Читайте также:
|
|
Жергілікті өкілді орындардың (өзге де кез келген мемлекеттік органдар сияқты) құзіреті өзінің мәні жағынан мемлекеттік және қоғамдық істерді басқару бойынша қоғамдық еңбек бөлінісінің құқықтық құралы (нысаны) болып табылады. Мемлекеттік органдарға қоғам өмірінің саяси, экономикалық және әлуметтік жағдайларына, сондай-ақ басқарудағы ғылыми ұйымдастыру талаптарына сай келетін құзірет берілуі – экономикалық және әлеуметтік проестерге басшылықта «мемлекеттіктің» барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңызды алғышарттанрының бірі. Органдардың құзіреті неғұрлым дұрыс белгеіленсе, аппарат соғұрлым ынымықты жұмыс істейді, мемлекеттік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыс міндеттерін шешу үшін материалдық-қаржылық, құқықтық және өзге де құралдар тиімдірек пайдаланылады.
Жергілікті өкілді органның құзіреті дегеніміз, оның заң мен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен баянды етілген қарауына жататын мәселелер, құқықтары мен міндеттері.
Қарауына жататын мәселелер дегеніміз, мемлекеттік органның (бұл ретте мәслихаттың) заң жүзінде құзіреті бар қоғамдық қатынастар.
Егер мәслихаттың кем дегенде төмендегідей өкілеттік түрлерінің бірі болса, оның тиісті қоғамдық қатынастарға заң жүзінде құзіреттілігі айқын болады, олар мыналар:
1) Егер тиісті қатынастар шеңбері жоғары тұрған органдардың құқықтық
актілерімен реттелсе, жеке маңызы бар заң актісін қабылдау;
2) Егер жоғары тұрған органдар бұл салада жалпы нормативтік реттеуді жүзеге асырған жағдайда нормативтік акт қабылдау;
3) Жоғры тұрған органдар реттемеген және жергілікті мәслихаттардың оларға заңдарда берілген өкілеттік шегіндегі мәселелер бойынша нормативтік актілер қабылдау
Сонымен, мәслихаттың қарауына жатқызылған мәселе – заңдарда әрқашан белгілі бір нысанда белгіленген, құқықтық реттеу (оның әртүрлі нысандарында) мәселесі болып табылатын қоғамдық қатынастар.
Жергілікті өкілді органдардың құзіреті құрылымының маңызды компоненті олардың құқықтары мен міндеттері болып табылады. Мемлекеттің өкілетті органы-мемлекеттің белгілі бір құқығы бар уәкілетті органы ғана емес, сонымен қатар белгілі бір билік әрекеттерін жасауға да міндетті орган.
Мәслихаттар өз аумағында Конституцияға және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес заңдардың сақталуын, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптің, азаматтар меншігінің, құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен бірге мәслихаттардың осы саладағы нақты өкілеттігі оларға заңдылықты сақтап отыруға тиісті арнаулы органдардың болуы ескеріліп берілген. Мәслихаттарға мемлекеттің белгілі бір аумақта заңдылықтың сақталуын және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуіне көмектесетін құқықтық құралдардың бәрін беруге болмайды. Міне, сондықтан да мәслихаттардың құзіреті құқығы ғана емес, сонымен қатар дербес компонент ретінде міндетті де қамтиды. Міндеттерді орнықтыру – қоғамдық өмірдің түрлі салаларына нысанды мемлекеттік ықпал жасауды қамтамасыз ету әдістерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мәслихаттардың қарауына жататын жалпы мәселелер келтірілген, ал олардың өкілеттігінің егжей-тегжейлі шеңбері «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заң мен басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне айтылған.
Конституцияның 86-бабының 4-тармағында мәслихаттардың қарауынаҮ
1) Аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
2) Өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
3) Заңмен мәслихат құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;
4) Мәслихаттардың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатқызылатыны айтылған.
Жергілікті өкілді органдардың құзіреті «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңның 5 бөлімінде баянды етілген. Заңның 40-бабында облыстық, қалалық мәслихаттардың негізгі өкілеттіктері белгіленген. Оларға мыналар жатады:
Тексеру комиссиясын, оның төрағасын сайлау және оны қызметінен босату, мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссияларын құру, олардың төрағаларын сайлау мен оларды қызметтен босату, олардың жұмысы туралы есептерін тыңдау;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген лимиттер шегінде мәслихат аппаратының штатын, еңбекке ақы төлеуді оны материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету шығындарын бекіту;
Республиканың заңдарында көзделген жағдайларда депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын доғару;
Мәслихаттың регламентін бекіту;
Мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындардың жалпы сомасын бекіту;
Жергілікті әкімнің ұсынуымен облысты, ауданды, қаланы басқару схемасын бекіту;
Облыс, аудан, қала әкімдерінің, сондай-ақ олар уәкілдік берген әкім орынбасарларынаң, жергілікті әкімшілік органдары басшыларының мәслихат құзіретіне заңмен жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау;
Депутаттардың сауалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
Жергілікті әкімдер табыс еткен аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
Жергілікті әкім табыс ететін бюджет жобасын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды және оның атқарылуы туралы есептерді бекіту;
Облыс, аудан, қала меншігіндегі кәсіпорынлар мен ұйымдардың көрсететін қызметіне жергілікті салық және алымдар, баждар мен қызметінің еңбегіне ақы төлеу тарифтерін республиканың салық заңдарына сәйкес белгілеу;
Облыстың, ауданның, қаланың меншігіндегі кәсіпорындардың төлемдерімен жасалатын қаржы мөлшерін бекіту;
Заемдарды, облигацияларды және лотареяларды шығару, олардың жағдайлары мен орналастырулары туралы шешімдер қабылдау;
Бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетін міндетті ережелерді бекіту;
Жергілікті әкімшіліктің ұсынуы бойынша әкімшілік, байқаушы комиссияларды, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі, маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күрес жөніндегі, тариф және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияларды құру және олардың құрамын бекіту;
Республиканың заңдарына сейкес әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
Республиканың заңдарына сейкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәслихаттардың жоғарыда келтірілген өкілеттіктерінен басқа облыстық мәслихаттың өкілеттігіне мыналар жатады:
Республиканың үкіметіне облыс орталығының бас жоспарының жобасын, облыстық, аудандық жоспарлау схемаларын бекіту туралы ұсыныс енгізу;
Республика Президентіне мемлекеттік марапаттармен марапаттау және құрметті атақтар баеру туралы ұсыныс жасау;
Әділет басқармасының нотарият, азаматтық хал актілерінен жазу, адвокатура органдары, сондай-ақ халыққа зай жөнінде білім беру жұмысының жай-күйі туралы ақпаратын тыңдау;
Облыс аумағындағы аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары туралы Ережені бекіту және оған өзгерістер енгізу.
Қаралып отырған Заңда Алматы, Байқоңыр қалалық және аудандық, қалалық мәслихаттарының өкілеттеріне жататын мәселелер ерекше айтылған;
Республика Президентіне мемлекеттік марапаттармен марапаттау және құрметті атақтар беру туралы ұсыныстар жасау;
Республиканың үкіметіне қаланың бас жоспарының жобасын бекіту туралы ұсыныстар жасау;
Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары туралы Ережені бекіту және оған өзгерістер енгізу.
Аудандық, қалалық мәслихаттардың өкілеттігіне мыналар жатады:
Селолық елі мекендерді қалаларды салу ережелерін, селолық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту олардың шекараларын өзгерістерді белгілеу;
Жер заңдарына сәйкес жер үшін ақы алу жөнінде жеңілдіктер белгілеу жатады.
Облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар мынадай мәселелер бойынша:
Елді мекендер аумағында құрылыс салу;
Жерді, ормандарды, су ресурстарын, бірегей табиғат обьектілерін, сондай-ақ тариф және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен ұстау;
Қоғамдық орындарға сауда жасау;
Қоғамдық тәртіп, өрт және жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік;
Індеттер мен эпизоотияларды болғызбау жөніндегі шаралар;
Инженерлік коммуникацияларды қорғау;
Аумақтық санитариялық тазалау;
Жарнамаларды, маңдайшадағы жазуларды, хабарландыруларды және басқа да ақпараттық материяларды пайдалану;
Қоғамдық көлікті пайдалану;
Аумақты көркейту, жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғау;
Үй жануарларын ұстау;
Автокөлікті қою;
Дүлей зіл залалар жағдайларындағы немесе басқа да төтенше жағдайлардағы қоғамдық тәртіп, олардың зардаптарын болғызбау және жою жөніндегі шаралар бойынша бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген міндетті ережелер қабылдауға құқылы.
Мәслихаттар қабылдайтын міндетті ережелер республиканың заңдарына қайшы келмеуге тиіс.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 167 | Нарушение авторских прав