Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік және банктік несие

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Адағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
  5. АЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢАТРИБУТТАРЫ
  6. Азақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі
  7. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме

Мемлекеттік несие (кредит) негізінен бюджеттік тапшылықты жою мақсатында қосымша каржылық ресурстарды қалыптастыру жөнінде мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. Мемлекеттік несие екі түрге бөлінеді:
А)ішкі мемлекеттік заемдар

Б) сыртқы мемлекеттік заемдар

Ішкі мемлекеттік заемдарды ерікті, қайтарымды және ақылы түде жеке және заңды тұлғалардан алу кезінде мемлекет борышқор, ал тұлғалар қарыз беруші болып есептеледі. Сыртқы мемлекеттік заемдар барысында мемлекет қарыз алушы немесе қарыз беруші ретінде болуы мүмкін. Мемлекеттік несиенің тағы бір өзіне тән ерекшелігі, оның бір уакытта тиісті бюджеттің кірісі және шығысы түрінде көрініс табуы. Мемлекеттік несиені 2 тұрғыдан, яғни экономикалық және құқықтық категориялар ретінде қарастыруға болады. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік несие деп, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың еқша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін оларды ерікті, ақылы тірде және қайтарымды негізде бюджет тартуына байланысты туындайтын экономикалық қатынастардын жүйесін айтамыз. Ал құқықтық категория ретінде мемлекеттік несие дегеніміз, бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тапшылықтарды жою және ақша айналымын реттеу мақсатында, ерікті, акылы, қайтарымды, мерзімді негізде мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың уакытоша бос ақша қаражаттарын бюджетке жұмылдыру барысындағы құқықтық қатынастар. Ішкі мемлекеттік заемдар облигация, қазынашылық бондар немесе қазынашылық вексельдер нысанында болдады.

Енді банктік несие немесе мемлекеттік кредиттеу туралы. Мемлекетімізде 1 деңгейдегі Ұлттық Банктен басқа екинши деңгейдегі мемлекеттік банктерде (өзге банктерде) бар екенін білеміз. Осыт мемлекеттік банктердің негізгі атқаратын қызметтерінің ішінде ең бастысы несиелеу, яғни банктік ссуда беру болып табылады. Мемлекеттік банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік органдары болғандықтан оз қызметтерін жүзеге асыру барысында мемлекет мүддесін көздейді, ал табатын табыстары мемлекеттік орталықтандырылған ссудалық қорын қалыптастырады.

Сонымен банктік несие (кредиттеу) деп, несие беруші банктің қарыз алушы тұлғаға өзінің ссудалық қорынан ақша қаражаттарын белгілі мерзімге, ақылы түрде және қайтарымды негізде уакытша пайдалануға беруін айтамыз. Банктің несие беру тек кредиттік шарттың негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік шарт дегеніміз, банкттік ссуда беру жөнінде қарыз беруші банк пен қарыз алушы арасында жасалатын келісім.

Банктік несие беру кезінде мына келесі бірнеше қағидалар басшылыққа алынады: жоспарлық, мақсаттылық,материалдық, қамтамасыз етілуі, қайтарымдылық: мерзімдік: ақылық. Қарыз алушы тұлғалар (борышқорлар) банктік сауданы пайдаланғандары үшін банктік процент төлейді. Банктік процент – борышқордың банкке өзіне берілген ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін, алған ссуда соммасына процент есебіне қосылатын банктік есептеу ставкасы болып табылады.

Пайдалануға берілетін мерзімдері бойынша қысқа мерзімге, орта мерзімге және ұзақ мерзімге берілетін несие болып табылады.
Банктік несие зағды және жеке тұлғалардың (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын) айналым қаражаттарына деген қажеттілік мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және негізгі қорларын құру мақсатында беріледі.
Қазіргі кезде несие ссудалық капиталдың қозғалыс нысанын көрсетеді, сондықтан оның нарықтық экономика аясында аткаратын рөлі өте зор.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 84 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)