Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіс флюорозын емдеу.

Читайте также:
  1. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  2. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  3. Пародонт қабынуын емдеу.
  4. Пародонт ауруларын жалпылай емдеу.
  5. Периодонттың қабынуын емдеу.
  6. Периодонттың жедел қабынуын емдеу.

Қолданылатын емдеу шаралары патологиялық үрдістің ауырлығына байланысты. Кіреукенің түсінің өзгеруімен сипатталатын флюороз кезінде (ақ дақтар пигменттенген кезде) дақтарды қышқыл ертіндісімен ағартып (түссіздендіріп), қайта (жаңадан) минералдандыру әдісі қолданылады. Дақтарды ағарту үшін Е.В.Боровский (1978) бейорганикалық қышқылдардың ертінділерін пайдалануды ұсынады. Тістерді мақта біліктермен сілекейден қорғағаннан кейін, құрғатылған сауыт бетіне тұз немесе фосфор қышқылының 20-30% ерітіндісімен мақта анжы қойып, 2-3 минөт кіреуке түссізденгенше өңдейді. Содан кейін тісті сумен шайып, қайта кептіргеннен соң, бетіне 15-20 минөтке кальций глюконатының 10% еріндісімен суланған мақта анжы қояды. Қышқылмен өңдегеннен кейін тіс бетіне сілекей тигізбеген абзал. Келесі қабылдауда (1-2 сөткеден кейін) осы шараларды қайталайды, бұл кезде тек дақты ошақтар аймағын ғана өңдеу қажет. Емдеу шаралары 10-15 рет жүргізіледі және емдеу жүргізіліп жатқан уақыт ішінде құрамында кальций және басқа микроэлементтер, витаминдер бар емдік дәрілерді (кальций глюконаты, кальций глицерофосфаты, кальциймакс, витрум – кальциум, Кальций Д3-Никомед) қабылдаған тиімді болады. Егер кіреукенің түсін ағарту ұзақ уақытты қажет ететін болса және дақтар тістердің ерін жақ беттерінде тұтаса орналасса, кіреукенің жоғарғы қабатын егеп алып тастап, бетін арнаулы қатты немесе қатаятын ламинаттармен жауып, тіс сауытын қайта қалпына келтіруге болады. Емдеу курсын 6-8 айдан кейін қайталау керек, себебі кіреукеде қайтадан пигментті ошақтар пайда бола бастауы мүмкін. Тіс тазалау үшін жаңадан минералдандырушы қасиеті бар пасталар (қойыртпақтар) пайдалану керек.

Соңғы кездері пигменттенген кіреукені қышқылмен ерітіп ағартудың орнына оның беткей қабатын егеп тегістеу әдісі (метод сошлифовывания) қолданылып жүр. Осы мақсатта Т.П. Кролль (1990) құрамында тұз қышқылы, карборунд және кремний гелі бар микроабразивті паста ұсынды.

Төменде пигментті дақтарды түссіздендірудің біраз авторлар ұсынған тәсілдері келтірілген.

1. Новик И.О (1964) ұсынған әдіс: тістің ерін немесе ұрт жақ беттеріне 30 минөтке сутегінің асқын тотығынң 10% ертіндісінің 5 бөлігінен және эфирдің бір бөлігінен тұратын қоспамен ылғалданған мақта анжы қойылады. Емдеу курсы 3-15 әрекеттен (процедурадан) тұрады.

1. Патрикеев В.К. (1958), Colon(1981) ұсынған әдіс: жарақаттанған тістердің кіреуке бетіне лимон және тастышарап (виннокаменная) қышқылдарының қаныққан ерітінділерінің тепе-тең мөлшерлерінің қоспасымен суланған мақта анжы қойылады (5-10 минөтке) және соңынан кейін сода қойыртпағымен бейтараптандырылады.

1. Овруцкий Г.Д. (1962), Myrrin, Barkmeier(1982) ұсынған әдіс: біртіндеп егеліп тегістелген кіреуке бетіне 2-3 минөтке пергидролмен (сутегінің асқын тотығының 30% ертіндісі) суланған анжы қойып барып, 3-4 минөт кварц жібереді (кварцует). Осыдан кейін 75% фторлы натрий қойыртпағын жағып сіңіреді. Емдеу курсы аралығы 5-7 күндей 3-4 әрекеттен тұрады.

1. Максименко Т.Т., Николишин А.К., (1976) ұсынған әдіс: еріндерді арнаулы ұстатқыштармен бекітіп, емделетін тістерді сілекейден қорғайды және қызыл иекке вазелин жағады (күйдіріп алмау үшін). Содан кейін емделетін тістер бетіне пергидролмен суланған мақта анжыны 20-25 минөтке қояды және әрбір 5-7 минөттен кейін жаңалап отырады. Емдеу шараларының саны жүргізілген емнің нәтижесіне байланысты. Қажет болса қосымша ем ретінде кальций тұздарының ертіндісімен электрофорездеу әдісін жүргізеді. Емдеу жүргізіліп жатқан кезде және одан кейінде тісті құрамында кальций және фтор бар («Жемчуг» және б.) қойыртпақтармен тазалау тиімді болады.

1. Chandra, Chaueka (1977) ұсынған әдіс: жарақаттанған кіреуке бетін карборундты таспен жеңіл тегістегеннен кейін бетіне сутегінің асқын тотығының 30% ертіндісінің бес бөлігінен, хлорлысутек қышқылының 36% ерітіндісінің бес бөлігінен және эфирдің бір бөлігінен тұратын қоспамен суландырылған мақта анжыны 30 секөндтқа қояды. Белгіленген уақыт өткен соң анжыны алып тастап, қоспа қалдығын натрий гипохлоридінің 5.25% ерітіндісімен бейтараптандырады. Емдеу курсы 6-7 шарадан тұрады және соңғы рет емдеуді тіс беттерін пемза қойыртпағымен өңдеумен аяқтайды.

1. Боровский Е.В., (1978) ұсынған әдіс: жарақатқа ұшыраған тістер бетіне хлорлы сутек қышқылының 10% ертіндісімен суланған мақта анжыны 3-5 минөтке қояды, содан кейін кальций глюконатының 10% ертіндісімен өңдейді. Емдеу шарасының ұзақтығы - 15-20 минөт, емдеу курсының саны нәтижелілігіне байланысты.

1. Калмацуй В.В.,(1988) ұсынған әдіс: жарақатқа ұшыраған кіреуке бетін карборундты таспен жеңіл өңдегеннен кейін хлорлы сутектің 24% ертіндісін анжының көмегімен 4-5 минөт сүртіп сіңіреді. Осыдан кейін ауызды ас тұзының 2% ертіндісімен шаяды. Емдік шараны кальцийқұрамды дәрілермен қайта минералдандыру әдісін жүргізіп барып аяқтайды.

Ағартушы орта (жадығат) ретінде сутегінің асқын тотығының 6% ертіндісі және 30% ертіндісі (пергидроль) жиі қолданылады. Ал соңғы кездерде карбамидтің асқын тотығының 10% ертіндісі пайдаланыла бастады. Бұл ертіндінің гелге айналдырылған түрі силикон қасыққа құйылып, жоғарғы және төменгі жақ тістеріне 30 минөтке бекітіледі. Емдеу курсы 3-4 процедурадан тұрады.

Флюороздың эрозиялы және деструкциялаушы түрлерінде тіс сауытының түсін және пішінін қайта қалпына келтіру әдісі (востановительная терапия или реставрация) қолданылады. Бұл мақсатта соңғы кезде шығарылып жатқан композиттік материалдардың жетілдірілген түрлері пайдаланылады. Сонымен қатар тістердің қатты бұзылған сауыттарын қалпына келтіру үшін ортопедиялық әдіс (жасанды сауыттар кигізу, өзекті тістер отырғызу және т.б.,) қолдануға болады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 85 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)