Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-13 08:16:59

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-13 08:40 да өзгерткен

Екі жылдан соң, папа күллі Еуропағы мүриттеріне француз патшасы Луи тоғызыншыны қолдау туралы жарлық шығарады. Құтырынған есерсоқ Луи тоғызыншы 1248 жылы Мысырға шабуылын бастайды, екі жылдан соң, Мысырдың Мансур өлкесінде арабтарға тұтқынға түскен француз патшасы 400 мың алтын теңге айыппұл төлегесін ғана еркіндікке шыққан болатын. Қолға түскен тұтқынды еркіндікке жіберу де мұсылмандардың аса үлкен ерлігі болатын. Осы арқылы Алланың ақиқатын адасқан ақ нәсілді адамзатқа ұғындыра түспек болған болатын. Француздың Луи патшасын қолға түсірген адам – біздің бабамыз, атақты Мысыр патшасы, Батыс Қазақстанды жайлаған қыпшақтың ұрпағы, атақты сұлтан Бейбарыс болатын.

Өкініштісі, берген антынан тайған Луи тоғызыншы арабтардың аяғын жалап жүріп аман қалғандығын еліне оралғасын ұмытқан еді. Осы күнде жентлменизм деп шытырая қалатын еуропалықтардың сол кездегі патшасының сиқы осы еді. Араға аттай 20 жыл салып жіберіп, 1250 жылғы қолға түскен қоршылық тарихын өзгертіп жазғысы келген Луи тоғызыншының мұсылмандарға қарсы «қасиетті соғыс ашу» туралы уағыздарына еретін адам табылмай қалған болатын. Себебі, христиандар бұл кезде, папаларына деген сенімнен мүлде ажырай бастаған болатын. Мұндағы халықты жалған да, адасқан, патуасы жоқ, адамдар жағынан өзгертіліп жіберген Інжілдерімен алдарқату оңайға соқпаған еді. Ақсүйектердің тосқанына қарамаған Луи тоғызыншы жарлы жақпайлар мен өмірінен тойып, тіршіліктен түңіліп жүргендерден құралған баскесер жалдамалы әскерлерін бастап тағы бір мұсылман елі Тунисқа жол алады. Себебі, Мысырға беттей алмай қалған болатын. Жүрек шайлыққан еді. Алланың құдіретімен, осы арада оба тарайды, жалдамалы әскерлер обадан қырылып кетеді. Есерсоқ Луидың өзі де обадан ажал құшады. Қалған құрама армия отандарына қайтуға мәжбүр болады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-13 08:26:53

Тойымсыз ақ нәсілді еуропалықтардың жалған дін атын жамылған сегіз реткі «қасиетті соғыстары» осылай тұтасымен жеңіліспен аяқтаған болатын. Еуропаның нәсілшіл тарихшылары мұны мың жерінен бұра тартып түсіндіргенімен де, тарихтың ашты шындығы қашан да шындық болып тұра береді. Тарихтағы адасқан ата-бабаларының осыншама реткі сәтсіз соғыстарына бұл күндегі еуросентршіл ұстанымдағы нәсілшіл тарихшылар мың-сан түрлі сылтаулар ойлап тапқан. Мың құбылған жалған тарих тек қана ақылмандар алдында ғана өз сырын айта алады. «Қасиетті соғыстарының» қасиеті қашып, «қасиетті қалалары» Иерусалимді мың аңсаса да, мұсылмандар қолынан ала алмаған еуропалықтар өкініштен бармақтарын құшырлана шайнап жатқанда, адамзат тарихы сахнасына көшпенді ата-бабаларымыздың шығатын мезгілі де жеткен болатын. Бұлар атағы аспан астына мәлім атамыз ба, ата жауымыз ба, әлі де шешімі шыға қоймаған атақты Шыңғыс хан мен сол замандағы күллі адамзат жасаған мекендер ішінде Шыңғыс жасағынан жеңілмеген бірден-бір әрі жалғыз елді басқарған біздің шынайы ата-бабамыз, атақты сұлтан Бейбарыс еді. Екі арыстанның сахнаға шығуы адамзат тарихын қайталай өзгерткен болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-13 08:34:27

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-13 08:35 да өзгерткен

1291 жылы алпыс мың христианды қынадай қырып тастаған сұлтан Бейбарыс Еуропа тұрғындары үшін аса қатыгез тұлға ретінде мәңгілікке ұмытылмас болып қалған болатын. Тарихты шындыққа қарап емес, шымбайына қарап жазатын, ақиқатты өзек етпей, ата-бабасын ғана өзек ететін Еуропаның жалған да, сыңар езу тарихшыларының өзі де амалсыз мойындағандай, ақ нәсілді қырғыншы еуропалықтар осы тұстағы қырғын шайқастарда тұтасымен ырықсыз орында еді. Еуропа мен Африканың ұланғайыр даласында, Азиядан келген қысық көзді жалпақ бетті Жауынгер көшпенділер пайда болғанда, «қасиетті соғыстар» ұйымдастырғыш еуропалықтар байтал түгіл бас қайғы екенін біліп, артын қысқан болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-13 08:57:48

Шыңғырған шындықты айтар болсақ, сол заманда, аузымен айды жұта салардай болып, айбатымен аспан астын тітіреткен атақты көшпенділер патшасы Шыңғысханның әскерін жеңу еуропалықтар үшін мүмкін емес болатұғын. Мұны тек қана екінші бір көшпендінің тұқымы, қазақтың алғашқы оралманы сұлтан Бейбарыс қана орындады. Адамзат баласының қырғындар мен ғажаптарға толы осы бір заман тарихын екі көшпенді жазған болатын. Бұл замандағы көшпенділеріңіз шығысы Қытай даласы, Жапон теңізінен тартып, Мұңғыл жайлаулары, Тұңғыс үстірттері, Қазақ даласы, отырықты түркі жұрттары болып, Еуропаға бірақ тұтасатын еді. Шыңғыстың әскерінің құрамында осы кездегі қазақтардың барлығының ата-бабасы болғаны шындық еді. Себебі, Шыңғысты ақ киізге отырғызып, хан көтергенде, ақ киіздің шетін ұстаған 12 бидің алтауы тұтасымен қазақ билері еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-13 23:35:12

Сөзге сөз келгенде айтпасаң, сөздің әкесі өледі деген ғой. Кейде кейбір сөздерді айтқың келмесе де, амалсыздан айтасың. Құлағыңды жауып естімеске салып, тұмшаланып, көзіңді көлегейлеп көрмеске салайын десең де, күллі адамзат баласының жүрегіне жара салып, қай дін, қай нәсіл, қай ұлт, қай мемлекет болуына қарамастан адам атаулының кектенуі мен жиіркенуін тудырған, осы заманғы ең сойқан әрі хайуандық деңгейдегі жиіркенішті сипат алған, адамдық өлшемдерді аяусыз аяқ асты қылған, тілмен бейнелеп жеткізуге болмайтын деңгейдегі адам ақылына сыймайтын сұмдық оқиғаларды амалсыздан сапарнамама кіргізгелі отырмын. Сол үшін де оқырмандарымнан алдын-ала кешірім өтінемін. Жүрегі аса нәзік жандардың оқымай-ақ қоюын алдын-ала ескертемін. Өкінішті жері, бұл оқиғаларды тілге тиек етпей болмайтын еді. Бірен-саран немесе шектеулі бір не бірнеше жерлердегі кейбір оңбаған ұятсыз адамдар жағынан істелген хайуандық істер болса, біз де елемей қоя салған болар едік қой. Даралық емес, жалпылық сипат алып бара жатқасын, өзге істеуден ұялмаған тірлікті біз айтудан ұялмауға шешім шығардық. Мұсылмандық өлшемдерде зұлымдықты шамаң жеткенше ісіңмен тосуды, аққа жақ болуды айтады, ісімен тосқанға шамасы жоқ мұсылманға тілімен тосуды міндеттейді, тілімен тоса алмайтын мұсылманға Аллаға деген адал жүрегімен зұлымдықты айыптап, Алладан ақиқат тілеуі міндеттелген болатын. Ендеше, біз тілімізбен болса да, осы арада, кей адасып жүрген ағайындарымызға нағыз шындықтың бетін ащы болса да айпарадай ашып көрсете алсақ, кімнің кім екенін, жылтыраған жарнамалардың астындағы жалған діндарлар мен екі жүзді мұнапиқ демократияның шынайы жиіркенішті бет бейнесін көрсете алсақ, Алла алдындағы міндетіміз орындалған болар деп үміттенеміз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-13 23:35:39

2010 жылы 22 наурызда қазақтар мәре-сәре болып наурыз мерекесін тойлап жатқанда, жер бетіндегі 6 миллиард адам баласын кектендірген, жиіркендірген, ашындырған, ызаландырған оқиғалардың жұмыр жердегі өзін керемет демократиялы, керемет мәдениетті деп әспеттейтін Батыс елдерінде, атап айтсақ, Америка, Англия, Ирландия, Германия, Аустралия, Франция сықылды елдерде бірінен соң бірі туылып, туылып емес-ау, шындығында, бұрыннан туылған оқиғалардың бірінен соң бірі айпарадай ашылғанына байланысты, абыройы айрандай төгілген Еуропа христиан діндарлары, оның ішіндегі өздері «құдайдың жер бетіндегі өкілі» санайтын Ватикан папасы күллі адамзат алдында ашық кешірім сұрады! Ватикан папасы Бенедикт XIV өз сөзінде Ирландиядағы христиан, католик дін басылары мен христиан католик діни қызметкерлері тарапынан жыныстық қорлаулар мен жыныстық басқыншылықтарға ұшыраған ирландиялық жасөспірім ер балалардың (еркек балалар, сәбилер) ата-аналары мен туыс-туғандарынан кешірім сұрады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-13 23:46:35

Папаның түсініксіз де ұзын-сонар, дәм-татуы жоқ қатын бұл арада ежіктеп отырмаймыз. Алжыған папаның адасқан нанымның құрбандарынан ашық кешірім сұрағаны – оқиғаның ең жоғары шекке жеткенінен болатын. Мұнан бұрын күллі адамзатты жиіркендірген оқиғалары бірінен соң бірі әшкереленіп жатқан болатын. 2009 жылы мамыр айында қоғамдық қысымдар әсерінде құрылған Ирландиядағы осы оқиғаға байланысты ерекше тексеру комитетінің Ирландиядағы ер балалардың, еркек сәбилердің католик діни қызметкерлері тарапынан жыныстық қорлаулар мен жыныстық басқыншылықтарға ұшырау мәселесін тексеру-зерттеу қорытындысында ашық айтылғандай, жалпы Ирландия бойынша 35 мың жеткіншек осындай ауыз бармас қоршылықтарға үздіксіз ұшырап келген екен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 00:39:02

Аталмыш баяндама өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап 90 жылдарына дейінгі аралықтағы осы тектес екі аяқты хайуандар тарапынан жасалынған барлық тіркеуге түскен оқиғаларды сараптаған, жан-жақты тексерулермен екшеулерден өткен баяндама болып, жалпы 2600 беттен тұратын еді. Христиан-католик шіркеулеріне қарасты жетімдер үйі, жеткіншектерге арналған діни оқыту орталықтары, мектептер, қылмысты жеткіншектерді арнайы басқару орталықтары, панасыздарға арналған құтқару орталықтары сықылды ұйымдарда орын алған осындай оқиғалардың әшкереленуі – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен дау-дамай тудырған еді. Ықпалының нашар болғандығын айтпағанның өзінде, Батыс ақпарат құралдары мен саяси ойыншылары ендігіде өздері сенбегенімен өзгеге жанталаса уағыздайтын жалған діндерінің айрандай төгілген абыройын құтқарып қалуға амалсыз қалған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 00:39:39

Бразилия, Мексика, Аустрия, Аустралия, Швейцария, Америка, Канада, Франция, Германия, Голландия, Италия елдерінің барлығында осы сықылды сұмдық оқиғалар ашыла бастады. Аталмыш елдер христиан-католик дінін ұстанатын, өздерін өзге сары және қара нәсілді адамзаттан артық сезінетін, демократия мен еркіндікті өздерінде ғана деп білетін, көсемсу мен ақыл айтуға келгенде, өзгенің көзіне шұқып, ішкі ісіне араласуға келгенде алдына жан салмайтын, кинолары мен түсірген сериялдарында дінбасыларын сондай бір әулие зат қылып суреттеп, қысылғанға қол үшін созатын, тарыққанға ақыл беріп, адасқанға жол нұсқайтын, ойы ашық та адал, аңқылдаған ақ еділ, ақжүрек жандар ретінде суреттейтін елдер болатын. Жер бетіндегі барша қылмысты тек қана мұсылмандарға арта салатын, Исламды құбыжық ретінде уағыздайтын осы елдердің саясаткерлері Ватикан папасының діни байрағының астында жиналып, бір апанның бөрілері құсап ұйымдасып, тек қана мұсылман елдеріне ғана емес, беюаз һәм жуас, кедей, әлсіз барлық басқа елдерге шүйлігетін, өз ұстанымын тәсіл талғамай тықпалайтын мемлекеттер болатұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 00:56:53

Ал, мұндағы қылмыскерлердің барлығы христиан-католик шіркеулерінің жоғары деңгейдегі діни қызметкерлері болатын. Басы Ватиканның жоғарғы дәрежелі діни мансаптыларынан бастап, өңірлік, өлкелік, штаттық, аймақтық діни басқармалардың, шіркеулердің діни қызметкерлері, поптары, әйел монахтары, бүбілері болатын. Ежелдің ежелінде-ақ, еркек монахтардың әйел монахтарға жыныстық қорлаулар мен зорлаулар жасайтыны белгілі еді. Бұл христиан-католик дүниесінің сыртқа көп ашыла бермейтін ішкі жаралары еді. Ендігіде осы жара тұтас жер шары бойынша бір жолда жарылған сәтте, абдыраған Ватикан папасының жаңағындай ұзын-сонар былжырақ хат жазып кешірім сұрайтын жөні бар еді. Себебі, сол ең жоғарғы жақта отырған Рим папасының өзі де осы сықылды қылмыстар мен күнәлі істерге қатысы барлығы ақпарат құралдарында ашық айтыла бастаған болатын. Өздері мұсылманды жабыла қаралап жатқанда, күйе жағып, құбыжық ретінде көрсетіп жатқанда, өз арттарының, арамдықтарының айпарадай ашылуы күллі Батыс дүниесі үшін оңбай берілген аяусыз соққы болып тиді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 01:08:02

Бір ғана Американың өзінде ілгерінді-кейінді болып 10 мың адам (10000) христиан-католик поптарының өз балаларына (дені еркек балалар) жыныстық қорлау-зорлау, жыныстық басқыншылық жасағаны байланысымен сотқа арыз түсірген екен! Ал, Англияда қылмысын мойындаған, құдайы алдында «өкініш білдірген, тәубаға келген», оқымыстылығы, «имандылығы», «құдайшылдығы» арқылы «қызыл киімді папа» сынды жоғары деңгейдегі діни шен алған поп өзінің қызмет істеген мезгілінде, еркек балаға жыныстық басқыншылық жасауға ерекше құмартатын өзге бір попты біле тұра жоғарғы қызметке қойғанын ашық мойындаған болатын. Ал, Аустралияда жүзден аса поп балаларға жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталған болатын. Ал, күллі Батыс қоғамында Ватикан мемлекетін өз территориясы ішіне алып отырған, ерекше алқаулар мен алғыстарға ие Италия католик қоғамының өзі осы сықылды 73 қылмыстық деломен қатысты болып шыққанын қайтерсіз? Аталмыш 73 қылмыстық істе, жыныстық қорлау мен басқыншылыққа ұшыраған бейкүнә сәбилер мен жеткіншектердің саны 235-ке жеткен екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 01:33:56

Ал қазіргі «тірі құдай» сықылданған Ватикан папасының туған бауырының өзі де Германияда осындай ұятсыз-арсыз іспен айланысқаны үшін сотқа шақырылған, сотталған 200-ден аса Германия поптарының қатарын толықтырған болатын. Папаның туған жері Германияда шіркеулерге қарасты діни және зайырлы жатақты мектептерде осындай қылмыстардың ашылғанының өзі 170 рет болған екен...

Осылай тізе берсек, таңды таңға жалғармыз...

Тіпті кейбір арсыз қылықтарын мойындау барыстарын Батыс ақпарат көздері сот залынан төтелей ақпаратқа шығарғанда, көріп-тыңдап отырғаныңның өзіне қиналып кететін едің...

Сол үшін де Франциядағы ең белді басылым «Дүние газеті» осы тектес христиан-католик діни қызметкерлерінің, поптарының адамдықтан безген барша қылмысты істерін «діни терроризм» деп атауға мәжбүр болған болатын. Көрдіңіз бе, бұл арада тек қана «діни терроризм» деп қана айтылып отыр, Қазірше осынысына да шүкірлік. Бірақ, «христиан-католик терроризмі» деп атамағанының өзі де олардың нағыз екібеткей ұстанымдарының жалпы қоғамдық сипат алатынын көрсетсе керек.

Батыс саясаткерлері өздері жаулап алып, өздері отарлық қырғын салып отырған Ауған, Ирақ сықылды елдердегі тірлік жолы қалмаған, аштан бұралған, аурудан қырылған, ашынған бұқараның амалсыздан жасаған қарсылығын «Ислам терроризмі» деп атап, күллі Исламға қара күйе жаққанда, католик Ирландиядағы тынымсыз жарылыстар ұйымдастыратын, Ирландия бірлігін мақсат еткен, Англиядағы Ирланад жерін қайтарып алуды аңсайтын «лаңкестерді» ешқашан «католик терроризмі» деп атамайтын еді. Жапониядағы жер асты пойыз жолына улы газ жіберіп, қаншама адамның жанын алған кертартпа аздырғы дін «Ом ақиқатшылдарын» ешқашан «бұдда террористтері» демеген еді. Филиппиндегі мұсылмандарға қарсы қырғындар ұйымдастырғыштарды да «католик лаңкестері» атамайтын еді. «Шығыс тиморды» мұсылмандардан дербестендіргенде де, олардың салған ойраны мен қырғынын лаңкестік бағаламай, «Ұлт азаттық күресі» ретінде бағалаған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 02:08:14

Мың-сан аздырғы діндер жиналған, бір ауданы сиырды құдай деп табынса, бір ауданы пілді құдай деп табынатын, бір ауданы маймылды құдай деп сенетін, құрапаттық нанымдарымен құрдымға бара жатқан Үндістанда сол аздырғы, адасқан діндердің барлығы басын біріктіріп, Алла жолындағы мұсылмандарға қырғындар мен сойқандар салғанда, мешіттерді өртеп, Құранды аяқтарымен таптағанда, ешбір саясаткер «хинди діні терроризмі» немесе «бұдда терроризмі» немесе «шик діні терроризмі» атамаған болатын. Мемлекеттік ең жоғарғы орталық телеарналарынан бақсылары мен монахтары оқыған, дұғалаған «қасиетті» тұмарлар мен ішірткілерді жарнамалайтын Үндістан елін ешкім де оның ақылға сыймайтын діни нанымдары үшін келемеждемейтін, күлкіге қоспайтын немесе ажуалап карикатура салмайтын еді...

Себебі, біреу ғана болатын. Алланың ақиқатына қарсы шайтани көзқарасқа белшесінен бата шырмалған, көзі көлегейленген, санасы уланған, көкірегі көрсоқырлықпен тығындалған адасқан адам баласы бірден-бір жалғыз ақиқатты мойындап, қабылдай алмайтын еді. Мың сан сүрдекке түсіп, мың сан бұралаңды басып, жаралмыштың ақиқаты мен сырын іздеген адам баласы өз бойындағы шайтани нәпсілерінен арылмайынша, нағыз ақиқатқа жете алмайтын еді. Әрине, Алланың қалауы ғана нағыз ақиқат. Алла ғана өз қалаған пендесін дұрыс жолға салуға қадыр еді. Өзін керемет санайтын, өздерін ғұлама, білімді, кемеңгер, тарлан тарихтың жаратушылары, мыңдаған жылдық шұғылалы мәдениеттің жаратушылары санайтын немесе құдіретті империялар мен мемлекеттер құрғаны үшін мақтанатын сан қауымға бұйырмаған Алланың ақиқат жолы азғантай қазақ баласына бұйырғанын ойласам, Алланың өз халқыма берген сансыз нығыметтері үшін шексіз шүкірлік етемін! Пайғамбарлардың әкелері мен шешелеріне бұйырмаған, балаларына бұйырмаған, туыстарына бұйырмаған иманды бізге бұйырған Аллаға сансыз мадақтар айтатын едім...

Иә, Аллаһ, пендеңді қашан да дұрыс жолға сала көр, ақиқаттың нұрлы жолына сала көр. Қазақ халқыма екі дүниенің де нығыметін аяусыз бере көр. Шапағатыңа бөлеп, бұл дүниеде бақытты, баяшатты, иманды, ибалы ғұмыр бере көр, ол дүниеде өзіңнің сүйген құлдарыңның қасынан орын бере гөр... Әмин!...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 03:39:32

Ватиканның қорланған сәбилерге қарата төлеген төлемі миллиардтаған долларды құрады. Әдетте, қит еткен сот пен тырқ еткенді бақылап, қадағалап отыратын Батыс қоғамы, Батыс ақпараты осыншама былыққан атышулы істердің басы мен аяғында тұтасымен үнсіз қалып қалуға тырысты. Бірақ, қорланған, ашынған адамдар ереуілдерге шығып, сан-алуан дәлелдерді тауып, тіпті, бас папаның дүниедегі барша католик папаларына арнап жазған құпия хатын да тауып шығады. Батыс саясаткерлері мен Ватикан побы және соңғы бір ғасыр барысында мұсылманды ғана күстәналауды ортақ мүдде қылған барлық Батыс қоғамы жарты ғасырдан бері жең ішінде жасырып, ымы-жымын білдірмей келе жатқан сыздауық ақыры осылай жарылып тыныш болған еді.

«Мақтаған қыз тойда осырады» деген осы болды. Бүкіл жер шары бойынша мұсылман дініне жала жабу мода болып, мүнәфиқтер мен кәпірлер барлық жерде мұсылманға найза үшін кезеген қиын сәтте, Батыстың идеологиялық тағаны болған христианның, оның өзінде де адалдық пен адамдықтың үлгісі ретінде көкке көтеріле марапатталып келе жатқан поптардың хайуани ұятсыздығының бүкіл жер шары бойынша кеңінен тарап, нағыз арсыз, ұятсыз, адамгершілікке жат әрекеттер жалған наным мен адасқан қауымның қолымен істеліп келе жатқаны айдай анық болғанда, Батыс қоғамы басын салбыратып, өздері қазған көрге өздері түскендей болған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 04:00:25

Голландиядағы поптардың ұятсыз, арсыз қылықтары адам баласына бір нәрсені ұғындырғандай. Қылмыстары дәлелденген поптардың бір діни аймақтан екінші бір діни аймаққа қызметінің ауыстырылуы, басқа ешқандай қылмыстық жазаға тартылмауы Батыс қоғамындағы екібеткей демократияның нағыз көрінісі болса керек, бірақ бұған наразы адамдар да өз құқықтарын пайдаланып, наразылықтарын айтып қалды. Осыншама көп наразылықтар нәтижесінде ғана Аринхем қаласындағы жоғарғы соттың барлық мүшесі қызметінен кетуге мәжбүр болған еді. Ал, Бельгияда жылына осы тектес оқиғадан 300-і туылатынын ойласақ, поптарды поп дегеннен гөрі азғындар деп атағың келеді. Жетпіске жеткен Марсман поптың айтуында, Донруадағы шіркеудегі поптар мен ондағы діни оқу оқитын жастар мен жасөспірімдер арасындағы бәтшағарлық қатынастар да шегінен шыққан екен. Ақырзаманның азғын қауымы осылайша қой терісін жамылған қасқыр екендіктерін де шынайы дәлелдеп келеді. Еврейлерге тізгінін ертеден-ақ ұстатқан Голландия елі осылайша былықтың көкесін көріп жатқан болатын. Ендігіде Батыс қоғамының өзгеге қарайтын беті де қалмаған болатын. Ақыл айтып көсемсу түгілі, өз қоғамындағы осыншама шектен шыққан қылмыстарын бүркеуге де амалсыз қалған Батыс идеологтары үшін, бұратана елдердегі діни аздыру-тоздыру, ұлттың өзегіне құрт салудың тың жолы ретінде Корея сықылды дінге жаңадан келген азиялық ел керек болған еді. Бұл күнде Қазақстандағы қаптаған кореялықтардың (әрине, Оңтүстік кореялықтар) қазақшаны судай біліп, қазақша сарнағанда өзіңді жаңылдыратынының өзі осындай қажеттіліктен туындаған болатын. Мешіті жоқ ауылға шіркеу соққыш корейлер Қазақстанның қазағы мол ауылдарын жаулап болған болатын. Соңғы жылдары телеарнадан қазақтың ақындарын тамашалай алмайтын ауыл қазағы түріктің қатындарын көре-көре жалыққанда, жағымды да жақсы түсірілген киноларымен Қазақстан қауымына жақсы образ қалтырған Оңтүстік кореялықтар Алматыда өз киноларын жанталаса жарнамалап, тегін аудартуға кіріскенінің ар жағында, осы дін тарату міндеттері тұрған болатын. Аңқау қазақтың ауылдағы ұлы мен қызы Корейдің адал махаббат пен таза сезімді әспеттеп, аспанға ұшырған сериялдарын көріп отырып етегі жасқа толғанында, жүрегінің де корейлер жағынан жадыланып бара жатқанын байқамай қалған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 04:12:43

Іле-шала Інжілдерін құшақтай есіктерін қаққан корейдің жылы жүзді ұлы мен жымиған қызына «кет ары» айтатын қазақ аз еді. Сананы жаулаудың сан өнерін меңгерген, арнайы тәрбиеден өткен қулар аңқау да адал қазақтың біразын аздырып үлгірген болатын. Үрімжідегі христиан-католик шіркеулерінің де қоңырауы соңғы кезде қатты соғылатын болып жүр. Қазақшаны Қазақстаннан емес, Қытайдан келіп үйренетін жымысқы қулардың мұндағы екі миллион қазақты ұмыта қоюы мүмкін емес болатын. Шяңгаңда (Гонконгта) болған кезімде, шяңгаңдық қытай қызымен үйленген талдықорғандық қазақ жігіттің осы тектес аздырғы дін таратумен айналысатынын Қытайдағы қазақ тораптарына біраз уақыт бұрын жазғанымда да, ұлтымыздың тамырына дендеп бара жатқан қауіпті індеттің қатерін сезген жүректен шыққан ащы айқай болатын. Шяңгаңдық қытай қатынын Алматыға арнайы жіберіп қазақша оқытқан пысық жігіт ендігіде Үрімжіге қоныстанатынын айтқанда, маған олардың не мақсатта Үрімжіге қоныстанатыны бірден белгілі болған болатын. Қос азаматтықты қылмыс ретінде қарайтын Қазақстан заңдарын аяқ асты қылған Қазақстан азаматы Канаданың паспортын да жасырын алып алғанын айтқан еді, енді Шяңгаң (Гонконг) азаматтығына өтініш берген. Себебі, Шяңгаң азаматы болса, бүкіл Қытайда емін-еркін жүре алатын еді. Қытайдағы қазаққа аздырғы дінін де емін-еркін тарата алатын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 04:24:09

Орыстар да оңып тұрған жоқ болатын. Кирилл Патриархтың өзі бүкіл орыс православ дінінің көсемі болған салауатына қарамстан, батшағарлықты мойындап «бәтшағарлық-жеке адамның шаруасы, оны құрметтеуіміз керек» дегенінің өзі шынайы провослав қағидаларына қайшы іс болатын. Христиан, католик, провослав діндерінің осылайша қатты бұзылуға баруының жалғыз ғана себебі, олардың адасқан ағымдар болғанынан еді. Тұрақты нанатын бұлжымас ақиқаттары жоқ, қалай созса солай созыла беретін, құбылмалы, құйқылжымалы діндерінің кетуін кетіріп отырғандар да нақ өздері болатын. Бидғаттық өзгертулерге тыйым болмаған жерде, құдайдың хақ сөзінің шайтани нәпсімен қалағанынша өзгере беретінін бұлар білмеді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 05:28:21

Шынжын, Жухай, Гуаңжоу, Шяңгаң, Аумын арасында жүре-жүре жалыққан менің ауылға қайтатын мезгілім де жақындаған болатын. Ауылды қанша сағынсам да, ғаламторсыз жабық дүниеге жолағым келмейтін. Шынжынның Шыкоу (жылан ауыз) портынан Жухайға барған сайын мұндағы қазақшаға жақын жер аттарын көрген сайын ауылымды аңсайтынмын. Мысалы: Шыкоу –жылан ауыз, Шаң Ша – бас құм, Шя Ша – аяқ құм, Шынжын – терең сай, шұңқыр арна, Жухай – маржанды, маржан теңіз, Шяңгаң – жұпар кемежай, жұпар кемелік, т.б., өстіп әр кезіккен жер аттарына қазақша аударма тауып ермек қылатын менің ауылға деген сағынышымды басатыны жалғыз ғана қазақы кітаптар болатын. Кітапты оқыған уақытымнан ойланған уақытым көп болатын менің үнсіз қиял сүріп ұзақтан-ұзақ отыратыным өзім жатқан қонақ үйдегі күтушілерге басқаша әсер беретінін кейін барып байқадым. Бір жақсысы Шынжында, әсіресе, Луоху аумағында, түріктер мен арабтардың ресторандары бар болатын. Өзге мұсылманша ресторанға қарағанда, біріншіден тыныш, екіншіден ерекше таза еді. Мұның сыртында, мұнда келетіндер де өзін-өзі сыйлайтын адамдар болатын. Күніне әлденеше рет жаңбыр жауатын оңтүстік теңіз жағасында, дымқыл да ыстық ауада тынысым тарылып жүргенде, Мәскеуге кеткен орыстармен кем дегенде жүз рет хат алысқасын, мың рет телефонда сөйлескесін барып екінші рет жүздесуге келістік...

Әй, бюрократтық-ай деші...

Ары қыртысып, бері қыртысып, Гауайда кездесуді сұрай берген орыстардың талабын мен қатал түрде қайтарған едім. Гауайға бармақ болғандағы мақсаттары да айқын еді, жұмысты сылтауратып ойын-тамаша жасамақ еді. Ең соңында маған да, оларға да қолайлы Алматыда жүздесуге келістік. Себебі, маған Алматыға бару қолайлы еді, ал оларға Қазақстанға виза сұрамайтын. Ал, Мәскеуге бару, тек, ең соңында ғана болатынын мен білетін едім, себебі осы жұмысқа жауапты мынау бюрократтар, кем дегенде, жарты жер шарын аралап, ойнап-күліп, құмарларынан шықпайынша, соңғы қол қою басқышына жету мүмкін емес еді. Олар ендігіде Алматыда кездесудің уақытын ақылдасуға уақыт сұрады. Негізінде Кеңес Одағын құлатқан да осы оңбаған бюрократтық болса керек. Жер бетіндегі ешқандай елден кезікпейтін осындай қағазбастылықты, тек қана Кеңес елдерінен ғана көруге болатын. Мен олардың жауабын күткен жоқпын, Алматыда күтетінімді айттым да ауылға қарай кетпекке дайындалдым. Себебі, ауылдан Алматыға жету өте оңай болатын. Әрі ауылды қатты сағынған едім. Қазақтың иісін сағынған болатынмын. Қазы-қарта, қымыз-шұбаттан бұрын, қазағымның өзіне ғана хас мейірбандығы пен жылылығы, ыстық құшағы мен бала сықылды аңқау да адал, ақ еділ мінезі өзіне аса бір шексіз іңкәрлықпен тартатын еді. Бірақ бұл ойымнан дереу айныдым. Себебі, мені Үрімжі әуежайындағы кедендік тексерулерде сұрайтын діни рұхсат қағазы қинайтын еді. Қажылыққа бармайтын болып, қасыңа біреуді кепілдікке алып, оның мекемесінен таңба бастырып, мың сан әуремен бітетін осындай тірліктерді ежелден суқаным сүймейтін еді. Ал, таңба бастыратын жердегі маған жауапты бөлімше аумақтағы бәсекеңнің қырсықтылығы мен керенаулығына шыдай алмай, онымен ұстасып қалғаным да бар болатын. Әлін білместен маған қызғанышпен қырыстана қарайтын, барлық істеріме мүмкіндігінше кедергі келтіріп көруге тырысатын оған төтеден-төте қытайлардың бір мақалын сыйға тартқан болатынмын, ол мақал “阎王好过, 小鬼难缠” еді. Мағынасы: «Төрдегі төреден есіктегі құл қиын» еді. Осыны ойладым да төтеден-төте Шынжыннан Бейжіңге ұштым да кеттім. Бейжіңнен төте Алматыға ұшатын ұшақтың билетін алу біраз әуре балғанымен, ондағы кеденде жаңағы діни қағазды сұрамайтын еді. Маған Бейжіңнің ұнайтын жері де осы болатын. Біздегі Қорғас, Алатау аузы, Үрімжі кедендері денсаулық анықтамаларыңды да ыждағаттап тексеретін. Ал, мұнда оны сұрайтын пенде де шықпайтын. Ешқашан да!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 05:47:05

Бейжіңде шоғырланған қазақтың азғантай зиялы қауымымен жүздесуге де уақыт ажырата алмадым, негізінде Күлтегін сықылды тораптарды жүргізіп отырған азаматтармен жүздескім бар болатын. Оның сыртында, мұнда қазақтың біраз қаламгер ұлы жиналғантұғын. Ғаламтор арқылы сырлас, сұхбаттас болған қаншама ойлы да, дарынды азаматтар бар еді осы қалада. Телегей теңіздегі құрттай ғана арал құсаған Бейжің қазақтары өзгеше бір шоғыр топ болатын. Ішкі Қытайдың ірілі-ұсақты қалаларында көп жүрген менің кездескен, жүздескен, сырласқан адамдарым да аз емес болатұғын. Соңғы кезде жұмыс бабымен ішкі Қытайдың ірі қалаларында қалып жатқан қазақтың ұл-қыздары мені көп толғанысқа салатын еді. Маған қатты әсер еткені – ішкі Қытайдағы жоғары жалақылы қызмет үшін ғана сонда қалып қойған қазақтың қаракөз ұл-қыздарының таңғажайып тағдыры еді. Қытайдың жігітіне күйеуге шыққан қазақтың қызы Бидайхы да теңіз жағасындағы құмда, жападан-жалғыз «ахау-айға» басып, қазақша ән айтып, демалып жатқан мені көргенде, бас салып көріс айтып жылағанын ойласам, осы уақытқа дейін жүрегім езіліп кететін еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 06:03:04

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-14 06:04 да өзгерткен

Ол бір көктем мен жаз арасы еді. Есімде қалуынша 2007 жылы болатын. Алматыдан Бейжіңге келіп, мұндағы жұмыстарымды тәмамдап болғасын Бейжің қаласында аз уақытқа қалып демалған болатынмын. Ары-бері сапырылысқан, құмырсқадай құжынаған қытайларға қарап отырып ойға шомғанды ұнататын едім. Баяғының баяғысында арғы туыстарымыз құбылайдың бұл қаладағы басқан іздерін іздегім келетін. Онан бергі көшпенді туыстарымыз шүршіттердің Інген тауларын мекендеген азғантай ғана халық болса да, теңіздей тулаған, құмырсқадай құжынаған осыншама көп қытайға қалайша шамасы жетіп билік құрғанын ойлайтын едім. Ақ жүзді, не ақсары жүзді, жалпақ бетті, қазаққа ұқсастау келетін әрбір қытайға алыс замандарда айырылып, жоғалтып алған бір тумама қарағандай қарап ой шүңетіне шоматын едім...

Бейжіңге барған сайын ондағы хан ордаларына, шүршіт патшалары салдырған бақшаларға бармай кетпейтінмін. Жебе, қорамсақ, үкілі найзаларды көрген сайын денемдегі көшпенділердің қаны таси жөнелетін. Маған керегі де осы сезім ғана болатын. «Атаңды қара тауда бір жеңгенмін» деп елірген бір елітпе сезіммен шырын қиялдар құшағына сүңгіп, құжынаған қытай ішінде жалғыз қазақ болып жайдан-жай қыдырғанды ұнатушы едім.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 09:12:45

Ішкі Қытайдағы мықты деген университетті тамамдаған жаңағы қаракөз қарындасымыз әу бастан Үрімжіге келген екен. Мұнысы жазылмаған заң бойынша еді. Қытайдағы қазақтың зиялысы мен кәсіпкері жиналған Үрімжіде қазақтар мол болатын. Өкініштісі, өз мамандығын ең үздік болып тауысқан, қытайшаны судай сапырып, ағылшыншаны ағылшыннан арман сайрайтын қарындасымызға Үрімжіден ойдағыдай жұмыс табылмаған екен. Ары да барып, мында барып, табанынан таусылғасын, ішкі Қытайда оқыған шағында өзінің қолына су құйып беруге де шамасы жетпейтіндердің шетелдің мықты серіктіктерінде жұмысқа орналасқанын көргесін, амалсыздан аттың басын кері бұрған екен. Әрине, ата-ана, туыс-туманың қарсылығына қарамастан.

Бара сала, шекесіне шертіп отырып Американың мықты бір серіктігінде жұмысқа тұра қалады. Қызу жұмыс, жоғары жалақы, құрмет пен атақ, қанша жұмсаса да, қалай жұмсаса да таусылмайтын, кеңінен, молынан жететін ақша... Сонымен, айлар ауысып, жылдар жылжи бастайды. Жұмыста біліміне жарай, өрлеу мен көтерілу болады. Шетелдерге ауық-ауық іссапарға шығып тұрады. Малайзия, Индонезия, Сингапурды ауыл-үйдің арасындай аралап, апталап шапқылап тұрады, Америка, Канада, Еуропа таңсық болудан қалады. Аустралияға барғысы да келмейтін болады. Өстіп жүргенде қарындасымыздың жасы да біраз жерге барып қалады. Оң-солына қарай бастаса, бір де бір қазақтың жігіті жоқ еді. Жақындау маңдағы қалалардағы өзі қарайлас жігіттердің көбі үйленіп кеткентұғын немесе қолды бір сілтеп ауылдарына тартып тұрғантұғын. Ал, мынау құжынаған қытайдың шет қаласында жападан-жалғыз жүрген өзі неден ұтылғанын енді ғана байқай бастайды. Енді, басқасының барлығын қайырып қойып жігіт іздей бастайды. Жоқ. Ары іздейді, бері іздейді. Жоқ! Көкектен көкек ауыстырып, Бозбаланың сұхбатында таңды-таңға ұрса да, өзі қаралы қазақ таба алмайды. Көбісі үрпек бас бала мен балақайлар. «Тәте» деген атау да айтыла бастайды. Бастабында түрпідей тигенімен, соңыра оған да құлағы үйірлеседі...

Тума-туыс, ағайын-жұрт таныстырған жігіттерді өзі менсінбейтін еді-ау. Ол заманда, ол жігіттердің біресе білімін, біресе түрін, біресе жүріс-түріс, киінісін жақтырмай кекірелеп біраз жүрген болатұғын. Қазақы қалжың айтса, шоршып түсетін, себебі, қалжыңға бейімі жоқ болатын, қытайша оқыған еді. Қазақшаны дұрыстап та түсіне бермейтін. Абайдың өзін Қабайдың аудармасынан оқып, «е, Абайың да осындай бір қазақ екен ғой» деп қоя салғаны бар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 09:13:07

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-14 11:31 да өзгерткен

Жанталасып жүріп қазақтың бір-екі жігітімен араласады, ұшақпен ұшып барып, туылған күндерін тойласып, ұшақпен ұшып келіп жүрді. Үміттенген жігіттері бұны қатты үмітсіздендіріп кетеді. Ақылына көркі сай, парасатына пайымы сай жігіттердің іздегені жас қыздар болып шығады, өзі болса, рақымсыз уақыттың салған ізін жасыра алмас жасқа барған болатын. Сонда да күдерін үзбей, ендігіде «Кәсіп түбі-несіп» деп, ішкі қытайдың қалаларын шарлап жүрген қазақтың тынымсыз кәсіпкер жігіттерімен таныса бастайды. Ұшарын жел, қонарын сай білетін, ақшасы жапырақтан көп, дәйкуәні (несиесі) топырақтан көп жігіттерден өзі қаша бастағанда, мұның қазақшасының кемдігін көріп олар мұнан қаша бастаған болатын. Оларға керегі жатып жастық, иіліп төсек бола алатын қазақтың нағыз төл тума қызы еді. Ата-енесін сыйлай білетін, қазақша тәрбие көрген қызды аңсамайтын жігіт болмас-ау... Сөйтіп жүріп, бірінен өзі қашып, бірі мұнан қашып жүргенде, рақымсыз уақыт өз таңбасын денсаулығына сала бастаған қорқынышты мезгілдің аз алдында ғана, әйелдік борышын өтеу үшін, ана болу арманын іске асыру үшін, өз хромосомасын жалғастырған, өз ішінен жарып шыққан бала сүю үшін...

Артынан жылдар бойы үзбей салпақтап келе жатқан жат атаның баласының өтінішін қабылдамауға амалсыз қалған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 09:14:27

Ата-ана қалды қарғап-сілеп. Ту баста естігенде талып қалған екен анасы. Дос-жаран кетті теріс қарап. «Ауылдағы алқашқа тисең де, андағы сүмелектен артық еді ғой» деп зарлап аға қалды. «Бетке шіркеу келтірдің» деп еңіреп бауыр қалды. Сөйтіп жүргенде, ортада бала болды. Қатыгез әке мұның үйге қайтуына жол қоймады. «Шіріген жұмыртқамсың» деп біржола кесіп айтты. Жылап-сықтаған шешесі әкесінен аса алған жоқ. «Келсең, бауыздаймын да тастаймын, сосын абақтыға өзім-ақ барамын» деген әке сөзі атылған оқтай еді. Баяғыдан айтқанын орындатып отыратын әкесі шынын айтқан болатын. Бір жылға жетпейтін уақыттың ішінде 20 жылға қартайған әке, ішті жайлаған өкініш пен дерт ішінде, құса мен қайғы-қасірет ішінде, бармағын шайнап, запыранын ішке жұтып, сұмдық бір жағдай астында, нәр татпай, жартылай есалаңданып барып жан үзген екен...

Жан үзерінде айта берген бір ауыз сөзі ғана болыпты, есіне қызының баяғыдағы бала күніндегі өзі қолынан жетектеп мектепке апарған шағы елестей берсе керек, соны өзі, біресе қызы болып, кішкентай қыздың дауысына салып, біресе, өзі болып, өз дауысына салып қайта-қайта қайталап барып жан үзген екен:

– Әке, әкетай, мен қытайша оқымаймын, бұлардың тілін түсінбейді екенмін. Қасымызда қазақ мектеп тұрса, мені неге қытайшаға бересіз?

– Қызым, тыңда, қытайшаны бір демде-ақ үйреніп кетесің. Енді, қазақша есқатпайды, қазақша оқыған мендей-ақ болар, мен неге жеттім? Мен қандай мықты оқыған едім, бәрібір бұл күнде қытайша оқымағаным үшін, өсе алған жоқпын. Болмаса, бастық болып шіреп отыратын-ақ едім. Қара, анау Кә жұйжаңды (мекеме бастығы), баяғыда менің қолыма су да құйып бере алмайтын нағыз топас болатын. Қара санына біз сұғып алсаң, бір жылдан соң ауырғанын сезетін суми бұл күнде шіренген бастық...

–Әке, әке, қытайша оқығандар ғана өсе ме?

–Иә, қызым, қытайша оқыған өседі, қазақша оқыған өшеді. Бара-бара қазақша мектептер де құриды, қара да тұр...

– Әке, ендеше, біз неге қытай бола салмаймыз? Қазақ болу пайдасыз екен ғой...

«Қазақ, қазақ, қазақша» деп құтырына айқайлап, долырып, жан-жағына қарап, өз қызының атын атап шақырып, біресе жылап, біресе күліп жан үзген әкенің жанарында соңғы бір тамшы жас үзілмей қатып қалған екен. Өмірінде жылап көрмеген тастан бетер қатты жанның соңғы ақтық минуты жылаумен аяқтапты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 23:50:54

Жақында ғана Үрімжіде бір кісі қайтыс болған болатын. Қазақ. Бірақ, өмір бойы ішкілікпен ғана кеткен кісі еді. Ішкі Қытайдан арнайы үлкен қызы мен күйеу баласы келді. Күйеу баланың ұлты қазақ емес, шүршіт. Бірақ, бір қызық жері - мұсылман дінін қабылдаған шүршіт. Сүндеттеліп, өз тұрған жеріндегі мешітте өзге түңгендерге уағыз айтатын білімді мұсылман екен. Ал, қыз болса, ол кәдімгі таза қытай сықылданып кеткен болатұғын. Таза Пекинше сөйлей алса да, өзі тұрған өлкенің жергілікті акцентімен сөйлеп кеп жібергенде, құлаққа түрпідей тиеді. Ол өлкесі, бір, шығыстағы дамыған, бақуатты да бай өлке болып, соңғы кезде Қытай жастарына моды болып сезілетін, керемет «авангарт» өлке болса ғой, немесе Шаңхай, Гуаңдұң өлкесінің тілдері сықылды өзге өлкенің жастары еліктейтіндей тіл болса ғой, «е, байғұс, кинодан көргенін істеп, көзсіз еліктеп жүр» дей салар едік, оның сөйлеп отырғаны кәдімгі Хынән акценті болатын. Хынәндықтың обыразының бүкіл Қытайда қандай екені белгілі. Бүкіл Қытай Хынән десе шошып кетеді. Хынәндықтың өзі де өзін өзгеге Хынәндықпын деп айтқаннан намыстанады. Ал, біздің қыз «мақтанышпен» сарнап отыр...

Ырғағы дегенің сондай дұрыс...

Сіңгенде де осылай сіңеді екен-ау. Қызына «Барған жеріңе балдай жақ, тастай батып судай сің» деп жататын ақылдың басқа түрін емес, тек осы түрін ғана қабылдаған екен сойқаның.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 23:51:23

Өмір бойы ішкілікпен өткен әкенің қызына тәрбие бере қоярлықтай шамасы болмағаны белгілі. Ақтық сапарға аттанар алдында да тілін кәлимаға келтіре алмай кәпірлерше өлген өлімді ақкөңіл қазақ арулап жуып, жаназасын шығарды. Нағыз мұсылманша болғанда молдалар мұндай арам өліммен өлгендердің жаназасын шығармауы керек еді. Өзіне-өзі қол жұмсағандар мен арамы жолмен өлгендерді мұсылман ұғымында қатты жек көреді, Аллаға жасалған қарсылық ретінде бағалайтын еді. Әкемен қатар жарыса ішкен аға да мұндағы үйдегі үш әйел затының соры болғаны шын еді. Екі қыз туған ана-қазақтардың осындай ішкіштігінен әбден запы болғаны соншалық, қыздарына қазаққа күйеуге шықпауға кеңес берген екен. Бала күнінен үйінде көргені тек қана ұрыс-керіс, жанжал, быт-шыт болып сынған үй мүкәмалдары, сынған жақ, ісінген көз, аққан қан, ұшқан тіс, өкпеге тығылған қабырға болғаннан соң, мұндағы екі қыз да қазақтың еркектерінен жеріне жете тойына жек көріп кеткен екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 23:51:38

Бала күнінен Үрімжіде қытайша мектепте оқыған қыздардың нағыз қазақтың қандай болатынын білмейтіні айдай анық шару еді. Көзін ашқаннан көргені – үйдегі екі еркектің қырғын төбелесі мен араққа сылқия тойып алған соң, үйдің ішін быт-шыт қылып шағып тастайтын оңбағыр қылықтары еді. Оған қоса, олардың айналасындағы ағайын-достары да өздері сықылды өмірден күдерін үзген қалың ішкіштер болатын. Бірін-бірі іздеп табысқан тірлігі бір, тынысы бір ішкіштердің дені қазақ еді. Қақаған аязда шешелерімен қоса үйден қуылып шығып, дірдектеп далада жүретін үш сорлы үшін алғанда, барлық қазақ осындай алқаш болып, оңбаған болып сезілетіні шын ғой. Оның үстіне анда-санда бола қалған туыс-тумасының тойларында болғанда, көретіндері де кілең ішіп отырған қазақтар. Қасқасы мен жайсаңы, ел сыйлайтын азаматының өзі «өлгенде көрген бір тойларында» қызара бөртіп, қыза сөйлеп отырғасын, ішпейтін қазақ бар дегенге бұл екі қызды сендіру ертең күн батыстан шығады дегенге сендіргенмен бірдей еді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 103 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)