Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зертханалық жұмыс №18

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №14 | Жаттығу жұмыстары. | Жаттығу. | ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №15 | Жаттығу жұмыстары. | Жатттығу жұмыстары. | Зертханалық жұмыс № 17 | Жаттығу. «Деканат» деректер қорын жасау. | Жаттығу. Деректер қорын өңдеу (редакторлеу). | Жаттығу. Кесте режімінде жұмыс. |


Читайте также:
  1. Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы.
  2. Бақылау жұмыстарына дайындалу.
  3. Бақылау жұмысы №2
  4. Бақылау жұмысы№1
  5. Дәріс тақырыбы: Класс жетекші жұмысындағы диагностика.
  6. Дәріс тақырыбы: Класс жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы.
  7. Дәріс тақырыбы: Оқушылармен сыныптан тыс жұмыс істеу

Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»

Мақсаты: Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access-те пішін жасау әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтырумен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Деректер базасын жасаушы (разработчик БД) кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.

Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.

Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көру үшін) экранның арнаулы пішімі (формат) болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.

Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар ).

Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде немесе форма режимінде.

Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:

1) Конструктор -пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді. 2) Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бір нәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады. 3) Автопішіндер (Автоформы) - пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды. 4) Диаграмма - диаграммасы бар пішінді жасайды жасайды. 5) Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар форманы жасайды.

Жаттығу жұмыстары:


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 199 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жаттығу. Үш кесте жасаңыз: Студенттер, Бағалар және Пәндер| Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)