Читайте также: |
|
Пән туралы қысқаша сипаттама: Ағылшын тілі лексикология пәнінің зерттеу нысаны сөз және тілдің сөздік құрамы болып табылатын тіл білімінің бір бөлімі. Лексикология курсын оқып үйренуге синхронды және дияхронды талдау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау; тілдің жүйелік үйымдастырылуын оқып үйренумен байланысты әдіс-тәсілдер қолданылады.
Пәннің мақсаты: Ағылшын тілінің лексикалық жүйесі мен үйымдастырылуының жалпы принциптерін оқып үйрену. Лексикология курсында басты назар ағылшын тілінде лексикалык бірліктің дамуының негізгі факторлары мен заңдылықтарын, оның функционалдық сипатын аша түсуге аударылады.
Пәннің міндеттері:
- студенттердің ағылшын тілінің сөздік қүрамы жайындағы ғылымның қазіргі жағдайымен таныстыру;
- сөздің дамуының негізгі факторлары мен заңдылықтары, лексиканың жүйелік
үйымдасуы, лексикалық бірліктің семантикалық-қүрылымдық үйымдастырылуы, сөздіктің даралануы және байытылуы жайында ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
- сөз теориясы туралы ғылыми-теориялык көзқарастарды сын көзбен қарай отырып,
шығармашылықпен үғынуды қалыптастыру, ғылыми ойлауды дамыту;
- лингвистикалық талдау мен бейнелеудің негізгі әдістемелерін білуді және сол білімдерін ағылшын тілі мен ана тілінің қүбылыстарын өз бетімен зерттеуде қолдану қабілетін қалыптастыру;
Лексикология курсы аяқталғаннан кейін студенттер мыналарды білуі қажет:
- лингвистика теориясы саласындағы қазіргі заманғы ғылыми-теориялық көзқарастарды;
- лексикологияның негізгі тарихи даму кезеңдері мен қазіргі жай-күйін;
- лингвистика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын, оның үғымдық категориялдық
аппаратын;
- ағылшын тілінің лексикалық және фразеологиялық жүйелерінің лексикалық
бірліктерінің негізгі даму факторлары мен заңдылықтарын, сөздің және фразеологиялық
бірліктердің категориялдық белгілерін, лексикалық бірліктердің қүрылымы мен
семантикасының ерекшеліктерін;
Лексикология пәні бойынша студенттер мыналарды орындай алуы тиіс:
- лингвистикалық теориялардың әр алуан бағыттарын сыни көзбен
қарап, шығармашылықпен игеруге,
- нақты тілдік материалды талдай алуға және тілдік фактілерді қорыта білуге;
- ағылшын тілінің қазіргі кезеңдегі арнайы ерекшеліктерін оның тарихы, этимологиясы
және басқа да ара қатынасы белгіленген факторлары түрғысынан түсіндіре алуға;
- лексикалық және фразеологиялық бірліктердің қүрылымдық мағыналық өзгерістерін
түсіндіре алуға;
- ағылшын тілі мен ана тілінің тілдік қүбылыстарын өз бетімен зерттей алуға;
- ғылыми-анықтамалық әдебиеттерді, әр алуан типтегі сөздіктерді қолдана алуға.
Пререквизиттер:
Лексикология курсын төмендегі базалық лингвистикалық пәндерді меңгерген соң оқып-
үйренуге болады: Тіл біліміне кіріспе, Жалпы тіл білімі, Герман филологияға кіріспе, Классикалық филологияға кіріспе, Латын тілі.
Постреквизиттер:
Пәнді игеру нәтижесінде алған білім: Елтану, Тіл тарихы, Теориялық грамматика, Теориялық фонетика, Ағылшын әдебиеті пәндерін меңгеруге көмектеседі.
Қысқартылған сөздер: СӨЖ – студенттің орындайтын өзіндік жүмысы,
ОБСӨЖ – оқытушы басшылығымен орындалатын СӨЖ.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 340 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Оқу-әдістемелік кешені | | | ЛЕКЦИЯНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ |