Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Периодонттың жедел қабынуын емдеу.

Читайте также:
  1. Балаларда кездесетін тіс жарақаттары. Диагностикасының және емнің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Жедел тіс жарақаты бар баланы
  2. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  3. Жедел зақым.
  4. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  5. Лпа қабынуын ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі (метод девитальной ампутации пульпы).
  6. Лпа қабынуын девиталды аралас хирургиялық әдіспен емдеу (девитальный смешанный хирургический метод).
  7. Лпа қабынуын емдеудің хирургиялық әдістері.

Периодонттың жедел қабынуын емдеу кезінде қойылатын негізгі мақсат: 1) жедел қабыну үрдісін тежеу; 2) жедел қабынудың созылмалы қабынуға ауыспауы және басқалай асқынулар бермеуі үшін түбір өзегін пломбылау; 3) тістің анатомиялық пішінін, физиологиялық қызметін қалпына келтіру.

Периодонттың жедел инфекциялы қабынуын емдеу. Периодонт қабынуының бұл түрін емдеу тактикасы жедел қабыну сатысына байланысты шешіледі.

Алғашқы уыттану сатысында тісжегі қуысын егеп-тазалап, сауыт қуысын ашып, өзек сағасын кеңейтіп алған соң, түбір өзегін ұлпа ыдырандысынан біртіндеп ұлпаалғышпен тазартады. Ол үшін ашылған сауыт қуысын антисептиктер ертіндісімен жуып алып, өзек сағасына 1-2 тамшы антисептик ертіндісін тамызып, 1-2 минөт күтеді де, ұлпаалғышпен ұлпа ыдырандысын өзектің ⅓, ⅔ және түбір ұшы бөлігінен кезекпен алып тазалайды. Әр кез ұлпаалғышты өзекке қайта ендіру үшін антисептик ертіндісіне матырып, сүңгінің немесе шымшуырдың (қысқыштың) көмегімен ыдыранды заттан тазартып алады. Өзекті тазалауды ұлпаалғыш түбір өзегінен тап-таза болып шыққанға дейін жалғастырады. Ұлпа ыдырандысын алу үшін файлдарды (сүргі және түрпі бұрғыларды) қолдануға болады. Осыдан кейін түбір өзегін түбір инесіне оралған мақта біліктердің немесе қағаз штифтердің көмегімен антисептиктер ертіндісімен жуып өңдейді де, кептіріп барып, өзекте антисептиктер ертіндісімен немесе ауыртпағыш дәрілермен білік қалдырып, уақытша пломбы қояды.

Ал жалқықтану сатысы кезінде қатты ауыру сезімі болатындықтан, емдеу шараларын сырқат тіс аймағын уақытша жансыздандырудан бастайды. Осыдан кейін тісті аса қозғалмас үшін сол қолдың екі саусағымен мықтап қысып ұстай отырып, тісжегі қуысын мүмкіндігінше егеп-тазалап, сауыт қуысын ашады. Қажет болса ертеркте қойылған тұрақты пломбыны алады немесе бүтін тіс сауытын теседі. Осы шаралардың бәрін турбиналық ұштықпен жүргізген тиімді. Түбір өзегін ыдырандылардан тазалаған соң, антисептиктермен жуып-өңдейді.

Қабыну үрдісінің (немесе жалқықтың) бет-жақ аймағының басқа бөліктеріне ауыспауы үшін түбір инесінің немесе өткіш бұрғының (дрильбор) көмегімен түбір ұшы тесігін ашып және кеңейтіп, өзекке шыққан жалқықты құрғақ біліктермен сорып алады (егер жалқық периодонт саңылауынан сүйек қабы астына ауыса бастаса, өзекке жалқық құйылмауы да мүмкін). Түбір өзегін жақсылап антисептиктер және ферменттер ертінділерімен жуып тазалаған соң, тіс қуысын ашық қалдырады және мүмкіндігі болса ас қабылдаған кезде мақта анжымен жауып қою туралы кеңес береді (ас түйірлері түсіп, өзек сағасын бітеп қалмау үшін).

Периодонттың жедел қабынуы кезінде сүйек қабының (периостың) қабынуы сияқты асқыну үрдісі байқалса және түбір өзегінен жалқық шықпаған жағдайда уақытша жансыздандыру әдісінің бірін қолданып (егер тісті егеп-тазалау кезінде жансыздандыру әдісі қолданылмаған болса) сырқат тіс тұысындағы ауыспалы қатпарға ұзындығы 2см кем емес сүйек қабы абсцессі немесе инфильтраты үстінен сүйек тініне жеткізе көлденең тілік жасайды. Бұл кезде тіліктен сарысулы немесе іріңді жалқық шығуы мүмкін. Сонымен қатар сульфаниламидтер (күніне 1г 4 рет), десенсибилизациялаушы дәрілер, анальгетиктер, иммундық реактивтікті жоғарылату үшін витаминдер мен минералдар жиынтығын (поливитамины) тағайындайды. Анаэробты микрофлораға әсер ету үшін бактрим, бисептол, трихопол тағайындайды.

Егерде организмнің уыттану (интоксикация) белгілері анықталған болса (бас ауруы, дымкәстік, дене қызуының көтерілуі, қан құрамының өзгеруі және б.) антибиотиктермен (метициллин, оксациллин, линкомицин, эритромицин) емдеу курсын тағайындауға болады.

Бұл кезеңде физиотерапиялық емдеу шараларын: УЖЖ (УВЧ), айнымалы токты, электрмагнитті өрісті, микротолқынды және б. қолдануға да болады (емдеу курсы 3-5 сеанс). Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын емдеуді бір түбірлі тістерде 2-3 күннен кейін, жалқықтану сатысын 5-7 күннен кейін екінші қабылдауда аяқтайды. Ешқандай ауыру сезімі мазаламаса, өзекте жалқық болмаған жағдайда, қағып тексергенде тіс ауырмаса, тіс төңірегіндегі қызыл иек сипап байқағанда ауырмайтын болса уақытша пломбы алынған соң екі жағдайда да түбір өзегін ұсақ аспаптармен және дәрілермен өңдейді. Кептірілген түбір өзегін қатаятын немесе қатты пломбылық материалдармен түбір ұшы тесігі деңгейіне дейін пломбылайды және тісті тұрақты пломбымен жабады.

Егер түбір өзегін пломбылағаннан кейін ауыру сезімі мазалайтын болса, физиотерапиялық емдеу шараларын (УЖЖ ток, флюктуоризациялау, лазер сәулесі) қолданады, қажет болса ауыспалы қатпарға кең тілік жасайды.

Мүмкін болатын асқынудың алдын алу үшін кейде ауыспалы қатпарға емделген тіс түбір ұшы проекциясы деңгейіне гидрокортизон (0,2-0,5 мл) енгізуге болады.

Көптүбірлі тістердегі периодонттың жедел қабынуын емдеу кезіндегі дәрігерлік қабылдау саны түбір өзектерін өту мүмкіндігіне байланысты. Егер жедел қабыну белгілері басылғаннан кейін 2-3-і қабылдауда барлық түбір өзектері жақсы өтілген және өңделген болса, сырқат тіс соңғы қабылдауда пломбыланады. Егер кейбір өзектерді кеңейту және өту мүмкіндігі болмаса, өтетін өзектерді пломбылағаннан кейін өтпейтін өзектерде электрофорездеу немесе депофорездеу әдістерін қолданады. Қажет болса, кешенді емдеу әдістерін (түбірді ампутациялау, гемисекциялау) қолдануға да болады.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)