Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 18:11:22

Көңілге медет беретіні мұндай заңсыздықтардың заң қорғаушылардың өздері тарапынан жасалынатын түрлеріне соңғы кезде шектеме көбейген еді. Бұған риза болмаған адам болмас-ау. Соңғы кезде құжаттық рәсімдеулер де жеңілдеген болатын. Көшелердегі албаты тексеру де азайған еді. Бұлардың қазіргі бар табыс көздері шетел саудагерлері молдау шоғырланған базарларға қарай ойысқан еді. Себебі, пысық оралмандардың әсіре арызқой екенін білген еді бұлар. Оралмандар бұлардың бұл қылықтарына төзе бермейтін. Тура арызданып шыға келетін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 18:19:37

Тіл білмейтін шетел кәсіпкерлері, саудагерлері осы күнге дейін осы үш әріптілердің оңай олжасы болып келе жатыр еді. Бұл - Қазақстан мемлекетінің халықарадағы беделіне дақ салатын аса ұятты шаруа болатын. Ешбір заңдық негізі жоқ, арам жолмен жиналатын барлық «штрафтар»-айыппұлдар-үкімет қазынасына емес, жеке қалтаға қарай құйылатын. Ал, бұл қалтаның түбі жоқ, тойымы жоқ еді. Ұлт беделін түсіретін осындай пысықайлар ұлттың бет-беделін төккенімен қоймай, мемлекеттің қаржысын ұрлайтындар еді. Себебі, олар жаңағы шетел саудагерлерін Қазақстан территориясында жұмыс жасауға заңды түрде құқық беретін еңбек визасын алуға, еңбек минстрлігінен қажетті құжаттық рәсімдеулерді жасауға, салық комитетінен салық рұхсатнамасын алуға қарай жетелемейтін еді. Жеке қалтасына ай сайын тұрақты сомада ақша түсіп тұрса, мың жерінен заңсыз болса да, жаңағы шетел саудагерлерінің, кәсіпкерлерінің Қазақстан қоғамында заңсыз түрде табыс тауып жүре беруіне бұлар көмектесетін еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 18:37:42

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-8 18:41 өзгерткен

Негізінде, барлық рәсмиеттерін заңды түрде жасаса, жаңағы кәсіпкерлер мен саудагерлерге мұндай басы артық төлемдер төлеп, қазақтың тойымсыз, парақор көші-қон сақшыларын бағып отырудың қажеті жоқ еді. Мәселе, әпкеме жездем сай, сасыған етке борсыған май болатын. Олар беруге пейілді еді де, бұлар да алуға пейілді болатын. Себебі, бұл олардың уақытын үнемдесе, парақорлардың жеке қалтасын қампитатын еді.

Бұл, тек қана Қазақстан қоғамында ғана емес, кеңестік жүйе елдерінің барлығында бар ортақ құбылыс еді. Бір-бірінен айырмасы, мұндағы жемқорлардың әр мемлекеттегі тәбеті әрқалай болатын. Бірі көп асап, көп жұтса, бірі орнымен, епті, сыпайы асайтын. 2009 жылы Мәскеудегі атақты Черкизов базарының жабылуы, мұндағы сансыз Қытай саудагерлерін үлкен шығынға ұшыратқан болатын. Осының кесірінен біржолата шаруашылығы күйреген қытайлар да болыпты. Аталмыш базардың жабылуына Путин төтеден төте себепші болған еді. Мұның өзі бір қызық хикая еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 19:29:56

Аталмыш базардың Путиннің бір бұйрығымен жабылуы күллі Қытай қоғамында үлкен дүмпу тудырған еді. Сол заманда мен Қытайда болатынмын. Әр күні кеште, ССТВ біріншіден осыған қатысты ақпараттарды еститін едім. Бұл сол кезде Қытайдың сыртқы істер минстрлігінен бастап, Ресейдегі елшілігін қозғаған, елбасылары араласқан үлкен жұмысқа айналған болатын. Бір есептеулерде, Қытай саудагерлері тартқан шығынның жалпы сомасы 2 миллиард доллардан асты делінеді. Бірақ, мұндағы ең басты себепті, сол кезде ССТВ-дағы талқыға қатынасқандардың өзі де мойындаған болатын. Ол осы саудагерлердің барлық тауарларды заңсыз түрде кедендік рәсімдеулерден өткізгендігі болатын. Ал, мұндағы саудагерлердің тағы бір қателігі тіркеуге тұрған жерінде шынайы тұрмайтындар еді, ашалап айтқанда, Сашаның үйінің адресінде тіркеуге тұрғанымен, Николайдың үйін жалға алып тұратындардан еді. Себебі, өте айқын болатын. Ресей де Қазақстан сықылды асқан бюрократ ел еді. Жаңағы Саша сықылдылар осындай шетелдіктерді үй кітапшаларына тіркету арқылы ақша жасайтын делдалдар болатын. Әрине, көші-қон орындарымен тапқан табысын бөлісетіні шынайы шындық болатын. Ал, Николайың да делдәл болатын. Николайлар шетелдіктерге үй тауып беретіндер еді. Ара-тұра қорғау ақысын да алып тұратындардан еді. Себебі, олар орыстың ұлтшылдарынан, Скинхедтерден, ұрылардан, жерлік зорекерлерден бұларды қорғап тұратындар еді. Қысқасы, барлығы осылай бір-бірімен шырма-шату жалғанған былықтар мен шылықтар болатын. Ал, кедендік рәсімдеулерден заңсыз өтіп кеткен Қытай тауарларының сыры мүлде басқаша болатын. Бұл да Ресей қоғамындағы тамыры тереңде жатқан бюрократтық пен парақорлықтың кесірінен еді. Қолдан жасалынған кедергілер кесірінен, заңды түрде кедендік рәсімдеу жұмыстарын ешқашан бітіре алмайтын Қытай саудагерлері мұнда да жаңағыдай бірімен-бірі астасқан орыс делдалдары мен орыс мансаптыларының жеке қалтасын қампитатын еді. Парақор мансапты мен арамза делдәл байығанымен, мемлекет қазынасы тиісті қаржыдан қағыла беретін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 19:59:36

Қарлығаштың арқасында «Мәскеу сапарынан естеліктердің» уорд нұсқасы менде бар болды, енді соны ПДФ-қа айналдырып беретін бір ақкөңіл тордос шыға қалса деп отырмын. Мен уордымды жасатуға апаруға да уақытым болмай отыр. Кешірім өтінемін әрі алғыс айтамын. Көмектескісі келетіндер qazaqya@gmail.com-ге хат жазсын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 22:40:37

Орыс қоғамындағы осындай әділетсіз істердің мемлекеттік сипат алатыны кімді де болмасын ойландырады. Орыс ұлтшылдығы, орыс тақырбастары соңғы кездегі Ресей қоғамындағы ең үлкен басты жаңалық еді. Орыстан өзге ұлттарға қарсы бағытталған фашисттік ұстанымдағы орыс жастарының күн санап молаюы-Путин билігі қалыптасқаннан соң тіпті де асқына түскен болатын. Путин билігі-орыс ұлтшылдығын жасырын түрде, ашық түрде қатарынан қолдап келе жатыр. Шешендерге қарсы соғыс кезінде, шешендердің ауылдарын тас-талқан еткендерін жалпақ жұрттан жасыру үшін, соғыс алаңына бірде-бір шетел ақпаратының адамын кіруге жол бермеген орыстардың онда фашистік қырғындар алып барғандығын тек қана өзге тілдегі ақпарат көздерінің талқыларынан, анализдерінен ғана біле алатын едік.

Себебі, ашынған шешендер мен башқұрттардың «қаралы жесірлері» -«қара өрмекшілер» тәсіл талғамай аянбай күреске түсуінің өзі өмірден барынша түңілгендерінен болатын. Ал, осы барыста, орыс тілді ақпаратта, орыс тілді тұтас қоғамда, шешендерді, мұсылмандарды қаралап, оларды адам қанын судай сапыратын қанқор, жендет, қайырымсыз, қырғыншы ретінде суреттеп, олардың аса жағымсыз образын сомдаған кинолар мен сериялдардың тоқтаусыз қаптап кетуінің сыры да осы болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-8 23:07:48

Неміс фашистерімен аянбай соғысқан орыстар өздерінің немерелері мен шөберелерінің Хитлерге өлердей табынып кетерін ешқашан ойламаған болса керек. Бірақ, Бұл шындық болатын. 1931-1933ж.ж. арасында, қолдан жасалынған ашаршылықта қырылып бітуге аз қалған қазақтың зиялы қауымын 1936-1937ж.ж. арасында қырып тастаған Сталин билігі мұнан қалған қазақты 1941 жылы басталған соғысқа айдап салған болатын. Ал, осы соғыста қанша қазақтың өлгені осы уақытқа дейін шешілмеген сыр еді. Себебі, бодан қазақ түгілі, орыстың өзінен қанша адамның өлгендігі туралы ақпарат осы күнге дейін сыр болатын. Өлген адам санын кеміте айту - орыстың атам заманнан бергі дағдысы еді, болмаса, кемеңгер қолбасының образына дақ келетін еді. Ал, орыс ұлтының ерен ер халық екеніне де дақ келтірмеу үшін, Сталин заманындағы бұл санақ небары 10 миллионды құраған болса, патшалар ауысқан сайын қолдан тарих жасаудың ғаламдық шебері орыстардың бұл санағы өсе-өсе, Горбачев заманына келгенде, 27 миллионға жеткен болатын, мұны 42 миллион деп айды аспанға бірақ шығара салатын тарихшылар мен зерттеушілер де шығатын. Демек, сонау 10-нан басталғаннан 27-ге тоқтап, одан 42-ге шыққан сандардың арасында қаншалық айырма бар екеніне қарасақ, орыс қоғамында ежелден шынайы санақ, әділетті тарих, шын жазба болғанына немесе болатынына сенбес те болатын едіңіз. Оны қойшы, осыншама адамын қырып салған фашизмге ұрпақтан-ұрпаққа дейін өшігіп өтуге тиіс орыс баласы соңғы жылдары немістің фашист көсемі Хитлердің суретін кеуделеріне инемен пістіріп салып алатынды шығарған болатын. Хитлердің суретін киімдеріне бастырып алғандар мұнысымен тынбай, оның «менің күресім» атты атышулы кітабын кітап қылып бастырып, күні-түні бас алмай оқитын оқулықтарына айналдырған болатын. Міне, қызық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 00:16:24

Орыстар мен шешендердің, башқұрттардың, қысқасы, жалпы Қап тауы тұрғындары мен орыстардың арасындағы қақтығысқа біздің бірдеме айта алмасымыз шындық. Бұл бірден олардың ішкі ісі болса, екіден біз бұл туралы ешқандай мардымды дерек білмейтін едік. Біз қашан да біреудің ішкі ісімізге араласқанын ұнатпайтынымыз сықылды, өзіміз де біреудің ішкі ісіне араласқанды ұнатпауымыз керек болатын. Соңғы кезде осы орыс-шешен соғысынан бастау алған, осыны артқы көрініс қылған кинолар мен телесериялдардың тоқтаусыз легі күллі орыс телеарналарын жаулаған болатын. Орыс қана емес, орыстың аузынан шыққанын қағып алып отыратын Қазақстанның өзінде бұл кинолардан көз аша алмай қалған болатынбыз. Қайсысын қарасаң да әділетшіл, ақылды, рақымды, кең пейіл орыс пен рақымсыз, ақымақ, тар саналы Қапқаздық салыстырмалы түрде көрсетілетін. Ал, осындай киноларды көре-көре санасы уланған орыс жастары Ресейдің барлық қалаларында орыс емес ұлттарға, әсіресе, қапқаздық, орта азиялық ұлттарға қарсы қанды қырғындарын бастап кеп жіберді. Бұлардың арнайы тәрбиеден өткен скинхедтер деп аталатын топтары да бар еді. Қазақшалағанда тақырбастар деп аталатын бұл топтың арнайы сайттары мен өзіндік құпия ұйымдық тәртіптері бар екені күн санап айқындалып келе жатқан болатын. Мәскеуде орыстардың әсіре ұлтшыл фашистік ұйымдары жағынан өлтірілген қазақтардың саны да аз емес болатұғын. Бірақ осының барлығына үндемей қарап отырған қазақ билігі мұндай істерді бейне туылмаған сықылды қабылдайтынын түсіне алмай аң-таң болатынсың. Қазақтардан басқа қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, әзербайжандар да мол еді. Ең сұмдығы, орыстың ұлт қаһарманы ретінде өзін көрсетіп келе жатқан Путиннің бүкіл елге тікелей эфирде төте таратылған, телекөрермендермен ашық сұхбатында осы сықылды ұлтшылдықты уағыздайтын топтардың арнайы дайындықтан өткен мүшелері бірінің артынан бірі сұрақты жаудырып кеп жіберген болатын. Мұндай топтардың Ресейдің әрбір қаласынан ұйымды түрде, мақсатты түрде берген сұрақтарының қатарында Алматыдағы орыстың баласының берген сұрағы бәрінен де қорқынышты еді:

Ол төтеден төте Кеңес Одағынан шыққан егемен елдердегі «қорлық» көріп отырған орыс мүддесін қозғаған болатын. Мінеки, қасқырдың бөлтірігі тауға қарап ұлиды деген осы. Аузынан май ағызып бағып отырсаң да, үйдің жақсысын беріп, жұмыстың жайлысына орналастырып отырғаныңа қарамастан, Алматының орысы осылай болғасын, басқасынан не үміт?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 01:01:59

«Славянский союз», яғни, славян одағы деп аталатын осындай ұйымдар Орта Азиялықтарға аш бөрідей тиетін. Бұлардың қолынан қаза тапқандардың ісі де еш сұраусыз қала беретін еді. Бір ғана белгілері – олар тұтасымен тақыр бастар болатын. Қоғамдық ортадағы жастардың қоғамға деген наразылығын, жұмыссыздықтан туған реніштерді осындай топтар арқылы ұлтараздыққа аударып жіберуде бүгінгі орыс билігінің үлесі зор еді. Орыс жастары Мәскеудегі өзге ұлт өкілдерінің көбеюіне наразы болатын. Ресей құрамында осы уақытқа дейін келе жатқан аз ұлттардың құқық-мәртебелерін мойындағылары келмейтін. «Ресей – орыс үшін ғана» деген ұстанымдарын бұлар барлық жерде ашықтан-ашық айта беретін. Әй дер әже, қой дер қожа жоқ еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 01:33:48

Бүгінгі орыстардың баяғыдағы ата жаулары болған Хитлерге табынып жүрген жастарының уланған санасын түсінудің өзі қиын еді. Оларды орыс сақшылары көрсе де көрмеске сала береді. Қоғамда бұлардың жаман аттары шыққан сайын билік жағы бұған мән бермей келе жатыр. Бірақ, ұлтшыл орыс билігінің бұларды қанаты астына алып, мәпелеп, жетілдіріп келе жатуының өзіндік мәні мен мағынасы бар еді. Осы бір құтырық жастары арқылы өзге ұлттардың жас буынының жігерін жасытып, жастайынан қорқақ, екібеткей етіп жетілдіріп шығу болатын олардың мақсаты. Себебі, осы тақырбастардың қолынан қаза тапқан азияттардың ішінде Орта Азиялықтар ғана емес, Қытайлар, ветнамдар, жапондар, Оңтүстік Тынық мұхит аймағы тұрғындары да молдап кезігетін еді. Қысқасы, Ресейдің ірі қалаларында оқып жүрген, жұмыс жасап жүрген кез-келген шетелдіктің жүрегі дүрс-дүрс етіп жүретіні шын болатын. Ресейдің жоғары әскери мектебінде үздік оқып жүрген қазақтың баласын өлтіріп кеткенде, онан кейін, Айнұр есімді қазақ қызын Мәскеу көшесінде, Қазақстаннан келген телефонға байланысты көшеде телефонда қазақша сөйлесіп бара жатқаны үшін өлтіріп кеткенінде, қазақ билігі тағы да баяғыдағы әдеттеріне басып үнсіз қалған болатұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 02:10:05

Ресей билігінің тақырбастарды ашықтан-ашық қолдап отырғанының айқын дәлелін Мәскеу қаласында болған орыс-шешен жастарының арасындағы ашық айқастан анық аңғарған күллі орыс тілді қоғам, кеңес қамытынан шыққан, ақпараты ортақ елдердің тұрғындары демін ішіне тартқан болатын. Себебі, екінші дүниежүзілік соғыстың барша жеңісін «тек орыстардың арқасында болды» деп салған Путин орыс ұлтшылдығына медет беріп келе жатыр еді. Қазақтың баласы, студент айнұр Бөлекбаева мен Ерлан Айтымов Мәскеу қаласында тақырбастар жағынан аюандықпен қорланып, қыршындарынан қиылды. Мұнан тыс, орыс телеарналары «футбол фанаттарының арасындағы жанжал» деп тонын теріс айналдырған сол жолғы атышулы қырғын 4 күнге жалғасқанға дейін, орыстың астанасындағы барлық жерасты пойыз жолдары мен қала алаңдарында төгілген қан мен жарылған баста есеп болмаған болатын. Шешен жастарын, қапқаздықтарды, түрі-түсі бөлек азияттарды қырып салған орыс тақырбастарын көрсе де көрмеске салған Мәскеу билігі мен Мәскеу сақшылары ашынған шешен жастары қайтадан ұйымдасып, топтасып, орыстардан кек алуға ұмтыла бастағанында ғана қарулы солдаттарын жіберіп жағдайды контрольдаған болатын. Осы сықылды Орта Азиялық ұлттар мен қапқаздықтарға жасалынған шабуылдардың санын Ресейдің ең жоғарғы соты ашық жариялаған тізімдік бойынша қарасақ, мұндай қақтығыстар 2004 жылы 130 рет болса, 2005 жылы 152 рет болған екен. Онан ары, 2006 жылы 230 ретке төте өскен екен. Демек, орыс ұлтшылдығы тудырған оқиғалар жыл сайын артып отырған, демек, осының өзі билік жағынан бұған тидау болмағанын ашық дәлелдесе керек. Ал, мұнан кейінгі 2007 жылы 356 рет болған. Демек, бір жылды 365 күн десек, 2007 жылы әр күн сайын бір реттен тақырбастардың орыс еместерге қарсы фашистік қырғындары болып отырды деген сөз. Қалған 9 немесе 10 күнде, бұл тақырбастардың арнайы сабақ тыңдаған, жаттыққан күндері деп ойлауға болатын еді. 2008 жылға келгенде, 460 ретке өскен тақырбастардың құтырықтығы шегіне жеткен болатын. Ал, 2009 жылы 548-ге артып шыға келген!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 03:07:17

Оқырмандарға қолайлы болуы үшін, Бұл тектес материалдарды

Www.google.com.hk-нан russian skinhead деп іздеуін, ал орысша

Www.google.ru немесе www.mail.ru

Іздеуіштерінен руский скинхед

Немесе РУССКИЙ СКИН-ХЭД немесе

Скинхедов в России деп іздеп көрулерін сұраймын.

Қытайша 俄罗斯光头党 деп атайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 03:16:19

Қазақша іздеуіш www.google.kz арқылы орыс ұлтшылдығы деп іздесеңіз, біраз нәрсе шығады. Немесе Мәскеу Скинхедтері десеңіз, тіпті де мол дүниеге ие бола аласыз. Орыс Скинхедтері десеңіз де жаман емес.

Славян одағы десеңіз басқаша бір қырынан түсіне бастайсыз. Славянский союз деген орысша іздеумен де көп нәрсе байқай аласыз. Ерінбеген оқырмандардың осыған қатысты жазбалар мен мақалаларды бөлек мақала ретінде көшіріп жариялағанын сұраған болар едім, бір қазақтың болса да көзі ашыла берсін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 03:34:57

Шетел тілдерін түсінбейтіндер жаңағы түйін сөздердің артына ағылшын-орыс-қытайша жеке-жеке VIDEO ВИДЕО-视频 деп қосып жазып іздесе, қажетті кескіндерді де тауып алуына болады. Әсіресе, Мәскеу қаласын негіз еткен Ресейдің барлық қалаларында жаппай етек алған осындай сорақылық ендігіде «ерен ерліктерін» ғаламтор арқылы жалпақ жұртқа жария ететін болып жүр. Адамзат қоғамы мәдениетті заманға аяқ басты делінетін бүгінгі күнде, адамгершіліктен безген осындай безбүйректердің қоғамымызда бар екенін ойласақ, ыстық жүрегіміз мұздап кетер еді. Бірақ, Жириновский сықылды зиялысының өзі оттап, аузына келгенін ашық айтып, қан тілеп отыратын орыс қоғамында ақыл тоқтатпаған жастардың назары мен наразылығын өзге бұратана ұлттардың жазықсыз жандарына соншама шеберлікпен аударып жіберген орыс билігінің нені көздеп отырғаны белгілі еді. Осындайда, осының бәрін көріп-біліп отырып, кемеңгер партиямыздың адал саясаты аясында берекелі де ынтымақты жасап жатқан бейбіт күннің қадіріне жеткендей боламыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 03:38:49

Жә, құрметті жамағат, қазақтың «Ойда орысым аман болсын, қырда Қытайым аман болсын» деген ұлағатты сөзі арқылы бүгінгі сұхбатымызды аяқтаймыз. Алладан күллі адам баласына бейбітшілік пен тыныштық тілейміз!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 13:29:36

Қазақстандағы қазақтардың мемлекеттегі орны мен салмағы барған сайын Америка қоғамындағы негрлердікіне ұқсап бара жатыр. Менің осы ұқсатуым сонау мен Қазақстанға барған кезден басталған болатын. Ол кезде қара зеңгінің баласы Барак Обама таққа шықпаған кез болатын. Ал, қазір негр мен ақ нәсілдінің нарқоспағынан елбасы сайлаған Америка қоғамы азғантай аттөбеліндей қазақ буржуазиясы билік ұстағанымен қалың қарашасы жоқшылық пен кедейшілік, жұмыссыздық, баспанасыздық дертінде иттің күнін көріп жатқан қазақ қоғамына барған сайын ұқсап келе жатыр. Бір ғана Барак Обаманың таққа шығып билік тұтқасын ұстауы немесе Барактың арқасында билікке көбірек араласа бастаған Америка негрлерінің молаюы - Америкадағы негрлердің мақтанышы болуы мүмкін, бірақ бұл осы бір алпауыт елдің иесі негрлер деген ұғымды бермейтін еді. Бұл мүмкін емес болатұғын! Америка қоғамындағы негрлердің жағдайы Барактың таққа шығуымен айта қаларлықтай жақсарған болуы мүмкін. Оған біз көз жұмбаймыз. Себебі, Барак өзі әр жолғы сайлау лекцияларында өзінің кешірмелерін алға тартып, Америка қоғамындағы нәсілшілдік заманның елестерін жұрт есіне салатын. Демек, нәрқоспақ болса да, қара домалақ өз тегін ұмытқан тексіз емес екенін әйгілеп келе жатыр. Ал, қазақ деп атаудан, қазақ елі деп атаудан, қазақ мемлекеті деп атаудан ат тонын ала қашатын біздің билік қазақ екендіктерінен намыстанғаны соншалық, ең соңында паспорттарына ұлтын жазбайтын қитұрқы заң жасағандарымен қоймай, ең соңында, қазақ ұлтын көрге қарай сүйрейтін, қазақстандық ұлт деген жасанды ұлтты жасап шығуға жанталасып жатыр. Обаманың таққа шыққаны негрдің үстем болғандығы емес еді. Баяғы негр тағы да негр болатұғын. Өздерін негр десе ашуланатын Америка негрлерімен мен көп араластым, оларша атағанда, блэк пипл (black people) делінген бұл топтың халі мен жағдайында көп өзгеріс болмаған болатын. Сол сықылды, Кеңес Одағының коммунисттері билік тұтқасын тұтқан, баяғыдағы парақор тобырлардан құралған бүгінгі жалған, жалтақой, дінсіз, тілсіз, ұятсыз, тойымсыз қазақ буржуазиясының билік ұстауы - шын мағынасынан алып қарағанда, қазақтың жеңісі емес болатын. Бүкіл қазақ атқа мінерлерін бір Обама деп қарасақ, біздің жағдайымыз бір негрі билік ұстағанымен, қалған негрі тағы да қайыршылық пен кедейлік, қылмыс пен абақтыда жасайтын Америка негрімен ұп-ұқсас болып шыға келетін еді! Обама негрдің азаттыққа шығарушысы емес еді, құтқарушысы тіптен емес болатын. Ол негр мүддесі үшін күрескені үшін таққа шыққан емес еді. Оның сайлаудағы алға қойған мақсаттары да негрлер үшін емес болатын. Ол Америка қоғамындағы қаржылық топтардың уәкілі ғана болатын. Бар болғаны оның жеке басының пысықтығы мен шешендігі, саяси белсенділігі ғана еді. Бірақ, ол баяғыдағы Мұхаммед Али немесе Мартин Лутер Киң сықылды негр теңдігі үшін күрескендерге ұқсамайтын. Сол сықылды, бүгінгі ұлты үшін қызмет қылмайтын қазақ билігі де осы Барак Обаманың бір түрі ғана болатын, айырмасы, Обама айналасына барлық негрін жинап алмаған еді, біздікі жалған болсын, шын болсын, әйтеу, біраз қазақты мансапты қылды, бірақ оған бола олардың жағдайы жақсарып, Алматы мен Астанадан қос-қостан саяжай салдырып, тоқалдан тоқал алып жарысып, ұл-қыздарын шетел асырып оқытып, ақшаларын шетел асырып тыққанымен, былайғы қара қазақтың жағдайындағы өзгеріс шамалы болатын. Біз Американың негрі едік... Құл едік... Обамасы таққа шыққанда қуанған, жылаған, масаттанған, құтырынған негрлерді көрсеткен болатын телеарнадан. Я, біз де қуанған болатынбыз. Біз де жылаған болатынбыз, біз де бөркімізді аспанға атқан болатынбыз. Бірақ, онан өзгерген ештеме жоқ еді. Обама бүкіл негрге өкілдік етпейтін еді, ол Америкадағы еврейлерді негіз қылған қаржылы топтардың қуыршағы болатын. Біздегі билік те сол болды, олар қазаққа өкілдік етпейтін! Олар да Мәскеудің қабағына қарап желе жортатын ұлт сатқындары еді!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 13:42:45

Отыз бен қырық жас арасындағы әр он негрдің біреуі абақтыда жасайтынын ойласақ, Америкадағы негрлердің халінің қалай екенін бірден білер едік. Өз елінің түрмесін толтырып отырған қазақтың хәлі бұлардан да жаман болатын. Қазақстан қоғамының барлық қазыналы-қалталы тұтқасын, майлы басын ұстаған өзге ұлт өкілдері жер иесі, ел иесі қазақтарға абақты мен түрмені ғана оң көрген екен! Бір тауық ұрлағаны үшін бес жылға сотталатын ауылдың қазағы қай күн көріп жатқанын айтудың өзі артық еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 13:51:27

Америкадағы негрлердің жағдайы Қазақстандағы қазақтардың жағдайымен ұқсап кететін еді. Бір айырмасы – олар ежелден өзін қоғамның ең төменгі жігі деп мойындап келген қауым болатұғын. Ал, бізде өзіміздің қайыршы халімізге қарамастан, қалтамызда бір теңгеміз жоқтығына қарамастан, миллиондаған гектар жерді өзге ұлт өкілдері иемденіп жатқанда, тым құрмаса, ұланғайыр даладан бір гектар жер алып қала алмаған немесе қала жағалап қабат үй алып қала алмаған, қалада да, далада да нағыз тақыр қайыршы, сіңірі шыққан кедей, қу сирақ, үрерге иті, сығарға биті жоқ сорлылар едік, мұнымызға қарамастан, «ел - біздікі, жер - біздікі» деп лепіргенімізге болайын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 14:02:15

Жазып осы араға келгенде, ашу мен ызадан, қайғы мен қасіреттен булығып, қолым дірілдеп, тіл тақтаны да дұрыс баса алмай, жазғандарымды неше мәрте абайсыздан өшіріп те алдым. Оқырмандарымнан кешірім өтіне отырып, жарты сағаттан соң жүздесуге мұрсат сұраймын. Себебі, жүрегім қатты шаншып, жайсызданып кеткен едім, жазып осы араға келгенімде. Алдамшы азаттыққа алданған аңқау қазақты жетелеп көрге қарай апара жатқан сатқын биліктің шынайы бет-бейнесі көз алдыма келген сайын, қорқыныш пен үрей билейтін еді мені. Себебі, 20 жылдан бері алдаусыратып келгенінің өзінде мыңқ етуге жарамаған қазақ баласының бүгінгі халі тым қауіпті еді. Себебі, мемлекеттік тіл мәртебесін алдаусырату үшін ғана берген болатын олар бізге. Олар-бүкіл қазақты алдап келе жатыр еді! Менің Канададағы кубек өлкесінің француздарын айтып зарлайтынымның себебі осы еді! Біз - кубектің француздары құсап алданып бара жатыр едік. Алдай-алдай ең соңында тілімізде сөйлейтін бір адам қалмаған тұста, бізге егемендіктің де қажеті қалмайтын еді. Орыстардың, орыс құлдарының ойлап отырғаны осы болатын! Жұмыста мемлекеттік тілге көшу мәселесін жыл сайын артқа итере беретін билік нағыз екібеткей алдамшылар болатын. Олар тұтас қоғамның қайтадан орыстануын күтіп отырғандар болатын. Ал, олардың былайғы жұрт көзін көлегейлеу үшін істеген сансыз сиқырлықтарының сырын білмеген жұрт алдамшы сағым елеске алданған құмда адасқан бейбақ болатұғын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 17:43:07

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-9 17:45 өзгерткен

Біздегі біраз зиялы ұлтын сүюмен мемлекетін сүюді шатастырып отыр. Мемлекетін сүюді сол мемлекетті билеп отырған билеуші топты не тобырды сүюмен шатастырып отыр. Бұл да біздегі құлдық сана. Біздегі саяси сауаттылықтың төмендігі. Алаш Ордашылардың жеңілісінен кейін қазақ ұлтында ұлт зиялыларының пікірі қалыптасқан жоқ. Кеңес кезіндегі бодан зиялылардың халі бізге белгілі. Бірақ, олар өз заманындағы дәуір міндетін атқарып кетті, кем дегенде, ұлт өнерін өркендетті. Ұлт тілін сақтап қалуға жанталасты. Ал, бірақ бүгінгі зиялы қауым үшін алғанда, міндет басқаша болатын. Басы бір арнаға тоғыспайтын, тоғыса қалса билік жағынан ыдыратылып, арасына іріткі түсіп шыға келетін осындай бір жағдайда, біздің әлдебір екібеткейдің жылтыр сөзіне алданып ширек ғасыр жүре беруіміздің өзі біздің әлі де ұйқыда жатқан жұрт екенімізді көрсетеді. Қазақ зиялылары - сонау Абайдан бастау алған жаңа заман зиялылары, онан бергі Шәкәрім, Ыбырай Алтынсары, онан бергі Алашшылдардың арманы қайда қалды? Абай мен Алашшылдар арасын қоя тұрғанда, арысы Абылай хан мен Асан қайғының ар жақ-бер жағындағы ұлы армандар қайда қалды?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 18:06:26

Қазақстандағы оралмандардың барлығында осы көзқарас басым. Олар бүгінгі қазақ билігін сүю менен қазақ ұлтын сүюдің шет-шекарасын ажырата алмай адасып жүр. Бұл күнде қазақты билеп отырғандардың қазаққа уәкілдік қыла алмайтынын түсіне алмай жүргендер бізде де жетеді. Осындай қарама-қайшылықты көзқарас ішінде жасап жатқан сан-санақсыз адам ождан азабын тартатыны шын. «Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» деген екен баяғыда бір кеюана өзінің жалғыз ұлының жарместігіне кейіп. Ой қайшылығы мен пікір қарама-қарсылығын дұрыс шеше алмаудың өзі біздегі үлкен мәселе болатұғын. Шындыққа бетпе-бет қарай алмайтын солқылдақ көзқарастың түп тамыры сонау замандардан қалып қалған сыпыра «бірлік» көзқарастың қалдығы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 18:14:21

Менің қазақ билігін сынауым, мінеуім қазақ ұлтын қорлағаным, қаралағаным емес! Мұны кез-келген көзі ашық оқырман түсінеді деп ойлаймын. Билік – уақыттық нәрсе де, ұлт – мәңгілік ұғым! Кем дегенде, ақырзаманға дейін мәңгілік ұғым. Бірақ, бүгінгі мынау өтіп бара жатқан әрбір күн қазақ үшін өте қорқынышты күндер еді. Себебі, біздің бодандықтың наркозы қанына мол дозамен құйылған наркозданған, салданған санамыз құлдық қамытын қайта киюге қарай бет алып бара жатыр еді. Бүгінгі билік кетер, орнына жаңа билік орнар, бірақ ұлт тағдырының қалай болатынын ойластырмайтын барлық қазақ сатқын қазақ еді! Қазақтың тағдырын ойламай өткізген бір минутың үшін сатқынсың! Кесім сөз осы!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-9 20:05:00

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-9 20:35 өзгерткен

WORD күйіндегісін шығарамын десе, менде қазір бар, мынау сырлы ғаламның түкпір-түкіпірінде жасайтын, бір-бірімізды әліге көрмеген-білмеген, бірақ сырлас, ниеттес, армандас тор достарымның арқасында, менде қазір уорд, ПДФ екі түрлі нұсқасы қатарымен бар. Үйсін мырза қалай қарайды екен?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-10 13:27:08

Құрметті оқырман:

Әр қазақ менің жалғызым! Бұл ұлағатты сөзді барша қазақ аузында ғана емес, ісінде де әйгілеуі керек. Ақжалын маған сын айтты, айтсын-ақ. Ол да оның елім деп елжіреген жүрегінен шыққан сөздер екенін сеземін. Сол үшін ұқсамаған пікірге бола Ақжалын тораптасымызға артық айтқандарыңыз ашық ойға құрмет ететін қазақылығымызға жат деп білемін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-11 23:52:25

Шажа-аралас қандылар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-12 12:57:32

Қазақша әдеби тілі қалыптаспай тұрып орысша оқып кеткен қазақтың баласында рулық сипат алатын, өңірлік сипат алатын жаңағыдай сөздер жетіп асады. Біз естімеген, біз білмеген сөз шаш етектен. Каспий жағалаған кіші жүз тіліндегі осындай сөздерді ара-тұра қолданудың артығы болмас. Сурет емес, сүгрет дейтін, тастақ емес, тасқыр, құмқыр дейтін батыс қазағының тілі мына жақтағы шығыс қазағына жат сезілері шын. Жақсы ниетпен айтылған ескертуіңізге рахмет, алда ескерер болармын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-12 14:42:27

Жә, басқаны қоя тұрып, оқырмандардың талабы бойынша шығарманы жалғастырайын. Сәл күте тұрарсыздар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-12 22:06:46

Сырқаттанып қалдым, оқырмандарымнан кешірім сұраймын

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-13 12:38:23

Азаматтар, береке! Береке!

Мен Алланың атымен ашығын айтайын, ұлы жүз албанның алжан руы бар екенін білсем де, онда шажа деген ел барын білмейді екенмін. Мұндағы шажаның ол шажамен қатысы жоқ. Бір рулы елді қаралайтындай, менің есім ауысып қалған емес. Менің айтқаным Каспий жағалаған батыс қазақтары мен Ресей қазақтары арасында сақталып қалған ауыз тілдегі сөздер. Бұл сөздер қазіргі біз әдеби ортақ тіл деп жүрген, Абай, Мұхтар Әуез, Шәкәрім тілдеріне ұқсаңқырамайтын батыс тілі. Ал, бұл тілдер де қазір өшіңкіреп бара жатыр, бар қазақтың тілі, әсіресе, жас ұрпақтың тілі Алматы жағалаған, тілі орысша шыққан шалақазақтардың дүбара тілі - Алматыдағы телеарналар тілі болып бара жатқанын мойындасақ, бізге өшкіндеп бара жатқан тілді орынды қолдану да артықтық етпес. Тағы да айтамын, бұл шажа руымен еш қатысы жоқ! Ұлт үшін аз да болса еңбек етсем деп жүргенде, мұнда руліқ қақтығыстар туралы мүлде сөз болмайтынын да ескерейік...

Қазақтың жауларын, жат дінді Еуропаны, зымиян еврейді, жауыз орысты жазып жатқанда, мұнда қазақтың ішкі қырқысын сүйреп келмейік, жігіттер! Ұлт болып ұйысайық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-13 13:42:53

Жайланып жатып, дұрыстап тұрып ауруға да мүмкін болмай қалды ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-14 11:38:17

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-6-14 11:40 да өзгерткен

Ұлтын сүю – нағыз мақтаныш әрі нағыз қасірет!

Біз көп заманнан бері әсіре ұлтшылдық пен ұлтын сүю мәселесін қатар қойып келдік. Бұл қазақтың қасіреті болатын. Бізге бұл көзқарас бізді билегендер тарапынан таңылды. Туған анасын сүйгені үшін ешқандай бала кінәлі болмауға тиіс еді. Бұл заңдылық еді. Өкініштісі, біз өзге ананы «сүюге» үйретілген қауымның ұрпағы едік! Қазақтың қасіреті де осы еді. Біз өз бойымыздағы осы тектес дерттерден арылмай, құтылмай, ұлт ретінде өмір сүре алмас едік. Уланған ой, салданған сана ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бұл күнде өз жемісін беріп отыр. Намыссыздық пен екібеткейлікті ту еткен бір ұрпақ сақтана жүрудің өзін ту қылып алған! Неден, кімнен сақтанатынын өзі де білмейді! «Басқа бәле тілден» деген сөздің тонын теріс айналдырып, өздерінің нағыз намыссыз, екібеткей, ұятсыз, жылтсыз өмірлерінің бағдаршамы жасап алған. Ұлт мүддесіне барып тірелетін барлық үлкенді-кішілі сәттердің барлығын да бұғып, жасырынып қалған, үнсіз қалған қазақтардың барлығы да сатқындық сананың құлдары еді! Бірақ, олар мұнысын ешқашан мойындаған емес, өздерін жағдайға қарай іс көретін керемет кемеңгер ретінде көреді. Желге қарай желкенін жаю мүмкін, парасаттылық болар, бірақ желдің сенің құрттай кемеңді кісіжегіштер аралына қарай айдауы да мүмкін ғой...

Біз кең айдын теңіздегі жыртық желкенді ағаш кеме сықылдымыз...

Айналамыздағы аралдарда кісіжегіш тайпалар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-14 11:51:12

Алматы, Астана, Талдықорған, Көкшетау, Баянауыл сапарларымды аяқтаған соң менің Шяңгаңға (Гонконгқа) кетуім керек болды. Себебі, менің бір жаман әдетім бар еді. Бұл әдетім өте бір таңғажайып әдет еді. Менің бұл таңғажайып мінезіме өзім де, психолог-дәрігерлер де жауап таба алмайтын еді. Ол мынау болатын. Мен, сыртта, қазақ елінен жат жерде жүре-жүре, зарығып, шөлдеп барып қазақ еліне жеткен кезімде сыртқы дүниедегі барлық тірлігімді біржолата ұмытатын едім. Барлық телефондарымды, тіпті Шяңгаңның (Гонконгтың) халықаралық роамингілі жұмыс телефонын да ашпайтын едім. Туыс-туған, дос-жаран, әріптес ағайындыр, кәсіптестер мені біржолата жоғалтып алатын еді. Сөйтіп, рахаттанып тұрып, құмардан шыға «Қазақ» болып алатын едім...

Жұмыс істегім келмей қалатын. Тіпті бір қора қой алып, жылқы бағып, кәдімгі малшы болып кеткім келетін...

Шяңгаңның (Гонконгтың), басқа да қалалардың думан-тірлігін біржолата ұмытатын едім...

Мүлде.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-14 12:00:08

Қазақ даласының табиғаты жұқарған жүйкенің емі еді. Маған бұл дала бейіш бақтарын елестететін. Бала күнімізден құлағымызға құйылған жәннат туралы айтылымдарды мен туған халқымның жасаған табиғатымен ғана елестете алатынмын. Әрине, құдіреті шексіз, мейірімді Алла Тағаланың қазақ баласына сыйлаған осынау дарқан даласын мен шартсыз түрде құлай сүйетін едім...

Қызылқұмның құмынан, Бетпақ даланың шөлінен, Сарыарқаның ұланғайыр жайлауынан мен ата-бабаларымның елесін көргендей болатынмын. Көкшенің шоқылары, еренқабырғаның мұзарттары маған қайсарлықтың белгісі ретінде көрінетін. Қаспий болса, қазақтың көзі сықылды еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-14 12:05:20

Сычуан өлкесінің «Бәмбук теңізі» саяхат бағынан,

Жарқын0991

2011.06.13

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-14 22:22:06

Алматыдан Шяңгаңға келудің бірнеше жолы бар еді. Бірі – Алматыдан Араб Әмірліктерінің әдемі шаһары Дубайға келіп, онда бір түнеп, ертесі Дубайдан Шяңгаңға келуге болатын. Енді бірі – Алматыдан Кореяның астанасы Сеулге ұшып, Сеулде жарты сағат аялдап, онан ары Шяңгаңға келуге болатын. Әрине, мұнда ұшақтың кешікпеуін тілей бер. Оған Алматы әуежайының аса тұманды аймаққа орналасқанын қосыңыз. Алматыға қона алмай немесе Алматыдан ұша алмай дағдаратын жолаушы аз емес еді...

Мұнан да басқа бір жолы бар еді, ол Алматыдан Үрімжіге келіп, Үрімжіден Шынжынға барып, онан ары Шынжыннан жаяулап Шяңгаңға кіруге болатын.

Алматы сағыныш қаласы еді. Алматыны сағынбайтын қазақ болмаса керек. Мен ойлаймын кейде жер бетінде арналған әні мен жыры ең мол қала осы біздің Алматы шығар деп. Себебі, Алматыға арнап жыр жазбаған, ән салмаған қазақ ақыны мен әншісі кемде кем-ақ...

Алматы - айтса айтқандай, ән мен жырдың, өнердің ордасы еді. Қазақ баласының қасқасы мен жайсаңы бас қосқан, ығай мен сығай жиналған үлкен орда еді. Ал, Шяңгаң мен үшін жай ғана бір қала. Бар айырмасы, ол Қытайдың бірінен-бірінің еш айырмасы жоқ құжынаған қалаларынан бөлектеу ғана еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-14 22:28:09

Қытайдағы қазақ кәсіпкерлерінің Шяңгаңға қарай бет бұрғанын қалар едім. Тым құрығанда, саяхаттап болса да, бір көріп қайтқанын қалар едім...

Себебі, Шяңгаң (Гонконг) – бүкіл ғаламның қаржысы мен қазынасы айналысқа түсетін үлкен орталық еді, әрі мұнысы жағынан күн санап күллі әлемге әйгіленіп келе жатыр еді. Шяңгаңнан (Гонконгтан) үйренетін жағымыз көп еді. Осы себепті де, орыс елі күні бұрын Шяңгаңмен (Гонконгпен) екі арасын визасыз қатынас жағдайына әкеліп алды. Орыс кәсіпкерлері мен қаржыгерлері, финанисттері Еуропадан тұмсығы тасқа тіреле берген соң, соңғы жылдары Шяңгаң (Гонконг) жағалағыш болған болатын. Ал, менің Мәскеуге баруым да осы сықылды кәсіпкерлік қажеттіліктен еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-14 22:36:09

Келісімшарттардың Шяңгаңда (Гонконгта) жасалынуы кез-келген қазақ кәсіпкеріне үлкен орай беретін еді. Себебі, Қытайдың ірі корпорейшндерінің Шяңгаңда (Гонконгта) тіркелмегені кемде-кем болатын. Ал, қаржылық айналыстарын Шяңгаң (Гонконг) арқылы жасау барлық Қытай компанияларының дағдылы салты еді. Ал, осы орайда, біздің соңғы кезде күрт көбейген қалталы, қаржылы пысық жігіттеріміздің өз мүдделерін қорғау үшін Шяңгаң жағалағаны әлдеқайда дұрыс шешім еді. Себебі, келісімшарттар Шяңгаңда жасалынса, ол сөзсіз атқарылатын еді. Егер мәлім бір ірі компания сізбен отырған келісімшартын орындамай, сізге тиесілі қаражатты бермесе, сіз оны Шяңгаң қаржы сотына бере аласыз, демек, бір жұма ішінде, сіздің тиесілі ақшаңызды төлемей, жаңағы компанияның ары-бері бір тиын қаржыны қозғай алуы мүмкін емес еді. Шяңгаң (Гонконг) сонысымен Шяңгаң (Гонконг) болатын. Қытай құрлығындағыдай, әлдебір Жаң мен Уаңның артынан алашағыңды ала алмай салпақтау деген мұнда мүлде болмайтын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-15 14:09:11

Бұл күндегі қазақ өзгені мойындағыш. Өзін-өзі мойындамайды. Өзінен озып шыққан өз бауырын мойындамайды. Ғасырға жуық жалғасқан құлдық сана ұлтымыздың санасын мейілінше улап біткен! Қазақ үшін тұтас бір ұлт ретінде жаңару барысы керек. Бұл барыс өте шұғыл әрі өте сұрапыл жүрілгенде ғана қалғыған, мүлгіген, уланған, мастанған ұлт санасы тұтасымен оянуы мүмкін. Ал, бұл барыс ақырын-ақырын жүрілген жағдайда, біз уақыттан мейлінше ұтылуымыз әбден мүмкін. Себебі, орта Азиядан ойып тұрып орын алған, көмірсутек қоры мен пайдалы қазбалары барынша мол бұл аймақ жұмыр жердегі барша алпауыттардың сілекейін шұбыртып отырғаны баршаға аян. Бұл күндегі қазақ баласы қазақ тарихындағы ең ауыр, ең сұмдық, ең қатерлі кезеңде тұр деп баса айтуға болады! Тәуелсіздік қазақ баласына бақыт ала келді, бұл көз жұмбас шындық. Бірақ, осы көз жұмбас шындықтың тасасында көзқаратпас сұмдық жатқанын да аңғару керек. Шындық пен сұмдық қатар соққан осы жағдайда өзімізді-өзіміз алдай бергеніміз құмға басын тыққан түйеқұстың кебін келтірер еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-15 14:13:53

Салғырттық – біздегі ең үлкен індет. Тоқмейілси қаламыз. Қанағаттанғышпыз. Сол үшін де ұлтымыз көп нәрседен қағылып отыр. Саяси салғырттық мұнан да сұмдық. Саяси салғырттық туралы сонау заманда атақты Асан қайғы атамыз айтып кеткен еді. «Өзіңнен басқа хан жоқтай» деп басталатын осы толғау қазақ баласының қанындағы салғырттық туралы айтылған ең өткір жыр деуге болады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-15 14:18:44

Тәуелсіздік туралы 20 жыл мақтандық. Жетер енді! Мақтанудың да орны бар. Мына түрімізбен 20 жыл түгілі 200 жылға дейін мақтанатын түріміз бар. 20 жыл дегенің жарты ғасырдың жартысы. Енді аузымыз көпіршіп мақтана бергенді қойып, нақтылы тірлікке көшкеніміз абзал. Еврейлер 2000 жыл отансыз өмір сүрді. Қаңғып, арып-ашып, тозып, қайда жақсы өмір, қайда жақсы сауда болса, сонда өмір сүрді. Олар қаржылық жағынан өзгеден үстем болғанымен, саяси үстемдік болмайынша, қаржылық үстемдіктің баянды болмайтынын сонан барып аңғарды. Сөйтті де, ойдан ойып отан жасап алды. Міне керек болса! Ал, бізде ше? Біздің ұлтымызда қазір қаржылық, экономикалық үстемдік дегенің атымен жоқ. Ал, саяси үстемдіктің көлеңкесі ғана бар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-15 14:21:44

Қазақ – кең халық! Дана халық! Досына адал халық! Жомарт халық! Батыр халық! Ең бастысы, ата-бабамыз ақиқат дінді қабылдаған халық. Қазақтың барша салт-санасы мұсылмандықпен біте қайнасқан. Мақал-мәтелінен тартып барлық дәстүрінде мұсылмандықтың нағыз белгілері жатады. Осындай керемет халықтың бодан заманда құрымаған тұтастығы егемендік алған 20 жыл ішінде құрып бітудің аз ғана алдында тұр. Бұл бізге бодандықтан да арман сұмдық еді! Мұны аңғару түгілі, мойындаудың өзіне ерлік пен жігер керек еді!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-15 14:21:58

Қазақ кең халық! Дана халық! Досына адал халық! Жомарт халық! Батыр халық! Ең бастысы, ата-бабамыз ақиқат дінді қабылдаған халық. Қазақтың барша салт-санасы мұсылмандықпен біте қайнасқан. Мақал-мәтелінен тартып барлық дәстүрінде мұсылмандықтың нағыз белгілері жатады. Осындай керемет халықтың бодан заманда құрымаған тұтастығы егемендік алған 20 жыл ішінде құрып бітудің аз ғана алдында тұр. Бұл бізге бодандықтан да арман сұмдық еді! Мұны аңғару түгілі, мойындаудың өзіне ерлік пен жігер керек еді!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-15 14:27:17

Қазақ қоғамын түсіну үшін қазақ жасаған барша аймақты аралап шығу керек. Түстігі мен терістігін, шығысы мен батысын өз аяғыңмен жүріп, өз аяғыңмен аралауың керек. Алла бере салған өз басыңмен дербес ойлануың керек. Сонда ғана қазақтың жанын сезе аласың. Қазақ бұл күнде ұзақ уақыт науқастанып, төсек тартып жатқан сырқат жанға ұқсайды. Қанымызға құйылмаған у жоқ. Біз жұтпаған у жоқ! Айтшы, біз жұтпаған тағы қандай уың қалды бұл ғаламда?!

Осындай халдегі ұлтымызды құтқару – өзін зиялы санайтын барша қазақ ұл-қызының борышы болуға тиіс! Ұлтын ойлай алатын, санасында саңлауы бар барша қазақ өзін ұлт-азаттық жолындағы жауынгер сезінуі керек! Бүйтпейінше, біздің халымыз – жаман.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-15 14:41:54

Жат дінге өтіп кеткен қазақтар, яғни, азғындаған қазақтар, біздің ішіміздегі қатерлі ісік сықылды. Бұл қатерлі ісік, қатерлі өспе бұл күнде Қазақстан қазағынан бастау алып, дами-дами келе Қытай қазағының арасына да келіп жетті. «Мың бір сапар естеліктерімде» тілге көбірек алынған осы тақырып ішкі Қытайдың әрбір өлкесінде, Шяңгаңда (Гонконгта) бұқпантайлап жүріп, өздері шырмалған жат діндерін өзге қазаққа таратып жүргендерге өте ауыр тигені шын. Сол үшін де олардың жанталаса шабуылға өткені түсінікті жағдай.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-15 14:44:44

Мен Ресей татарларымен де аз араласқан жоқпын. Мұсылман татар мен христиан татардың өздерін біртұтас ұлт ретінде сезінгенін көрген емеспін. Мұсылман еурейдің насара дініндегі еурейді бауырым дегенін де көрген жоқпын. Христиан дініндегі Ливан, Марокко арабтарын өзге арабтың қарындас санағанын да көрген емеспін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-6-23 15:50:50

Діні жоқ, иманы жоқ халық антивирусы жоқ компьютер сықылды. Оны кез-келген ең қарапайым деңгейдегі вирустың өзі құрта алады. Егемендік алған тұстағы Қазақстан да, қазақ халқы да тура осындай күйде болды деп ашық айта алуға болады. Себебі, халқымыздың ғасырлардан қалыптасқан діни нанымдарын қызыл заманның қызыл қырғындары мен қызыл аштығында, қызыл билеті мойнында, қызыл қарғысы қойнында жүрген қызыл әпербақандары құртып тынған еді. Сонымен діни нанымы мейлінше әлсіреген, иманы өлеусіреген халқымыз, бейне, оттан қорғар қорғаны жоқ компьютердің халықаралық ғаламторға жалғанғанындай күй кешті. Бізге ұсағы, ірісі, жөйқыні, мәйдәсі бар барлық вирос жабал шабуылға өтті. Процессеріміз күйіп кеткен кезі де болды. Сонымен тұтас ұлт кеңістігі, мемлекет аясы ғаламдағы барша былық пен шылыққа, барлық аздырғы-тоздырғы діндерге, секталарға толып кетті....

Ұлт зиялыларын жаппай қудалау, ату, қырғындау құбылысы барша Кеңес Одағы көлемінде жүрілді. Украиндар да қазақтар сықылды орыстардың езгісіне ең қатты ұшыраған елдерден болды. Бірақ, қақол ағайындарымыз бізге қарағанда кекшіл екендігін ашық аңдатып жүр. 2009 жылғы халықаралық деңгейде аталып өткен Украин қырғынына қатысты мәселе күллі адамзат баласын аң-таң қалдырды. Ал, біз халқымыздың басындағы ең үлкен, ең жойқын апат туралы ауыз ашқаннан да қорқып, Мәскеудің қабағына жалтақтап отырмыз...

Бұл осы уақытu


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.044 сек.)