Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе

Читайте также:
  1. І. КІРІСПЕ
  2. Кіріспе
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. КІРІСПЕ
  6. Студенттің кіріспе икемділігі және құзыреті.

Гигиена – медицинаның негізгі профилактикалық саласы, қоршаған ортаның табиғи және антрпогендік факторларының адам ағзасы мен қоғамдық денсаулыққа әсер ететін заңдылықтарды зерттейтін, аурудың алдын алуға, адам денсаулығын нығайту мен сақтауға, тіршілік әрекеті үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелер мен шараларды жасайтын ғылым.

Гигиена бұл көпсалалы пәндердің бірі, оның әрбір бөлімі гигиена ғылымы мен практиканың жеке бір саласын қамтиды – коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы т.б., сонымен бірге қоғамдық денсаулық сақтаудың болашақ бакалаврларын дайындауда, гигиеналық ғылымның негізін қалаушы бөлім ретінде, студенттерді гигиена әлемімен таныстыруда жалпы гигиена ерекше орын алады.

2.2. Пәннің мақсаты:

Ғылым ретіндегі гигиена туралы, оның іргелі негіздері, принциптері мен әдістемелері туралы мәлімет беру, гигиеналық пәндерді оқу кезінде ескертпелі және ағымдық санитарлық бақылаудың теориялық және қолданбалы аспектілерінің заңнамалық базасын игеруге қажетті әдістемелік білім мен шеберліктің негізін салу.

2.3. Оқытудың міндеттері:

· гигиенаның теориялық және әдістемелік негіздермен және қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалау қағидаларымен таныстыру;

·адамдардың өндірістік іс әрекеті мен тіршілік ету жағдайында жеке адам мен қоғамның денсаулығына қоршаған орта факторларының әсер ету табиғаты мен сипаты туралы түсініктеме беру;

·қоршаған ортаның көп тараған факторларын және олардың адам денсаулығына әсерін зерттеу әдістерін оқыту;

·сауықтыратын шаралардың негізгі бағыттарын анықтауды үйрету.

2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі тиіс:

ҚДС мамандығына «Жалпы гигиена» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының 2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі бөліміне құзіреттілік бойынша келесі өзгерістер енгізіледі:

 


Дублин дескрипторлар ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі   Пәнді оқытудың нәтижесі   Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелері
А Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік     Пәнді, жалпы гигиенаның мақсаты мен міндеттерін, оның бөлімдері мен олардың кәсби жұмысты іске асырудағы ерекшеліктерін білу. Р3  
Жалпы гигиенада қолданылатын басқа да ғылымдар мен қарым қатынасын зерттеу әдістемесін біледі.  
Ағзаға әртүрлі қоршаған орта факторларының әсер ету заңдылықтарының айқынды пайда болу формасын біледі.  
Қоршаған ортаның биологиялық, физикалық, химиялық және әлеументтік факторларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері мен қағидаларын біледі.  
Адам ағзасына әсер ететін қоршаған ортаның әртүрлі факторларын зерттеу мен бағалау әдістемесін біледі.    
Адам ағзасына қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерін алдын алу шараларын ұйымдастырудың негізгі бағыттарын біледі.  
Санитарлық дәрігердің жұмыс істеу формасы мен әдісін. Санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің ұйымдастыру негіздерін біледі.   Р3
Санитарлы құжатнаманың негізі болатын негізгі әдістемелік құжаттар мен нормативті құқықтық актілердің қажеттілігін біледі.
Санитарлық ағартудың әдісі мен формасын біледі.
Өндіріс орындары мен тұрғындар денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның негізгі факторлары-ауа, микроклимат, жарықталу және ауа алмасу сапасын, су сапасы және сумен жабдықталу сапасын, топырақ сапасын біледі.
Инфекциялық және инфекциялық емес аурулар туындауында топырақ, су және сумен қамтамасыз етілу, жабық ғимараттар ауасы мен атмосфералық ауаның ролін түсінеді. Р3, Р7  
Қоршаған орта мен жабық мекемелер параметрлерінің гигиеналық нормативке сәйкестігін бағалау және анықтау әдістерін меңгерді.
Мамандығына байланысты еңбек қызметінің сипаты мен тәртібін, тұрмыс пен еңбек жағдайын гигеналық тұрғыда бағалауды біледі.
Инфекциялық және инфекциялық аурулардың, сонымен қатар тағамдық улану дамуында тағамдық фактордың ролін біледі.
Балалар ағзасының дамуы мен өсуінде негізгі факторлардың гигиеналық маңызын біледі.  
Тұрғындар денсаулығы көрсеткіштері мен қоршаған орта факторларының арасындағы байланыстың барлығын біледі.
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Адам ағзасына қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерін алдын алу шараларын ұйымдастырудың негізгі бағыттарын біледі. Р7
Санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің ұйымдастыру негіздерін белгілейді.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санитарлы құжатнаманың негізі болатын негізгі әдістемелік құжаттар мен нормативті құқықтық актілердің қажеттілігін анықтайды. P6  
Тұрғындар денсаулығына әсер ететін нысандарға қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптарды біледі. P6
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Гигиеналық ғылым бағыты бойынша ғылыми әдебиеттерді біледі. Р21  
Гигиена аймағындағы ғылыми зерттеулер бойынша мәліметтер базасы мен соңғы ғылыми жетістіктерді меңгеруде.  
Жалпы гигиена бағыты бойынша ғылыми зерттеулер жүргізе алады.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Әртүрлі ақпарат базасынан мәліметтерді іздеу әдісін біледі. Р10
Қажетті ақпаратты сақтау, алу жағдайы мен тәслдерін біледі. Р2
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) Гигиеналық терминологияны үш тілде біледі: Қазақ, Орыс, Ағылшын тілінде. Р9
В Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік     Өндірістік орта және қоршаған орта факторларының негізін анықтау әдісін менгерген Р3
Жалпы гигиенаның әр түрлі нысандарының санитарлық гигиеналық талаптарын бағалау әдісін менгерген. Р20
Ауыз суды хлорлау мен коагуляциялауды біледі. Р3
Ас мәзірі бойынша негізгі тағамды бағалайды. Р3
Асқана жұмысының ұйымдастырылуына бақылау жүргізе алады.
Жұмыс жасау аймағының ауасының шаңдануын, шаңның көлемі мен пневмоканиоз қауіпін анықтай алады.
Жұмыс жасау аймағындағы ауа құрамындағы көмір қышқыл газын және ыс газын, азот аксидінің, күкүрттің, амиактің болуын анықтай алады  
Өндірістік улардың улылығын және қауіптілік класын, улылық көрсеткіші мен қауіпін анықтай алады.  
ЕПҰ және балалар мекемелерінің жоспарлануы мен орналасуын жоба сызбасы бойынша және топографиялық карта бойынша сипаттайды және олардың гигиеналық талаптарға сәйкестігін бағалайды.
Соғыс жағдайында: зертханалық зерттеуге дайын тамақ пен су сынамаларын ала алады, тағамдық азықтарға санитарлық сараптама жүргізеді, сонымен қатар олардың РЗ және ҚЗ ластанғанда олардың полктың медициналық қызмет мүмкіндіктеріне сәйкестілігіне зерттеу жүргізе алады. Р3
Әскерде аурудың пайда болу қауіпі мен себебін анықтай алады және инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу шараларын ұйымдастыра аладыы.
Суды түссіздендіру мен залалсыздандыру жұмыстарына бақылауды дала жағдайында жүзеге асырады.  
Ауадан, судан, топырақтан, тағам азық түліктерінен, дайын тағамнан, матадан санитарлық гигиеналық зерттеулерге сынама алып жолдама толтырады.  
Ультра күлгін және инфра қызыл радияцияның жилігін анықтап және ультра күлгін сәулесінің бактериоцидтік қасиетін бағалайды.  
Аймақтың ерекшілігіне байланысты су көздерін таңдаудың маңыздылығын анықтайды.
Өндірістік, ұйымдасқан, тұрғылықтық ғимараттарда ауа алмасуына, жылу жүйесіне, жарықтану жүйесіне, ауа ортасының сапасына және микро климат көрсеткіштеріне зерттеулер жүргізіліп бағаланылуда.
Судың органолептикалық көрсеткіштеріне зерттеулер жүргізіліп, тұздың құрамын және судың органолептикалық қасиетінің бұзылуын анықтап су сапасына баға беру.
Топырақтың физико механикалық құрамына зерттеулер жүргізіп, топырақтың санитарлық химиялық, токсикологиялық, микробиологиялық, гельментологиялық, энтомологиялық көрсеткіштерінің санитарлық жағдайын бағалау.    
Негізгі тағамдық азық түліктердің сапасына органолептикалық баға береді және нанға, балыққа, етке, сүтке физико химиялық зерттеулер жүргізіледі. Р3
Иондаушы емес электромагниттік сәулеленудің шу және діріл деңгейін өлшеп бағалайды. Р3
Жас өспірімдер мен балалардың денсаулық жағдайы мен негізгі физикалық жетілу көрсеткіштерін бағалайды. Р3
Тұрғындардың әртүрлі кантингентіне санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді. Р27
Тұрғындардың арасында инфекциялық емес және инфекциялық ауруларды азайту және жою жөнінде алдын алу іс шараларын жүргізуде.  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Тұрғындардың әр түрлі топтарының арасында санитарлы-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды көрсете алады. Р27
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі ҚР денсаулық сақтауы туралы, тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық ақуалдығы туралы және мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жұмысы туралы заңнамалы құжаттарды талдайды және пайдаланады. Р19
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Жалпы гигиена бойынша ғылыми ақпараттарды талдайды және ізденіс жүргізеді, кәсіби тапсырмаларды шешу үшін. Р21
Жалпы гигиена бағыты бойынша ғылыми зерттеулер жүргізе алады.
    Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Заманауй компьтерлік құралдарды және желілік технологияларды пайдалана отырып ақпаратты өңдеудің негізгі әдістерін пайдаланады. Р10
Word, Internet Explorer, Power Point, Excell бағдарламаларында кесте, диаграмма, сызба түрлерінде алынған ғылыми және оқу ақпараттарын безендіре біледі. Р10, Р3
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) Топта жұмыс жасай алады көш басшылыққа деген ұмтылысын көрсете алады. Р18
Болашақта кәсіби жұмыстың дамуына Elementry деңгейінде ағылшын тілінде гигиеналық сөздіктерді пайдаланады. Р13
С Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін байқап, оқу білімінің нәтижесін бағалап, оларды тексеру мақсатының қарым қатынасы. Р3
Адам денсаулығын жақсарту мен қорғау бойынша ұсыныс түрінде қорытындыны құрастырады. Р9  
Аймақ ерекшеліктерін ескере отырып жалпы гигиена бөлімдерінің мәселелерін шешу аргументтерін реттейді.
Тағам, еңбек, балалар мен жасөспірімдер, коммуналды және әскери гигиенасынан алған білімдерін салыстырады.
Статистикалық ақпараттарды жалпы гигиена бойынша мәселелерді шешу үшін талдайды.
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Тұрғындарды санитарлы оқыту мен дезинфекциялық бақылау бойынша нысан құруға, сонымен қатар техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметтеріне қатысады. Р27
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санэпидқадағалау басқармасы қызметін регламенттейтін нормативті және заңнамалы құжаттар жүйесіне бағдарланады. Р19
Гигиеналық мәселелерді шешу үшін тағам, еңбек, балалар мен жасөспірімдер, коммуналды гигиена аймағында негізгі нормативті құжаттарды пайдаланады.
  «Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Жалпы гигиена бағыты бойынша ғылыми зерттеу қорытындысын негіздейді. Р21
Жалпы гигиена аймағындағы ғылыми жетістіктерді аргументтейді және қадағалайды.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Жалпы гигиена меселелерін шешу үшін әртүрлі компьютер көзінен мәліметтер іздестіріп және жинап аргументтейді. Р10
  «Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) Жеке және ұжымдық көзқарастарын нықтап сауатты аргументтер келтіруге қабілетті. Р8
Ұжыммен жұмыс жасай алады. Жалпы гигиена бойынша жұмыс жасау барысында көш басшылық және ұйымдастырушылық қабілетке ие.
Жалпы гигиенаның зерттеліп жатқан мәселелерін өз бетінше шешу жолын ұсына алады. Р9
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Гигиена аймағындағы соңғы ғылыми жетістіктерге интерпретация жасайды және енгізеді. Р21
Әр түрлі аурулардың туындауында жабық ғимараттар және топырақ, ауыз суы, ауаның маңызын анықтайды және тұрғындарды ақпараттандырады. Р27  
Тұрғындар арасында аурушаңдықты төмендету бойынша алдын алу шараларын интерпретирлейді.
Кәсіпкерлік құзыреттілігі   Жалпы гигиенаның өзекті сұрақтары бойынша ақпаратты стендлер мен бюллетендерді дайындауға және ұйымдастыруға қабілетті. Р27
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі ҚР Конституциясының, адамның адамға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормалардың негізгі нұсқаулықтарына сүйенеді. Р19
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Жалпы гигиенаның таңдалған тақырыбы бойынша ғылыми және шолулық мақалаларды оқытушымен бірлесіп баспаға шығарады. Р21
Әр түрлі көздерден алынған статистикалық мәліметтерді талдайды. Р18
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Ғылыми, оқу әдебиеттерінен және интернет мәліметтер базасы арқылы ақпарат жинауды іске асырады. Р26
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) Жалпы гигиена сұрақтары бойынша жеке пікірлерін реферат, презентация түрлерінде безендіріп, тәжірибелік сабақтарда, студенттер үйірмесінің отырыстарында, студенттердің ғылыми конференцияларында және т.б. ұсынуға қабілетті. Р26
Мәдени айырмашылықтарды силайды, Студент ар-намысы кодексін, жауапкершілікті, аяушылық қағидаларын ұстанады. Р4
Студенттер арасында түсіністік пен оң қарым қатынасқа түседі.  
E Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Өндіріс факторлары, микроклимат көрсеткіштері, тағамдық азықтар және ауыз суы зертханалық талдауларының нәтижесі бойынша гигиеналық бағалап хабарлама береді. Р27
Қоршаған ортаны жақсарту бойынша гигиеналық ұсыныстар мен тексеру алгоритмін құрастырады.
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Гигиена сферасындағы мәселелер мен ақпараттарды алмасу үшін белгілі бір контингент ұйымдастырады. Р27
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санитарлы-эпидемиологиялық қызметті реттейтін қолданыстағы және жаңа заңнамалы құжаттарды баяндайды. Р27
Тұрғындар денсаулығын қорғау мақсатында ұжымдасқан топтарға негізгі санитарлы ережелерді хабарлайды.
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Жүргізілген ғылыми зеттеу туралы басқа студенттер мен оқытушыларды ақпараттандырады. Р27
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Әр түрлі ақпарат тасымалдаушыларды пайдалана біледі. Р10
Компьютерлерге алынған ақпараттарды алып, баспаға шығарады. Р2
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тілділік құзыреттілігі) Студенттерге /оқытушыларға / экзаменаторларға жеке гигиеналық білімі мен оқу эксперименттерін жүргізу және жоспарлауға, анықталған фактілер мен құбылыстардың, олардың себепті-салдарлы арақатынастарын түсіндіреді және беруге қабілетті. Р27
  Тұрғындар арасында олардың ақпараттарды қолдануды насихаттау үшін мәліметтер іздеу мен өңдеу жүргізе алады. Р26
Студенттерге жеке білімдері мен ақпаратпен (оқу, сауалды, ғылыми) жұмыс жасай алуды беруге қабілетті. Р10
Зерттелетін аймақ ақпараттарын синтездеу, талдау, жеке көзқарастағы пікірлерді талқылауды, көпшілікке шығарумен дағдыланған. Р27
Компьютерлік техника және желілік технология арқылы алынған гигиеналық білімдерін тарата алады. Р2
  Білім алуды өз бетінше жалғастыра алу қабілеті   Жалпы денсаулық сақтау, эпидемиология, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналды гигиенасы.  

 

2.5. Реквизитке дейінгі: молекулалы биология мен медициналық генетика, экология және тұрақты даму, медициналық биофизика, химия, анатомия, физиология, гистология, биохимия, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, микробиология.

2.6.Реквизиттен кейінгі: эпидемиология, коммуналды гигиена, тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, клиникалық медицинаға кіріспе, қоғамдық денсаулық сақтау, қоршаған орта және денсаулық.

2.7. Пәннің қысқаша мазмұны:

Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері. Жалпы гигиенаның пропедевтикалық маңызы. Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының даму мен қалыптаса бастауы.

2.8. Тақырыптық жоспары ( дәрістің, тәжірибелік сабақтардың): тақырыптар, өткізу түрі мен ұзақтығы.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 180 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқу жылы| Дәрістің тақырыптық жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)