Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  7. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-10 14:43:27

«Шығысқа жорық», «Қасиетті соғыс», «Крест жорығы» деп марапатталатын осы жорықтарды тарихшылар бас-аяғы 8 рет болды деп жазады. Мен бұған мүлде келіспеймін. 8 рет болса болған болар, бірақ бұл жорықтар күні бүгінге дейін толастаған жоқ, аяқтаған жоқ. Тарих ғылымын жете зерттеген білгір түгілі, қарапайым сауаты бар қараша бұқараға дейін анық бір нәрсе-Еуропаны өзек қылған Батыс қоғамы, ақ нәсілді адамзат баласы, өзге нәсілді адамзат баласының отанына қаратқан сойқан қырғындары мен шабуылдарын, ойрандауларын, тонауларын, құлдануларын осы уақытқа дейін ешқашан тоқтатқан емес! Құл болған қара зеңгілер мекені Африка осы күнге дейін осы ақ нәсілді бауырлары салған тарихи жараның дерті мен азабынан арылған емес, арыла алмайды да.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-10 14:59:12

Бұл күндегі екі Америка құрлығы осы қырғындар мен шабуылдардың анық та айқын бейнесі ретінде тұр. Америка, Канада, Бразилия, Мексика, Чили, Куба, т.б деп басталатын Оңтүстік-Солтүстік Америка елдерінің мекендеген жерлері осы екі құрлықты мекендеген азиат текті халық, сары нәсілді қауым, өздерін мая, әстек, т.б деп атаған, кейіннен тағдыр тәлкегімен үнді болып аталған жұрттың атамекені еді. Ақ нәсілді қауым келеді де қырғын жасайды. Тұқымдарымен тұздай құртып, аңша аулайды. Тұрғылықты жұрттың тұқымдарын құртып болғасын, сай-таста паналап аман қалған азғантай бір бөлігін ғана тұқымдыққа сақтап қалғандай қылған ағылшындар Америка, Канада деген екі отар ел құрады да, жаңағы қырылғаннан аман қалғандарға «демократия» туралы пәлсапаларын оқытып, крестерін сүйгізіп, адамгершілік туралы уағыздарын айта бастайды ғой...

Португалдар да қарап тұрған жоқ, Бразилияны мекендеген «жабайыларды» қынадай қырып, Бразилия деген ел құрып шыға келеді, қалған бөлігін испандар міндетіне алған, сөйтеді де, нағыз қырғынды испандар бастайды...

Қырық пышақ испандар мұнда бас-басына би болып, қырық шақты ел құрып шыға келеді. Сорлы француздар коммунизмге жетеміз деп, Париж коммунасын құрып, патшаларын дарға асумен айналысып кетеді де, бұл тарапқа бұрыларға мұршасы қалмай қалады, соның өзінде де Кубек деген өлкеде тұқымдарын шашып кетеді. Бұл күнде Канада құрамында.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-10 15:10:16

Азияның шығысындағы бұтқа табынған сары нәсілді, қара шаш, қара көз қауымдар да бұл ақ нәсілді шапқыншы бауырларының езгісінен аман қалған жоқ. Егін егіп, жер тырнаған, қатын алып, бала туғызып, ұрпағын молайтқаннан өзге тірлікке көп қызыға бермейтін, топырағында өскен сан алуан өскінді сан алуан жолмен қуырып жеуді көбірек зерттейтін немесе онысынан сан алуан ауруға шипа іздейтін момын қытайларды өздерінің солтүстік жағында жасаған ғұн дейтін көршілері ғасырлар бойы мазалауын қоймаған болатын. Кейін бұл тынымсыз көршісі өз ішінен бүлініп, батысқа көшіп кетті. Сонда ғана қытайлар үһ деп, біраз заман тыныш та мамыражай жақсы замандарды бастан өткізді. Өкініштісі, көршісі көшкенімен, сол көршілерінің мұнда қалып қалған туысқандары ендігіде қытайлардың мазасын ала бастағантұғын. Олар шүршіт пен мың-қол жамағаты еді. Қытайлар асықпай, абдырамай жүріп оларды да 10 ғасыр шамасында өз орнына қойды, бүгінде бұл екі тынымсыздардың үні баяғыда өшкен болатұғын. Белін жазып, енді ғана айналасына қарай бастаған Қытай баяғыда біржолата көшіп кеткен ғұн көршілерінің қайтадан қуаттанып, молайып, айналасына өзі тектес қаптаған қалың албастыны ертіп келетінін мүлде ойламаған болатын, бағынан соры қалың сорлы қауым ендігіде қауымдасқан, ұйымдасқан, от қарумен қаруланған, өңдері күн көрмегендіктен албастыдай аппақ болып ағарған, қан-сөлсіз осы бір оңбаған қауыммен қайтадан бетпе-бет келді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-10 19:17:04

Еуропалықтардың Қытай еліне бірлесіп шабуыл жасаған сол заманын Қытайдағы қазақ зиялылары анық біледі деп ойлаймын. Бұл арада олардың отаршыл, басқыншыларда ортақ болатын барша бұзақы қылықтарын бір-бірлеп жіпке тізгендей қылып жазып отырмаймын. Бірінші және екінші апиын соғыстары сонау 1840 жылдар шамасында басталғаннан, онан ары португалдардың қоршылығы, сонан кейінгі шүршіт патшасының Қытай жерін оңды-солды үлестірген заманы...

Тізбек-тізбегімен айтылар болса, айлап-жылдап отыратын болармыз. Ол замандардың, ол зар замандардың, қоршылыққа толы, қырғыншылыққа толы замандардың Қытай жұртының жүрегінде өшпес жара салғаны шын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 04:46:46

Батыс отаршылдары өздерінің бүгінгі бай да баяшатты өмірлерінің ата-бабаларының азиаттар мен басқа да абориген (тұрғылықты) халықтарды қырғындауы және солардың мекенін тартып алуының арқасында қолға келіп отырғанын үнемі ұмыта береді. Онысымен қоймай, өздерін қашан да мәдениет пен өркениеттің, құдайдың нағыз дұрыс діні – христианның таратушыларымыз деп түсінеді. Өздерін жабайы, өркениеттен жұрдай, надан жұртқа құдай жолын таныстырушылар ретінде сезінетін Батыс жұрты осы көзқарастарын тек өз қауымына ғана емес, барша адам баласын да уағыздап, сендіріп келе жатыр. Әрине, бұған сенетіндер қазіргі бодан жұрттарда молынан шығатын осы заманда, дербес санасы жоқ, өз тамырынан өзі жеріген бір ұрпақ барлық мәдениетті тек қана ақ нәсілді қауымның тарихынан ғана іздестіреді. Өткен күн мен болашаққа тек қана солардың көзімен қарау, тек қана солардың өлшемімен барша құбылысқа баға беру жаппай етек алған осы уақыт-бұрынғы бодан қауымдардың бүгінгі ұрпағының еркін ақыл-ой санасының да біртіндеп бодан болып бара жатқандығын көрсетеді. Соның бірі-мұсылман елдеріндегі бүгінгі күндегі атыс пен шабысқа, қырылыс пен жарылысқа қарата адамдардың көзқарасы.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 04:57:22

Ауған мен Пәкістандағы қырғындар, Палестина мен Судандағы, Мысырдағы даулар мен шайқастар, Ресейдегі мұсылмандар наразылығы сықылды бұл күндегі адамзат баласы барлық ақпарат көзінен қабылдай алатын хабарларда еститінің тек қана мұсылман жамағатының тыныштығынан айырылған өмірі. Өлім мен ажал. Атыс пен шабыс. Жарылыс пен қырылыс. Мұны әлде бір жат дінді немесе дінсіз біреу былайша түсіндіреді:

«Мұсылмандар бейбітшілікке қарсы. Мұсылмандар тыныш өмірді ұнатпайды. Ислам діні жиһад ұғымын өз сенушілеріне уағыздау арқылы олардың жәннатқа кіруге деген ыстық та көзсіз махаббаттарынан пайдаланып, кәпірлерге қарсы жиһад ашуда, жиһадта шейт болған мұсылман өзін жәннатқа кіремін деп сенеді, сол үшін жарылыстар мен қырылыстар болуда»...

Мінеки...

Қайда барсаң да еститінің осы. Милы да, мисыз да, ойлы да, ойсыз да осыны оттап отырған соң, оттатып отырғандардың кім екенін білмекке ойлана бастайсың. Бірі алай деп, бірі былай деп, бірі жұмсақтап, бірі қипақтап айтқанымен, сөздерінің барар мекен-жайлары біреу ғана: мұсылмандарды күстаналау, барлық іске мұсылмандарды кінәлі ету. Исламға қара жағу.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 05:07:14

Ал, біз, барша жұртты шулатқан, аңыратқан атақты жиһад ұғымы туралы аз аялдай кетелік.

Жиһад - араб сөзі, қазақша мағынасы – «күрес». Қасиетті Құран Кәрімде «жиһад» сөзі 35 жерде келеді, соның ішінде, тек қана 4 жерінде ғана соғыс мағынасында келеді. Мұсылман ғұламаларының тәпсірлеуінде жиһад, ең алдымен, адамның өз нәпсісімен күресі. Адам өз нәпсісін жеңбей, Алланы дұрыс танымайды, Алланы дұрыс танымау – имансыздыққа апарады. Адам баласы өз бойындағы барлық шайтани сұраныстарды тыя білгенде ғана нағыз мұсылман бола алады. Демек, барлық нәрсеге шыдап, барлық пен жоқтыққа, аштық пен тоқтыққа сабыр қылып, өз нәпсісін тыйып, харам істерден алыс болу нағыз жиһад болып саналады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 05:20:35

Ал, христиандардың «қасиетті соғыстары», яғни, өз сөздерімен айтсақ, крест жорықтары, «жиһадтары» қалай болғанын қаралық. Саналы адамға кәрі тарихтың қатпар-қатпарын тұтас шолмай-ақ, қанға толы бірнеше бетін парақтағанымыз да жетіп асады. Күллі Еуропа христиандары құдайдай табынатын, рухани тірегі санап, өмірлерінің барша бағдарын нұсқаушы ретінде көретін Ватикан папасы, яғни, осы қазіргі заманның өзінде, сонау алақандай Италияның бір қуысында ғана болғанымен, Ватикан атты ел болып өмір сүретін, Батыс дүниесінің рухани нанымдық саласындағы қайнар көзі саналатын Ватикан папасы (дінбасы) сонау 1095 жылғы бүкіл ақ нәсілді жұртты құтыртып айтқан уағызының арқасында, бір жылдан соң, 80 мың қалың қолды бастап, «құдайдың бұйрығын орындауға» һәм мұсылмандарды жер бетінен тып-типыл жоймаққа шығысқа қарай аттанады ғой. «Құдайдың қосыны», «құдайдың сардарлары» атанған қалың қанішер қауым Рейн өзені сағасында жиналғаннан, тура бес бағытқа бөлініп жолға шығуды жөн көреді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 05:29:54

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-11 05:31 да өзгерткен

Ақылсыз жұрттың «құдайшылдығы» қарындарында ғана болса керек. Венгер жеріне жеткенде, азық-түліктен тарыққан құдайшыл 4000 христиандар мыңнан аса венгердің қанына ортақ болып шыға келеді. Өз діндес бауырластары болса да аяған жоқ. Себебі, оларға азық керек еді. «Бізде азық жоқ, сенде жазық жоқ» деді де, қыра берді.

Онан ары адам қанына тойғасын, өздерін шақыртқан Византияға да жетеді ғой. Онда да қырғын соғыс арқылы өз діндес бауырластарын қырып салып барып қарындарын тойғызады. Сөйтеді де, тағы да жәннаттан үміт күтіп, күн сайын крестерін сүйіп, мінәжат жасап, құдайларына жалбарынады. Күзде, Константинопольге жетеді. Мұнда түрік әскерлері соғысқа дайындалып, сақадай сай тұрған еді, әрине, иманы берік, Алланың ақ жолындағы мұсылмандар болатұғын түріктер. Крестшілер осы арада өздері кірмек болған, Ватикан папалары сендіріп, кепілдік берген «жәннәттарына» түрік жасақтарының қолынан төте жолдама алып жатады. Жауынгер түріктер жол бойы өз христиан бауырларын да аямай, бұзып-шағу, тонау-зорлаумен айналысып келе жатқан осы «шақырылмаған қонақтарды» дұрыстап тұрып қарсы алады. 80 мың адамдық қосыннан тігерге тұяқ қалмай қырылады. Осылайша, адамзат тарихындағы алғашқы реткі мұсылмандарға қарсы Еуропа қауымы ұйымдастырған шабуыл осылай сәтсіздікпен аяқтайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 05:50:01

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-11 20:06 да өзгерткен

Онан соң, христиан сарбаздары мен ақсүйектерінен құралған, тісінен тырнағына дейін мұздай қаруланған қаһарлы қосын 4 бағытқа бөлініп, Батыс Еуропадан Константинопольға, яғни бүгінгі Стамбұлға қарай жолға шығады. француздар, немістер, италияндар бұл жолы бас қосып бал жаласа қалған еді. Ортақ жауы-мұсылмандарға, салжұқы түріктерге қарсы шаппақ болған бұл құрама қосынның құрамында 300 мың христиан бар болатын. Құдай жолында құрбан болуға сақадай сай, санасы уланған 300 мың адам дінбасылары алдында ант су ішіп аттанады. Сатқындық жасаса, қашса, құдайсыз кәпір болатын болып анттасады ғой...

Урбан екінші өз қауымын отқа айдап салғанымен, өзі тасада қалады. Уәкілдерін жібереді де, өзі Ватиканда қалады. Бірақ бұл жолғы шабуылдары да сәтсіз аяқтайды. Дамашықта қарсы алып алған түріктер бұларды тұтасымен қырып тастайды. Қосынды бастап келген қос патша, неміс патшасы мен француз патшасы өз бастарын ғана аман алып қашады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 64 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)