Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік жауаптылықтың ұғымы және белгілері

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.

Әкімшілік жауаптылық – заңдық жауаптылықтың ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауаптылыққа тән белгілер әкімшілік құқықта да бар. Сонымен бірге заңды жауаптылықтың жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауаптылыққа сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауаптылықтың нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі.

Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналарға саяды:

1) Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен де, немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар.

2) Әкімшілік жауаптылықтың негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады.

3) Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері адамдар да, ұжымдық құрылымдар да болуы мүмкін.

4) Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.

5) Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен тобы:атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ соттар (судьялар) қолданылады.

6) Органдармен мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға – құқық бұзушыларға қолданады. Осы белгі бойынша әкімшілік жауаптылық жоғары тұрған органның, лауазымды адамның негізінен бағыныштылық жолымен жұмыскерлер мен қызметшілерге қолданатын тәртіптік шаралардан ерекшеленеді. Белгіленген жағдайларда осындай тәртіппен материалдық жауаптылық шаралары (әкімшілік жұмыскерге өзі жұмыс істеп жүрген жеріне келтірген зияны үшін және т.б.) қолданылуы да мүмкін.

7) Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазғы тартылған адам тағайындалған мерзімі өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады.

Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың басқа түрлеріне айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшелігі, оның негізгі әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына – әкімшілік жазалар жатады.

Кінәлілер құқық бұзушылық жасаған уақыты мен орны бойынша күші бар заңдар негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа жеңілдететін немесе жоятын актілердің кері күші болады, яғни осы актілер шыққанға дейінгі жасалған құқық бұзушылықтарға да таратылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың үшін жауаптылық тағайындайтын немесе ауырлататын актілердің кері күші болмайды.

Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың:

а) адамдарға:

б) ұжымдық құрылымдарға-кәсіпорындарға, мекемелерге және басқа ұйымдарға қолданылатын екі тармағы белгілі болып отыр.

Адамдардың әкімшілік жауаптылығын таағайындайтын акті Қазақ ССР-нің әкімшілік право бұзушылық туралы кодексі болып табылады. Ол 1984 жылғы 22 наурызда қабылданып, 1984 жылдың 1 қазаңынан бастап күшіне енгізілген.

Қазақ ССР-нің ӘПБтК-нің ерекшелігі сол, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді және де әкімшілік жазалар тағайындау туралы қаулыларды орындауды реттейтін нормалар оның құрамдас бөлігі болып табылады.

Сол 1984 жылдан бері бұл кодекске көптеген өзгерістер енгізіледі. Солар ескеріліп бұл кодекстің жаңа нұсқалары 1996 және 1998 жылдары орыс тілінде басып шығарылды. Ал қазақ тілінде оның өзгертілген нұсқалары шығарылмады.

Сөз болып отырған кодекс өте ескірді, біраз ережелері қазіргі кездегі қолданылып жүрген Конституцияға және басқа заңдарға сай келмейді.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 245 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)