтаймыз? Біз тек қана тарихи сауалдар қойып жатқанға ұқсаймыз. Бірақ біз шынымен философияның болашақ негізін ойластырудамыз. Біз болмыс әуезін естуге тырысудамыз. Қазіргі ой машығын ол қай көңіл күйіне бастайды? Бұл сауалға бірмазмұнды жауап беру мүмкін емес сияқты. Сірә, қайсібір түпкілікті көңіл-күйі билеп-төстеуде шығар. Бірақ біз үшін ол жұмбақ түрінде қалуда. Мүмкін ол, біздің қазіргі ой машығымыздың өзінің бірмазмұнды жолын әлі таба алмай келе жатқанын нұсқап отырған шығар. Біздің кездестіретініміз мынау ғана: әртүрлі мазмұндағы ой машығының көңіл күйлері. Бір жағынан, күмәндану мен үміт үзу, екінші жағынан, дәлелденбеген қағидаладың көзсіз екіленуі бір біріне қарсы келіп тұр. Қорқыныш пен сүреңсіз үрей үміт және сеніммен араласуда.

Ақылданған түсінік және есеп бағытындағы ой машығы көбінесе барлық көңіл күйден тыс көрінеді. Әйтседе, есептеу суықтығы да, жоспарлаудың кәдуілгі салқынқандылығы да қайсібір ниеттенудің сипаттары емес пе? Тіпте, өзін сезімдер ықпалынан мейлінше бос санайтын ақылдың өзі, ақыл ретінде, қисындық-есептеу көрегендігінің қағидалары мен ережелерінің сенімділігіне ниеттенген.

Осы түпкілікті қабылданушы және өрістеуші тірлік болмысының атойына сәйкес сәйкестік – философияның нақ өзі. Біз философиямен тек қана оның қалай, қандай тәсілмен философия болғанын түсінгенде ғана танысып, байыбына жетеміз. Ол – тірлік болмысының атойына дауыс беруші сәйкестік тәсілінде. Ол сәйкестік әуездеу арқылы орындалады. Әуездеу тілге қызмет етеді. Бізге бүгін мұның мағынасын түсіну қиын, себебі біздің тіл туралы қазіргі түсінігіміз қызық өзгеріске түскен. Осыған байланысты тіл пікір білдіру құралына айналады. Осыған сәйкес дұрысырақ айтуға болады: тіл – ой машығына қызмет етеді деп, - ой машығы сәйкестік ретінде тілге қызмет етеді деудің орнына. Алайда, ең алдымен, тіл туралы қазіргі түсінік гректің тіл тәжірибесінен өте-мөте қашық. Тіл негізі гректерге legeіn ретінде ашылып еді. Алайда, logos пен legeіn дегеніміз е? Біз бүгін logos-тың көптеген түсініктемелері арқылы оның ежелгі грек болмысын ажыратуға енді ғана бірте-бірте кірісеміз. Дегенмен, бізге тілдің бұл негізіне оралуымыз да, оны қабылдап алуымыз да мүмкін емес. Бірақ оның орнына logos ретіндегі гректік тіл тәжірибесімен әңгімеге кірісуге тиіспіз. Себебі: тілді қанағаттанарлық түрде пайымдай тұрып, біз философияны әуездеудің ерекше тәсілі ретінде не екенін ешқашанда біле алмаймыз.

Ал поэзия, егер оны ой машығымен теңестірсек тіл қызметінде мүлдем басқа және өзгеше тәсілмен тұратындықтан, біздің философияны пайымдаушы әңгімеміз міндетті түрде ой машығы мен поэзияның қатынасын қарастыру қажеттігіне келтіріледі. Олар екеуі де тіл үшін тіл қызметін мақұлдап, пейілденіп жатса, ол арасындағы жасырын туыстықтың айғағы. Алайда екеуінің арасында түбі жоқ шыңырау да бар, себебі, олар шалғай шыңдарда орналасқан.

Алайда, тірлік болмысының атойы деп аталатын нәрсе арқылы шақырылатын жинақылыққа әңгіме ауқымындағылардың бәрі дайын болуын көксейді. Осыны атай отырып, біз Аристотельдің айтқанын пайымдаудамыз: “Тірліктің болмысы алуан түрлі әйгіленеді”. “To on legetaі pollakhos”.


[1] Подробнее об этом сюжете в нашей книге «Михаил Булгаков» (М., Молодая гвардия, 2008)

[2] Роллинг стоунз (англ.) – перекати поле


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Асылхан.| Председатель попечительского

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)