Читайте также: |
|
№ | Тақырыбы | Өткізу түрі | Ұзақтылығы (сағат түрінде) |
Гигиена негізгі профилактикалық пән ретінде қарастыру. Мақсаты, міндеті және методологиялық негіздері. Жалпы гигиенаның пропедевтикалық маңызы. Гигиенаның даму тарихы. | Шолу | ||
Ауаның гигиеналық маңызы. Ағзаға ауадағы физикалық және химиялық факторлардың әсер етуімен байланысты аурулардың профилактикасы. Климат пен ауа райы. Акклиматизацияның қазіргі замандағы мәселелері. | Мәселелік | ||
Су денсаулық факторы ретінде қарастыру. Су факторымен байланысты аурулардың профилактикасы. Сумен қамтудың гигиеналық негіздері. | Мәселелік | ||
Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты санитарлық қорғау шаралары. | Мәселелік | ||
Елді мекендерді жоспарлау және құрылысының гигиеналық негіздері | Шолу | ||
Тамақтану денсаулық факторы ретінде. Тиімді тамақтанудың заманауй аспектілері. | Шолу | ||
Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтануды ұйымдастыруының гигиеналық бақылау әдістері. Адамның тамақтануының заманауй мәселелері. Генетикасы модифицирленген тағамдар. Байытылған тағам өнімдері. | Мәселелік | ||
Радиациялық фоны өзгерген техногенді аймақтарда тұратың халықтың тамақтану ерекшеліктері. Алиментарлық аурулар және оның профилактикасы. | Шолу | ||
Ауруханалар мен балалар мекемелерінде асхана орналасуы, құрылысын жоспарлау және қондырғыларына қойылатын гигиеналық талаптар. | Шолу | ||
Еңбек гигиенасының анықтамалары мен ұстанымдары. Өндірістегі сауықтыру шаларлар жүйесі. | Шолу | ||
Өндіріс ортаның физикалық факторлары және олардың адам денсаулығына қолайсыз әсерінің алдын алу. | Шолу | ||
Ионизация сәулелерінің көзі және олардың сипаттамасы. Халықтың және қызметкерлердің радиациялық қауіпсізді-гін қамтамасыз ету. | Шолу | ||
Денсаулық бала ағзасы мен қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың тиімді критерииі ретінде қарастыру. Мектепте және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісінің гигиеналық негіздері. | Шолу | ||
ЕПМ жоспарлау және орналастырудың гигиеналық талаптары. АІИ профилактикасы. | Шолу | ||
Әскери жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру негіздері. Әскер құрылымында және басқа да күш бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы. | Шолу | ||
Жалпы |
2.8.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары:
№ | Тақырыптар | Өткізу түрі | Ұзақтылығы (сағат түрінде) |
Кіріспе. Жалпы гигиенаның мақсаты, міндеті мен әдістері. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру негіздері. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет көрсету маманы жұмыс формасы мен әдістері. | Ауызша сұрау, жұппен жұмыс жасау | ||
Ауаның гигиеналық маңызы. Бөлмелер микроклиматы параметрлерін гигиеналық бағалауы. Ауа қозғалысы мен барометриялық қысымды өлшеу және бағалау әдістемесі. | Шағын топпен жұмыс жасау, зертханалық жұмыс, тест сұрақтарын шешу | ||
Тұрғын және қоғамдық бөлмелердегі ауадан сынама алу әдісі, ауа ортасының сапасын зерттеу және бағалау. Ауа алмасуының қажетті нормасы және нақтылы көлемін және ауа алмасу еселігі. | Пікірталас, шағын топпен жұмыс жасау | ||
Бөлмелердің табиғи және жасанды жарықты тексеру және бағалау әдістемесі. Инфрақызыл радиация қарқындылығын өлшеу және бағалау әдістемесі. Ультрафиолет сәулесін өлшеу және бағалау әдістемесі. | Пікірталас, жағдайлық есептер шешу | ||
Ауыз су сапасын гигиеналық бағалау. Орталықтандырылған шаруашылық – ауыз су желісіне су көздерін таңдау. Судың сапасын жақсартудың негізгі әдістері. Суды залалсыздандыру. Суды хлорлау әдістемесі. | Пікірталас, тест сұрақтарын шешу және жағдайлық есептерді шешу | ||
Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты санитариялық жағдайын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік ұстанымдары. Қатты және сұйық қалдықтардан елдімекендерді тазартудың гигиеналық негіздері. | Шағын топпен жұмыс жасау, жағдайлық есептер және тест сұрақтарын шешу | ||
Тамақтың құндылығын гигиеналық бағалау әдістері: 1.Қоректік заттар мен энергияға қажеттілігін анықтау. 2.Нақты тамақтануды мәзір – жіктемесі бойынша есептеу. | Пікірталас, шағын топпен жұмыс жасау, тест сұрақтарын шешу | ||
Азық-түліктердің сапалығын бағалау әдістері – ет, балық, шұжық, сүт, жұмыртқа, ұн және нан. Тағамдық уланулар, жіктелуі. Тағамдық уланулардың санитариялық-гигиеналық тексеру әдістемесі және профилактикасы. | Ауызша сұрау, тест сұрақтарын шешу | ||
Дайын тағамдарды зертханалық тексеруге сынама алу әдістемесі. Азық-түліктің биологиялық және химиялық қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері. Азық-түліктің сапа категориялары. | Ауызша сұрау, пікірталас | ||
Аурухана мен балалар мекемелері асханасын жоспарлау, орналасуы, қондырғылары мен жұмысын ұйымдастырудың гигиеналық талаптары. Профилактикалық іс-шаралар жүйесінің негізгі бағыты – қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалау. | Пікірталас, тест сұрақтарын шешу | ||
Өндірістік шу және оның қолайсыз әсерінің алдын алу. Өндірістік шу деңгейін өлшеу және адам организміне әсерін бағалау әдістері. Вибрация ауруының профилактикасы. Жергілікті және жалпы вибрацияны өлшеу және адам организміне әсерін бағалау әдістері. Шу мен вибрацияны гигиеналық нормалау қағидаттары. | Ауызша сұрау, жұппен жұмыс жасау | ||
Гигиеналық тәжірибеде зерттеудің токсикологиялық әдістері. Кәсіптік улардың уыттылығын және қауіптілігін бағалау. Кәсіби интоксикациялар және олардың профилактикасы. Радиациялық гигиенаның негізгі анықтамалары. Иондауыш сәуле көздерімен жұмыс жасау кезінде қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары. Дозиметриялық және радиометриялық бақылау. | Пікірталас, жағдайлық есептер шешу | ||
Аурухананың жағдайлық және бас құрылыс жобаларын гигиеналық бағалау. ЕПМ арнайы мамандандырылған бөлімдерін ішкі жоспарына гигиеналық баға беру. Ауруханаішілік инфекциялар, олардың алдын алу. | Ауызша сұрау, жұппен жұмыс | ||
Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жағдайын зерттеу және бағалау әдістері. Оқушылардың күн тәртібі мен оқу кестесін бағалау. | Пікірталас, тест сұрақтарын шешу | ||
Мектепке дейінгі балалар мекемелерін жоспарлау, орналастыру және жабдықтарын гигиеналық бағалау. Жалпы білім беру мекемелерін жоспарлау және орналастырылуын гигиеналық бағалау. | Ауызша сұрау, тест сұрақтарын шешу | ||
Жалпы сағат саны: |
2.8.3. Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар:
№ | Тақырыбы | Тапсыру түрі | Бақылау кестесі (мерзімі көрсетіледі) | Сағат саны |
Гигиенаның даму тарихы. Қазақстандағы гигиена ғылымының дамуы мен қалыптасуы Халықтың денсаулығы мен экологиялық факторлар. Адам ағзасына қоршаған орта факторларының әсерлерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Профилактикалық іс-шаралар жүйесінің негізгі бөлігі ретінде қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалауын қарастыру. | Реферат, презентация, тест сұрақтарын құрастыру, жағдайлық есептер дайындау, баяндама. | 2-апта | ||
Санитариялық эпидемиологиялық қызмет көрсетудің негізгі түрлері-ескертпелі және ағымдық санитарлық бақылаудың маңызы. Санитариялық заңнама – мемлекеттік санитарлық қадағалаудың ұйымдастыру және жүргізу үшін құқықтық негізі. Қоршаған орта және оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері және олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның көптеген экологиялық факторлары тұрғындардың денсаулығына дұрыс дамып жетілуіне тигізетін кері әсері. Соның ішінде біріктірілген, қосарланған қоршаған орта факторлары. | 2-апта | |||
Адам организміне микроклиматтық факторлар әсерін кешенді бағалау. Адамның жылы лебізін объективті және субъективті бағалау. Инфрақызыл радиациясы мен ультракүлгін сәулесі, радиация, күн сәулесі қарқындылығын өлшеу және бағалау әдістемесі. Атмосфералық ауаның биологиялық және химиялық ластануының гигиеналық маңызы. Адам денсаулығына кері әсерінің алдын алу шаралары. | 3-апта | |||
Судың органолепикалық көрсеткіштері және тұзды құрамының гигиеналық маңызы. Суқоймаларының өздігінен тазару процесінің маңызы. Сапробтылық су қоймасының санитарлық жағдайының көрсеткіші. Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері. Орталықтандырылмаған су желісін ұйымдастырудың гигиеналық талаптары. Құдықтар мен су көздері каптажы құрлысы мен оны орнатуына қойылатын талаптар. Құдықтарды тазарту және дезинфекциялау. Су нысандарын санитарлық қорғаудың негізгі аспектілері. Жер беті және жер асты су көздері құбырларының гигиеналық сипаттамасы. | 4-апта | |||
Қалалық елді мекендердің функционалды аймақтары және оларды тиімді орналастыру. Тұрғын үй аймақтары құрылысы жүйесі және олардың гигиеналық маңызы. Биогеохимиялық эндемиялар, олардың алдын алу. Ауылды елді мекендер жоспарлау және орналастыру ерекшеліктері. | 5-апта | |||
Тамақтану статусын бағалау әдістемесі. Тамақтың құндылығын гигиеналық бағалау әдістері: Нақты тамақтануды мәзір-жіктемесі бойынша есептеу (жалғасы). Азық-түліктердің тағамдық және биологиялық құндылығы, эпидемиологиялық маңызы. Азық-түліктің сапалығын бағалау әдістері - жұмыртқаның, ұнның, нанның, консервілердің, концентраттардың. | 6-апта | |||
ЕПҰ және балалар мекемелеріндегі асханалар жұмысының ұйымдастырылуына гигиеналық бақылау. Тамақтандыруды ұйымдастыруды және оның гигиеналық, эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау. Ауруханалар мен балалар мекемелерінде асханананы орналастыру, жоспарлау, құрал жабдықтар және жұмысының ұйымдастырылуына гигиеналық сараптама жүргізу. | 7-апта | |||
Аралық бақылау. | Тестілеу, жағдайлық есептер шешу, жазбаша бақылау | 8-апта | ||
Тағамдық азықтарды консервілеу, және тағамның тағамдық және биологиялық құндылығын, сапасын сақтаудағы ролі. Емдік және емдік-профилак-тикалық тамақтану. | 9-апта | |||
Шаң патологиясының алдын алу. Шаңды гигиеналық нормалау қағидалары. Цех ординаторы жұмысының гигиеналық аспектілері. Иондауыш емес электромагниттік сәулелер және олардың жағымсыз әсерінің алдын алу. Өлшеу мен бағалау әдістері. Нормалау қағидалары. Медициналық сәулелерден және табиғи сәулелену көздерінен шектеу. | 10-апта | |||
Еңбектің ауырлығы мен күштемесін бағалау әдістері. Еңбек үдерісімен байланысты өндірістік аурулар мен қажудың алдын алу. Инфрадыбыстың гигиеналық сипаттамасы, медицинада қолданылуы, адам денсаулығына қолайсыз әсер етуінің алдын алу. Компьютерлердің бейне дисплейлік терминалдарымен жұмыс істеу кезіндегі еңбек жағдайының ұйымдастырылуын және кері әсерін медициналық бақылау. | 11-апта | |||
Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасының негізгі аспектілері. Емдеу профилактикалық мекемелерде медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы және тұрмыс тәртібінің ережелері. Ауылшаруашылығы жұмысшыларына медициналық-санитариялық қызмет көрсету. Улы химиялық заттармен жұмыс жасаудағы еңбек гигиенасының мәселелері. Далалық жағдайында әскердің тамақтануы және сумен жабдықталуын санитарлық қадағалауды жүргізу мен ұйым-дастыру. Әскер бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы. | 12-апта | |||
Оқушыларды оқытудың, білім берудің және еңбекке тәрбиелеудің гигиеналық негіздері. Балалардың мектепте оқуына дайындығын бағалау. Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыруға тәрбиелеудің гигиеналық негіздері. Гигиена және шынығу негіздері. Бала қолданатын заттарға қойылатын гигиеналық талаптар. Киім мен аяқ киім гигиенасы. | 13-апта | |||
Аурухананың ішкі ортасының ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Емдеу мекемелерінің жылулық, ауа және жарықтық жайлылығын ұйымастыру негіздері. Емдеу факторы ретінде палаталар микроклиматы. Аурухананың заманауй құрылысының гигиеналық аспектілері. Босану үлері мен акушерлік бөлімшелердің тәртібі мен ішкі ортасының жоспарлануының гигиеналық талаптары. | 14-апта | |||
Аралық бақылау | Тестілеу, жағдайлық есептер шешу, жазбаша бақылау | 15-апта | ||
Барлығы: |
2.9. Негізгі және қосымша әдебиет:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.
2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.
3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.
4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.
5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.
6. Бектұрғанов Р.С. Жалны гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.
Қосымша:
1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.
2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.
3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.
4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006
5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека: учебное пособие Ростов на Дону
6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение: Астана, 2008
7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника, 2007
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.
2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.
3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.
Қосымша:
1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.
2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.
3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.
4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.
5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.
6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.
7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.
Электронды ресурстар:
1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.
2.Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент:2009
3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009
4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009
5. Справочник диетолога,,Равновесие,,2006
6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010
7. Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008
2.10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері:
Дәрістер: шолу және мәселелік.
Тәжірибелік сабақтар: ауызша сұрау, жұппен жұмыс жасау, пікір-талас, жағдайылық есептер шешу, тест сұрақтарын шешу, шағын топпен жұмыс жасау, зертханалық жұмыс,жобаны сараптау.
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): ОСӨЖ жалпы оқу кестесінде көрсетілмейтін, жеке кесте түрінде берілетін, оқытушымен контактіде орындалатын, студенттің аудиториядан тыс жұмысы болып табылады. ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары бойынша, үй тапсырмасын, жобаларды, тәжірибелік сабақтарды орындау, семестрлік жұмыстарды қадағалау, есеп жасау және тағы басқа СӨЖ тапсырмаларының түрлерінде туындайтын сұрақтары, рубеждік бақылауды өткізу бойынша кеңестер беріледі.
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): р еферат, презентация дайындау, тест тапсырмаларын және жағдайылық есептер дайындау.
1.Реферат жазу: студенттердің таңдауы бойынша дайындалады. Топпен орындауға болады, топтың әр мүшесі бір бөлімді дайындайды. Реферат тақырып сұрағының мәнін ашуы тиіс, толық мағлұматты және өзіндік қорытындысы болуы тиіс. Реферат
ұқыптылықпен, өз бетінше 5 әдебиет көздерін қолдана отырып жазылуы тиіс. Реферат
тақырыбына сай сызба, кесте және суреттер келтіріледі.Рефератты қорғау кезінде мәтінді оқып беру емес, айтып беруі керек.Қойылған барлық сұрақтарға сенімді әрі қатесіз жауап береді.
2.Презентация: өз бетінше дайындайды. Дайындауда 5 кем емес әдебиет көздері пайдаланылады. Слайдтар мазмұнды және орамды болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша өзінің терең білімін көрсетуі қажет, сұраққа жауап беруде, талқылау барысында қате жібермеуі тиіс.
3.Тест тапсырмаларын құрастыру: 20 тест сұрағы болуы керек. Белгіленген күнде тапсырылуы тиіс. Тест негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, анық, дұрыс құрастырылған. Жауап нұсқалары бір текті және адекватты. Жауаптың алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты белгіленген.
4.Жағдайлық есептерді құрастыру: өз бетінше орындалады, есептер адекватты, қарапайым, тапсырма түсінікті болуы тиіс. Қойылған сұрақтар нақты (3-4), тақырыпқа сай болуы керек. Жағдайдың баяндалуы, берілген сандар мен дәлелдер жалпы түсінікті, нақты, шынайы болғаны жөн. Есептің саны 5 кем болмауы тиіс.
СӨЖ- орындалуына қойылатын талаптар:
1. Реферат -тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда
логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;
Реферат бағалау баяндаудың нұсқалығы, нақтылығы, реттілігі, мәселені жақсы білуі, кәсіби дайындығы, сұрақтарға жауап беруі бағаланады.
2.Презентация -оған қойылатын талаптар: Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек,
негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес;
Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет. Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.
Мультимедиалық презентацияны бағалау көрсеткіштері: мазмұны СӨЖ-дің мақсатын ашуы қажет, анықтамалар, түсініктер қысқа, нақты, толық мәлімет беретіндей болу керек. Презентация мәтіні - қатесіз, ғылыми терминдерді қолдану, кейінгі ақпарат пен қамтамасыз етілуі тиіс.
3.Тест сұрағын құрастыруға қойылатын талаптар: адекваттылық,
мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болуы қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.
4.Жағдайлық есептерді құрастыруға қойылатын талаптар:
жағдайлық есеп берілген тақырыпқа сай, қосымша материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін, өзекті, қойылған сұрақтар (3-4) нақты әрі толық болуы шарт. Жағдайды сипаттау, берілген сандар мен фактілер түсінікті, нақты болуы керек. Құрастырылатын жағдайлық есептің саны 5-тен кем емес. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;
Ескерту* -СӨЖ орындауда қолданылатын әдебиет көздерінің ұсынылатын саны 5 кем емес, 10-жылдан артпауы қажет.
2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
25 тамыз 2006ж. ҚР 5.03.006.-2006 «Қазақстан республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында білімді бағалау және бақылау» МЖМБС сай студенттің білімін бағалау және үлгерімін бақылауы негізделіп, ОҚМФА қабылданған бір жүйеге келтірілген рейтинг әдісі бойынша жүргізіледі.
Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша және жазбаша сұрау, зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау, жағдайлық есептердің шешуін бағалау, тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау, кіші топтармен жұмыс барысында өзін өзі және топты бағалау.
Аралық бақылау: коллоквиум. Аралық бақылауды 8 және 15 аптада тест, әңгімелесу және жағдайлық есептерді шығару түрінде тапсырады.
Қорытынды бақылау: емтихан, тестілеу.
2.11.1 Ағымдық бақылау:
Үлгерімін ағымдық бақылау тәжірибелік сабақта оқу кестесіне сай жүргізіледі.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 1187 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кіріспе | | | Тест тапсырмаларын дайындау СӨЖ дайындау кезінде қолданылады |