Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  7. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 12:52:13

Ат пен атақтан туған шатақ – осы. Тарихты жеңімпаздар жеңілушінің жауырынына қойып тұрып жазады. Сондықтан үстемдер жазған тарихта ешқашан шындық болмайды. Нағыз ғылыми шындық белгісі жоқ өткен күн түгілі, күні кеше ғана болған жаһандық екінші соғыс туралы тарихта да болған жоқ. Күллі адамзат мәдениетті заманға, жазу-сызуы бар заманға бет алған осы заманда шындық болмағанда, баяғыдағы тарихтар туралы ештеме айтпай-ақ қой.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 00:45:39

Шеттегі немісін Отанына шақырған Германияның көздеген мақсаты бар еді. 1960 жылдарда өнеркәсібінің дамуына байланысты Германияға зор мөлшердегі еңбеккүш керек болған еді. Осы кезде олар Түркия қатарлы біраз мұсылман елінен арзан еңбеккүш қабылдай бастады. Түркиядағы қазақтар да осы орайда түріктермен қатар Германияға бет алды. Осы күнде Германиядағы қазақтардың басым бөлігі сол замандарда Түркиядан барған қазақтартұғын. Мұнан басқа соғыстан кейін сан-алуан себеппен неміс жерінде қалған қазақтар да бар еді. Мысалы, Германияға соғыстан бұрын-ақ барған атақты Алаш азаматы Мұстафа Шоқай соның бірі еді. Түркиядағы қазақтардың неміс жеріне қоныс аударуы және Мұстафа Шоқай туралы кейін бөлек әңгіме айтармыз. Сөзімізді қандасын қазақ құсап шақырған немістерге бұралық:

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 00:58:07

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-7 00:59 да өзгерткен

«Жат жарылқамайды, өз өлтірмейді» деген қазақ ақылиясын немістер білсе керек. Атасы басқа араб пен тынымсыз түрік баласы оларға оншалықты жайлы бола қойған жоқ. «Мейман жұмыскерлер» атанған түрік жұмыскерлері өздерінен бұрын келген арабтар сықылды мұнда мейман ретінде тұрған жоқ, себебі, мейманның келуі бар да, кетуі де бар болатұғын. Түріктер мұнда бала-шағаларын алдырып, мешіттерін салдырып, тұрақтап тұрып қалды. Онысымен қоймай, немістің қыздарына үйленіп, оларды мұсылманша киіндіріп шыға келді. Себебі, Батыс қоғамындағы соғыстан кейін пайда болған әсіре дінсіздіктен кейін, Батыс жастарындағы азғындау процесі қатты жүрген болатын. Жыныстық еркінсу мен әуейілік, қоғамға наразылық, өмір мақсатын айқындай алмау сықылды сан алуан шайтани ойлардың жетегінде кеткен Батыс қоғамында, сол кездегі кино мен шығармашылықтың барлық түрінен адамдардың үмітсіз, армансыз, дәрменсіз, рухани азғындаған бейнесін көруге болатұғын.

Адам баласы қашан да ізгілікке құмар болады. Ақиқаттың нұры, ислам шапағаты Германияға келген араб пен түрік мұсылмандарынан да бұрын түркі жұртының тағы бір баласы арқылы неміс жұртына белгілі болғантұғын. Мұсылманша айтсақ, Ислам дауғаты мұнда тым ертеде жеткен болатұғын. Ол неміске тұтқынға түскен башқұрт-татар әскерлері болатын. Патшалық Ресейдің әскерінің құрамында болып Германиямен соғысқан мұсылман жасақтары, түркі қарындастарымыздың неміс қоғамына жасаған ықпалы аса зор болды дер едім. Себебі, осы тұтқын жасақтар немістің атақты ақыны Гетені мұсылман қылған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 01:13:12

Құрандағы ғажайып үндестік пен ұйқасқа, әуезділікке аң-таң қалған Гете мұның адамзат тілі еместігіне сенген еді. Тұтқындағы башқұрттар мен татарлардың түсіндіруі бойынша, Құранға қатты қызыққан Гете Құрандағы ұйқасқа еліктеп өлең жаза бастайды. Себебі, Алладан түскен қасиетті кітаптағы адам баласының қолынан келмейтін мүлде сырлы ойлар мен әуездер, шексіз келісім мен шегі жоқ шеберлік ақын жүрегін тебіренткен болатұғын. Ақырында, өзін мұсылман деп жариялайды ұлы ақын. Бір қызығы, неміс ұлтынан шыққан мың сан ғұламаның ішінен құдайсыз билік орнатқан орыстарға Гетенің аударма арқылы жеткен өлеңдері ұнаған еді. Бұл өлеңдер орыс тілі арқылы Қазақстан қазақтарына, сосын Қытай қазақтарына жеткентұғын. Ал, қытайлардың өзі де, бейне, коммунист орыстар сықылды Гетеге құмар болып шыққанын түсінбейсің. Мүмкін Гетенің кейбір әділетшіл көзқарастары коммунистерге керек болған болар. Бірақ бір нәрсенің ақиқат екендігі шын, орыстар ұлықтап, әспеттеп оқулығына енгізген Гетенің, шын мағынасында, мұсылман болғандығын 70 жыл бойы жасырын ұстағаны еді. Бұған да таңырқамаймыз ғой, өзінің Толстойын соншама ардақтап оқытқанда, оның да мұсылмандықты қабылдағанын жасырған орыстан қандай ақиқат күтерсің?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 01:27:13

Жұмыскер түріктер Германия қоғамын мұсылмандастыра бастады. Бұл неміс ұлтшылдарына ұнаған жоқ. Сонымен жат жарылқамайдыны естеріне алған немістер Кеңес Одағында жасайтын қандастарын Отандарына шақыра бастады. 1985 жылдан бастау алған осы көші-қон саясаты бүкіл ғаламның назарын аударған үлкен оқиғалар ретінде қалды. Тура осы жылдан бастау алған неміс көші-қоны жылына 150 мың адамдық жылдамдықпен жалғасып, тура 1991 жылға дейін тоқтаған жоқ. 1991 жылдың өзінде, Кеңес Одағындағы жағдай аумалы-төкпелі болып тұрған кездің өзінде, 133 мың неміс өз Отанына қайтты. Осының өзінде, бұл күндегі Қазақстанда шамамен 300 мың неміс қалып отыр. Бұл, әрине, немістердің өз санағы, шынайы шындықты біз Қазақстан үкіметі тарапынан шыққан санақ негізінде ғана біле аламыз. Шындығында, қазіргі Астана қаласы маңында, Ақмола, Қостанай өңіріндегі немістердің 80 жылдарда Қазақ елінен автономия алмақ болып ұмтылғаны шындық еді. Тарихта ешқашан жазылмайтын бұл оқиғалардың ар жағында алыстағы неміс үкіметі тұрғаны да шын еді. Бірақ Сарыарқаның төсін сақау неміске сайрандатып қойған қазақ жоқ еді. Астанада болған кезімде, Астана маңындағы ауылдарға барып, ондағы ел-жұртпен араласып, ойнап-күліп жүрген 2006 жылдың жазында мен осы туралы біраз ақпаратты ел арасынан естіген едім. Астана маңындағы керейлер (көбі ашамайлы керейлер) ортасында болған бұл күндерім туралы бөлек әңгіме айтармын, иншаллаһ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-7 01:40:51

Осыншама зор күшпен көшірсе де, орыс жерінде осы уақытқа дейін жарты миллионнан аса неміс қалып отыр. Аралас некесі бар, қоспасы, шатасы, құрандысы бар болып жалпақ есеппен есептегенде, кем дегенде, бір жарым миллион адам өздерінде неміс қаны бар екенін дәлелдей алады.

Мұның тағы бір астары бар.

Себебі, орыстар Волга деп өзгертіп атаған қазақтың Еділ өзенінің аяққы ағарын мекендеген бұл немістердің орыс билеген жерде жасағанына 18 ғасырдың жартысынан бастап есептегенде де, біраз жылдар болған еді. Кеңес Одағының күлі көкке ұшқаннан кейін, неміс ауылдарында туып-өскен, немістің Еділ акцентімен сөйлей алатын немістер Германияға көшіп болған еді. Себебі, Германия үкіметі де біраз қиындықтарға дүп келгендіктен, бейне, Кеңес кеңістігінен келген еврейлерді қабылдаған Израиль сықылды, олар да Кеңес Одағының қысымды қазанынан шыққан, тегі неміс болса да, тілі мен ділі, қаны мен жаны, өмірге көзқарасы мен наным-танымы өзгерген немістердің Германия қоғамына жасаған нашар ықпалының себебінен, Кеңес немістерін азаматтыққа қабылдарда қоятын талаптары мен тексерулерін қатаңдастыра бастаған болатын.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 55 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)