Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  7. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 14:19:55

Үлкен де күрделі операцияларды жасайтын, Канадада күллі канадалық оны ардақтап, өз президенттерінен де арман құрметтейтін хирург мұнда қатардағы қарапайым доктор ғана. Арнайы жекелік зертханасы болмақ түгілі, арнайы үстелі де болмауы мүмкін. Осындай болатынын біле тұра, көре тұра, күнде қырғын, күнде соғыс болып жатқан Отандарына оралған еврейлерді көріп таңданбай, таңырқамай тұра алмайсың. Американың атақты Кремний аңғарында немесе күллі ғаламның компьютер саласын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұратын Microsoft үшін ғылыми зерттеумен айналысатын миллионер математиктің Израильде бастауыш мектептің боқмұрындарына арифметикадан сабақ беруі қалыпты құбылыс қана болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 14:26:53

Оларды осылай жасауға ешкім де, ештеме де мәжбүрлеп отырған жоқтұғын. Отандарына деген оттан ыстық махаббаттары ғана еді, оларды жалпақ жаһанның барлық барша бұрышынан осында әкеліп тоғыстырып отырған. Үлкен ғылым иелерін, үлкен кәсіп иелерін айтпағанның өзінде, қатардағы қарапайым бұқара ретінде өмір сүретін, көптің бір ғана есебіндегі яһудидің Израильге келгесін, екі қолға бір жұмыс таба алмай қалуы да бек мүмкін болатұғын немесе өз мамандығына сай жұмыс таба алмай, қара жұмысқа жегілуі де әбден мүмкін еді. «Тель Авивтің көшесін профессор сыпырады» деген тәмсіл сөздің шығатын себебі де осыдан еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 15:32:46

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-5 15:40 да өзгерткен

Бұлармен салыстырғанда, ділі өзгерген, діні бұзылған немесе мүлдем дінсізденген, тілі құрыған Кеңес Одағы кеңістігінен келген еврейлер, бейне, атам қазақ айтқандай, ақырзаман жақындағанда, «дүдамалдау дінің болады, дүбаралау тілің болады» деген жағдайда болатын. Израильге барған, төңіректің төрт бұрышынан жиналған, жер шарының барлық жерінен келген еврейлердің ішінде, Кеңес Одағы кеңістігінен келген еврейлер сапасыздығы мен ұятсыздығы, мәдениетсіздігі, ұлтсызданған қасиетсіздіктері мен дөрекіліктері, бөспеліктері мен ішкіштіктері жағынан мүлде дараланып тұратын еді. Онысымен қоймай, Кеңес Одағы ыдыраған заманда, жағдайлары күрт нашарлаған еврейлер, 70 жыл, мүмкін, онан да көп мекендеген, суын ішіп, дәм-тұзын татқан, сонда ұл өсіріп, қыз өсіріп, өсіп-өнгеніне қарамастан, жағдайы жақсы Израильге жабал көше бастағанына қарамастан, соңғы кезде Қазақстан мен Ресейдегі жақсара бастаған экономикалық жағдайды көргесін, жабал кері қайта бастаған еді. Оларды кет ары деген қазақ болған жоқ. Барған жеріне батыса алмай қайтып келген сормаңдай қызындай немесе іштен шыққан шұбар жыланын қарсы алғандай (ішіме сыйғанда, сыртыма сыймай ма дегендей...), тіпті, онан да арман қызу бейнеде, күллі қазақ қоғамы малақайын аспанға ата қарсы алды...

«Отаншыл» деп емешектері үзіле, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болған қазақты көрсең ғой...

«Қазақтың қазы-қартасын сағындым» деген неміс пен еврейдің телеарнадағы сұхбатын көріп отырған қазақ баласының әсерленгеннен еңіреп жыламағаны бар ма екен, «Ой, бауырым-ай!» деп, қайтадан қауышып, құшағына басты да алды...

Алтыншаш апамыз қайта оралған еврей мен неміске, орысқа оралмандар қатарында қарауды айтып, оларға да оралман мәртебесін беруді ұсынғанда таңырқаған қазақ болған жоқ....

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 15:58:34

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-5 16:00 да өзгерткен

Қазақ жерінің еврейлері Қазақияға кері қайтып оралғанымен, өзге жерден кеткен еврейлер, мысалы, Өзбекстан еврейлері өзбекке қайта қайтып баруға құлықсыз еді. Оларды қазақ құсап қарсы ала қоятын өзбек ақырзаманға дейін туылмайтынына олар сенетұғын. Грузин еврейі де өзбек еврейімен ұқсас халде еді. Ал, Ресей Федерациясының басым бөлік еврейі де осы тектес болды, бір бөлімі ғана Ресейге қайта оралуды дұрыс деп тапты. Ал, жаңағы кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатын еврейлер, өздерінің байырғы жасаған мекендеріне кері қайтатын жол жабық болғасын, Америка мен Еуропаны, Аустралияны бетке алды. Әрине, Израиль паспортын алып болғасын. Себебі, Израиль паспорты ол жерлерде Кеңес елдерінің кез-келгенінің паспортынан қадірлі еді, әрі сол араның азаматтығына өтуіне де өте қолайлы болатұғын. Азаматтығын алғасын, ары қарай не істеу керек екенін еврей сіз бен бізден сұрамайды ғой, тастай батып, судай сіңіп кете береді...

Қазақияға кері қайтқан еврейлердің аяқ астынан күрт байып оралғаны түсініксіз жағдай. Израильде аспаннан оқ жаумаса, ақша жаумайтыны шындық жағдай. Қазақиядан айырылғанына 2 жылға жетер-жетпес болған кез-келген еврейдің бұл күнде Алматының ең шұрайлы, ең қымбат жерлерінде гектар-гектар жер, заводтар, тұрақты мүліктер сатып ала қоятыны таңқаларлық. Мұның ар жағында, арнайы қаржыландырып отырған масон көлеңкесін көруге болады. Себебі, еврей қашан да үй ішінен үй тігуге шебер. Әр арабтан әр еврей жеке-жеке сатып алған жерін құрастырып жіберіп бір мемлекетті жасап шыға келгенде, осы тәжірибелерін қазаққа қолданбайды деп айту қиын. Онсыз да Шелекте, Жаркентте, Малыбайда кеше ғана ала дорбасын мойнына салып, қайыр тілеп қазақ жұртына келген, қазақтардың қайырымы мен садақасы арқасында қақаған аяздарда әр қазақтың үйіне бөлініп паналап аман қалған, бұл күнде биті семіріп, ашаршылықта жеген құйқаның дәмін ұмытқан кей ағайындарымыздың қылығы «Мемлекет сенікі, жер біздікі” болғанда, күллі жаһандағы барша алпауыттың басын қатырған еврей мен менің ақкөңіл де аңқау, даласындай дарқан мінезді қазағымның алысар шамасы бар ма екен? Қашан да іштен шыққан жау жаман ғой, атойлап шапқан жауға аттандап тұра шабатын қанды соғыс емес, қаныңды қасыңда отырып-ақ сорып бітіретін мына жегі құрттардан абайламасақ, түптің түбінде арабтар құсап құса мен қорлықта қаларымыз шындық. Алла оның бетін ары қылсын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 18:16:06

Орыстанған, дінсізденген еврейлер Израиль мемлекеті үшін сатқындық пен арсыздықтың, ұлтсызданудың белгісі болып қалды. Бұл олардың бір ғана көрінісі еді. Мұнан басқа да бір көрінісі соңғы кезде Израиль мемлекетінде белең беріп келе жатты. Бұл – адамгершілік ұстанымдағы еврей зиялы қауымын қатты тіксіндірген құбылыс болды. Арабтармен арадағы ешқашан аяқталмайтын қырғындар мен шабуылдардан, соғыстардан жалыққан еврейдің бір бөлек зиялы қауымы тыныштықты аңсайтыны шүбәсіз. Әсіресе, бейбіт өмір кешетін аймақтардан келген, мысалы, Еуропа мен Америка елдерінен келген, таза ғылыми зерттеулермен шұғылданатын, саяси сайқалдықтарды суқаны сүймейтін еврей оралмандары орыс қоғамынан келген еврей бауырластарының әсіре ұлтшыл, әсіре фашистік бағыттағы ұстанымдарына үрке қарайтын. Орыс қоғамында жүріп, орыс билеген қоғамда өсіп, зордың азға қорлығын, көптің азға зорекерлігін, үстем ұлттың бодан ұлтқа қиянатын көре-көре әбден көніккен еврейлер енді осындай ұстанымдарын арабтарға қолданғысы келетін. Арабтарды Палестинадан мүлде тазалап тастауды уағыздайтын орыс қоғамынан келген еврейлердің әсіре ұшқары ұлтшылдығы мен қырғынға бейім қызбалықтары Израиль қоғамын бастапқыдағы еленбеген осы топқа ойлы көзбен қарауға мәжбүр ете бастады. Шынтуайтында, еврейлер Кеңес кезінде, Ленин, Сталин заманында қорлық көргенімен, онан кейінгі замандарда, әсіресе, өзге бодан республикаларда орыстардың орыс емес ұлттарды қақпайлайтын, жаныштайтын құралына айналғантұғын. Мысалы, Қазақстандағы еврейлердің Кеңес кезінде, үкімет пе билік басында, орыстар мен украиндерден кейін үшінші орында мықтап тұрып отырғаны, рахат әрі жанға жайлы өмір сүргені көз жұмбас шындық. Себебі, орыс өз мүддесіне келгенде еврейді қақпайлағанымен, қазақ жеріндегі орыстың мақсаты – тек қана, елдің, жердің иесі болған қазақтарды бас көтертпеу болатұғын. Сол үшін де, Кеңеске қараған замандағы Қазақстанда қазақтан сорлы ұлт болмаған болатын. Қай-жайдағы бұратаның барлығын қазақтан үстем қойған орыстың мақсаты да осы еді, қазақты жасытып, қақпайлай, мүлдем тұқыртып алу керек болатын. Мұндайда еврейдің орыс қасынан табыла қалары сөзсіз еді. Қазақстандағы барша бұратананың, барша келімсектің мүддесін қазақтан жоғары қойған сұм саясаттың зардабы мен салқыны осы уақытқа дейін толық арылмай келеді. Өз жерінде қазақтың өзін қор қылған зорлықшы орыс билігі боданындағы бұратаналардың барлығын қазаққа айдап салып қойған еді.

Сөйтіп, зорлық пен зомбылықтың, қақпай мен жақпайдың қолшоқпары болып үйренген орыстанған еврейлер Израильге бара сала арабтарға ата жауындай шүйліге бастағантұғын. Мұнда, олардың Жириновскийден үлгі ала қалған саясаткерсымақтары да шоштаңдап болмай қойған-ды...

Жарқын 7 жолданған уақыты: 2011-2-5 18:25:16

Ресей мемлекетінің бірінші телеарнасынан, яғни, Ресейдің ең үлкен, ең саясиланған салмақты телеарнасынан сөйлеген сөзінде, фашист Жириновский Ресей мемлекетіндегі барлық халықтың 50 пайызға жуығын ұстайтын барлық аз санды ұлттарға өз тілдерін дәретханада ғана сөйлеуін, ал қоғамда тек қана ұлы орыс халқының тілімен ғана сөйлеуін айтқантұғын! Міне, орыс қоғамындағы демократияның белгісі.

Мүмкін, орыстар ешқашан демократиялы қоғам құрып шыға алмайтын шығар. Себебі, осыншама территорияны қаншама қырғындар мен геноциттік соғыстар, тұқымын тұздай құрту саясаттары арқылы жаулап алған орыстарда өзгеге жан ашыту деген атымен болмайтұғын. Өзгені өзімен тең қарау ұғымы орыстарға сіңісу үшін ғасырлаған уақыттар керек болса керек. Осынысына қарамай, өзгені, әсіресе, Америка бастаған, Еуропа бастаған елдердің демократиясын жалған деп сынауға, мінеуге келгенде, орыстардан артығы табылмайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 19:09:28

Құдайдан қорықпағаннан қорық. Бұл қазақ ақылиясы. Жүрегінде ешқандай сенімі жоқ, ештемеден қорықпайтын, бар қызығын осы өмірінен ғана іздейтін, ол дүниеден еш үміт күтпейтін, діни ұғымнан жұрдай қауымның қаныпезер, қатыгез келетіні сонан. Орыс қоғамынан оралған оралман еврейлердің Израиль қоғамында қалдырған образы осы болды. Отан, ұлт ұғымы санасына дарымаған бір бөлігі кері көшіп кетті. Бір бөлігі Израиль паспортын алғасын, басқа жаққа тайып тұрды. Қалған бір бөлігі ендігіде, өзінің жат елден, жан жұрттан тентіреп келгенін ұмыта қалып, орыстан жұқтырған шовинистік, зорекерлік, әлімжеттілік саясаттарын осы жердің ежелден бергі тұрғыны арабтарға қолдана қойғысы келеді. Онсыз да әділетсіз билік орнатып отырған еврей билігі «Албасты қабаққа қарай басады» ұстанымыман келе жатқантұғын. Арабтардың саясаты мен Американың мүддесінің ортасынан жол тапқыш жойттарды әсіре ұлтшылық көзқарастағы бауырлары алаңдата бастады. Сол үшін де, соңғы жылдарда, Израиль азаматтығын берерде, орыс кеңістігінен келгендерге қатал тексерулер қойғанды дұрыс деп тапты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 20:15:55

Қазақ мемлекеті дүниедегі өз қандасын отанына шақырып жатқан үш үлкен елдің бірі ретінде, егемендік алған 20 жыл ішінде, бір миллионға жуық шетел қазағына Қазақстан мемлекетінің азаматтығын беріп үлгерді. Бұл қазақ мемлекетінің үкіметтік санақ мекемесінің нақтылы санағы. Ал, азаматтық алмай жүрген немесе ала алмай жүрген қазақтар мен екі ортада сабылып сауда істеп жүрген қазақты қоссаңыз, бұл санның қомақтана түсетіні шын. Жер бетіндегі ең үлкен түрме, ең зор абақты саналған Совет Одағы ыдырағаннан кейін, Германияның өз қандастарын, барша неміс қандыларды өз Отанына шақырғаны шын еді, онан соң, сионистік уағыздарымен Еврей мемлекеті шықты. Осылардан кейін қазақ мемлекеті шықты. Шын мағынасында, бұл бір мемлекет үшін алғанда, аса үлкен қомақты қаржы қажетсінетін, бас ауыртатын, қоғамда үлкен толқулар тудыратын, мемлекет пен ұлттың тағдырына үлкен ықпал жасайтын аса үлкен операция саналады. Себебі, қалыптасып, орнығып қалған қоғамға мүлде бөлек тың бір ағынның келіп құйылуы, қалайда, оның ұзақ жылдан бері қалыптасып қалған, үйренісіп қалған қоғамдық тепе-теңдігіне өзгерістер алып келеді. Осыдан барып орнықсыздық факторлары да туылуы да мүмкін.

Орыс тілі басым күшке ие Қазақстанға шеттегі қазақ көшінің қосылуы–қазақ қоғамындағы орыс-қазақ тепе-теңдігін бұзатыны шын. Бұл, ең алдымен, Қазақстандағы орыс ұлтшылдарының ұйымдарына, әсіре славяншыл топтарға, сосын барып, орыс тілді қазақтарға, қазақты жек көретін қазақтарға, Мәскеушіл қазақтарға қатты ұнамайтынының сыртында, Кремльге мүлде ұнамасы, жақпасы анық еді. Әрине, орыс тілді қоғамның өзі Қазақстанда екі топ. Кем дегенде, қазірше екі топ. Бірі – нағыз орыстар, мен оларды сары орыстар деймін. Екіншісі – орыс болып туыла алмай қалғандар немесе орыстың итаршылары. Бұларды қоғамда «қара орыстар» дейді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 20:26:41

Ту баста, егемендік алған жылда, Қазақстандағы қазақтың үлесі 38 пайыз ғана еді. Адамзат тарихында аса сирек кездесетін ғажайып құбылысты қазақ халқы, ашығын айтқанда, Қазақстанның қазағы іске асырды. Азшылық болғанына қарамастан, орыс бүлгіншілері мен орыс бөлгіншілерінің молдығына қарамастан, қазақ халқы өзінен соншама көп жұрттың үстінен қарап, егемендігін жариялады. Қазақстандағы медиа, баспасөз Советтен қалған салт бойынша, Қазақстанда 137 ұлт бар дегенімен, мен өз басым, Қазақстанда екі ғана ұлт бар деп сенемін. Бұл, шын мағынасында, жер бетіндегі аса көп санды мемлекеттерге сай келеді. Қазақстанда, бұрын да, қазірде екі ғана ұлт бар. Бірі – қазақтар, екіншісі – қазақ еместер! Қазіргі қазақ қоғамындағы ең үлкен мәселе де осы. Қазақтар мен қазақ еместердің арасындағы қиянкескі, ымырасыз соғыста кімнің үстем орын алуы – Қазақстан мемлекетінің тағдырын шешеді. Сонымен қатар, күллі қазақ баласының да тағдырын шешеді. Орыс тілді қазақтардың ішінде де қазақ үшін еңбек ететіні бар. Қазақ тілді қазақтардың ішінде де орыс үшін өмешегін үзіп беретіні бар. Қазақстан – шын мағынасында, қайнаған алып қара қазан. Онда сен көрмеген, мен көрмеген мың сан құбылыс бар, құбылыспен қатар, құбыжық та бар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 22:30:47

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-5 23:43 да өзгерткен

Алмания елі шетелдегі неміс бауырласын Отан құшағына шақырғанда, арнайы осы жұмыс үшін өзіндік дербес заңнамалар жасады. Өте ұқыпты, өте баппен жұмыс жасайтын немістер неміс оралмандары мәселесінде де өте кең ойланып, мың өлшеп бір кесті. Себебі, немістер де оралманын көшіруден ілгері үлкен қоғамдық, ұлттық тәжірибе сабақ болғантұғын. Ол екі немістің біріккені еді. Америка бастаған Еуропа елдері әскерін тұрғызған Германия Федеративтік республикасы (ГФР) мен Кеңес Одағы әскерін тұрғызған Германия демократиялық республикасы (ГДР) өткен ғасырдың аяғында, яғни, 1993 жылы бірлескен еді. Жарты ғасырға жуық уақыт бір-бірінен мүлде бөлек жасаған екі неміс мемлекетінің қақ ортасында, атақты «Берлин қабырғасы» бар еді.

Жылына мыңдаған неміс азаматы осы қабырғадан ары асып, орыс билеген неміс елінен Еуропа билеген неміс еліне қарай қашатын. Ұсталғаны орыс солдаттары жағынан рақымсыз жазаға тартылатын да, қашып құтылғаны Батыс қоғамында батыр ретінде әспеттелетін. Осыдан-ақ, орыс билеген қоғамның қаншалықты әділетсіз екендігін білсек керек. Ал, тура осындай ашынышты тағдыр бұл күнде Солтүстік Корей мен Оңтүстік Корей арасында туылуда. Себебі, орыс билігі сүйеп таққа шығарған, дара билеуші Ким Ер Сен және оның отбасылық дара билігі Терістік корей халқын қараңғы құлдық пен террорлық, фашистік жүйе астында тұншықтырып отыр еді. Алпауыттар жағынан екіге қақ айырылған неміс елі корейлерге қарағанда, тәлейлі һәм бақытты болды. Себебі, Горбачев билігі Кеңес әскерін Германиядан шегіндіруге келісімін бере сала-ақ, екі неміс бірігуге қарай бет алды...

Бірақ, орыс отарында болған неміс қоғамы мүлде өзгерген еді. Бір, тек бір атаның ұрпағы балғанымен, екі жүйеде жасаған екі неміс мүлде екі түрлі еді. Білім, қабілет, іскерлік жағын ауызға алмағанның өзінде, екі жақтың адамы өмірге көзқарас, діни наным, ұлттық ұстаным жағынан алғанда, жарты ғасырға жетпейтін уақыт ішінде жер мен көктей айырма жасап шыға келген болатын. Орыстың сан-алуан нашар әдеттері мен көзқарастарын жұқтырған немістер мұнда құдайсызданып кеткентұғын. Ұлттық өзін-өзі тануы мүлде кері кетіп, бір бөлім ұлтсызданған, космополит неміс ұрпағы жетіліп шыққантұғын. Қоғам мен ұлтқа, мемлекетке, елге, жерге деген көзқарасы мүлде орыстанған бір қауым болған еді. Кедейлік пен жұмыссыздық жайлаған, дінсіздіктен туындайтын небір қылмыстар көбейген Германия Демократиялық Республикасын қосып алған Германия Федерациялық Республикасы өздері мүлде ойламаған сан-алуан қиындықтарға дүп келген еді. Білім-ғылым, оқу-тоқу жақтағы нашарлығымен қоса, мұндағы жауапкерсіз, жалқау неміс шынайы немістер үшін алғанда, бейне, неміс емес сықылды болатын. Осы тектес сансыз қиындықтарды бастан кеше отырып, екі немістің ортасындағы айырмашылықты әлі күнге дейін азайта алмай отырған неміс қоғамы шетелден қандастарын шақырған кезінде, әлдеқашан ісқаяқ, тәжірибелі бола түскен еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 22:52:35

Немістер Кеңес кеңістігінен келген немістер үшін арнайы бейімдеу орталықтарын құрды. Бұл аса мол қаржыны қажет ететін тірлік еді. Бейімдеу орталықтарына Алманияға көшіп келген барлық неміс, тұтас отбасымен кіретін, онда Германияға бара қалған барлық немістің үй-жайдан, ішер астан басы қата қоймайтын. Себебі, бейімдеу орталықтары олардың дамыған неміс қоғамына тезден үйірлесіп кетуі үшін, барлық шарт-жағдайды әзірлейтін. Неміс тілінен алынатын емтихандардан өтпейінше, Германия азаматтығын алу мүмкін емес еді. Сол үшін бейімдеу орталықтары шетелден келген барлық неміске ең алдымен неміс тілін үйретуден бастайтұғын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 08:49:27

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-6 08:51 да өзгерткен

Оқырманның сұрағы бойынша, жаңадан бері неміс елі, Алмания, Германия деп құбылтып атап келе жатқанымыздың сырына біраз тоқтала кеткенді жөн көрдік. Шындығында, біздің Германия елінде жасайтын жұртты неміс деп атағанымыз дұрыс емес еді. Бұл ат қойып, айдар таққыш «ұлы орыс халқының» оларға таққан айдары, қосқан лақабы болатын. «Немой» деген орыс сөзінен шыққан «мылқау, дұрыс сөйлей алмайтын» мағынасын беретін бұл сөз осы халықтың аты болып қалыптасып қалуынан-ақ, от пен судай отаспайтын орыс-неміс қатынасының тамыры ту сонау алыста жатқанын байқасақ керек. Орыс кімге ат қоймады дейсің, азан шақырған атымызбен емес, орыс қойған, орыс қосқан лақабымызбен жүрген жұрттың бірі мына өзімізбіз. Қазақ деп атауға орыстың тілі келмейді емес, келеді де, келтіртпей тұрғаны олардағы астамшылық пен менмендік қана. Өздері казак деп атайтын қауымның, патшалық заманындағы шапқыншылық пен қырғыншылықтан туындаған әрі орыс отаршы күштерінің құралы, итаршысы, баскесері болған осы казак қауымын орыстардың өзі батырлық пен ерліктің, қаһармандықтың нышаны ретінде көретін. Ал осылай аталуының өзінде-ақ, арғы жағында, ту сонау замандарда, казак емес, қазақ дейтін батыр да ержүрек, еркін, дербес жасайтын халыққа қойылған, күллі орта Азия, Қапқаз, Еуропа жұрты мойындайтын ат– «қазақ» сөзінен туындағанын бұлар біледі де! Өздері қаһарман, ержүрек санап, соның баламасы ретінде арнайы ат қойып, туыла сала әскер болатын, арнайы зейнетақысы шешілген, бөгде жұмыс жасамайтын, тек қана, барша бұратаналар жұртына шапқыншылық жасаумен ғана айналысатын осы әскери шапқыншы қауымды қолдан жасап шыққан қырғыншы патша қауымы, орыс жұртынан ойып тұрып қолдан жасаған казак тайпасының аты – Орта Азиядағы көшпенді қазақтан шыққанын көргенде, орыстардың ызадан жарыларман болғаны шын. Себебі, олар өздеріне «батыр, ержүрек, қаһарман, тайынбас» мағынасын беретін казак деген атауды қолданғанда, осындай бір ержүрек те қаһарман жұрттың атын тек Еуропаның тарихи аңыздарынан ғана естіген болатын. Осы аттың даңқын шығарған, иелері болған шынайы қазақты көрмеген де еді, ол заманда шапқыншы орыс патшасы әліге қасиетті қазақ жұртына жете алмаған-ды. Ал, тұтас Еуропа аңыз қылған қазақ атауы болса, баяғыдағы шошақ бөрікті сақтар-скифтер, массагеттер заманынан-ақ үрімнің Хомер (орысшасы:Гомер) ақыны жырына қосқан көшпенді батыр жұрт қазақтардың ортақ аты болатұғын. Өздерін біртұтас қазақ атаған көшпенділер назарында, қазақ сөзі батырлық, еркіндік символы болғаны шын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 08:59:01

Сөйтіп, орыстардың ұлттық мақтанышы болған казактар, шапқыншы, қырғыншы казактар, шынтуайтында, ғасырлар бойына үздіксіз ірге кеңейтумен ғана айналысқан орыс патшасының өзге жұртты отарлаудағы құралы ғана болатын. Былайша айтқанда, орыстың ерекше әскери қосыны ғана еді, енді, осы қосынға арнайы ат қою керек болған. Мысалы, Қазақстандағы «Сұңқар» ерекше әскери қосыны, «Қырғи» қорғаныс тобы сықылды дүние еді. Сонымен, күллі Еуропа аңыз қылған, орыстанған түркі тайпалары аңыздарына, жырларына қосқан, батырлық пен жанқияр ерліктің символы болған «қазақ» атауын береді ғой Ақ патша бұл арнайы қосынына. «Жаман иттің атын бөрібасар қойған» деген осы да. Ержүрек те әділетті, ақ жүрек қауымның атын қанішер топқа қойғанын қара!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 09:03:50

Сонымен, іргесін кеңіте-кеңіте, Қазан-Уфаны алғасын, Қапқазды қырғасын, Оралдан асып, Орта Азияға ендей кіргесін, орысың нағыз қазақты көреді ғой. Арда өскен қазақтың баласы орысқа оңайлықпен берілмейді. Ғасырларға созылған орыс-қазақ соғыстары осылай басталады. Саны аз болғанына қарамастан, қолдарында от құралдары болмағанына қарамастан, ру-ру, ауыл-ауыл болып тұқымдарымен тұздай құрып қырылғандарына қарамастан, аямай қарсылық көрсеткен қазақ қауымы орыстардың басын қатырғаны бізге тарихтан аян. Олар мұны күтпеген еді. Қазақтың ең соңғы ханы, ұлтым деп туған, арыстан ұлы Кенесары хан да осы орыспен айқасу үшін жанын пида етті. Жаны жәннатта болсын, арыстарымның.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)