Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психология және адам дамуы»пәнінен 2-аралық бақылау тақырыптары.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Ағымды бақылау
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. Адағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.

1.Зейіннің түрлері.

2.Зейіннің қызметі.

3.Қиялдың түсінігі және анықтамасы.

4. Қиялдың түрлері.

5.Шығармашылық үрдістегі қиялдың ролі.

6.Адамның сезімі мен эмоционалдық күйлерінің сипаттамасы.

7.Адамның сезімі мен эмоциясының түрлері.

8.Тұлғаның жоғарғы сезімі.

9.Адамның сезімі мен эмоциясының қызметі.

10.Еріктік үрдістер мен еріктің сипаттамасы.

11.Еріктік сапа.

12.Тұлғаның еріктік қасиеттері.

13.Адамның еркі және мінез-құлқы.

14.Темперамент анықтамасы.

15.Темпераменттің физиологиялық негізі.

16.Темпераменттің типтері.

17.Темперамент және психикалық іс-әрекет..

18.Мінездің анықтамасы.

19.Мінездің физиологиялық механизмі.

20.Мінездің қалыптасуындағы әлеуметтік факторлардың ролі.

21.Мінездің типтері.

22.Мінездің қасиеттерінің топтастырылуы.

23.Қабілеттің сипаттамасы.

24.Қабілеттің түрлері.

25.Қабілеттің нышаны.

26.Қабілеттің дамуындағы әлеуметтік тума қасиеттері.

27.Түйсік туралы түсінік.

28.Түйсіктің физиологиялық негіздері.

29.Түйсіктің түрлері,және оларды топтастыру, жік

30.Қабылдау,оның физиологиялық негізі.

31.Апперцепция және оның қабылдаудағы ролі.

32.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

33.Жасөспірімдік кезең немесе ерте жастық шақ.

34. Кәсіби бағыттылық жасөспірім шақтың орталық психологиялық жаңа құрылымы ретінде.

35. Жасөспірімдік шақтағы психоәлеуметтік даму.

36. Өзіндік сана мен «Мен» бейнесінің дамуы.

37. Ғылыми дүниетанымның дамуы.

38. Жасөспірім жасының дағдарысы мәселесін шет ел және кеңес психологиясында зерттеу.

39. Жасөспірім жасына өтудің анатомиялық- физиологиялық және психологиялық алғы шарттары.

40. Жасөспірімдердің дене, ақыл-ой, әлеуметтік дамуындағы дара және жыныстық айырмашылықтары.

41. «Ересектік сезімі» жас өспірім жасының негізгі психологиялық құрылымын ашу жолы.

42. Жеткіншектік кезеңнің психологиялық сипаты.

43. Шетел және кеңестік психологиядағы жеткіншектік кезеңдегі «дағдарыс» ұғымы.

44. Жеткіншектің жетекші іс-әрекеті.

45. Жеткіншектің өміріндегі құрбы-құрдастардың мәні.

 

Глоссарий

 

Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы

Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.

Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.

Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған теориялық және тәжірибелік бағыт. Адамды мінез-құлқына қатысты бақастыруды негіз етеді.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.

Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.

Детерминизм принципі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың барлығы материалдық себептер мен заңдылықтардың әсер етуінен пайда болады. Детерменизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи-дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс бірлігі себептерінен туындайды деп қарайды.

Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Сана – психиканың тек адамға ғана тән ең жоғарғы формасы, объективті шындықтың адам миындағы бейнесі.

Темперамент – жоғарғы жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Т. адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типінің күшіне, теңдігіне, ауысу ерекшелігіне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады, ол: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик.

Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен тараған ағым. З.Фрейд есімімен байланысты. Ағым – мінез-құлықтың негізгі реттеуші күші, қозғаушы факторы – жыныстық еліктеу дейді. Мұндай еліктеу мен сезім әректі санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.

Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдір

Әлеуметтік қызығушылық- Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге дег»ен қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.

Психологиялық функциялар - Адамдар мен әлемнің арасындағы байланыстардың айырмашылығын көрсету үшін К.Г.Юнгтің қолданған тулға құрылымына кіретін 4 функциялары. Ойлау мен сезім рациональді функциолар ретінде біріктірілген, себебі олар өмір тәжірибесі жайлы пайымдаудың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал.

Рецептивті бағдар - бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ, өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен алуға болады деген көзқарас қалыптасады.

Ұжымдық санасыздық- біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі.

Эго - Біз нені сезінсек соны белгілеуге арналған К.Г.Юнг қолданған термин.

Коммуникация - мәлімет беру.

Интеракция - адамдардың бірлескен әрекетінде әсерлесуін көрсететін қарым-қатынас компоненті.

Перцепция - өзара қабылдау және адамдардың бірін-бірі түсінуі.

Интроверт пен экстроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер делінеді. Ал өзге адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан-дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыратындар – экстроверттер.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру

Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге дег»ен қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.

Байланыстар құру қажеттілігі Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.

Гиперкомпенсация - компенсация формасы. Оның көмегімен толымсыздық сезімінен құтылуға қарағанда, көбірек жетістіктерге жетуге болады. Гиперкопенсация үстемділікке және ұлы жетістікке жетуге әкеледі. Гиперкопенсация кезінде адам өзінің басқа адамнан үстемділігін сезінеді.

Генеративті қатынас бұл адамның ақыл – ой және эмициональды күштерінің спонтанды белсенділігінің көмегімен әлемді өрбіте және өңдей отырып тани білу.

Сәйкестікке жету – мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік статусы.

Сәйкестік дағдарысы – Э.Эриксон теориясында бозбала не бойжеткен “мен кіммін?” “мен қайда барам?” деген сұрақтарға қысыла жауап іздейтін уақыт кезеңі.

Сәйкестікке қажеттілік – Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.

Темперамент (Temperament)- Олпорт бойынша – тұлға қалыптасатын бастапқы материал (интеллект және физикалық көрсеткіштер).

Ұжымдық санасыздық - Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі. Т.б. ұғымдар

Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.

Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Байланыстар құру қажеттілігі Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.

Ғашықтық – адамның сексуалдылық қажеттілігінің тура немесе тоқтап қалған кезде пайда болатын сезімі және әсері, яғни ғашықтық объектісі өзіне нарцисстік «Мен» либидо бөлігіне өзіне тартып алады.

Махаббат – адамның өз-өзіне және өзгелерге қатынасының өнімді формасы. Ол жауапкершілікті, қамқорлықты, сыйлауды, өзгені білуді және ол адамның өсуі мен дамуына мүмкіндік жасауға талпынуды болжайды. Бұл тұлғалық тұтастығы өзгеріссіз қалуы шартты болған жағдайдағы екі адам арасындағы жақындықтың байқалуы. Махаббат – субъектінің өмірге деген қажеттілігі мен қызығушылығын оның объектісінен бөліп басқа өмірлік қажеттіліктердің ортасына орналастыратын эмоциялық қарым-қатынастың жоғарғы бөлігі.

Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.

Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді.

Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды).

Дедукциялық - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.

Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

Жас ерекшелік психологиясының пәні –адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, тұлға қасиеттері мен психикалық процестердің онтогенезі, психикалық процестердің даму заңдылықтары.

Жас ерекшелік психологиясының міндеттері –онтогенездегі психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын ашу, даму кезеңдерін, мүмкіндіктерін анықтау.

Жас ерекшелік психологиясының зерттеу объектісі –сәби, жеткіншек, жасөспірім, ересек, қария т.б.

Тұлға – адамға онтогенезден біткен, күрлелі әлеуметтік даму процессінің жемісі – даму принципі.

Өсу – психикалық процесстердің сандық артуы.

Даму – психикалық процесстер, механизмдер, құрылымдардың сапалық артуы.

Э.Торндайк - Оқыту дегеніміз дағдыларды игеру процессі, ал дағды психикалық дамумен байланысты.

Ж.Пиаже - Оқыту дамудан кейін жүруі керек. Психикалық даму дегеніміз интеллект дамуы, ал оқыту интеллектіге негізделеді.

Л.С. Выготский - Оқыту өз соңынан дамуды ерте жүреді. “Жақсы құрылған оқыту дамытады...”.

Бала дамуының әлеуметтік жағдайы – психикалық даму механизмдерінің негізгі түсінігі. Әр даму кезеңі, баланың ересектермен қарым қатынасының сипатына қатысты, өзінің әлеуметтік жағдайымен ерекшеленеді.

Жетекші әрекет - белгілі даму сатысында балада жаңа психологиялық қырлардың қалыптасуын анықтайтын әрекеті.

Даму дағдарысы – қалыпты психикалық дамудағы өтпелі кезең.

Жек көрушілік – субъектінің өзіне қатысты бағалығы мен түсінігіне кері

әсер ететін, қарама-қарсы сезім.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 304 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)