Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және белгiлерi.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.

 

Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерiн сараламай тұрып, ең алдымен норманы жасау проблемаларымен танысып шығу қажет. Норма жасау процесi кезiнде құқық субъектiлерi өздерiнiң қызметтерiнiң басым бағыттарын айқындайды, яғни халықаралық құқықтың мәнiн тұтастай алғанда.

Латын тiлiнен аударғанда норма сөзi (латын. norma) –мiндеттi деп танылған заңдастырылған заң, тәртiп, құрылым деген мағынаны бiлдiредi.

Кейбiр құқықтық нормалардың мазмұны мен әрекет ету механизмi құқықтық емес нормалармен ұқсас болады, мысалы, халықаралық сыпайгершiлiк (өнеге) нормасына ұқсайды. Аталған соңғы норма заң тұрғысынан мiндеттi емес, оларсыз халықаралық теңiз және дипломатиялық құқық өмiр сүре алмайды. Мәселен, ашық теңiздегi кемелердiң өзара салют берулерi, дипломатиялық салтанат рәсімі.

Халықаралық сыпайгершiлiк - меймандостық, тату көршiлiк актiлерiн, мемлекеттердiң өз ерiктерiмен ерекше көңiл аударып, құрметтесудi көрсетедi.

Алайда халықаралық сыпайгершiлiк ережелерi халықаралық–құқықтық қатынастың қатысушылары үшiн задық тұрғыда мiндеттi болуы да мүмкiн. Мұндай жағдай халықаралық шартта да (құқықтың шарттық нормасы), сондай-ақ халықаралық құқықтық дәстүрде де (құқықтың жай нормасы) бекiтiлуi мүмкін.

Халықаралық құқықтық нормалар ұлттық–құқықтық нормалармен тығыз байланысты, бұл тезистiң дәлелi ретiнде өзара әрекеттесу процесiн айтуға болады (нақтырақ 1 тараудың 1.6. бөлімінде)

Халықаралық-құқықтық нормалар – бұл халықаралық жария құқық субъектiлерiнiң тәртiптерiнiң белгiлi бiр ережелерi.

Ондай нормаларға мынадай сипат тән:

-бiрiншiден, халықаралық құқық субъектiлерiнiң арасындағы қатынастарды реттеуi;

-екiншiден, мiндеттi сипаты – яғни, құқықтық нормалардың заңдық күші, себебi құқықтық емес нормалардың өзiндiк мiндеттi күші болады;

– үшiншiден, жалпы сипаты, яғни норманың әрекет етуi көптеген жағдайларды ескере қарастырылған.

Қазiргi заманғы халықаралық–құқық ғылымының маңызды маәсаттарының бiрi халықаралық құқық нормаларының тиiмдiлiк проблемалары болып отыр. Бұл проблеманың қолданбалы сипатта екенi сөзсiз. Ол тиiмдiлiк объектiлермен және реттеу әдiстерiмен қамтамасыз етiледi. Себебi, сараптау объектiсi ретiнде халықаралық субъектiлердiң әрекеттерi, олардың құқыққа сай немесе құқыққа қайшы тәртiптерiн анықтау болса, ал зерттеудiң негiзгi әдiстерi болып әлеуметтiк әдiстер табылады. Халықаралық–құқықтық реттеудiң соңғы нәтижесi тек субъектiнiң тәртiбiмен емес, сонымен қатар халықаралық қатынастардың белгiлi бiр түрлерiнiң қалыптасуынан да көрiнедi. Сол себептi, халықаралық жария құқықтың тиiмдiлiгiн арттырудың маңызды шартының бiрi норма құру процесiн жетiлдiру болып табылады. Бұған, халықаралық–құқықтық нормаларда халықаралық қатынастардың дамуының объективтi заңдылықтары көрiнгенде, нормативтiк ережелердiң айқындығы мен нақтылығы болғанда, құқықағы олқылықтарды зерттегенде ғана қол жеткiзуге болады. Халықаралық құқық нормаларының тиiмдiлiгiн анықтағанда осы жүйенiң ерекшелiктерiн ескеру қажет.

Г.И. Тункин “маңызды ерекшелiктердiң бiреуi... деп норманы” бұл құқық жүйесi субъектiлерiнiң өзара жасайтындығын әдiл атап өткен. Осындай ерекшелiгiне байланысты халықаралық құқықтағы норма құру процесiн жеке мемлекеттердiң ұлттық құқықтарындағы норма құру процесiмен салыстырғанда әлдеқайда күрделi болып шыға келедi[4].

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 203 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)