Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы 3 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Абзалы мехнат шегiп, рахат тапқан.

Тiрлiкте лайық емес қарап жатқан.

Жеткiзулiк мақсатқа – бiр өзiңнен,

Ықыласпен тiлесең жаппар хақтан.

Ақын тiле де отыр демейдi, еңбек ет, iзден, талаптан дейдi. Бiрақ сенiмдi жоғары қояды (“Тәуекелге бел байлап шықсаң егер, Тапсырып бiр Аллаға iлгергi iстi”).

Өлеңдерi дәстүрлi поэзияның арнасынан табылған Нұржан Наушабайұлышығармашылықтың табиғаты жөнiнде ой-пiкiрiн бiлдiрiп отырады. Тұсындағы алаш баласы қандай жырды қажет етуi мүмкiн деген өз сауалына:

Тыңдаушылар естiсiн жырды тыңнан,

Нақыштап сөздерiңдi өткiз сыңнан.

Бұрыннан келе жатқан бар ғой нақыл

“Жүзден жүйрiк, шығады мыңнан тұлпар”,-

деп жауап қайырады

Нұржан Шәкәрiм қажы тәрiздi, ескiнiң мағыналы сөзiнен үйрену керек деп есептейдi. Бұл ойын ол:

Сөздерi топқа салынған

Бұрынғы шешен, тақтақтың

Керегi көп заманға

Ескi мақал, тақпақтың.

Лайығы кем деп ойлаймын,

Босқа қарап жатпақтың,-

деп түйiндейдi. Сонымен бiрге бұл ақын да өлеңiн сынауды ұрпаққа аманат етедi:

Бар сөзiмнiң не мiнi,

Кетейiн тастап артыма.

Өзiм қайдан бiлейiн,

Сынап бiлер тыңдаушы,

Бiлгенiм бүтiн, жарты ма?

Н.Наушабайұлының әдеби-эстетикалық пайымы көбiне дидактикалық пiкiрлерiмен астасып жатады. Ағарып үлгермеген халыққа, сөз жоқ, ақыл-кеңес, насихат керек едi. Сондықтан бұл ақын қаламдастарын “адамның құлқы тегiс дауға айналған” заманда елге қалқан болуға шақырды. Шығармашылықта “ықлас-ниетiңде хаққа бер” деп тұжырымдады.

Діни ағартушылық және әдебиеттегі тұлғатану мәселесі бізде негізсіз көтерілген жоқ. Елді ағарту үшін және дәстүрге сай имандылықпен жаңа өмірге аяқ басу үшін діннің – жүйелі, көшбасшының халыққа адал болмағы қажет-тін.

Ақын Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы 1907 жылы басылған “Сарыарқаның кiмдiкi екендiгi” кiтабында:

Әр жұрттар қылған нұсқа баспасына,

Қылуға ауыз бiрлiк бас-басына.

Өзiңмен ыңғайлас жұртпен бiрiк

Пұл берсе бұрма мойын басқасына,-

 

деп жазды. Қаны бар қаламгер Абай секiлдi жаңа толқыннан елге тұтқа болатын азаматтардың шығуына мүдделi. Бұл ойын ол:

Ер болсын, уағдасын бұзбайтұғын,

Алданып сый-құрметке қызбайтұғын.

Пайдасын милләтiнiң түгел ойлап,

Жұрт қамын түптен тартып қозғайтұғын,-

деп өрнектейдi. Ақын үшiн бiлiмнiң культi – надандықтан ағару ғана емес, әлдiден қорғану.

Бiлiмге жабысайық көңiл қойып,

Ерлердiң жұмысына жүрмiн тойып.

Болмаса бiр құдайдан – үмiт-қуат,

Залымдар көзiмiздi алар ойып,-

дейдi “Тiрлiкте көп жасағандықтан көрген бiр тамашамыз” атты кiтабында.

Әрине, Мәшһүр Жүсiп – жол нұсқап, оқулық жазған ағартушы емес. Ол – дiндар, ақын, азамат ретiнде заманның амалын ойлаған, ағартушылық кезеңнiң жүйелi болуына тiлеуқор адам. Осындай көзқарас Нұржан Наушабайұлында да болды деп есептеймiз. Ы.Алтынсарин жөнiнде:

Құр жерге, су үстiне от жақтырған,

Қараңғы адасқанға жол таптырған,

Талып, шаршап жүргеннiң нешеулерiн

Ойдан алып биiкке лақтырған,-

деп жазған Нұржан ХХ ғасыр басында кітаптарын мақсатсыз шығармаса керек. Н.Наушабаев та Шәкәрiм сынды ғылым мен дiндi бiртұтас қарап:

Шарғыны жүргiзуге ғылым керек,

Даһиды, зейiнiңдi бөлу керек.

Мағыналы ұлағатпен тiзiп қойып,

Байлауға сөздi қысқа бiлiм керек,-

дейдi. Дiн мен өмiр байланысы мәселесiнде Нұржан әл-Маржани пайымымен таныс секiлдi. Өйткенi ол: “Ислам жолы түзелмес ыждағатсыз” деп жазады. Маржани “ижтихад” категориясына “ойлануға, ақылға салуға ерiк беретiн құбылыс” ретiнде қарағанын iлгерiде сөз еткенбiз.

Халықты ояту мақсатында

Әл-фара қиқу, қитұрқы,

Дүния жүзi саралы.

Жайлау, қыстау, жердi алып,

Көңiлдi қылды жаралы.

Ұйықтама, оян, Алашым!

Қолыңда жоқ заманның

Амал қылар құралы,-

деген Н.Наушабайұлы сөзсiз “амал қылар құралды” бiлiм мен бiлiктен iздесе керек. Ақын пайдалы бiлiмге ғана мойынұсынады. Оның тұсында өмiрге жолдама алған жәдит – халыққа төтеден олжа салудың жолы едi. Осы жайдан хабардар ақын:

Толқындап ақыл-үлгi айту қата,

Пайдасын бiлiмiңнiң көргiзбесе,-

дейдi. Бiз Нұржан өлеңдерiнен “жәдит” деген сөздi ұшырастырмаймыз, бiрақ оның жаңалыққа һәм жақсылыққа тiлеуқорлығын айқын аңғарамыз.

Жәдитшiлдiктi атын атап, түсiн түстеп қолдаған ақындардың бiрi – Мақыш Қалтайұлы. Ол – дiндар ақын. Бiрақ Мақыш – бiржақты емес, “Ең әуелi ғылым парыз құп бiлiңiз, Ғылымсыз ғибадат та болмайды тез” деген көзқарастағы кемел дiндар. Жаңашылдық пен қазақтың қатысы туралы:

Жан бiткен жаңа түрге қамданыпты,

Достықпен заманаша бол дегендi

Қас көрiп, бiздiң қазақ шамданыпты,-

деп сыни ой түйген М.Қалтайұлы “неге бұлай?” деген сұраққа жауап iздеген сияқты. “Қазақ айнасы” кiтабында ол:

Бiзге кемдiк ойлаңыз келдi қайдан,

Кесiм болып шықты ма бiр құдайдан.

Жетi миллион қазақты кемге жазса,

Залымдық табылмай ма-ау сондайдан.

Құдай залым құлына қылмас деген,

Құран да раушанырақ туған айдан,-

деп, қиын халға қазақ алланың жазуымен емес, қауқарсыздығынан түскенiн дәлелдейдi. Ендi одан құтылудың, алға жылжудың бiрден-бiр жолы – оқу-бiлiм, бұзылмаған дiн және осыларға қол жеткiзетiн халықтың қажыр-қайраты деп санайды ақын. Ол сондықтан заманындағы жаңалықтың төлбасы жәдиттi ұлықтайды.

Жәдитпен балаларға тап осы күн,

Екi-үш жылда мүкамал танытар дiн.

Өзiмiздiң түрiкше тiлiмiзбен,

Тез бiлдiру болады қай жерi мiн.

…Түрiк тiлде жәдит пен “Ғылым халды”,

Бiлсек қабыл болмай ма тағатымыз.

Құран, хадис тәржiме етушi бар,

Жете ме бәрiмiздiң тафуатымыз, -

 

дейдi Мақыш “Бар уақиға” атты кiтабына. Осы жинаққа енген бiр өлеңiнде қаламгер жалпы жәдитшiлдiк атаулыны жаладан қорғайды.

Иамин ғамус ғайыптан саналмас деп,

Болмаса жәдиттер ме бұ жолды ашқан.

Қазақтан ғайри муслим жәдитшiлдер,

Жалған антты жақсы деп қашан шашқан,-

 

деп жазады ақын. Бұл жерде Мақыш, бiр жағынан, қазақтың дұрыс жәдит болмай жатқанына да өкiнiш бiлдiргенi байқалады. Бiрақ негiзгi идея – жәдит бағытының қате емес екендiгiн көрсетуiнде дер едiк.

Тұтастай байыптасақ, ХХ ғасыр басында исламның әлемдік жаңа білім мен білікке сүйенген жәдитшілдік тұжырымдамасы, зиялылырдың ұлттық күрес жолдында Алаш идеясына топтасуы Шығыстық-дәстүрлі, халықтық-дәстүрлі бағдардағы ақындардың шығармашылығында да көрініс тапты.

Тұрмағамбет Ізтілеуұлының (1882–1939) қазақ сөз өнерінің қалыптасу, даму жолында ұлттық және әлемдік фольклор мен әдебиет үрдістерін сабақтастыра меңгерген мұралары халықтық-эстетикалық дүниетаным болмысын танытады. Әлем халықтарына ортақ адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесі негіздерін насихаттау басым жырланатын дидактикалық-философиялық лирикалық өлеңдерді, жазбаша айтыстарды, қисса-дастандарды Шығыстың классикалық әдебиеті поэтикалық дәстүрі негізінде дамыта жырлаған ақындар әдеби байланыстардың, ықпалдастықтың көркемдік жалғастығын тереңдете әрі кеңейте түсті.

Қазақ және Шығыс халықтарының фольклоры мен әдебиеті жанрларына ортақ мазмұн мен пішін поэтикасына лайықты көркемдік ұстанымды меңгерген осындай шығармашылық тұлғалар түркі өркениеті мен ислам мәдениеті, Шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрлерінің тұтастана дамуы болмысын шығармалары арқылы таныта білді.

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы – қазақ мәдениеті тарихындағы өркениеттер тоғысуы құбылысын таныта алатын көрнекті ақын. Ол 1882 жылы 9 шілдеде бұрынғы Түркістан өлкесіне қарасты Сырдария облысының Қазалы уезіндегі Қуаңдария болыстығының 2-аулында «Ақтайлақ кезең» деген елді мекенде (қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Оның білім алуы екі кезеңнен тұрады: біріншісі – туған мекеніндегі ағартушы иман, ахун-ұстаздардан (Қожабай, Ораз, Алдашбай, т.б.) алғашқы білім негіздерін игеруі; екіншісі Бұхара қаласындағы көрнекті оқу орындарынан («Мир-Араб», «Көкелташ» медреселері) діни және әдеби білім алғаны. Бұхара қаласындағы аталған медреселерден ислам дінінің Бас Кітабы Құран Кәрімді және ислам тарихын, көрнекті қайраткерлер (Мұхаммед пайғамбар және сахабалар) қызметін толық оқып-үйренген. Сонымен бірге, Бұхараның кітапханасынан Шығыс халықтарының (түркі, араб, парсы, үнді, т.б.) фольклоры мен әдебиеті үлгілерімен, философия мен тарих ғылымдары мұраларымен жан-жақты танысады. Оқу жылдарында Шығыс халықтары мұраларын түркі-шағатай, араб, парсы тілдеріндегі нұсқаларынан оқып игеру оның бұдан кейінгі ағартушылық-ұстаздық, ақындық шығармашылық қызметінің негізгі өзегі болды.

Ақын шығармалары әр жылдары жарық көрген жеке кітаптары («Рүстем–Дастан», 1961; «Шаһнама: Рүстем–Дастан», 1-2-кітаптар, 2004; «Назым», 1972, 1982 жж.), жинақтардағы («Айтыс», 2-т., 1965; Бес ғасыр жырлайды; 3-т., 1985; 2-т., 1989; Ай, заман-ай, заман-ай, 1991; Қазақ поэзиясының антологиясы (ХХ ғасырдың бас кезі, 1992) топтамалар түрлерінде жарияланды.

Әдеби мұрасы туралы арнайы зерттеулер де бар. Мысалы, «Қазақ әдебиетінің тарихындағың (2-т., 2-кітап, 1965) М.Қаратаев, М.Байділдаев жазған тарау, «Қазақ совет энциклопедиясындағы (ІІ-т., 1977) мақала, Ө.Күмісбаевтың (Т.Ізтілеуов және оның Рүстем–Дастаның, Ұ.Жанбершиеваның (Т.Ізтілеуовтің поэтикалық творчествосың, Е.Карбозовтың (Т.Ізтілеуов шығармашылығындағы адамгершілік мәселелер, 2005) зерттеулерін атаймыз.

Тұрмағамбеттің шығармашылық жолы екі кезеңнен тұрады: біріншісі – 1905–1925 жж. арасында өз аулындағы «Ақтайлақ кезең мекенінде мектеп ашуы, сол кезеңде ұстаздық қызмет мен ақындық шығармашылығын ұштастыра жүргізгені; екіншісі – 1926–1939 жж. арасындағы ақындық шығармашылық жұмысы. Бұл кезеңдегі 1936–1937 жж. Қазақ ССР Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болып қызмет істеп, Фердаусидің «Шаһнамасын» өзіндік нұсқамен 40 мың жолдай нәзиралық тәсілмен жазып шықты.

Тұрмағамбеттің әдеби мұрасындағы өлеңдердің лирикалық, дидактикалық ерекшеліктері сабақтаса жырланған.

Көңіл-күй («Ойң, «Мен қалдым қайғы-қасірет қапасында», «Кәрілік көріністері», «Туған елге сәлем хат», «Бауыңа жеміс егіп берем», «Кейінге нені тастап кетемін деп», т.б.), саяси-әлеуметтік («Қу заман», «Тар замана», «Кіріптар», «Ұшқын», «Жер жүзін жеті қабат зұлымат басты», «Қадамың құтты болсын, Кеңес аға!», «Туғызып қой үстіне бозторғайды», «Сөздері Лениннің шырын еді», «Шамамша шабуға енді шақ боп тұрмын», «Ленин – Күн», «Сусындап саясатқа алғанымша», «Большевик басшы, біз қосшы», т.б.), махаббат («Сымбатты сұлу», «Ақжібек», «Құлпы қыз», «Сұлу қыздың кескіні», «Көңіліме гүлі егілді махаббаттың», т.б.), табиғат («Жыл келді», «Сыр бойы», т.б.) тақырыптарындағы лирикалық өлеңдерінен ақынның сыршыл сезімді толғаныстары, тебіреністері өрнектелген.

Ақын өлеңдерінің басым бөлігі философиялық лирика саласын құрайды.

Уақыт пен кеңіс тік бірлігі аясында адамзат тарихының барлық кезеңдеріне ортақ тіршілік қозғалыстарының, мінез-құлық қасиеттерінің сырлары, қайшылықтардың мәнісі, өмір шындығы оқиғаларының фәни мен бақи сабақтастығы жүйесіндегі ықпалы тұралы лирикалық қаһарманның толғаныстары, лирикалық «Менніңң көркем жинақталған, дараланған тұлғасы арқылы жалпылық-әлеуметтік ұғым болмысын таныту – философиялық лириканың өзегі болып келеді.

Тұрмағамбеттің біраз өлеңдері «Назым», «Адамдық іс», «Толымды жігіт», «Абайды оқығанда», «Өнер бәйгесі», «Ұядан ұшқанда», «Шөлмек», «Бар мен жоқ», «ал» мен «бер», «Не көп?», т.б.) және төрттағандары («Көңіл», «Ой», «Түс», «Өлім-оқ», «Мінез», «Іні», «Өмір», т.б.) философиялық лирика аясында танылады. Аталған өлеңдерде фәнидің өткіншілігі, тіршілік қозғалыстарына, құбылыстарына, адамдардың қарым-қатынастарына, қасиеттеріне тән қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігінен тұратын заңдылықтар жүйесі жырланған. Әсіресе, ақынның төрттағандары Шығыстың классикалық поэзиясындағы осы жанрдың көркемдік жалғастығы тұрғысында көрінеді.

Дидактикалық сарынды лирикалық өлеңдері, тақпақтар («Тақпақ», «Не қызық?», «Не артық?», «Тәлім», «Жақсы мен жаман», «Опа жоқ», «Өмір толқыны», т.б.) үлгісімен де жырланған. Шешендік және ақындық өнер дәстүрлерінің тоғысқан сипатын танытатын шағын шумақтардың мағыналы сипаты мен мәнерлі айтылуы тақпақтардың эстетикалық әсерлілігін айқындайды.

Ақынның нақылдары да дәстүрлі шешендік сөздермен, фольклордағы мақал-мәтелдермен үндес поэтикалық сымбатымен аңғарылады. Тұрмағамбеттің нақылдарында адамдардың қарым-қатынастар мәдениеті, адамгерішілік қасиеттер, сөз өнерін, ғылымды, оқуды ұлықтау, азаматтық парыз, отаншылдық, әкімдердің сипаты, отбасы ұлағаты, т.б. мәселелер қамтылған.

Насихат өлеңдері («Қайрама халыққа тісіңдің, «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл», «Қамын ойла халқыңның», «Арқаңның ауруы не қозбайтұғын?», «Жырыңды жаз, жөрмелеп», «Асықпа, аяғыңды абайлап бас!», «Айтқанын тыңда ағаның», «Татулық – таусылмайтын кен», т.б.) де ақын шығармашылығының ағартушылық-гуманистік дүниетанымына тән эстетикалық көзқарастарын танытады. Ақынның насихаттық өлеңдерінде жеке адамның қоғамдағы қызметі, өркениет жетістіктерін игеру мұраттары, өнердің эстетикалық ықпалы, әлеуметтік қарым-қатынастардың қоғамның дамуындағы маңызы, т.б. маңызды мәселелер көркем шындық тілімен жырланған.

Ақынның сатиралық өлеңдері («Еңбегің ессізге еткен еш болады», «Молдаларға», «Құлжан биге», «Мырзаның мінезі», «Насыбай», «Шылым», «Арақ», «Сөз берсем, түзеймін деп бұзасыңдар», т.б.) де сыншылдық-ғибратшылдық сарынмен адамдарды қоғамдық-әлеуметтік ортаның жағымсыз жақтарынан аулақ болуға шақырады.

Ақынның лирикалық арнау өлеңдері («Ұстаз ұсынысы», «Шәкірттерге», «Балаларым», «Горький жолдасқа», «Топ жарған төрт тұлпарға», «Ақындарға айтарым») де дәстүрлі жанрдың аясында жеке тұлғалардың қызметін, әлеуметтік ортаның шындығын жинақтап жырлауымен ерекшеленеді.

Ақынның жазбаша айтыстары («Тұрмағамбет пен Шәді төре», «Алты ақынның өмір тұралы айтысы», «Тұрмағамет пен Әбдікәрім», «Тұрмағамбет пен Жүсіп», «Тұрмағамбет пен Сәнбала»), ақындар айтыстарына айтқан аралық сөздері («Омар мен Таубайдың Жүсібіне» «Омар мен Нұрмаханға», «Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке бірінші, екінші айтқандары, соңғы билігі»), «Кете Жүсіп пен Даңмұрынға») фольклор мен әдебиет дәстүрлерінің ақындық поэзиядағы көркемдік-эстетикалық жаңашылдықпен дамуын көрсетеді. Дидактикалық-философиялық мағыналы мазмұнмен жырланған жазбаша айтыстарда және аралық сөздерде тіршілік қозғалысындағы жеке адам тұлғасының әлеуметтік мәні, қазақ тұрмысындағы этнопедагогикалық-этнопсихологиялық дүниетаным, ұрпақтар жалғастығы, фәни мен бақи дүниенің мәңгілігі, жалпыадамзаттық гуманистік мұраттар, т.б. саналуан мәселелер қарастырылған.

Тұрмағамбет ақынның мысалдары («Лұқпан хакім», «Ата мен бала», «Сүлеймен мен кірпікшешен», «Төрт дос», «Дарақ пен сая», «Жолаушы мен дана», «Қара қоңыз», «Көкқұтан мен шымшық», «Өгіз бек есек») да сюжеттік, идеялық-композициялық құрылымындағы диалогтары, дидактикалық түйіндеулері арқылы шағын көлемді эпикалық туындылар тұрғысында жырланған.

Ақынның дастандары («Мәрді дихан», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану», «Әшкәбүс», «Мақта», «Соқыр мен ақсақ», «Есер мен есті», «Ескендір», «Үш бәңқор», «Шаһнама») да қазақ поэзиясы мен Шығыстың классикалық әдебиетінің шығармашылық ықпалдасуы аясында жырланған нәзиралық эпикалық шығармалар қатарында бағаланады.

Қорыта айтқанда, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының әдеби мұрасы – қазақ және Шығыс халықтары классикалық әдебиеттері сабақтастығын таныта алатын рухани мәдениет құндылықтарының көрнекті көрсеткіші.

Әдебиеттер:

1. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А., 1976.

2. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. –А., 1997.

3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 т. ХХ ғ.басындағы қазақ әдебиеті.-А., 2005.

Дәріс. Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығы. Шәңгерей, Ғұмар шығармашылығы. Зайырлы дүниетаным мен ғылыми-ағартушылық ізденістер

Мақсаты: Шәкәрім Құдайбердиев шығармаларындағы ізгілік, адамшылық, мұсылмандық мәнін ұғындыру. Шәңгерей, Ғұмар шығармашылығын оқыту. Зайырлы дүниетаным мен ғылыми-ағартушылық ізденістер туралы талдап, түсіндіру

 

Сұрақтар:

1. Ш.Құдайбердіұлының өскен ортасы

2. Ш.Құдайбердіұлының лирикалық өлеңдері

3.Оқу-білімге арналған шығармалары.

4. Шәңгерей шығармашылығы.

5. Ғұмар шығармашылығы

6. К.Төгісов шығармашылығы

 

Дәріс мәтіні (тезис)

ХХ ғасыр басында ғылыми-ағартушылық ізденістерге иек артқан және белгілі дәрежеде өздері де зерттеушілікпен айналысқан ақындар болды. Олар дүниетанымының ислам құндылықтарымен суарылғанын мақтаныш ете отырып, әлемдік зайырлы білім-білік, ғылым-ілім табыстарын меңгеруге жұмылды. Дәлірек айтсақ, мұсылман адамы шектеушілік пен пәншілдіктен аулақ болуын насихаттады. 1858 жылы ескіше жыл санау бойынша 11 шілдеде қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі – Құдайберді – Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күңке атты бәйбішесінен туған.

Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде, 1866 жылы әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салады да, Шәкәрім бұдан былайғы уақытта Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей Абайдың қамқорлығында болады. Шыққан ортасының аса бай дәстүрі мен ақын ағасының тағлымды тәрбиесі табиғатынан зерек те алғыр Шәкәрімнің жетімдік, жоқшылық көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын,парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына да айрықша ықпал жасайды.

Ұлы Абайдың маңына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп, Мұхтар Әуезов былай деп жазады: «... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақынның толық мағыналы шәкірттері». Шындығында да Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті.

Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Өзі тақырып беріп жаздырғандары да аз емес. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған.

Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашылық мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.

Арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп және Абай ағасының басшылығымен жан сарайын байытқан Шәкәрім өз заманында қазақ арасындағы, қала берді, бүкіл Түркістан өлкесіндегі аса білімдар, ойшыл адамдардың бірі атанады. Араб, парсы, түрік тілін білді, орыс тіліне жетік болды.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 123 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)