Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жеке еңбек шартын тоқтату

Читайте также:
  1. Еңбек құқығының қайнар коздері. Еңбек туралы заңдардың міндеттері
  2. Еңбек құқықтық қатынастары және еңбекпен байланысты өзге де құқықтық қатынастар
  3. Еңбек ақы төлеудің тарифтік емес жүйесінің әртүрлілігі... болып табылады келісім шарт жүйесі
  4. Еңбек нарыѓындаѓы монополистiн енбек ±сынысы
  5. Жеке еңбек шартының ұғымы,оның мазмұны мен түрлері
  6. Кәмелетке толмағандардың отбасымен, мектеппен, еңбекпен сәтсiздiк жағдайына байланысты қылмыстылық шарттары.

Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері ЕтЗ-ның 25-бабында көрсетілген.

Жеке еңбек шартын тоқтатуды мерзімі бітуіне қарай және мерзімінен бұрын тоқтату деп бөлген жөн.Жеке еңбек шарты жасасылған мерзімінің бітуіне қарай ол әлде бір қосымша дәлелдемесіз тоқтатылады(Ет325-бабы,1-тармағының 1-тармақшасы).

Жеке еңбек шарты тараптардың еркіне байланысты емес мынадай мән-жайлар бойынша;

1)қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзімде;

2)қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда;

3)қызметкер қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда;

4)сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетін шектеулі,соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуға тиіс.

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзу негіздмелері ЕтЗ-ның 26-бабында көрсетілген.

ЕтЗ–ның 26-бабы бойынша жасалған жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша мына жағдайларда бұзылуы мүмкін;

1)ұйым (заңды тұлға)таратылғанда,жұмыс берушінің(жеке адамның)қызметі тоқтағанда;

2)қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылғанда;

3)жек еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір жұмысты жалғастыруға кедергіткелтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысна сәйкессіздігі аңғарылғанда;

4)жүктілігі және бала туу бойынша демалыста болу уақытын есептемегенде,еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан сонндай-ақ заңдарда солауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе,жұмысқа екі айдан астамуақыт бойы келмеген жаңдайда бұзылуы мүмкін.Аурулар түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.Еңбек қабілетін еңбекте мертігуіне немесе кәсіптік ауруға байланысты жоғалтқанқызметкердің жұмыс орны еңбек қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектерді анықталғанға дейін сақталады:

5)қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқанда;

6)осы заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырудан қызметкер бас тартқанда;

7)еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқанда;

8)егер қызметкер тәртіптік жаза алған болса,ол еңбек міндеттерін дәлелді себептерсіз қайталап орындамағанда;

9)қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзған жағдайда бұзылуы мүмкін.

Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына:бір жұмыс күнінде дәлелді себептерсіз жұмыста үш сағат бойы болмауы;жұмысқа алькогольдік немесе нашақорлық масаң күйде немесе өзге де түрдегі уыттық улану жаңғдайында келуі;жұмыс күні ішінде алькогольдық,нашақорлық масаңдық немесе өзге де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалану;қызметкердің еңбек қорғау немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып,оның жарақат алу мен аварияларды қоса алғанда,ауыр зардаптарға әкеп соғуы немесе әкеп соғуы мүмкіндігі;жұмыс орны бойынша соттың заңы күшіне енген үкімімен немесе қаулысымен берілген мүлікті(соның ішінде ұсақ заттарды)ұрлауы жатады;

10)егер іс–әрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімінің жоғалуына негіз болса,ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тікелей қызмет ететін қызметкер кінәлі іс-әрекет жасағанда;

11)білім беру саласында тәрбиешілік міндетті атқарушы қызметкер аталған жұмысты жағастыруға сыйымсыз моральға жат қылық жасағанда;

12)жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік,қызметтік,коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып саналатын мәліметтерді жария еткенде;

13)осы заңның 21-бабына және осы баптың 5)тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқанда;

14)бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешімімен жұмысына қайта алынған жағдайда

Қызметкер жеке еңбек шартын жұмыс берушіге бұл туралы бір айішінде жазбаша түрде ескертіп тоқтатуңа құқылы.Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шарты ескету мерзімі біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.Жұмысты жалғастыруды жоққа шығаратын немесе едәуір қиындататын мән жайлар (денсаулық жағдайы,зейнеткерлік жас, басқа жерге көшу, жалақыны мерзімінде төлемеу және өзге дежағдайлар)болған кезде жеке еңбек шартын бұзу қызметкердің өтінішінде көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 501 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)