Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: Танымдық процестер психологиясы.

Читайте также:
  1. Тақырып. Жеке тұлға психологиясы. Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік шақтағы психикалық даму ерекшеліктері
  2. Тақырып: Қарым қатынас және топтар психологиясы
  3. Тақырып: Қарым– қатынас пен топтарпсихологиясы.
  4. Тақырып: Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшелігі
  5. Тақырып: Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері.
  6. Тақырып: Жас мәселесі және психикалық дамудық заңдылықтары
  7. Тақырып: Іс-әрекеттің психологиясы.

Жоспар:

1. Сезімдік таным психологиясы.

2. Түйсік және қабылдау түрлері мен қасиеттері

3. Ес теориясы.

4. Ойлау және сөйлеу психологиясы.

5. Елестер мен қиял өткен немесе мүмкін болатын бейнелер ретінде.

6. Зейін теориялары.

Негізгі ұғымдар: қабылдау, апперцепция, иллюзия, бақылампаздық, талдау, пікір, эйдетикалық ес, апперцепция, психолингвистика, ес, жад, есте қалдыру, рецепторлар, қиял.

Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы, «алдымнан бір нәрсе жалт етті», «маған суық бір нәрсе жармасты» деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау – затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау – шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.

Сонымен, қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі. (студенттердің өздеріне мысалдар келтіртемін, талдатамын)

Қабылдаудың физиологиялық негізі – үлкен ми сыңарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс-әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді.

Адам өзінің өмірде көріп – естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталып,қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

Сонымен бұдан шығатын тұжырым, адамның қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл – күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады.

«Ес - ақыл қоймасы» (А. В. Суворов). Есті экспериментті түрде тұңғыш рет зерттеген неміс психологы Г. Эббингауз. Ана тілімізде «Ес» деген сөздің екі мағынасы бар. Біріншіден, «ақыл-ой» (рассудок) дегенді білдіреді. Екіншіден, «жад» деген мағынаны білдіреді. Г. Эббингауздың айтуынша, мағынасыз сөздерді жаттау механикалық естің өзіндік өлшеуіші болып саналады.

Ес типтерінің түрлері анықтауда оқу материалын есте қалдыру не еске түсіру сезім мүшелеріндегі рецепторлардың түріне қарай әртүрлі келетінін тұңғыш зерттеген орыс психологы А.П.Нечаев (1870-1948).Оның айтуынша, біреулер көзімен көргенін, не оқығанын, екіншілері құлағымен естігенін, ал үшіншілері қолымен ұстап -тұтқанын, ал басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қолданғанда ғана тиісті мағлұматты есте қалдырады.

Естің түрлері. Іс-әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге бөлінеді:

- Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл – қозғалыс, эмоциялық – сезімдік, бейнелі - көрнекілік және сезімдік – мағыналық;

- Іс - әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес.

- Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді және оперативтік ес.

Тану - естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі.

Елестерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да тудыруға болады.

Ұмыту - қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау.

Ойлау деп - мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлау дегеніміз- процестуалдық құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде болып тұрады. Мида үздіксізболып отыратын ойлану және оның продуктысы ұғымдар мен сөйлемдер бір емес.

Шығармашылық ойлау деп- бұрын орындалмаған жаңа міндетті асыру үшін толғануды айтады. Есеп шығару өзінше проблема. Сол проблеманы ситуациялық жағдайдан босату үшін соған байланысты есептің шарты құрылып, оның орындау амалын іздестіріледі. Есеп шығару амалын іздестіру-берілген шарттардан талдаудан басталады. Ізденуші берілген есепті шешу үшін оның шартында қандай нәрсе айқын берілген, нендей нәрсе жасырын берілгенін ажыратады. Сол есепті бұрын ешкім шығармаған болса, онда оның шешу жолы өзінше бір жаңалық. Ал осы жаңалықты қалай табу қажет? Жаңалық деп отырғанымыз- дерексіз нәрсе емес, сол есептің шартында берілген. Дегенмен, шарттардың бәрін еске түсіру қиын болғандықтан, оның жолын табуда кедергілер кездеседі. Міндеттердің сан алуан түрлері болғанымен, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда, есеп, парадокске(парадокс-қайран қалу мағынасын білдіреді) және жәй есептерге бөлінеді. Есеп-парадокс дейтіндердің көпшілігі аңғарғыштықты талап етеді.

Сөйлеу дегеніміз- қажеттіліктің, соның ішінде функционалдық қажеттіліктің ерекше бір түрі. Мұны пікір алысуға байланысты қажеттілік деп атайды. Пікір алысуға байланысты қажеттілік адамның өзге қажеттілік болып табылатынын тамақ,ауа т.б. сияқты, оның өмірінде ерекше роль атқарады.

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрын қабылдаған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басынды тың, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял тек адамға ғана тән психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял – адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет.

Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді.

Физиолог И.М.Сеченевтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның басына оның есіне орын тепкен элементтерден құралмаған бірде - бір ойдың келуі мүмкін емес.Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан екен.

Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады.

Қиялдың жаратылыстық – физиологиялық негізі – мидағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің өздік процестері, иррадиация мен концентрация, оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен елестер туады.

Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз қиялды пассив қиял, ырықты қиялды актив қиял деп те атайды.

Қиялдың ең жоғары түрі - жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар – қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш.

Жасампаздық қиял – қоғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс.

Адам қиялының ерекше бір түрі - арман. Бұл - актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат – мүддемізді іс-жүзіне асыруды қиялдау.

Арман – келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Ол шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындықтың бастапқы сатысы.

Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі қиялдың бір түрі – мұң. Мұң адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғалары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар жайындағы қиялы. Қиялы әлсіз адамдар кітап оқыса, қызықты оқиғаларды ғана іздеп, оны түгел оқымайды. Шын мәнісіндегі қиял адамды жемісті іс-әрекетке, белгілі мүддені орындауға жетелейді, оның рухани өсуіне де ерекше ықпал етеді.

Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады. Дамудың бұл кезеңіндегі өзгешелік - балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдың элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады.

Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір объектіге бағытталуы.Сондай-ақ сананың бөгде нәрселерді елемеуі.

Зейіннің көлемі.

Зейіннің көлемі дегеніміз аз уақыт ішінде адамның бірнеше объектілерге қатарынан назар салуы. Зейін көлемі тахистоскоп дейтін аспаппен өлшенеді (15-суретті қараңыз). Зейін көлемін өлшеу үшін тахистоскоп терезесіне әріптер, сөздер және сандар ілініп, оларды кезек-кезек ауыстырып, студенттерге көрсетеді. Студенттер солардан қаншасын бір мезетте көре алуына орай, сол мөлшермен зейіннің көлемі анықталады.

Зейіннің бөлінуі.

Адам зейінін бір мезгілде бірнеше объектіге бөле ала ма, не бөле алмай ма, бұл жөнінде түрлі талас пікірлер болды.

Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабының төменгі қатарына орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік.

Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үш түрге бөлінеді. Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады.

Ырықты зейін немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі обьектіге шоғырлануындағы адамның шешуші ролін көрсетеді. Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді.

Үйреншікті зейін – зейіннің ерекше түрі. Ол ырықты зейіннен кейін жасалады. Үйреншікті зейін дегеніміз - қажетті әрі құнды болып саналатын обьектіге адам санасының шоғырлануы.

Зейін адамның психологиялық құрылымында айрықша орын алады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 343 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)