Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: Қарым қатынас және топтар психологиясы

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Автор мен кейіпкер қатынасы.
  5. Адам,тұлға, азамат ұғымдарының арақатынасы
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.

 

Жоспар:

1. Кіші топтар мен ұжым түсінігі.

2. Топтар мен ұжымдағы өзара жеке бастық қатынастар.

3. Топтық іс-әрекет тиімділігі.

 

Негізгі ұғымдар: диффузиялық топ, ассоциация, корпорация, ұжым, социометриялық әдіс,

Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым – қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы мүмкін. Олар шартты, байланысты және ұжымдық топтар.

Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады.

Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір – біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі – олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сапалар. Олардың арасындағы қарым – қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы.

Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетті және олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді:-

- диффузиялық топ – бұл аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы топтың іс-әрекетіне байланыссыз –ақ жүзеге асады;

- ассоциация – бұл күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-қатынас жандана бермек;

- корпорация, мұнда да жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек;

- ұжым - топтың ең жоғарғы деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдық мақсат - мүддесімен ұштасып жатады.

Американдық психолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың жетекшілері, өндірістік –кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасын анықтай алады.

Адамдар арасындағы үйлесімділік қатынастар гомеостат аспаптары арқылы зерттеледі. Бұл тәсіл адам организмі мен жүйке жүйесінің қоршаған ортаның қиын жағдайына икемделу мүмкіншіліктері арнайы жасалған үлгі бойынша қарастырылады.

Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс-әрекетінің мақсат - мүддесімен байланысты. Мұнда жоспарланған істерді қалайда жүзеге асырып отыру көзделеді. Топ ішіндегі тағы бір жайт – жеке адамның топтың атқаратын іс-әрекеттеріне илануы. Бұл – психологиядағы ерік сипаты. Илану адамның көнгіштігімен анықталады.

Шағын топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы және олардың өздеріне серік іздеп, әріптестер таңдауы адам психологиясындағы өзіндік маңызы бар мәселе болып табылады.

Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық - әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.

Тапсырма:

Осы топтың ішінде кіммен бірге партада отырғыларың келеді, соны анықтау мақсатында матрица кестесімен жұмыс жасайсыздар. (студенттерге кестені сызу және толтыру шарттары түсіндіріледі) І,ІІ,ІІІ,ІҮ деп көрсетілген рим цифры таңдайтын серіктерінің ретін көрсетеді.

Кесте.

Фамилиясы, Аты-жөні Таңдалғандар тыс қалғандар
1. 2. 3. 4. Алимова Г. Сабитов М.      

 

Таңдалғандар жиынтығы

І

ІІ

ІІІ

Таңдаудан тыс қалғандар

 

Екі жақты таңдалғандар

Балалардың барлығы осындай тапсырманы орындап болғаннан кейін олардың өзара достығы мен араздығына қатысты кесте мен диаграмма жасалады. (Диаграмма жасау жалпы психология оқулығында көрсетілген)


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 566 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)