Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы 5 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

“Ақындарға” атты өлеңiнде Шәкәрiм “Ақын қандай болу керек?” деген сұраққа жауап бередi, яғни шығармашыл тұлға туралы көзқарасын бiлдiредi.

Өлең айт дарын өрге өрлегендей,

Сезiмдi қозғап, тәттi ой кернегендей.

Жанды сөз бойды ерiтiп, маужыратып,

Әлдилеп жыр бесiгi тербегендей,-

дейдi ақын. Ш.Құдайбердiұлы пiкiрiнше, ақын мен оның өлеңiнде мынандай қасиеттер болуы қажет: 1. сезiмге әсерi бар “тәттi ой” мен “жанды сөз” (көркемдiк); 2. “қауымның қалауын” тап басу (әлеуметшiлдiк); 3. “ойкүйезге жан беру” (азаматтық); 4. форма мен мазмұнның бiрлiгi; 5. “жүрек кiрiн тазалау” (гуманизм, имандылық); 6. “арың болсын өлең айнасындай” (ар тазалығы).

Ш.Құдайбердiұлы Абайға дейiнгi ақындардан тек кемшiлiк көрмегенiне мысал – “Ескi ақындық” атты өлеңi. Ақынның әдеби-эстетикалық талғамы бiз “қазақ хандығы тұсындағы жыраулар” және “зар заман ақындары” деп жүрген тұлғалардың шығармашылығынан “тұлпар жүрiстi” табады. Бiз бұдан iлгерiдегi оның “терiстеуi” өз тұстасында да ұшырасатын “ылаңға” (“Жырдың жайын бiлмейтiн, бiзде сондай ылаң бар”) бағытталғанын түсiнемiз. Ақын толғаудың тоқсан түрлi құбылысын (Үмбетейдi мысалға алып) саралап келiп:

Сыпыра жырау, Шортанбай,

Үмбетей мен Марабай,

Алды-артына қарамай,

Соққанда жырды суылдап,

Жел жетпейтiн құландар!-

дейдi.

Ақын жыршының шығармашылық машығын дәл осылай “ақ бөкеннiң желiсiне”, “желдiң соғысына”, “мөлдiр судың аққанына” “қыран құстың ұшқанына”, “күннiң райына” теңейдi. Теңеп қана қоймайды, әрбiрiнiң ерекшелiгiмен уақыт сынынан өткен поэзияны жан-жақты сипаттайды. Бұл тұрғыдағы Шәкәрiмнiң тұжырымдамасы: ұлт ақыны өткеннiң үздiк дәстүрiн меңгеруi керек, ел рухымен бiте қайнасқан шығармашылықты дамытуы қажет.

“Ғалам сырын ашқаны” үшiн ислам мен Шығысты, “әдiлет, ардың жолын” ұстанғаны үшiн Толстойды, ол арқылы Батыс iнжу-маржанын қадiрлеген Шәкәрiмнiң әдеби-эстетикалық танымында әлемнiң рухани құндылығы берiк орнаған деп санаймыз.

Шәкәрім ұлы Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі лириканың дамуына ғана үлес қосып қойған жоқ, оның қаламынан көркемдік бояуы өзгеше «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» тәрізді эпикалық ауқымдағы тамаша сюжетті поэмалар да туды. Ел ішінде ертеректе болып өткен оқиғалар негізінде жазылған «Қалқаман – Мамыр» және «Еңлік – Кебек» дастандары алғаш рет 1912 жылы Семей қаласында жеке-жеке кітап болып басылып шықты.

Шәңгерей Бөкейұлының (1847-1920) есімі ақсүйектігі үшін, көр-жерді жырламағаны үшін және қазақ деген қуанышынан қайғысы көп ұлттың сөзін сөйлеп, мұңын мұңдағаны үшін ұзақ уақыт аталмай келді.

Бұл дүние пәнилігін етеді екен,

Бір дәурен өтіп бірі жетеді екен.

Жұрт болар бір күндегі жоқ адамдар,

Ескілер бірден-бірге бітеді екен.

Өзіне халық аузын қаратқан ер,

Тіріге өлсе қадірі кетеді екен.

Өлгенді қадір етсек, қанға рауа,

Рухын құрмет қылсақ не етеді екен?

Ханға еріп адам болған туғандары

Жылына барып дұға ете ме екен?..-

деп жазыпты бір кездері Шәңгерей. Біз осы сөзді енді ақын тағдыры мен аманат-мұрасына қатыстырып та айтамыз.

1910 жылы Орынбор баспасынан («Кәримов, Хұсаинов уә шәрикәсінің матбәғәсі») шыққан «Көкселдір» атты жинақтың (Ғұмар Қараш құрастырған) титул бетінде Шәңгерейдің басына – бөрік, үстіне ішік киіп түскен келісті суреті сақталған.

Біз үшін ақын Ш.Бөкейұлының «Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарық дүние», «Таудағы тас ұядан», «Бура санды, ақ таңды», «Құйрық атып құлия» атты философиялық өлеңдері ерекше мәнге ие. Бұл шығармаларында Шәңгерей айрықша ой мен бейнені үйлестірген керемет суреткер ретінде ғана емес, ұлтының кешегі, бүгінгі һәм келешектегі хал-ахуалын салыстыра байыптаған, болжай зерделеген ақыл қайраткері ретінде көрінеді. Ақын дүниенің жалғандығын, қазаның жайын «піл сауырлы қара» жер қойнына алғанда да ойлап жататынын тереңінен толғай жазады. Қаламгердің әрбір ой, қиял сәттері, арман-мұратының иманға негізделген құбылысы дала аң-құсының, сахараның сәулелі аспанының қимыл-қозғалысымен, сурет-бейнесімен астасып, бұрын-соңды кездеспеген үйлесімділік табады.

Шәңгерейдің ғұмырбаянына келсек, ол 1847 жылы бүгінгі Батыс Қазақстан облысының Орда жерінде дүниеге келген. Тегі – төре яки Шыңғыс хан тұқымы. Өзінің жазуына қарағанда, әке-шешеден 5 жасында жетім қалған (оның әкесінің аты – Сейіткерей, бірақ біз ХХ ғасыр басындағы дәстүрмен «Бөкейұлы» дейміз. Себебі, ол кезде «ұлы» қосымшасы бүгінгі «ов»-тың орнына жүрген). Сөйте тұра ол: «Көп жылға ата-аналы болады екен, Жас жетім ата дәулет арқасында» дейді. Сонда ол азып-тозбаған болып шығады. Бұған қарап, оны жастай ағайыны, жанашыры қаумалағанын байқаймыз. Ол 1920 жылы дүниеден озған. Зерттеушілер ақынның Астархан гимназиясында, Орынбордың кадет корпусында оқығанын жазады. Ақын біраз жыл Самарада бітімші сот болып, кейін сол Самара мен Сарытау (Саратов) ортасындағы Көлборсыны шығармашылық мекен еткен. Бұл Көлборсы – Шәңгерей үшін Лев Толстойдың «Ясная полянасындай» демесек те, көңіліне қош мекен болғанға ұқсайды. Ақын өлеңдерінде оны «Борсы» деп қысқартып жазады. Бұл тұлғаның шығармашылығы да кейде Абай жұмбағына ұқсап кетеді. Ол өлеңді көңіл, сезім жазбасы деп есептеген де, жазғанын жазған орнында тастап кеткен. Оны көшіріп алғандар үлгерсе – жазып алған немесе жаттап алған. Жиналмағаны, жатталмағаны сол күйінде жоғалған... 1917 жылдың лаңынан кейін Шәңгерей Көлборсыны тастап, бүгінгі Тайпақ ауданының жеріне көшіп келіпті. Қалай дегенде Борсы – Батыс Қазақстандағы шығармашылық орда болғаны айдан анық. Өйткені саяткер ақын әркез қасына әнші-күйшілерді, сөзге ұста ақындарды жинап, әдебиет пен өнердің көрігін қыздырған. Мысалы, ірі ақын, кейін Алаш Орданың қази болған Ғұмар Қараш және өмірі аңыз Қубала ақын осы маңнан табылған. Дәлірек айтсақ, Ғұмарды кезінде Шәңгерей ауыл балаларын оқыту үшін мұғалімдікке шақырған екен. Мұндай шығармашылық одақтан діндар ақын ұтылмаған. Ол Ш.Бөкейұлынан орыс тілі мен мәдениетін үйренген. Бір өлеңінде Ғұмар Шәңгерей туралы «Шешен-шайыр жырлатып, Сөз асылын қош алдың» дейді. Осындай өлең мен жыр бәсекелескен, жинақталған жерде қабілетін шындаған Ғ.Қараш арғыдан жеткен рухани мұра мен замандастарының туындыларын қосып, «Шайыр…», «Көкселдір…» атты бүгінде үлкен тарихи мәнге ие болып отырған кітаптар бастыртқаны мәлім.

Ғұмарлар 1911-1913 жылдары үлкен саясатқа үн қосып, «Қазақстан» атты газет шығарғанда, Шәңгерей соған ақыл-кеңесімен көмектеседі. Алаш кезеңінде қаламгерлер ұлтты оятуға барын салды. Олар өзiн ұлттың жай бiр мүшесi ретiнде ғана емес, оның жанды тетiгi, қозғаушысы ретiнде сезiндi. Бұл – жауапкершiлiктен туған сезiм едi. Өнерге ұмтылу (өнер ұғымына өмiрдi жақсартатын кәсiп кiрдi), ұлт болып ұйысу, ақжүрек оқығандар төңiрегiне топтасу, дiндi, ғылымды өрiстету, жастарды ел мүддесiне орайлас тәрбиелеу, оқу мен бiлiмдi халық қажетiне жарату һәм дамыту – осының бәрiн жүзеге асыру Алаш қаламгерлерінің алдына қойған мақсаты болатын. Осыған ұлт зиялылары өз жөнiмен келдi. Уақыт пен тарих олардан осыны орындауды талап еттi.

Зиялы ұлттың “менi” мен өз “менiнiң” жоғалмауына мүдделi жан болатын.

Ақын Шәңгерей Бөкейұлының:

“Кiмсiң?”- деп бiреу сұраса,

Өзiм болып “мен!” дегiн,

“Мен” деген кетсе дүниеден,

Өзiм болып “менмiн” деп,

Жауап берер қайда адам?

“Менмiн” деген – сол менмiн,

Жалпылама, алаш, әр заман.

Қиямет, мақшар күн туса,

Өзiм қайта “мен” болып,

Мен болармын қайтадан,-

делiнген философиялық толғамы елшiл зиялылардың көңiл ауанын дәл түсiндiре алады. Бұдан зиялы – екi дүниеде ұлтқа жауапты деген ұғым туса керек. Ол әрбiр iсiн мәңгiлiктiң сынынан өтердей жасауы тиiс. Осы ойдың сiлемiн бiз Мұстафа Шоқайдың кейiнiрек, 30-жылдары жазған мына сөзiнен ұшырастырамыз: “Зиялылардың мiндетi ұлы да қасиеттi болуы себептi өте ауыр. Халықты ұлт деңгейiне көтеру, яғни жерi, суы, қазынасы, тiлi мен дiнi бiр болған халық бұқарасын бiрлестiрiп, олардың санасын бiртұтас, саяси, әлеуметтiк, ұлттық санаға жеткiзуде ұлы тарихи мiндеттiң маңызды бiр бөлiгi үстiне жүктеледi”. Егер зиялы Мұстафа межелеген iстi атқарса, “мен” деп жауап беруге ұялмас. “Менi” екi дүниеде жоғары тұрар.

Шәңгерейде де көшбасшы iздеу сарыны аңғарылады. Сойы ақсүйек ақынның хан рухын аңсаған кезi аз болмады. Бұл түсiнiктi де. Бодан кезде бостан кездi армандау заңдылық. Сондықтан ақын ұлт азаттығы үшiн басын бәйгеге тiккендердiң сапында жүруден қашпайды. Мұны “Ағасың ақылың артық асқармен тең” деп басталатын өлеңдегi:

Асылдың арқар ұранды тiреуi сен,

Ала ту Абылайдың ала аттансаң,

Аламан артыңдағы бiреуi мен,-

деген жолдардан көремiз.

Алаш ақындары қанша қайратты болса да әркез мұңға, қайғыға оранып жүргені жасырын емес. Бұл енді отаршылдық зардабымен түсіндірілетін жайт. Сондай бір шақта Шәңгерей:

Кең сарай сахарада өтті күнім

Тас болат, тар қапада шықпайды үнім.

Жалғыздық жанға батса, шер тарқатқан

Қобыздай күңіренген қайран тілім! –

деп жазады. «Бар қабілет-қарымын жұмсай алмаған адам» деп жатамыз біреулерді. Алаш қозғалысы жанданғанда Шәңгерей ақсақал жасында болатын. Біз мұны айтамыз-ау, тіпті Ш.Бөкейұлынан 11 жас кіші Шәкәрім қажыны ұлт зиялылары «ақсақал» дегені тарихтан мәлім. Сондықтан заманы «қазақтың жалғызы» делінген Шоқан, Ыбырай, Абайларға жақын тұрған Шәңгерейге «ананы істемеді, мынаны істемеді» деп кінә таққан ауырлау болады. Ол бар миссиясын өлеңімен атқарып кетті...

Сонымен бiрге ғылым мәселесiнде Ш.Бөкейұлының Ш.әл-Маржани, И.Гаспринский ойларын өрiстеткенi де байқалады. Ақын бiр кездерi он сегiз мың ғалам құбылыстарын түсiндiрген мұсылмандық шығыс ғалымдарының ұрпағы ендi ғылым жаңалығын “шайтан iсi” деп отырғанына күйiнедi, сөйтiп америкалық Томас Алва Эдисонның 1877 жылы ашқан жаңалығы адамзатқа ортақ екенiне оқушының көзiн жеткiзедi.

Зерттеуші Мақсат Тәжімұрат Шәңгерейдің шебер фотограф болғанын, қазақ даласына еуропалық музыка аспаптарын, бірсыпыра техника құралдарын алдыртқанын жазады. Бүгінде Ш.Бөкейұлы түсірген суреттер – тарихи маңызы ерекше мәдени мұра қатарына кіреді. Бұл жағынан да ақынның жаңалыққа құмар қасиеті бүгінгі ұрпағын бейжай қалдырмайды.

Қазақ поэзиясының ардагері, діндар Ғұмар Қараштың сөзімен айтқанда «Мұңлы ауһаз шығарып, Шайырлар толғай тұрғанда, Таң сазында жаздықтың, Ескен саба желімен, Жапырақтай сілкінген» Шәңгерей ақын шығармалары ұлт руханиятының мүбәрак қолындағы тәспінің тасындай болып қала береді.

Ғұмар Қараш (1876-1921) – ұлт идеясын көтеру мен елшiлдiк мәселесiн талдап-таразылауда бiрiздi және жүйелi жазған қаламгер. Ол ХІХ ғасырда мұсылмандық Шығысқа ерекше серпін берген, тіпті Қазақ даласындағы Абай сынды даналардың рухани ниеттесіне айналған Мысыр мүфтиі Мұхамед Абдо мен пәлсапашы Жәлелатдин Афғани реформаларынан хабардар едi. Мысалы, ол “Ойға келген пiкiрлерiм” атты фалсафалық еңбегiнде (1910) Мысырда оқыған, бiрақ iзденгiсi келмеген бiр мұғалiмге: “Рух туралы төрт кiтап оқығаннан гөрi, Мұхаммед Ғабдһудың (Абдо – Д.Қ.) Бахра сүресi туралы тәфсiрiн оқығаның дұрысырақ шығар”,-деп айтқанын жазады. Әлбетте, Ғұмар бұл жерде басты ислам кiтаптарын оқыма деп тұрған жоқ. Оның айтпағы – канондарды таптаурын етпей, тазарту һәм тарату турасында болып отыр. Ол – айтулы ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы; дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама-ахун, “Қазақстан”, “Дұрыстық жолы” сияқты газеттер мен “Мұғалім” журналын шығаруға қызу атсалысқан баспасөз жанашыры.

Ғұмар Қараш 1875 жылы Ішкі Бөкейлікте Қырқұдық деген жерде туған. Бұл өңір қазір Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарайды. Әкеден жастай жетім қалса да ағайын-туыстар қамқорлығымен әуелі ауыл молласынан оқып, хат танып, сауат ашады. Кейін Ғұмар Жазықұлы, Ысмағұл Қашғари сияқты моллалардан, Жалпақтал (қазіргі Фурманов елді мекені) қаласында Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып, сол кісі ұстаған медресені бітіреді. Бұдан соң 1902-1910 жылдары өзі туып өскен ауылында, Тіленшісай, Борсы мекендерінде жәдетше (жаңаша) бала оқытады.

Ғұмардың Борсы мекенінде Шәңгерей ауылының балаларына сабақ беруі өмір жолының жаңа бағыт алған елеулі кезеңі еді. Шәңгереймен жиі араласып тұруы оның ой-өрісінің кеңейе түсуіне ерекше ықпал етеді. Шәңгерей Ғұмарға орыс тілін үйретеді, орыс, еуропа жазуларының көрнекті шығармаларымен таныстырады, басты-басты роман, повестерді әңгімелеп берелді. Ғұмар сол естігендерін ауыл адамдарына айтып таратады. Табиғатында зерек, білімге құштар Ғұмар өздігінен әр саладағы орыс тіліндегі кітаптарды оқитын дәрежеге жетеді. Бұған куә – оның А.Некрасовтың “Соғыс қаһары” өлеңін аударуы, Л.Толстой философиясымен таныстығы сияқты жайлар.

Ғ.Қараш жастайынан-ақ өлеңдер шығарып, ел аузындағы әдеби мұраларды жинастырады. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласына тарайтын арабша, түрікше, татарша, қазақша басылымдарды оқып, заман, дәуір жайын аңғара бастайды, ол әдеби, тарихи, пәлсапалық кітаптарды іздеп жүріп оқиды. 1907 жылдардан бастап қазақ, татар тілдерінде шығатын газет, журналдарда мақалалары мен өлеңдерін жариялайды. Ол елдің әлеуметтік өміріне араласып, халық мұратын көздейтін істерге белсене ат салысады. 1911-1913 жылдарда әуелі Ордада, сосын Оралда шығып тұрған “Қазақстан” газетін шығаруға, оның жұмысын жолға қоюға белсенді қызмет етеді.

1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісінен кейін Ресейде де, қазақ даласында да қоғамға сын көзімен қарап, халықтың көкейкесті мәселелерін көтеру бел алғаны аян. Қазақ зиялылары да осы кезең халық, заман хақындағы ойларын елге тарататын баспасөз қажеттігін жақсы түсінеді. Сондықтан Ғ.Қараш, Е.Буйрин, Ш.Бөкеев, Ғ.Мұсағалиев, Б.Қаратаев, А.Мәмедов сияқты қазақ оқығандары “Қазақстан” газетін шығаруға күш салады, ауқатты кісілерден қаржы жинады. Сөйтіп, Оралдағы ахун Мүтиғолла Тухфатуллин және оның серіктерінің баспаханасынан “Қазақстан” газетін шығарып тұрды. Аталған зиялылар газет бетінде елдің әлеуметтік мәселелерін жариялайды. Газеттегі негізгі материалдарды орысша аударып жариялап отыруға күш салады. 1932 жылғы Лена оқиғасын айна-қатесіз жазған “Қазақстан” он алтыншы санынан кейін 1913 жылы жергілікті патша өкімінің кәріне ұшырап, шығуын тоқтатты.

Бұл газеттің елді отырықшылыққа, мәдениетке, оқу-білімге үндеп, халықтың ой-санасын өсіруде елеулі рөл атқарған прогресшіл демократиялық бағыттағы баспасөз болғандығы Б.Кенжебаев, Х.Бекхожин, Ү.Субханбердина еңбектерінде орынды айтылған1.

Ғұмар 1910-1913 жылдарда үпі, Қазан, Орынбор қалаларынан “Ойға келген пікірлерім”, “Бала тұлпар”, “Қарлығаш”, “Өрнек”, “Тумыш”, “Бедел-хаж” аталатын поэзиялық һәм пәлсапалық алты жинағын жариялайды2. Бұл еңбектері оны бірқатар түркі тілдес халықтарға мәшһүр өткендігі аян.

Қазан төңкерісі қарсаңыда Ғ.Қараш (Уфа) қаласында еді. Ол сол қаладағы діни орталықтың жоқ-жітік, кемтар, жетім балаларға жәрдем беру бөлімінде қызмет ететін. Сол кезде оны осы мекеменің қазиы етіп сайлайды.

Ғұмар 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және “Алаш” партиясына үмітпен қарайды. Оның 1918 жылы “Тұрымтай” жинағында жарияланған “Көреміз бе?”, “Келер ме екен?”, 1918 жылы 22 январьда “Сарыарқада” жарық көрген “Алаштың азаматтарына” деген арман мен үмітке толы өлеңдері осы кезеңде жазылады.

Ғұмардың “Неден қорқам?”, “Кіреміз бе?”, “Келер ме екен?”, “Күн туды”, “Алаш азаматтарына” деп аталатын бір кезде ұлтшылдық сарынға таңылған туындылары бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда шын меніндегі алтын сүйген, халық тағдырын ойлаған перзенттік сезімнен туған терең тебіреністі өлеңдер еді. Ондағы негізгі ой елдік, бірлік мәселесі, өз билігі өзіндегі дербес ел болу, халыққа қызмет ету болатын. Сонымен қатар бұл өлеңдерде (“Күн туды”, “Неден қорқам?”) жастайынан дін жолын қуып, имандылық әдет-ғұрып бойына сіңіріп өскен Ғұмардың дүниені қанды қасап, ойран ботқа қылып келген төңкеріске сын көзімен қарағандығын да аңғару қиын емес.

Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,

Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам,

Таң туды, мезгіл жетті деп адасып,

Құрылған қараңғыда заңнан қорқам.

Теңгеріп жарлы, байды, құрып жұмақ,

Теп-тегіс жұртқа жеткен тойдан қорқам…

Асығыс істей салған істен қорқам,

Қандары тасқан қара күштен қорқам…3

 

Немесе:

Екі талай іс болып,

Ерге қиын күн туды.

Аспанда ай, күн тұтылып,

Жер жиһанды қан жуды…4

Міне, ойлы ақын қоғамды өзгертудің өзге жолдарымен емес, қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен жұмаққа жетуді қаламағандай. Бұл оның өмір бойғы алған тәрбиесіне, қалыптасқан көзқарасына тікелей байланысты. Және мұның өзі ақынның жаңа кезеңге өтуде сан-алуан жантолғанысына түсіп, рухани күрделі жол өткендігін көрсетеді. Ғұмар 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының жалпы съезіне қатысады. Делегаттар ақынды Мәскеуде болатын Ресей мұсылмандары съезіне өкіл етіп жібереді. Ғұмар сол жылғы желтоқсанда Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне шақырылып, сонда тартымды баяндама жасайды.

Қазан төңкерісін іштей қабылдамаған, бірақ қазақтың елдігін сақтайды деп сенім артқан “Алашорда” ғұмырының қысқалығын сезген Ғұмардың амалсыз жаңа дәуірге қарай икемделуіне тура келді.

Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат-мұраты санаған азамат ақын 1918 жылы діни мансабын біржола тастап, елге нақты қызмет ету, әлеуметтік өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сөйтіп, туған елі Жәнібекке келеді.

Ғұмар елге келгесін, Ордадағы педтехникумда сабақ береді. 1918 жылғы 2-4 қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің І съезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губерния кеңестерінің І, ІІ, ІІІ, ІV съездеріне делегат болып қатысады. ІV съезде ұлт мәселесі, тап күресі хақындағы пікір таласы өршіген кезде: “…Алда әлі талай асатын белдер тұр. Халықтар достығының мызғымас болуы бір ұлттың бір ұлтты аяққа таптамауымен тікелей байланысты екенін ұмытуға тиіспіз? Ғасырлар бойы ұлттық езгінің тепкісін көріп, отарлық саясатының салдарынан мешеу қалған қазақ елі өзінің жарқын болашағын ынтымақтықпен тікелей байланыстырады…” дейтін орнықты да орынды пікірлер айтады6. Ол осы жылдарда жаңа кезеңді насихаттайтын “Екеуі екі басқа” мақаласын, “Дұрыстық жолы”, “Жаңа жыл құтты болсын” сияқты өлеңдерін жазады.

Ғ.Қараш 1919 жылы Бөкей губисполкомында істейді, сол жылы коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Оған Ордада ұйымдастырылған айына екі рет шығатын “Мұғалім”7 атты тәлім-тәрбие, ғылыми пән журналының шығарушылар алқасын басқару жүктеледі. Бұл қазақтың тұңғыш педагогикалық журналы еді. Ғ.Қараш осы журналда “Педагогика” атты еңбегін жариялайды.

1919 жылдың наурыз айынан бастап шыға бастаған “Мұғалім” журналының небары жеті саны ғана жарық көрген. Аз ғана уақытта азынаулақ саны ғана шығып үлгерген “Мұғалім” тек тәлім-тәрбиелік басылым емес, саяси-қоғамдық, әдеби-этнографиялық та журнал еді. Ғ.Қараш сияқты зиялы ағартушы ақын басқарған бұл журнал өз бетінде сол кездегі саяси-әлеуметтік ахуал, оқу ағарту ісінің жәйі, халық тарихы мен әдеби мұралары әдет-ғұрпы мен шаруашылығы хақындағы әртүрлі жанрдағы көптеген танымдық, тәрбиелік материалдар жарияланған. Ғұмардың баласы Ғабдолқадыр Қарашев орысшадан аударған К.Маркс пен Ф.Энгельстің қысқаша өмірбаяны да осы журналда жарық көреді (1919, № 2). Мұнда күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтпаған, ұлт пен тіл туралы да толғаныстар кездеседі. “Мұғалім” – Ғ.Қараштың “Педагогика” аталатын маңызды еңбегін жариялаумен қатар, ағартушы-ойшылдың жемісті де жарқын өмірінің бір кезеңін айқын елестететін, сирек кездесетін қымбатты мұра.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 138 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)