Читайте также:
|
|
Кәсiби қылмыстылықтың алдын-алу бағыттары. Кәсіби қылмыстылықтың үш негізгі белгілері бар: 1) қылмыстық іс-әрекеттің тұрақты түрі; 2) саралануы, яғни белгілі-бір дағдылар мен білімді қажет етуі; 3) кіріс көзі болып табылуы. Жалпы кәсіп дегеніміз - өмір сүру көзі болып табылатын еңбектік қызметтің сипаты, түрі. Кәсіптің анықтамасы тұйыққа әкеліп тірейді, өйткені кәсіп деп қоғамға пайдалы жұмысты айтамыз, яғни оны жасауға рұқсат бар. Сондықтан да, кейбір криминологтардың айтуы бойынша бұл кәсіпті криминалды кәсіптілік деп атау қажет, өйткені кәсіптілік белгілі-бір кәсіппен айналысуды білдіреді.Кәсіби қылмыстылықты сипаттаушы белгілерге: бір типті қылмыстарды жүйелі жасау, мамандық; арнайы икем мен дағдылардың болуы (мысалы, алаяқтар ортасында қырық шақты «мамандық» түрлері болады); қылмыстық әрекет негізгі өмір сүру көзі болып табылады; қылмыскердің қылмыстық ортаға жатуы (ол біріккен қызметпен, қолдаумен және ортақ психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты); қылмыстық іс-әрекеттің тұрақтылығы мен жанаруын сипаттайтын арнайы субмәдениеттің болуы. Кәсіби қылмыстылықты ескертудің маңызды бағыты - түрме халқын қысқарту. Ал қазіргі уақытта Қазақстанда бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тұлғалардың саны айтарлықтай жоғары. Мемлекеттегі қылмыстылықтың өсуі және жалпы ескерту жүйесінің құлдырауы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың қысқартылуынан гөрі, көбеюін болжауға мүмкіндік береді. Кәсіби қылмыстылықтың іргетасын тұрғын жері, жұмысы жоқ, нашақорлық пен маскүнемдікке салынған тұлғалар есебінен бастау алып отырған қоғамның маргиналды қабаты құрайды.
Кәсiби қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы. Кәсіби қылмыстылықтың үш негізгі белгілері бар: 1) қылмыстық іс-әрекеттің тұрақты түрі; 2) саралануы, яғни белгілі-бір дағдылар мен білімді қажет етуі; 3) кіріс көзі болып табылуы. Жалпы кәсіп дегеніміз - өмір сүру көзі болып табылатын еңбектік қызметтің сипаты, түрі. Кәсіптің анықтамасы тұйыққа әкеліп тірейді, өйткені кәсіп деп қоғамға пайдалы жұмысты айтамыз, яғни оны жасауға рұқсат бар. Сондықтан да, кейбір криминологтардың айтуы бойынша бұл кәсіпті криминалды кәсіптілік деп атау қажет, өйткені кәсіптілік белгілі-бір кәсіппен айналысуды білдіреді.Кәсіби қылмыстылықты сипаттаушы белгілерге: бір типті қылмыстарды жүйелі жасау, мамандық; арнайы икем мен дағдылардың болуы (мысалы, алаяқтар ортасында қырық шақты «мамандық» түрлері болады);
қылмыстық әрекет негізгі өмір сүру көзі болып табылады; қылмыскердің қылмыстық ортаға жатуы (ол біріккен қызметпен, қолдаумен және ортақ психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты); қылмыстық іс-әрекеттің тұрақтылығы мен жанаруын сипаттайтын арнайы субмәдениеттің болуы.
Криминалдық рецидивистiң алдын-алу жүйесi. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстық-құқықтық, пенитенциарлық және криминологиялық рецидивизм бөліп көрсетіледі. Бірінші түрі рецидивтің қайталанған соттылық ретіндегі заңдық анықтамасынан шығып отыр. Екіншісі, соттылық жазадан босатылғаннан кейін, әсіресе, бас бостандығынан айырудан кейін ескеріледі. Үшіншісі, криминологиялық не іс жүзіндегі рецидив соттылықтың болуына, алынып тасталуына қарамастан нақты қайталанған қылмыстарды қарастырады. Рецидивтік қылмыстылықтың құрылымы: а) соттылық санымен; ә) жалпы және арнайы қылмыстың қайталануымен; б) рецидивті қауіпті қылмыстардың деңгейімен; в) интенсивтілігімен, яғни жазасын өтеуден кейін қылмысты қайталауымен; г) аса қауіпті рецидив үлесімен сипатталады. Рецидивтік қылмыстылықты ескерту жоғарыда аталған криминалдық жағдайлардың үш түрін жоюға немесе әлсіретуге бағытталған. Біріншіден, жазалау тәжірибесін нығайту қажет – кінәлі тұлғаларды объективті түрде әділ жауаптылыққа тарту. Екіншіден, рецидивтік қылмыстылықты жүзеге асыру қылмыстық-атқару жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі. Қылмыстық–атқару кодексін (ҚАК) қабылдау – криминалды рецидивті ескертуге өз үлесін қосты. Үшіншіден, жазадан босатылған тұлғалардың қоршаған ортаға бейімделу жүйесін құру әрі қажетті, әрі адамгершілікке тән болып табылады.
Криминалдық рецидивистiң тұлғасы. Қылмысты қайталаған адамның тұлғасы жынысы мен жасы бойынша бірінші рет қылмыс жасаған тұлғалардан ерекшеленеді. Бұл жерде әйелдердің жалпы үлесі жоғары болып келеді. Қылмысты қайталаған тұлғалардың жасы бостандықтан айыру орындарында отыруына байланысты басқа тұлғалардан 3-5 жасқа үлкен болып келеді. Мақсаттық белгілеріне байланысты қылмысты қайталаған тұлғалар пайдакүнемдік және зорлық пайдакүнемдік типтерге жатады. Рецидивтік қылмыстылықтың себептері мен жағдайы басқа да барлық қылмыстылықтар сияқты итермелеуші себептемелерден және бұрынғы қылмыстары үшін жазасын өтегеннен кейін қылмыс жасаған тұлғалардың криминогенді психологиясынан тұрады. Рецидивтік қылмыстылықтың себептемесі көбінесе эмоцияналдық ызғармен, кекшілдікпен және өз құрбандарына деген аяушылық сезімнің жоқтығымен сабақтасып, пайдакүнемдік және зорлық-пайдакүнемдік мүдделерге негізделеді. Соттылықтың өсуіне байланысты құқықтық психологиясы құқықтық тыйымдарға белсенді бағынбаумен, құқық қорғау органдарын жек көрушілікпен ерекшеленеді. Қылмысты қайталаған тұлғалардың екі қарама-қарсы типін бөліп көрсетуге болады: 1) құрамы аз - «беделділер»; 2) қалғандары - түзетуге, әлеуметтік бейімделуге қабілетсіз, ерік-жігерсіз тұлғалар. Пайдакүнемдік және зорлық-пайдакүнемдік себептемені қалыптастыратын криминогенді жағдайға және рецидивтік әрекеттерге итермелейтін жағдайлар үш топқа бөлінеді: қылмыстық жауаптылыққа не жазаға тартудың негізділігіне байланысты; жазаны өтеумен байланысты;постпенитенциарлы жағдайлар, яғни жазасын өтегеннен кейінгі өмір сүру жағдайы және сотталушының әлеуметтік қияндықтарынан туындайтын жағдайлар.Соңғы жылдары жазаның негізсіз соттық либерализация тенденциясы байқалып отыр, ол криминалды рецидивтің өсуінің, оның кәсіптену және ұйымдасқан қылмыспен біртұтас болуының объективтік тенденциясымен сәйкес келмейді. Қауіпті қылмыскерлерді кепілдікке жіберу және соттардың алдын ала қамауды ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге ауыстыруы осындай қылмыскерлердің жауаптылықтан жалтаруына әкеп соғады, әрине, бұл жағдай қатаң сынға тап болады. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сай келмейтін уақытша ұстау изоляторлары нағыз қаталдықты тәрбиелеу мектебіне айналды. Рецидивтің интенсивтілігі бұрынғы пенитенциарлы жүйенің кемшіліктеріне байланысты, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмыспен қамтамасыз етумен айналысатын органдардың жоқтығының салдарынан өсіп келеді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар бойынша комиссияның болмауы жасөспірімдердің қоғамдық ортаға бейімделуін қиындатып отыр. Ал әрбір үшінші қылмыстың қайталануын жасаған тұлға қылмыстық жолын кәмелетке толмаған шағында бастаған.
Криминология ұғымы, оның мемлекеттiк органдарда тәжiрибелiк қызмет үшiн пәнi және мәнi. Криминологияның пайда болуы және дамуы үш есіммен байланысты: 1764 жылы Ч. Беккарианың «Қылмыстар және жазалар туралы» атты кітабы шықты, «криминология» сөзі сол кездерде қолданылмағанымен, онда қылмыстылықтың табиғаты мен оны әлеуметтік бақылау туралы салыстырмалы ой-пікірлер көрсетілді. Сонымен бірге, 1885 жылы италиялық ғалымдар Р. Гарофало және П. Топинард «Криминология» атты кітап шығарып, бұл елде қылмыстылық туралы ғылымның негізін қалаушылардың бірі болды. Қылмыстар, қылмыстылық және жазалар туралы жеке ой-пікірлер Ежелгі Грекия, Рим, Ежелгі Қытай, Үнді елдерінің және ортағасырлық данышпандардың еңбектерінде кездеседі. Қылмыстылықты зерттеу кеңестік дәуірдің 20-30-жылдарында да жалғастырылды. Қылмыстылық жағдайларының, оның себептерінің, қылмыскер тұлғасының сараптамасын әділет және милиция органдары, мемлекеттік аппарат қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер, студенттер және қоғам өкілдері жүргізді. Осы кезеңдегі көрнекті теориялық зерттеулерге М.Н. Гернеттің, А.А. Герцензонның, Д.П. Родиннің және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады. ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңына қарай криминологиялық зерттеулерді тереңдетіп жүргізу бойынша істер алға басты. Арнайы заң әдебиеттерінде қылмыстылыққа қарсы күрестің көкейтесті мәселелері жөнінде мақалалар жиі жарық көретін болды. Кеңестік криминология негіздері алғаш рет 1964 жылы Мәскеу университетінің және Свердловск заң институтының заң факультеттерінде оқытыла бастады.
ХХ ғасырдың 90-жылдарының бас кезінде Е.И. Қайыржанов, Д.С. Шуақмайтов, И.Ш. Борчашвили, З.О. Ашитов, Г.С. Мауленов, Н.М. Әбдіров, Р.Т. Нұртаев, И.В. Корзун, И.И. Рогов, Р. Орынбаев, В.А. Сергиевский, С.М. Рахметов және т.с.с. қазақстандық ғалымдар экономикалық, экологиялық, ұйымдасқан, әйелдер қылмыстылығы, зорлық және пайдакүнемдік қылмыстылықтар бойынша көптеген еңбектер жазып, сол жылдары республиканың Криминологтар Ассоциациясы құрылды. Криминологиялық ілімдердің дамуына қарай қылмыстылық себептерінің тұжырымдамалары қалыптаса бастады. Осы саладағы негізгі тұжырымдамаларға примитивті-рационалистік, антропологиялық және әлеуметтік тұжырымдамалар жатады.
2. Криминологияның мақсаты, міндеттері, қызметі және мәселелері Кр иминологияның теориялық мақсаты қылмыстылықпен күрестегі көкейтесі мәселелерді анықтау бойынша ғылыми қызметтің нәтижесін сөз жүзінде айту болып табылады. Криминологияның тәжірибелік мақсаты қылмыстылықпен күрестің тиімділігін арттыру үшін ғылыми және тәжірибелік ережелер, ұсынымдар және қорытындылар жасаудан тұрады. Тәжірибелік мақсаттар кадрлар дайындығымен, олардың материалдық және техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты болады. Криминологияның мақсаттары мен пәні оның міндеттерін анықтайды. Криминологияның негізгі міндеттері: 1) қылмыстылықтың жағдайына, деңгейіне, динамикасына әсер ететін объективті және субъективті факторларды зерттеу; 2) қылмыс түрлерін, онымен күресу тәсілдерін анықтау үшін әлеуметтік-криминологиялық зерттеу жүргізу; 3) қылмыскер тұлғасын, нақты қылмысты жасау механизмін анықтау, қылмыстық мінез-құлық түрлерін және қылмыскер тұлғасын жіктеу; 4) қылмыстылықтың негізгі бағыттары мен оның алдын алу шараларын анықтау.
Криминологияның негізгі функцияларына сипаттамалы, түсінік беруші және болжаушы қызметтер кіреді.Сипаттамалы қызмет криминология пәнін қамтитын құбылыстар мен үрдістерді жиналған тәжірибелік материалдар негізінде көрсету болып табылады. Түсінік беруші қызмет зерттеліп отырған үрдістің сипаты мен ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Мәселе – бұл күрделі және тәжірибелік сұрақ.
Криминологияның жеке ғылым ретiнде пайда болуы және тарихи дамуы. Қылмыс себептерінің примитивті-рационалистік тұжырымдамасы. ХVIII ғасырда ағартушы-философтар (Монтескье, Вольтер, Беккариа және т.б.) дүниені ортағасырлық теологиялық тұрғыдан түсіндіруге табиғат пен қоғамды жалпы-материалистік, рационалды және ғылыми түрде түсіндіруді қарсы қоюға әрекет жасады. Осы тұрғыдан олар қылмыстылық және қылмыс түсініктерін анықтауға тырысты. Қылмыс себептерінің антропологиялық тұжырымдамасы. «Бірде, түн уақытында болып жатқан олқылықтарды көре тұрып, мен үшін қылмыскерлердің мән-мәселесі шешілгені анық болды» - осындай сөздерді, ХIХ ғасырдың 70-жылдары түрме дәрігері Ч. Ломброзо айтқан еді. Оның ойынша, ол қылмыскер белгілерінде қарапайым алғашқы қауымдық адамдардың ұқсастықтарын байқады. «Қылмыскер - бұл өз мінез-құлықтарымен алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдар мен төмен тұрған жануарлардың зұлымдығын бойына жинаған атавистік пенде. Адам тумысынан қылмыскер болады. Оның айқын дене белгілері болады». Ломброзо тумысынан пайда болған қылмыскерлердің кестесін жасады – сол кестеде адамның сыртқы белгілері бойынша, автор ойлағандай, тұлғаның сырт келбетінен оның қылмыскер екендігін анықтауға болады. Ломброзо теориясы бойынша дене нормасын моральды пенде деп санап, адам белгілерінің объективті нормалары болатыны туралы пікірлер айтты. Ломброзо іс жүзінде қылмыскер үшін «монғол типтес» нәсіл белгілері тән екендігін дәлелдегісі келді. Яғни, ол еуропалық қылмыскерлерді алғашқы қауымдық адамдарға немесе монғолдарға теңестірді. Әрине, бүгінгі күні бұл тұжырым теріске шығып отыр, өйткені ол нәсілдік көзқарас болып табылады. Қылмыстық мінез-құлықтың әлеуметтік тұжырымдамасы. Қылмыстылық жеке қылмыстық актілерден құрала отырып, белгілі бір құбылысты құрайды, яғни ол (қылмыстылық) әлеуметтік феномен ретінде тек қана қоғамда өмір сүреді және осы қоғамның жағдайларына байланысты болады. 1813 жылдың 9 шілдесінде Брюссельдегі бельгиялық Корольдықтың Ғылыми Академиясында астроном және математик А.Ж. Кетле баяндама жасады. Ол: «Біз қанша адам туылып, қанша адам дүние салатынын алдын ала болжайтын болсақ, сол сияқты қанша тұлғалар өз отандастырының қандарын төгіп, қаншама азамат алаяқ болатынын, қаншасы улаушы болатынын алдын ала анықтай аламыз... Біздің алдымызда үнемі түрмемен, шынжырмен және дармен төлеуге міндеттейтін есеп жатыр», – деді. Бұл тұжырым әлеуметтік физика концепциясының қағидаларына сәйкес келеді. Криминология – бұл қылмыстылықты, қылмыскер тұлғасын, қылмыстылықтың себептері мен шарттарын, оның алдын алу әдістері мен құралдарын зерттейтін әлеуметтік-құқықтық ғылым. Криминология ғылымының объектісі – қылмыстылықпен және басқа да құқық бұзушылықтармен, қылмыстылық себептері және шарттарымен, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қылмыскер тұлғасының орнымен, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Криминологияның заты криминологияның объектісін құрайтын қоғамдық қатынастардың даму заңдылықтарын, заңдарын, қағидалары мен қасиеттерін зерттеу болып табылады. Криминология 4 негізгі элементтерден құралады: 1. Қылмыстылық – белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалатын қылмыстар жиынтығын құрайтын қоғамдағы әлеуметтік және қылмыстық-құқықтық құбылыс. 2. Қылмыскер тұлғасы – оның қоғамға қарсы құбылыстардағы орны мен ролі. Қылмыс субъектілерінің жеке қасиеттері туралы деректерде қылмыс себептері туралы ақпараттар бар. Қылмыскер тұлғасы жаңа қылмыстардың - рецидивтің алдын алу ретінде қарастырылады. 3. Қылмыстың себептері мен алғышарттары (криминогенді детерминантар) – олар қылмыстылықты тудыратын жағымсыз экономикалық, демографиялық, психологиялық, саяси, ұйымдастырушылық-басқару құбылыстар мен үрдістерді көрсетеді.4. Қылмыстылықтың алдын алу (ескерту) деп қылмыстылықтың себептері мен шарттарын әлсіретуге, жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралардың жүйесі танылады. Алдын алу жүйесі: бағытталуы бойынша, әрекет ету механизмі, сатылары, көлемі, мазмұны, субъектілері бойынша сараланады. 2. Криминология пәнінің сипаттамасы Көптеген заң ғылымдарының салалары сияқты криминология Жалпы және Ерекше бөлімге бөлінеді.Жалпы бөлімде қылмыстылық, қылмыскер тұлғасы, қылмыстылық себептері мен жағдайлары, қылмыстылықпен күрес, сондай-ақ криминология ғылымының дамуы оқытылады. Аталған криминологиялық құбылыстар мен түсініктер қылмыс түрлерінің ерекшеліктеріне байланыссыз жалпы түрде қарастырылады. Ерекше бөлімде қылмыс түрлерінің, қылмыстық әрекеттердің немесе қылмыскерлер контингентінің ерекшеліктерінің криминологиялық сипаттамасы беріледі.
Криминология ғылымдар жүйесіндегі орны Криминологияның басқа құқықтық ғылымдармен қарым-қатынасы әр-алуан болып келеді.
Заң ғылымдарының ішінде криминология көбінесе қылмыстық құқықпен байланысты: қылмыстық құқық теориясы және оған негізделген қылмыстық заң криминология үшін міндетті болып табылатын қылмыстар мен қылмыскерлерге заңды сипаттама береді.Өз кезегінде криминология қылмыстық заңға, заң шығару және құқыққолдану тәжірибесінде қылмыстылық деңгейі, оның құрылымы мен динамикасы, қылмыстардың алдын алу тиімділігі туралы ақпараттар береді және қоғамдық-жағымсыз құбылыстарға салыстырмалы болжам жасайды. Белгілі-бір әрекетті қылмысты деп табуға немесе басқа да құқықбұзушылықтардың қатарына жатқызуға байланысты норма шығармашылық қызметінің жүзеге асуына әсер етеді.Криминология мен қылмыстық іс жүргізудің байланысы қылмыстық іс жүргізу бағытталған қоғамдық қатынастар дайындалып жатқан қылмыстарды ескертуге, істерді мәні бойынша шешуге, қылмыс жасау себептері мен жағдайларын анықтауға бағытталған. Криминология мен криминалистиканың байланысы: криминалистика қылмыстың себептері мен жағдайлары туралы іс жүзіндегі деректерді табу, бекіту әдістемесін жетілдіруге бағытталған, сонымен бірге ол тұлғаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың ұйымдастырушылық-тактикалық құралдарын қарастырады, ал криминология оларды жетілдірудегі негізгі бағыттарды көрсетіп, сондай-ақ осы алдын алулық шараларды қылмыстың алдын алудағы негізгі мәселелер ретінде қарастырады. Криминология мен қылмыстық-атқару құқығының байланысы: криминология мен қылмыстық-атқару құқығының қарым-қатынасы көбінесе қылмыстың қайталануына, жазаны өтеудің нәтижелілігіне, сонымен қатар, жазасын өтеген тұлғалардың қайта әлеуметтенуіне байланысты. Сонымен бірге, қылмыстық-атқару құқығы жазаны өтеу процесінің өзін зерттейді, ал криминология – қылмыстың қайталануының себептері мен жағдайларын, сотталғандарды түзету шараларының тиімділігін арттыруды қарастырады. Криминологияның деликтологиямен арақатынасы. Деликтология – бұл қылмыстық емес құқық бұзушылықтар туралы, олардың себептері мен жағдайлары туралы, құқық бұзушының жеке басы және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы пәнаралық кешенді ғылым және заңнамадағы бағыттардың бірі болып табылады. Оған әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және отбасы деликтологиясы жатады. Әкімшілік деликтология: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс реттейтін құқық бұзушылықтарды зерттейді; Әкімшілік құқық бұзушылықтардың арақатынасы екі ағым бойынша қарастырылады. Біріншісі – кейбір құқықбұзушылықтардың қылмысқа айналып кету мүмкіндігі, мысалы, ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық және т.б.
Әкімшілік құқық бұзушылықтардың басқа түрлері қылмыстардың жасалуына және қылмыскердің жеке басының қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасайды. Тәртіптік деликтологияға құқықтық қатынастардағы теріс қылықтарды, тәртіптік жауаптылықты реттейтін еңбек, әскери, мемлекеттік құқықтар жатады. Ол тәртіптік құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайларын, оларды ескерту шараларын зерттейді.
Тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу өндірістік құрылыс ережелерін, техникалық қауіпсіздік ережелерін, жол және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу сияқты қылмыстардың алдын алу қызметін атқарады. Азаматтық деликтология: азаматтық деликтология – бұл кәсіпкерлік, мүліктік қатынастар, міндеттерді атқару саласында азаматтық-құқықтық құқық бұзушылықтарды оқу және ескерту аумағы, азаматтық-құқықтық, қаржы, салық санкцияларын қолданудың ерте сатысында экономикалық қылмыстардың алдын алуға көмектеседі. Отбасы деликтологиясы: отбасылық жанжалды - ажырасу, баланы қараусыз қалдыру және тұрмыстық қылмыстармен, кәмелетке толмағандардың қылмысымен шектескен құқық бұзушылықтарды зерттейді. Олардың алдын алуға, отбасылық әл-ауқатты көтеруге, аталған құқық бұзушылықтардың қылмысқа айналуын болдырмауға әсер етеді. Криминология және әлеуметтік ғылымдар.
Криминология қылмыстылықтың және қылмыстың себептері мен жағдайларын тану үшін жалпы, әлеуметтік және заңдық психология деректерін қолданады, өйткені олар қылмыскер тұлғасын саралау барысында басты роль ойнайды. Криминология қылмыстылықпен күресте және кәмелетке толмағандардың қылмыстары, тұрмыстық және басқа да қылмыстардың алдын алу кезінде болжау және жоспарлауға қажетті демография, әлеуметтану және саясаттану деректерін қолданады.
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 298 | Нарушение авторских прав