Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып Адам психикасы мен сананың пайда болуы мен дамуы

Читайте также:
  1. Автомобильдерді жалға беру индустриясынын дамуы ... байланысты Әуе саяхаты санының өсуімен
  2. Автомобильдерді жалға беру индустриясынын дамуы ... байланысты Әуе саяхаты санының өсуімен
  3. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы
  4. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  5. Б.Г. Ананьев ересектердің психофизиологиялық және интеллектуалдық дамуын микрожастық интервалдың негізінде құруды ұсынды.
  6. Бап. Контрацепцияны пайдалану
  7. Бап. Контрацепцияны пайдалану

Жоспар:

1. Психиканың обьективті ақиқатты бейнелеу ретінде жалпы түсінігі.

2. Адам психикасының қоғамдық- тарихи сипаты.

3. Психиканың даму кезеңдері сатысы ретінде. Жануарлар мінез құлқы.

4. Сана психика дамуының жоғарғы

5. Сананың психологиялық құрылымы.

Негізгі түсініктер: психика, инстинкт, интеллект, сана.

Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеялары, ашқан жаңалықтары, ой – пікірлері жаңа сипат алды. Ұлы ойшыл Әль- Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасады.

Психиканың дамуы, адамның табиғи мәні, оның қоғамдық ролі, және тарихи дамудың негізгі субьектісі екендігі. К.Маркс пен Ф.Энгельс, Л. Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалады, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл – ой иесі ретінде анықталады. Сөйтіп, 19 ғасырда адам жан жүйесін зерттейтін, ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайылығы айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат – міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.

Психология 19 ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи ғылыми негізі - физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизиологиялық зерттеулердің нәтижесі. Психология пәнін өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннің тәжірибелік (эксперименттік) ғылым екендігін айқын сезіне аламыз.

Детерминизм - ойлаудың жаңа түрі жаратылыстануда психикалық құбылыстардың сипатын өзгертті. Сол кезде қабылданған бұл тәсіл жетілген табиғи құбылыс ретінде жойылмайды. Бұл психиканың өзіне тән детерминистік түсінігі. Бейнелеудің жоғарғы нормасы.

Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды.Эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, сөйтіп ақиқат дүниені өзгертуге қолы жетті.

Сана - адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі - оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен оның бағдар –мақсатымен, өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әралуан көзқарастар мен пікірлер баршылық.

Адам психикасының дамып жетілуі - тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық еңбегі, дыбысты тілмен сөйлеудің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен жүйке жүйесінің қызметімен байланысты.

Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл - табиғи заңдылық.

Барлық материяға - жансыз заттардан бастап ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя – адам миына да тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі – материяның сыртқы әсерге жауап беруі.

3-тақырып: Сана және бейсаналық

1. Сана және бейсаналықтың пайда болуы мен дамуы.

2. Іс-әрекетті реттеудегі саналы және бейсаналық үрдістер арасындағы арақатынас.

3. Сана мен бейсаналық екі негізгі психологиялық тұжырымдамалар ретінде.

4. Кеңестік психологтар жұмысындағы бейсаналық мәселелері.

5. З.Фрейд пен К.Юнг еңбектеріндегі бейсаналық мәселелер.

Негізгі түсініктер: сана, бейсана.

Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет –қылығын басқара алмауы мүмкін.

Санамен қатар адамда бейсана бар, және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. М-ы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т. Сонымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. М-ы, жүзу, түрлі құралдарды пайдалану.

Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік, ұмтылыстар.

Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім мүшелерінен немесе ес қорынан санаға (бас миы қыртысына) бару жолында туындайды. Екінші тип - бұны да осы жолдағы белгілі этап деп қарастыруға болады, бірақ қозғалыста бұл кері бағытта жүреді, яғни, санадан астар санаға қарай қозғалады.

Бейсаналы құбылыс пен сана да әрекетті басқару қызметін атқарады, бірақ олардық функционалдық ролі әртүрлі. Сана әрекет-қылықтың неғұрлым күрделі формаларын басқарады, өйткені әрекеттің бұндай түрлері тұрақты зейінді, саналы бақылауды іске қосылады:

ü Адамның алдында күтпеген жағдайлар туындағанда, күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуде;

ü Ден мүшесі немесе ой қозғалысының жүзеге асырылуындағы физикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарын шешу талап етілген жағдайда;

ü Түрлі кофликтілі ситуациялардан шығудың жолын іздестіру кезінде;

ü Дереу әрекет етуді қажет ететін, өмірге қауіп төнген жағдайларда.

Адам өмірінде бұндай жағдаяттар әруақытта кездесіп отырады, сондықтан әрекет қылықты реттеп отырушы ретінде сана үнемі қызмет үстінде. Түрлі әрект-қылықтар бейсаналы реттестіру деңгейінде жүзеге асырылып отырылады. Саналы және бейсаналылықтың әрекет-қылықты реттестірудегі өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәліметтерді жинақтау әлі де аяқталған жоқ. Өйткені әрекет-қылықты реттестіру құралы ретінде сана және бейсаналық құбылыстардың небір жаңа мәліметтері күнүзбей берілуде.

Бейсаналылықтың жеке тұлғалық қасиеті туралы мәселе психолог-зерттеушілердің ең қызықтыратын объектісі. Бұл мәселе б-ша З.Фрейд көптеген еңбектер жазған. Осының негізінде қазіргі психологияда бейсана проблемасын ғылыми түсінігі екі бағытқа бөлінеді:

1. психоанализ теориясы;

2. астарлы психикалық нұсқаулар (установки).


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 1191 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)