Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-14 23:51:51

Оқуға өткенде таңдағаны ішкі Қытай болды. Шешесі қан орталықтарына қанын сатып жүріп үлкен қызды оқытқан болатын. Оқыған, тоқыған қыз кісі қолына қарамас деп ойлаған болатын. Себебі, өзі үйде отырған кісі еді, алқаш күйеуі заводтың жұмыскері болатын. Өмірі қоршылықта өткен ана өз қыздарының бақытты болуын тілейтін еді. Қызы қытайланған шүршіт тапқанда қарсы болған жоқ. Тек, сұраған бір сұрағы ғана болды. «Іше ме?» деді жалғыз ғана. «Жоқ» деген жауапты алғасын, үйлене беруіне келісімін бере салды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 02:13:46

Шүршіт күйеу баланың мұсылман болуына қазақ қызының ықпалы болмағаны шын еді. Себебі, екеуі жоғары оқу орнында бірге оқыған заманда, шүршіт жігіті мұсылман дінін қабылдамаған кезі еді. Оның үстіне қыздың діни сауаты бар мен жоқтың арасында ғана болатын. Шошқа етін жемесе ғана мұсылман болады деп ойлайтын. Қорқыныш пен жоқшылық ішінде өткен барлық балалық-жастық шағынан соң, дербес күн көрген осы күндері ол үшін жәннат сықылды болатын. Қарап отырып, баяғыда бір естіген уағызым еске түсетін еді. Бір ғұламадан бір христиан сұрайды ғой болашақта мұсылман мен кәпір арасындағы байланыстың қалай болатынын. Сонда жаңағы ғұлама айтқан екен дейді, «олар бірінен-бірі жүкті болады» деп. Сырлы сөздің шешімі –мұсылманнан кәпір ұрпақ тууы мүмкін екенін, ал кәпірден мұсылман ұрпақ пайда болуы мүмкін екенін айтып отырса керек...

Дүние ғаламат-ақ. Көрмегенді көресің. Ата-бабасы мұсылман болған қазақтың қызы мұсылмандық жолды ұстанбаған да, ата-бабасы мұсылман болмаған шүршіттің жігіті тақуа мұсылман болып шыққан. Қазақстанда жүргенімде мұсылман болған орыстар мен кәрістерді көп көрген болатынмын. Соңғы кезде мұсылмандану үрдісі қатты дамып келеді Қазақстанда. Ресейдің өзінде мұсылмандардың ықпалы күн санап артып келеді. Мұсылман болған орыстардың қауымдастығы да күн санап дамуда. Ал, Қытайдың өзінде хәнму деген бір ғажап атау қалыптасты. Бұл, мүмкін, осы уақытқа дейін қытай сөздіктеріне кірмеген тың сөз болса керек. Хәнму (汉穆) ұлты – қытай, діні – мұсылман деген мағынадағы сөз еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 02:25:56

Осындай ұлты қытай болғанымен, Ислам ақиқатын қабылдаған қытайдың бірі және бірегейі, атақты ғалым, философия ғылымдарының докторы Сұн Хұң Жюан (孙红娟) еді. Осы тектес қытайлардың саны күннен күнге молайып келе жатқаны шын болатын. Себебі, адам баласы тумысынан ақиқат жолын іздейді. Қайдан келгенін, қайда барарын ойламайтын адам – қарынның құлы ғана. «Ақылды адамға иман парыз, иманды адамға ғибадат парыз» деген ұлы Абайдың ақылиясы осындайға қаратылып айтылса керек. Иманды айналасының ықпалында емес, ақылының, парасатының, тынымсыз ізденісінің арқасында тапқан осындай мұсылмандарды көрген сайын маған мүлде басқа бір жылы ойлар келе береді. Мүмкін, ақырзаманға жақындаған сайын, мұсылман қауымдары өз денесіндегі паразит құрттарынан арылып, ада-күде ажырасып, мұнапиқтары мен екібеткейлерін өз денесінен екшеп шығарып тастап, тап-таза, мөп-мөлдір, кірсіз, риясыз бейне, ең алғаш мұсылман ақиқатын қабылдаған адамдардың деңгейіне парапар деңгейге барар. Ал, кәпір қауымының ішіндегі Алла ақиқатын іздегендер өз тамырынан алыстап, шұғылалы жолға түсетін болар. Иә, құдіреті күшті Алла, кімді қаласа соны дұрыс жолға салады ғой, ал кімді қаласа, соны аздырады. Алла - ұлы!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 02:38:57

Ал, Пекин университетінің докторы, мұсылман дінін қабылдаған 陈志红 Чын Жыхұң өз алдына бір әңгіме болатын. Жыжиаң университетіндегі мұсылман қытай студентінің оқыған лекциясы Қытай қоғамында кәдімгідей зор дүмпулер тудырған болатын. Қытай қоғамы соңғы кезде бірте-бірте ашықтық пен жариялылыққа бара жатыр, мұнда ғаламтордың үлесі шексіз. Ғаламтор мүмкіндігін пайдаланған қытайлар ашық саналы, еркін ойға құрылған пікірлерін жария етіп келе жатыр. Шетелдің бейресми дерек көздеріне қарағанда, Қытайда католик-христиан дінін қабылдаған қытайлардың саны 2-3 жүз миллион болуы мүмкін дейді. Егер, шын болса, бұл аса қомақты сан болатын еді. Ал қытай текті мұсылмандардың қанша екендігі туралы санақты ешкім де жасамаған болса керек. Мұның себебі, католик-христиан ағымдарының Қытайға таралуының, еуропалықтардың оны дінсіз Қытай қоғамына тәсіл талғамай тықпалауының арғы жағында «құдай алдындағы сауаптан» гөрі, сайқал саясат жататын болса, Исламның Қытайда таралуы ондай саяси сайқализммен мүлде қатыссыз еді. Діннен гөрі саяси партияға мүшелікке қабылдауға көбірек ұқсап кететін христан-католик ағымының шоқындыру барысы – құдай ақиқатын аңсаған қытай жамағатын адасқан бір бағытқа алып бара жатқан болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 15:44:15

Шетелдерде дүңгендерді мұсылман қытайлар деп те атайды. Бұл шындығында дұрыс атау емес еді. Дүңгендердің қытаймен байланысы туралы бұл күнде көп зерттеулер бар, осыншама мол қытайдың ішінде мың жарым жылдан бері жасасып келе жатқан, мың сан нәубеттерді басынан кешсе де, діні мен жолына беріктігін мойындамай болмас еді. Ал, Батыс қоғамының түсінігі бойынша болғанда, NATION әрі ұлт мағынасын, әрі мемлекет мағынасын береді. Көбінеки, ұлт мағынасынан гөрі, мемлекет мағынасын беретіні бар. Сол үшін де Қазақстан спортшыларының дені көк көздер болғанына қарамастан, шетелде оларды қазақтар деп атайтыны сонан. Ал, осы үрдіспен, мұсылман қытайлар деген атауға дүңген ғана емес, осы қытай еліндегі мұсылман дінін ұстанатын барша жұрт кіретінін білу керек. Хәнмулардың пайда болуы дүңгендердің мұсылман қытай деген атты иеленуін тоқтатады. Себебі, ұлты қытай, христиан болуы, католик болуы мүмкін екені сықылды, ұлты қытай болғанымен мұсылман болуды да күн санап шындыққа айналып, мойындалып келеді. Күндердің күнінде, хәнму сөзі ресми мойындалып, сөздіктерге енуі әбден мүмкін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 15:58:03

Дүңгеннің атақты жазушысы Ходаның «Мұсылманның жаназа мұрасымы» (Мұсылманның жаназасы) атты романында дүңгендердің Қытай қоғамындағы қытайларға мүлде ұқсамайтын ерекше бір қоғамдық топ екенін ашық суреттеген болатын. Осы кітаптың шетелше басылымдарына арнау сөз жазған қытайдың атақты жазушысы Биң Шиннің өзі осы кітап арқылы ғана дүңгендерді жете танып жеткенін мойындаған болатын. Демек, бір ғана кітап арқылы сол ұлттың, сол мемлекеттің танымалдығын арттырып, басқаға мойындатып, тіпті тағдырын өзгертіп тастауға болады екен. Бұған тағы бір дәлелдер еврей тарихындағы ұлттық ұйысуды алғаш болып қозғаған атышулы кітап туралы осы мақаламыздың бас жағында айтқан болатынбыз. Сол сықылды, Германияда еврейлерге қарсы тұрып, неміс ұлтының ұлттық мүддесін қорғау қозғалысын да бір кітап қозғағандығын айтқан едік. Кітаптң рольін ешқашан терістеуге болмайды.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 144 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)