Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ық қорғау қызметінің принциптері

Читайте также:
  1. Ақшалық қанағат жүйесі.
  2. А. ара қашықтықты өлшеу бірлігі
  3. А. Ботаниқалық бақтар
  4. А. Прустың тұрақтылық заңы
  5. Абатты сұйықпен жару
  6. Абатты сұйықпен жару технологиясы
  7. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы

 

Құқық қорғау қызметінің айрықша ерекшеліктері бар. Ол конститутциялық принциптерге оның мәнін және мазмұнын айқындайтын, жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Ең алдымен оларға мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 34-бабында баянды етілген жалпы құқықтық заңдылық принципі, оны барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың Конститутция мен заңдардың нұсқамаларын бұлжытпай сақтауы деп түсінуі керек. Оның үстіне Конститутцияның бүкіл Қазақстан аумағында жоғары заң күші бар және тікелей қолданылады. Бұл- заң немесе заңға тәуелді акт Конститутцияға сәйкес келмеген немесе оларда негізгі заңдағы нормалар болмаған жағдайда Конститутция тікелей қолданылатын акт ретіндеқолданылуға тиіс деген сөз, өйткені конститутциялық нормалар заңдардан үстем болады.

Әділет Органдарының жүйесі

Министрлікті Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайтын жане қызметінен босататын министр басқарды. Оның екі орынбасары-вицеминистр дәрежесіндегі хатшысы болды. Олардың бәрі Үкімет номенклатурасы болып есептеледі. Министр министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, ол үшін жеке өзі жауап береді. Министрдің жанынан консультативтік-кеңеші орган – алқа құрылады. Оның құрамына министр, вице-министрлер, Парламетпен байланыс жөніндегі хатшы, департамент және министрліктің өзге де құрылымдарының басшылары (барлығы 9 адам) кіреді. Алқа өзінің отырыстарында министрліктің, оның органдарының және бағынышты ұйымдардың қызметінің негізгі мәселелердін қарайды, олардың басшыларының есебін, облыстық және аудандық (қалалық) соттар төрағаларының мәлеметтерін тыңдайды.

Әділет министрлігінің орталық аппараты депертамнттерден, агенттіктерден және негізгі міндеттерді қамтамасыз ететін өзге де құралдардан тұрады. Мәселен, оларға жататындар: заңдар мен халықаралық құқықтардепертаменті; сот қызметі, сот сараптамасы және атқарушы іс жүргізу ұйымдары; заңгерлік қызмет көрсету ұйымдары; қаржы және ресурс жағынан қамтамасыз ету; ішкі әкімшілік және жылжымайтын мүліктер мен заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттік. Бұл құрылымдардың қзметі олар туралы тиісті ережелермен реттеледі.

Әділет министірлігі басқаратын ұйымдарға мыналар жатады: «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі; заң шығару ғылыми-зерттеу институты; республикалық құқықтық апарат орталығы; Ұлттық заң агенттігі; «Жеті жарығы» жабық акционерлік қоғамы; «Заң газеті»-«Юридическая газета» ашық акционерлік қоғамы, «Судьяалар мен әділет қызметкерлерін дайындау және мамандығын арттыру жөніндегі оқу орталығы» республикалық қазыналық кәсіпорыны.

Әділет министрлігінің, сондай-ақ жергілікті жерлерде заңды тұлға болып табылатын аумақтық басқармалары (мекемелері) болады.

Әділеттің құқық қорғау қызметі жүйесінде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» Заңымен реттелетін нотариат қызметінің алатын орны ерекше. Осы заңның бабына сәйкес нотариат дегеніміз-ол жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүддесін натариалдық әрекеттер арқылы қорғаудың бекітілген жүйесі. Ол құқықтар мен фактілердің куәлендіруге, сондай-ақ осы заңда қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады. Мәселен, нотариус мынандай нотариалдық қызметтерді іске асырды: мәмлелерді куәлендіреді; заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын куәлендіреді; мұрагерлік мүліктерді қорғауға шаралар қолданады; құжаттар көшірмелернің дұрыстығын куәлендіреді; аударманың дұрыстығын куәлендіреді; құжаттарға қойылған қолдардың түпнұсқалығын куәлендіреді; аударманың дұрыстығын куәлендіреді; фактілерді куәлендіреді; ақшаны депозитке қабылдауды куәлендіреді; дәлелдерді қамтамасыз етеді және тағы басқалар.

Мыналардың нотариалдық әрекеттерге құқығы бар:

1)мемлекеттік және жеке меншік нотариустары;

2)жергілікті атқарушы органдардың нотариалдық қызмет атқаруға өкілеттігі бар лауазымды адамдары;

3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық міндетті атқарушы адам;

4)өзге де өкілетті адамдар.

Нотариалдық қызмет мынандай принциптерге сәйкес құрылады:

1)нотариустардың тәуелсіздігі және олардың тек Заңға ғана бағынатындығы;

2)жеке және заңды тұлғалар жасаған нотариалдық әрекеттер құпиясын сақтау кепілдігі;

3)мемлекеттік және жеке меншік нотариустар құқығының теңдігі.

Нотариусқа қойылатын талаптар:

1)Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2)заңгерлік жоғарғы білім;

3)кемінде 2 жылдық заңгерлік жұмыс стажы;

4)мемлекеттік немесе жеке меншік нотариустың көрігінен өту;

5)Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсыру;

6)нотариалдық қызметпен айналысуға құқық бретін лицензия(мемлекеттік нотариустарды қоспағанда).

Нотариустың көмекшілері мен стажерлары болуы мүмкін. Әділет министірлігінің жеке меншік нотариустарына лицензия әділет біліктілік алқасының ұсынымы бойынша беріледі. Жеке меншік практикамен айналысатын нотариус Нотариалдық Палатаға мүше болуға тиіс. Соңғысы нотариалдық округ аумағында құрылады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)