Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  7. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 01:49:22

Қазақстандағы немістердің Қазақстанды мекендеген басқа барлық келімсектерден өзгеше бір жері бар болатын. Ол немістердің қазаққа аса құмар, аса үйір, аса жақындығы еді. Бұл жағын арнайы зерттеу де керек шығар. Болмаса, қазақ жерінен жан сақтап қалған қаншама бұратана бар, оның ішінде, өзіміздің түркі бауырларымыз да бар. Славян тектілерді ғой ауызға алмасақ та болады, себебі, олар Кеңес кезінде өздерін билеуші ұлт ретінде сезініп, өте менмен, тәкаппар болғандар еді. Ал, немістер олардан мүлде бөлек болды. Осы немістердің ішінен атақты жазушы Герольд Бельгерді арнайы атауға болады. Шыққан тегі неміс болғанымен, шығармаларын қазақша жазып, қазақ ұлтының ыстығы мен суығына күйіп, шыр-пыр болып жүрген Герағаң өзгеше тұлға еді. Отаны қанша шақырса да, қазақ жерін қимаған, қазақты қазақтың өзіндей сүйетін Герольд Бельгер Қытайдағы оқырманға да бейтаныс болмаса керек-ті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 01:55:57

Кеңес Одағының қазанында қайнап шыққан немістер Германия қоғамында бастабында аса қызу қарсы алынды. Себебі, бұлардың қатарында оқымысты тұлғалар аз еместұғын. Өкініштісі, неміс қоғамы бара-бара бұл бауырластарынан жиіркене бастады. Кейбірлерінің неміс тілін мүлде білмейтінін немесе неміс тілін ұмыта бастағандарын есепке алмағанда, тұрғылықты тұрғындардан бөлектеніп, өз еділ акцентімен сөйлейтін немістердің өзі де Германия қоғамында өздерінің салыстырмалы түрде білімсіз, ұятсыз, тойымсыз, дінсіз, жауапкерсіз жақтарымен көзге түсе бастаған болатын. Бұл Германияның тұрғылықты тұрғындары үшін үрке қарайтын қылықтар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 02:12:22

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-7 02:15 да өзгерткен

Қазақстанға көшіп барған туыстарымның арасында болған кезімде, олардың немістер салған үйлерді сатып алуға қатты құмар екенін байқаған болатынмын. Германияға көшкен немістердің Алматы маңындағы ауылдарда қалған үйлерін бұл күнде, көбінеки, Қытайдан барған қазақтардың қызыға сатып алуының себебі бар екен. Немістер өте пысық, өте ұқыпты халық болса керек, салған үйлері де соншалықты ретті, таза болады екен. Үйді салу бір бөлек те, оны ұстау да бір бөлек әңгіме ғой. Бөлмелері кішкене-кішкене болғанымен, жылу жүйесі, жарықтануы, ауладағы жеміс ағаштарының отырғызылу тәртібі, қысқасы, бу моншасынан тартып әжетханасына дейін орыстардың үйінен мың есеге артық болады екен. Онымен қатар, мал қорасының өзі кейбір алқаш орыстың үйінен таза болатыны адамды аң-таң қалдыратын жағдай еді. Алматы маңындағы Балтабай, Қырбалтабай, Тескенсу, Ташкенсаз, Талғар, Космос, т.б. ауылдарын аралағанымда бұл жағдайға қаныға түскен едім...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 02:23:55

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-7 13:54 да өзгерткен.

Сонымен милионнан аса оралманын оралтып алған Германияның бас ауруы да молая түскен еді. Кеңестік заманның көзқарасымен, Кеңестік заманның білімімен, Кеңестік заманның басымен, миымен дамыған Батыс дүниесінде, оның ішіндегі Германия қоғамында өмір сүру – есек арбамен ракетаны салыстырғандай қисынсыз жағдай еді. Қалай болған күннің өзінде де, атасы басқа арабтардан гөрі өз немісі өзіне ыстық боларын да білді неміс саясаткерлері. Бүгінін емес, болашағын күн бұрын ойлайтын жұрт – осылай жасайды да. Жабал аттанысқа келіп, жас ұрпақ немістерді өз құшақтарына алып, өз тәрбиесімен жетілдіруге барын салып жанталасқандарының ар жағында, ұлттың болашағын ойлаған үлкен кемеңгерлік пен асқан саяси көрегендіктер жатқан еді. Сәбеттің сарқыншағы өліп таусылар, мың жасар құзғын емес қой, бірақ, жай түсіп қураған жасамыс қарағайдың түбінен жас өскін өсіп жетілмеуші ме еді?! Олардың ойлағаны да осы болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 02:39:20

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-7 02:41 да өзгерткен

ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың арасында Еділ немістері орыс қысымына шыдай алмай, Америка, Канада, Аргентина, Бразилияға қоныс аударған болатын. Өз орысынан басқасын адам құрлы көрмейтін, күн көрсетпейтін орыс патшалығы боданындағы ешқандай халықты жарылқамаған болатын. Бұл саясаттың Кеңес Одағы кезінде жалғасқаны шындық. Орыс патшалығы заманында, Ақ патшаның езгісіне төзбей, Америка құрлығындағы елдерді сағалаған немістердің жағдайы орыс жерінде қалған, сосын Кеңес билігінде өмір кешкен немістермен салыстырғанда, жер мен көктей айырмасы бар болатұғын. Болмаса, неміс қауымы, орыс жерінде де, Америка құрылығында да азшылық ұлт ретінде, бұратана, келімсек ретінде өмір сүргені шын еді. Демократиялық ұстанымдары орыстардан әлдеқайда жоғары, тіпті орыспен салыстыруға келмейтін деңгейде жоғары болған Америка мен Канада да мұнда көшіп келген немістер адам қатарына саналып, тепе-тең ғұмыр кешкені, ұлттық езгі көрмегені шын еді! Ал орыс қауымы болса, мейлі патшалық заманда болсын, мейлі, кейінгі Кеңес заманында болсын, өзінен басқаның барлығын езгілеумен, езумен, қорлаумен, жаныштаумен ғана айналысқан болатын. Қытайдың атақты патшасы, қазаққа қызын беріп құда болған саясаткері, көне сарсүйек құдамыз Хан Уди патшаның «өзімнен басқаның өзегі жат» (өз аудармам, мүмкін, дұрыс болмаса, дұрыстай жатарсыздар. Төте аудармасы: Өз ұлтымнан болмағанның ниеті бөлек болары сөзсіз) 非我族类,其心必异 деген ұстанымын орыстар аса қатты ұстанған қауым еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 02:52:14

Орыс езгісінен ертерек құтылып, баяғыда-ақ Америкаға қоныс аударған Еділ немістері жақсы шарт-жағдай мен езгісі жоқ еркін қоғамда азат адам ретінде жасап, мал мен басы қатар өсіп, бұл күндері миллионға жеткен еді. Ал, Бразилияда бір жарым миллион болса, Аргентинада бір миллион 300 мың адамға дейін өскен Еділ немістері көшпей қасарысып, қай-жайдағы түкке тұрғысыз сылтаулармен өздерін өздері алдаусыратып, орыс жерінде қалып қойған бауырластарына қарағанда, адам ретінде, азат өмір сүргенімен қатар, өмір сүрудің басқа да барлық көрсеткіштері жағынан мүлде артық еді. Немістердің Ақ патша елінен дүр көтеріліп көше бастаған заманында, атасы барып көрмеген жаңа құрлыққа, қиырдағы Америкаға бару дегеніңіз кәдімгідей еркектің еркегі ғана батыл шешім шығара алатын үлкен тәуекелшілдік еді. Ердің ері ғана мұндайда батыл шешімдер жасай алатыны сөзсіз. Сол батыл да қайсар ұлдардың ұрпақтары қаншалықты бақытты болды деші, кейде ұлт түгілі, жеке адамның өзінің бақытты болу-болмауын өзінің батыл не батыл еместігі шешетін болса керек. Ислами көзқарастың өзінде де Аллаға тәуекел ету деген ұғым аса қастерленеді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 03:58:19

1918 жылы Еділ немістерінің автономиялы облысы құрылғантұғын. Бұл кейін келе, 1924 жылы Еділ өзені немістерінің Совет Социялистік Автономиялы Республикасы болып құрылып, Ресей Федерациясына қараған болатын. Ал бұл немістердің Еділ бойына көшіп келуінің ар жағында, неміс қаны бар орыс патшайымы Екатерина екіншінің ықпалы зор болғантұғын. Қашан да қол ішіне қарай иіледі ғой, орыстың патшасы болғанымен, бір бүйрегі неміске бұра тартқан әйел патша неміс қанын араластыру арқылы надан да топас, ішкіш-маскүнем орыстарды өмір салтынан бастап, гендік құрамына дейін өзгертпек болған болатын. Орыс патшаларындағы бұл үрдіс атақты Бірінші Петр патша заманында өте кең қолданылған болатын. Орыстың ұзын сақалын қайшымен қиған реформашыл патша Еуропа жұртында күні бүгінге дейін «орыс шошқалары» атымен аталатын орыс жұртының ішкіш-маскүнем, зинақорлыққа бейім, жауапкерсіз, ұятсыз, білімсіз, надан бейнесін өзгертпек болғантұғын. Орыстың шұбалаңдаған ұзын шапандарын күшпен тастатқызып, Еуропаның қысқа, тар кастюм-шалбарына ауыстырған, темекі шегуді ақсүйектік ретінде жалпыластырған орыс патшалары өз халқын өзгерту жолында неге болса да баратын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 04:08:52

Автономиялы республика болған кезінде, тек қана республика ішіндегі немістердің өзі 700 мыңға жақын болатын, Кеңес үкіметінің басқа да аймақтарындағы немістер бұл санаққа кірмеген еді. Автономия алып мәре-сәре болған немістердің қуанышы ұзаққа барған жоқ, 1941 жылы Хитлер Кеңес Одағына соғыс ашады, осы жылдың тамыз айының 28 күні немістер үшін алғанда қасірет күні еді. Себебі, нәсілшіл Кеңес үкіметі біртұтас халықты, ағы мен қарасын айырмастан, бір таяқпен айдап, тұтасымен қылмыскер ретінде қараған болатын, әрі немістерді өздері жасап жатқан ортасынан қуғындау туралы жарлық та шығып үлгірген еді, бір жылдан соң Еділ бойы немістерінің автономиялы республикасы да жойылады. Немістер Орта Азиядағы Қазақстанға сүргінделеді. Шындығында, бұл адамзат тарихындағы аса үлкен нәсілшілдік қылмыстардың бірі болатын. Себебі, Кеңес Одағында жасап жатқан немістердің Германиядағы фашистік Хитлер немістерімен қатысы жоқ еді. Қаны бір неміс болғаны үшін ғана жазықсыздан жапа шеккен Еділ немістері «Қараған өз жерінде гүрілдейді» немесе «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген қазақ ақылиясын қазақ еліне келгенде ғана естіген болса керек.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)