Читайте также:
|
|
Жоспар:
1. Адам іс-әрекетінің түсінігі мен құрылымы.
2. Адам іс-әрекетінің түрлері мен олардың дамуы.
3. Іс-әрекет пен психикалық процестер.
Негізгі ұғымдар: Жеке тұлға, адам, даралық, әлеуметтік функция, преформизм,бихевиоризм, прагматизм.
Адам - табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның бірнеше саласы зерттейді.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі - әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Екіншісі сол сипаттардан және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі ол белсенділік. Белсенділік іс -әрекетпен, оның бағдар – мақсатымен, өмір – тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жағдайында психологияда әртүрлі көзқарастар бар.
Психологияда «жеке тұлға» ұғымының әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.Жеке тұлғаның басты белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір –қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері айқын және ерекшелік көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары
«даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келген соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағнада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан –ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет т.б.), ал тар мағнада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата – аналар арасындағы бірлескен іс - әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Сонау Платон мен Аристотель кездерінде – ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап – ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
16 ғасырда пайда болған преформизм деген философиялық бағыт төмендегідей ойды ұстанған: адамның тұқымынан – ақ болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған. Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э.Торндайктің пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқымқуалаушылық қана анықтайды. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм дегеніміз іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы - Джон Дьюи. Енді бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы болып есептелінген. Д.Локктың пайымдауынша, бала жаны дүниеге келген сәттен бастап таза тақтайға ұқсас деген.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 172 | Нарушение авторских прав