Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абатты сұйықпен жару технологиясы

Читайте также:
  1. Абатты сұйықпен жару

Қабатты сұйықпен жару үшін бірінші ретте өнімділігі төмен жыныстардың табиғи аз өткізгіштілігінен болатын скважиналарды немесе түп маңы аймағының сүзгіштігі қабатты ашқанда нашарлаған скважиналарды таңдайды. Сондай – ақ, қабат қысымы скважинға мұнай ағынын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Жаруға дейін скважинадағы ағынды зерттейді және оның жұту қабілеті мен жұту қысымын анықтайды. Жағуға дейінгі және кейінгі ағынды зерттеулер нәтижелері мен скважинаның жұту қабілеті туралы мәліметтер жүргізілген іс нәтижелерін талдауға мүмкіндік береді, жару қысымын шамамен бағалауға, жару жасау үшін қолданылатын сұйықтың қолайлы қасиеттері мен мөлшерін дұрыс таңдауға, жарудан кейін түп маңы аймағы жыныстарының өткізгіштігінің өзгеруін талдауға көмектеседі. Скважинаны жұмысты бастау алдында құрғату арқылы тазалайды және жуады.

Жуылған, тазаланған скважинағадиаметрі 76 және 102 мм сорап құбырлары түсіріледі, олармен жару сұйығы түпке түседі (1-сурет). Диаметрі кіші түсірілсе біршама қысым жоғалтулары нәтижесінде жару процесі қиындайды. Шегенду тізбегін жоғары қысым әсерінен қорғау үшін, тізбекпен жылжымауы үшін құбырларда гидравликалық зәкір орнатқан жөн (2-сурет). Құбырлар мен зәкір ішіндегі қысым үлкен болған сайын зәкірдің поршендері соғырлұм үлкен күшпен жылжиды және шегендеу тізбегіне қысылады. Поршендер бүйіріндегі сақиналы қырлар тізбекке сұғынып, қысым өскен сайын, сондай күшті тежеу қарсылығын көрсетеді. Зәкірлердің басқада түрлері бар.

Скважина сағасы сұйық айдайтын агрегаттар қосылатындай етіп арнайы жабдықталады. Қабатты гидрожаруда, жабдықтардың орналасуы 3-суретте келтірілген.

Қабатты жару құбырларға жару сұйығын айдау арқылы қабат бөлінген сәтке дейін жүреді, ол скважина сыйымдық коэфицентінің өсуінен байқалады. Егер жару үшін нашар сүзілетін сұйық қолданылса, сондай–ақ түп маңы аймағы жыныстарының өткізгіштігі саз ерітіндісімен ластануы нәтижесінде төмендеген болса, кейде жарылған сәтке айдау қысымының төмендегені байқалады. Жарудан кейін қабатқа құмтасығыш- сұйық айдайды. Құмтасығыш-сұйықты үлкен жылдамдықпен және жоғары қысыммен айдаудың тиімділігі зор, себебі, бұл жағдайда қалыптасқан жарықтар жақсы ашылады. Құбыларда қалып қойған құмтасығыш сұйық қабатқа скважинамен сығу сұйығын айдау арқылы сығылады, ол ретінде мұнай скважиналары үшін су қолданылады. Содан кейін скважина сағасын бекітеді және оған қысым төмендегенше тимейді. Сосын скважинаны жуады, құмнан тазалайды және оны меңгеруге кіріседі. Өңдеуге керекті құмтасығыш сұйық көлемін жарыққа қажет құм мөлшерін енгізіп, сондай-ақ сұйықтағы шекті құрамы бойынша анықтауға болады. Бірінші жару жарыққа 5-6 м құм кіргізген дұрыс, ал кейінгілерінде құм мөлшері 10-20т-ға жеткізеді.



Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 220 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)