Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЫҚтыҚ мемлекеттіҢ негізгі сипаттары

Читайте также:
  1. CDMA ұялы байланыс желісінің негізгі ерекшеліктері
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. Бағалаудың негізгі сипаттамасы
  4. Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге асырудың негізгі нысандары
  5. Кімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері
  6. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
  7. МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ

Құқықтық мемлекеттің ұғымы. Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарын жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демократияландыру перспективасын, әділдік пенадамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда. Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерекшеліктерімен ерекше сипаттарын баяндау, қоғам өміріндегі ақиқат ролін
көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болды.

Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтықбасымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қанаресми органдар мен лауазымды тұлғалардың ниетін емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді. Құқықтық мемлекеткебарлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге,сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас саласына кірісу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардын құқықтық мәртебесінің нығаюына айрықша қамқорлық көрсетеді және оның сақталуын
қадағалап отырады.

Өзінің бүкіл қызметінде барлық азаматтар мен қоғамдыққатынастың басқа субъектілерінің міндетті түрде және сөзсізбағынуына есептелген қатал басқарушылық және бұйрықтынұсқаулардың нысандары мен әдістері басым болыпкелетінэталистікмемлекет оған қарама-қарсы болыптабыпады. Бұданбасқа, аталған субъектілердің бостандығы мен дербестігі, олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің ролінің шектен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан,экономиканың, әлеуметтік қатынастардың барлық салаларын,азаматтардың жеке өмірін тікелей өз қарауына және бағынысына алуға деген талпынысынан, екінші кезектегі және ұсақ-түйек мәселелерді шешуге араласуынан тұратын этатистікқоғамның басқа ерекшелігі де осыменбайланысты. Жекетұлғаның және басқа қоғамдық қызмет субъектілерініңжағдайы текайқын да тұрақты заң нұсқауларынан ғана емес, олардыңкүнделікті араласып отырған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың субъективті қарауынада байланысты.

Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасында аралық типтегі түрлі мемлекеттер болады, оларда бірінші жәнеекінші типтің белгілері үйлесіп жатады. Олардың кейбіреуіэтатистік мемлекеттерге анағұрлым жақын, алайда сөйте тұражеке құқықтық принциптер мен бастауларға бағынуға тырысады. Басқалары этатизмнің белгілерін жоғалтпай-ақ құқықтықмемлекетке жақындауда.

Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік-құқықтық процестердің ұзақ эволюциясының заңды салдары, реакциялық институттардың орнына озат, прогрессивті және тиімдіинституттардың өзіндік ерекше «селекциясы» мен мұқиятіріктелгендігінін нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттікбасқарудың құқықтық нысанының өміршілдік-әкімшілдікжәнеполицейлік-бұйрықтықнысандарынан басымдығын және
пайдалығын теориялық ұғыну негіз болды. Құқықтық мемлекеттің теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа айналды деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) құқықтың позитивті ролін ескермейінше, мемлекеттің құрылымы мықты, тұрақты және сенімдіболуы мүмкін емес деген пікірлер айтып кеткен. Құқықтың рөлімемлекеттік басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдікретінде қаралды: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек,өйткені барлық органдардың, лауазымды тұлғалардың жәнеазаматтардың әрекетін бағыттап отыруға арналған.

Алғашында бытыраңқы және кезде жекелеген болжамдартүрінде пайда болған, кейіннен осы идеялардың негізіндеқұқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты.Оның негізін салушылар ретінде Дж. Локкты, И.Кантты,В.Гумбольдты, Г.Еллинекті, К.Шмитті және басқалардыатауға болады. Жекелеген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір- бірінен ерекшелігі болғанымен, басты мәселеде құқықтық нұсқауларды мемлекет өзі сөзсіз орындап отыруықажет екендігінде және қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығынан осыны талап етуінде-олардың ойы бір жерден шығып отырды.

Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасыныңережелерін бірқатар елдердің өмір тіршілігінде практикаданөткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды жәнеоны күресте жеңе отырып мемлекеттік және қоғамдық қызметтің барлық жағының терең жаңғыруымен бірге жүрді-мемлекеттік жүйенің принциптері жетілдірілді, жеке адамныңмәртебесі айқын мазмұнмен толықты, құқықтық құндылықтарбірінші дәрежелі маңызға ие болды, шенеуніктердің бассыздығы азайып, олардың қызметі біртіндеп реттелген жәнетәртіптелген арнаға түсе бастады.

Адамзат қоғамындағы саясидамудың жаңа кезеңінің белгісіқұқықтық мемлекеттер «отбасының» пайда болып, көбеюі.Бұл-мемлекеттік-құқықтық теория мен практиканың ғажапжетістігі, бүгінгі заманға өркениетгің орнығуы. Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен, өмірдің барлық саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар болуда, оларға әділетгі адамгершілік қоғам құрудың жолын кәрсетуде.

Ең дұрысы бұдан былай кұқықтық мемлекеттердің саныәлемде этатистік мемлекеттердің санының азаюы есебіненөсетін болады. Бірақ бұл - қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдердеәлеуметгік-саяси күштердін айқын арақатынасына байланысты болжауға киын өзгерістер болуы мүмкін, бұл өзгерістер,мысалы құқықтық мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе авторитарлық режимдер жағына қарай бұрылып кететін жекелеген елдержоғарыда көрсетілген дамудың жалпы тенденциясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет принциптерінің нығаюы болып табылады.

Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері. Құқықтық мемлекеттін этатистік мемлекеттен принципті айырмашылығынкөптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге болады:

1.Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және
әрбір орган, әрбір лауазымды тұлға өз қызметінде жеке алғанда құқықтық принпиптер және нұсқаулармен байланысты,өздерінің барлық шараларын солармен сәйкестендіреді.Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті.Олардың құқық шегінен шығып кетуі мүлде болмайды немесемүмкін емеснәрсе. Егер этатистік мемлекетте ресми органдармен лауазымды тұлғалар құқықты екінші кезектегі және өзіүшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көзкарасқақұқықтық мемлекет жағдайында жол берілмейді және олбіртіндеп жойылып та келеді.

2.Құқықтық мемлекет құқық пен заңның арасындағыэтатистік мемлекетке тән мұндай үлкен қарама-қарсылықтыбілмейші. Онда мемлекеттік органдардың барлық нормативтікактілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау жәнерәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп бұзушылықтың жүзеге асырылуы мен қорғаужөнінен құқықтың жоғары критерийлеріне сай келеді. Заңқұқықтық принциптердің жүйелілігіне негізделеді, одан қалмайды. Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативтіактілер қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емеснәрсе.

3.Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдапоны жариялаумен ғана шектелмейді. Ол осы қабылданғаннормативтік нұсқаулардын міндетті түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңілбөледі. Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағытындағы қызметі приоритеттіктің қатарына жатады, «қағаз» жүзіндегі, қолданылмайтын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, алэтатистік мемлекетте оның «қоқыстарын» ешкімнің тіпті тазалағысы да келмейді. Қоғамдық қатынастың әрбір субъектісімемлекеттік органдардыңқолданылып жүрген нормативтіактілерін орындау міндетті түрде екендігіне көзі жеткендіктен(басқаша болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің тұрақты болуының айрықша жағдайын жасауға мүмкіндік туғызады жәнеқоғамда заңдық нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсінбеушілік қатынасының тарауына кедергі жасайды.

4.Құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасымемлекеттің нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясын сақтау болып табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялыққатал жүйесі қалыптасады, әрекет етеді және дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның занды күшінебайланысты. Бұл жүйенің шыңын немесе, бейнелеп айтқанда,құқық бастауларының «пирамидасын» жоғары заң күші барконституция құрайды. Басқа ешқандайқұқық бастаулары туранемесе жанама мағынасында конституцияның принциптері меннормаларына қарама-қайшы келе алмайды. Керісінше,мемлекеттік органдардың барлық нормативті актілері жәнеқұқықтың басқа да бастаулары конституцияны негізге алып,оның мазмұнын тәптіптеп, нақтылапжәнедамытуы тиіс. Конституциялық және кәдімгі заңдар соған сәйкес түзіледі, ал заңпирамидасының келесі «қабаттарын» мемлекет басшысының
актілері, үкіметтің қаулылары мен жарлықтары, министрліктермен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулықтары,жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілері,құқықтық әдет-ғұрып, сот және әкімшілік прецеденттері[1]құрайды.

5.Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдыққатынастардың басқа субъектілерінің мәртебесі былайшаерекшеленеді, біріншіден, олардың қалыпты тіршілік әрекетінжәне олардың алдында тұрған міндеттерді табысты шешудіқамтамасыз етуге жеткілікті құқықтар мен бостандыктардыңкең кешенін қарастырады; екіншіден, құқықпен ажырамасбірлікте болу онымен шамалас болуды және міндеттержүйесінің теңбе-тең болуын міндеттейді; үшіншіден, оныміндетті түрде жүзеге асыру айқын заң кепілдіктерімен бекітілген. Қоғамдық қатынас субъектілерінің тендігін олардың бір түрі шегінде, таптық, ұлттық, рулық-топтық және басқа жеңілдіктерді және олардың біреуінің басқалардың мұндайжеңілдіктер мен артықшылықтан айрылып қалған жағдайдағыартықшылықтарын бекітуге тырысуы көрініп тұр.

6.Барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар менқұрылымдарды заңды деп тану - құқықтық мемлекеттің ерекшелікбелгілерінің бірі. Мұндажеткілікті заң базасына арқасүйемейтін институттар мен құрылымдар аз кездеседі. Егералда-жалда ондайлар болса, онда ұзақ уақыт тіршілікетуге, және жұмысын табысты жүргізуге перспективасы болмайды және, жеңуге болмайтын қиындықтарға кездескен соңөзі де сахнадан тез-ақ кетеді. Институттар мен құрылымдардың басымкөпшілігі белгіленген ережелер мен процедураларды сақтаған заңның негізінде құрылады, және олардың мақсаты, міндеті,қызмет етуінің нысаны мен әдісі ресми түрдетәптіптеп регламенттеледі. Атап айтқанда, бұл заңды деп танудың тіркеу, рұқсат ету немесе лицензиялық тәсілініңүйлесуімен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бақылау-ревизиялық өкілеттігін пайдалануымен қамтамасыз етіледі.

7.Құқықтық мемлекетте билікті бөлу принципі жарияланады және жүзеге асырылады. Соған сәйкес біртұтасмемлекеттік билік шеңберінде бір-бірімен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдаланып өзара іс-қимыл жасайтын дербесәрі төуелсіз үш тармаққа заң шығарушы, атқарушы жәнесот тармақтарына бөліну қамтамасыз етіледі. Бір билік тармағының басқа бір биліктармағын «таптауына», оларды бағынышты жағдайға қоюға жол беруге болмайды. Қаралып отырғанпринциптің мәнісі, бір органда немесе бір лауазымды тұлғадабиліктің шектен тыс шоғырлануына қарсы әрекет етеді және,оның мемлекеттік аппараттың ішінде бірыңғай бөлінуін қамтамасыз ете отырып, диктаторлық режимнің орнауына кедергіжасайды.

8.Құқықтық мемлекетте елдің ішкі заңы мен халықаралыққұқықтың көпшілік таныған принциптері мен нормаларыныңарасындағы тиімді арақатынасты орнату жөніндегі шараларыжүзеге асырылуда. Халықаралық құқық көзінің қазіргі заманғықұқықтық өркениеттің жетістіктерін нақты көрсетуде. Бұлжетістіктерге құқықтық мемлекет қалай болғанда да қосылады, өйткені олар әдетте халықаралық келісімдер приоритетінолардың зандары алдында орнықтырады (бәрін емес, тек олардың бекіткендерін ғана) және бұл келісімдер тікелей өздеріндеқолданылады деп айрықша беліп айтады. Осылайша бұлелдердің заң жүйесінің сыртқы әлемнен болуы мүмкін оқшаулануы мен тасалануынан құтылуға болады: олар әлемдік қауымдастықтың құқықтық жүйесіне жақындасқандай болады, оларды қабылдай отырып және өзінің нормативті актілерінің жағдайын солардың деңгейіне дейін жеткізе отырып, оның көптеген маңызды принциптері мен нормаларын қолдана бастайды.

9.Құқық тәртібі бұзылғандығы белгілі болған жағдайда(әсіресе азаматтардың құқығы мен бостандығы бұзылса) бірденқұқықтық реттеу және құқықтыққорғау механизмі іске қосылады, мұнда бірінші кезектегі роль сотқа беріледі. Бұл механизм кешенді түрде жаңа басталған құқық бұзушылықтың алдын алуды, бұзылған құқықты қалпына келтіруді, келтірілгензиянды өтеуді камтамасыз етуді, кінәлілерді жазалауды, жаңақұқық бұзушылықтың алдын алуды, азаматтарға және қоғамдыққатынастардың басқа субъектілеріне мемлекеттің барлықнормативті нұсқаулары ешқандай ерекше жағдайларды ескерместен, міндетті түрде орындалуын шешеді. Құқықтық мемлекеттің, құқыққорғау және превентивті ескерту қызметі құқықтық талаптарды катаң сактауғанегізделетіндігі, соның негізінде қоғам өмірінің құқықтық«көңіл-күйі» айтарлықтай жоғары болатындығы манызды.

10.Құқықтық қоғам үшін азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы озара жауапкершілігі тән. Мемлекет әрбір адамға тумысынан берілетін,ешкім айыра алмайтын құқықтары мен бостандықтарын мойындап қана қоймайды, сондай-ақ олардың ресми рәсімделуі,жүзеге асуы, кол сұғушылықтан қорғау үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға талпынады. Өз кезегінде, азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын мемлекетке, басқаазаматтарға, басқақоғамдыққатынастар субъектілеріне зиянкелтірмейтіндей етіп қана пайдалана алады; олар өздерінежүктелген міндеттерді катаң сақтауы керек.

Басқаша айтқанда, мемлекет пен азаматтардың байланысы
күрделі әрі көп қырлы, ол оларды бірінің біріне деген қарым-қатынасы тұрғысынан белгілі бір құқықтармен міндеттегенісияқты, бір-бірінің алдындағы белгілі бір міндеттерін орындауы түрінде де көрінеді.

Жоғарыда көрсетілген белгілердін жиынтықәрекетіқоғамдажәне мемлекетте құқықтын билік құратындығы, оныңүстемдігі, басышық жағдайы қабылданған дегенге алып келеді. Бұл жақсы да, өйткені құқық- адамзат өркениетінің көрнекті жетістігі, реттеудің жинақталған әлеуметтіктәжірибесінің квинтэссенциясы, басқару және ықпал ету,әділеттіліктін жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен мұраттарды, демократия мен тәртіпті жүзеге асырудың нысаны,мәдениеттің қажетті компоненті. Құқықтың қоғам өміріндегіролін және оның не үшін арналғанын терең түсініп, соған лайық іс-қимыл жасайтын мемлекетті құқықтық мемлекеттің қатарына жатқызуға болады.

Құқықтық мемлекеттің жоғарыда аталған белгілерін бір-бірінен бөліп қарамай, біртұтас түрінде алып қараған дұрыс.Егер этатистік мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналудинамикасын қарайтын болсақ, онда мемлекеттілік құрылымындағы, іс-қимыл нысандары мен әдістеріндегі, ағымдағы жәнеперспективадағы міндеттердің бірте-бірте өзгеруінің сандықтұрғыда жинақтала келіп, сосын оның сипаты мен табиғатындағы сапалық өзгерістерге алып келетіндігін анықтау маңыздыболмақ.

Осылайша, құқықтық мемлекет деп құқықтық кұндылықтарға приоритет беретін, жұртшылық арасында, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында олардың биік беделі үшін қамқорлық жасайтын, өзінің бүкіл іс-қимылықұқықпен байланысты, зан талабы шегінде әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол
бермейтін мемлекетті санауға болады.

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Құқықтықмемлекеттілік азаматтык қоғаммен табиғи байланысқан. Олонсыз қалыптасып, қызмет етіп өркендей алмайды. Азаматтыққоғам-құқықтық мемлекеттің маңызды компоненттері пайда болып, бекіп, өзінін тіршілікке қабілеттілігі мен өміршеңдігінкөрсететін, жетілдірілетін және өлар үшін өзіндік бір «тіршілікету ортасы» болып табылатын, оларға қажетті жағдайлар мен
алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік-экономикалык қондырма. Құқықтық мемлекет құрудағы табыстар, бұл процестіңөрісі мен қарқыны оның оң жөне теріс нәтижелерінің ара қатысы азаматгықка дейінгі қоғамның азаматтық қоғамға айналу дәрежесіне тура пропорционал тәуелді болып табылады.

Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен дамуы өз кезегінде азаматтыққоғамның нығаюы мен жетілуін жеңілдетеді, жәнеқұқықтық емес мемлекеттіңқұқықтық мемлекетке ауысупроцесі біріншісінен екіншісіне айналуы неғұрлым кең өріс алса, азаматтық қоғамға тірек болатын және оған қызметкөрсететін тіректер мен құрылғылар соғұрлым сенімдірек, мықтырақ болады.

Басқаша айжанда, қоғамдық өмірдің аталған екі құбылысының (құқықтық мемлекет және азаматтыққоғам) арасындаөзара келісушілік пен өзара іс-қимыл нысанында екіжақтытәуелділік бар: іс жүзінде олардың біреуі екіншісінсізтіршілікете алмайды; бұдан былай олар бір біріне серік болады, олардың қызмет етуінің нәтижесі бір-бірімен тығыз байланыстыжәне олардың әрқайсысына тікелей әсер етеді.

Азаматтық қоғам әдетте, жеке меншіктің және нарықтық қатынастардың, орта таптағы меншік иелерінің ролінің артатүсуімен, бәсекелестік, шұғылдық, парасатты есептей білунегізіндегі шаруашылық және коммерциялық табыстарға қолжеткізілуімен сипатталады. Әлеуметтік толысудың белгілі бірдеңгейіне жеткен соң азаматтық қоғам мемлекеттің диктатын өзіне дарытпайтын жағдайда болады, онымен тең және белгілібір тепе-теңдік орнатып, үйлесімді қатынастар мен өзараәрекеттестікті калпына келтіреді. Азаматтыққоғамның оданәрі жетілдірілуіне қарай онда мемлекетпен, социумдарымен,
жеке тұлғалармен байланыстары жаңа деңгейге көтеріледі,олардың біреуінің екіншісінен шектен тыс басымдығы болмайды. Қоғамда пайда болған жанжалдар, қарама-қайшылықтаржәне шиеленістер жария құралдармен, зорлықсыз, басып-жаншусыз, революциясыз шешіледі.

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір біріне жақынболғанымен әр түрлі мәселелерді тікелей шешеді. Егер мемлекет өзінің конституциялық және заң актілерінде жеке адамның құқықтық мәртебесін баянды ететін болса, онда азаматтық қоғам оны жоғары әлеуметгік мәртебемен қамтамасызетеді. Мәртебенің бұл екі түрі жеке адамның өмір тіршілігінің әр түрлі жақтарына акцент береді, бірін-бірі толықтыра отырып, оған өзінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуінемүмкіндік береді. Әлеуметтік мәртебе материалдық, ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерді, сондай-ақ әрбірқоғамға тән таптық-топтық, ұлттық-этникалык, социумдықбайланыстар мен қатынастардың артықшылықтарын анықтайды. Қоғам бұл мүмкіндіктер мен артықшылықтарға өзінің мүшедерін араластырады. Қоғамныңқарамағында мұндаймүмкіндіктер мен артықшылықтар неғұрлым көп болса, азаматтар оны соғұрлым толығырақ пайдалана алады. Оларқұқықтық мәртебенің мазмұнын құрайтын мүмкіндікті нығайтады. Олар болмаса құқықтық мәртебенің жүзеге асырылуыкемиді.

Мемлекет пен қоғам пайдаланатын жауаптылық институттарының арақатынасы да ұқсас. Құқық тәртібін бұзушылардымемлекет заңдық жауапкершілікке тартады, ал құқықтық емесбұзушылықтар қоғамдық-моральдық ықпал ету шараларынқолданумен шектеледі. Мұндайда жауаптылықтың көрсетілгенинституттары үйлесімділік пен өзара толықтыру жағдайындақолданылады.

Азаматтық қоғам өзінің сипатына, табиғаты мен негізгі сапасына қарай-атап айтқанда бостандық пен әділеттілікке қолжеткізуді көздегеніне, демократия мен адамгершілік қарым-қатынастың орныққанына қарай –құқықтықмемлекеттіңпринциптерін нығайтуды жеңілдетеді, ол тіпті соларға бейімделген сияқты да. Бұл нақтылы неден керінеді? 3 фактордығана атап өтейік:

қоғамдық пікірде құқықтың жоғары имиджі, заң институттары, принциптері мен нормаларының беделі мен шүбәсіздігінегізделіп, таратылады;

құқық талаптарын елемеу және бұзу қалыпты емес деп бағаланатын жағдай туғызылады, олар көпшілік мойындаған әлеуметтік тәртіпке сыйыспайды;

қоғам құқықты игерудің өзін заң механизмдерімен толықтырушы белгілі бір әлеуметтік және рухани механизмдерін дайындап шығарады,-олардың қатарына азаматтың қоғамжағдайында адамдарда қалыптасатын жеке адамға тәнадамгершілік парыз, азаматтылық сезімі, өзіне талап қоя білушілік, өзін-өзі тәртіпке келтіру, әділетсіздікпен ымырасыздық, әлеуметтік белсенділік сияқты қасиеттерді жатқызуға болады.

Осылайша, азаматтық қоғамды қалыптастыру жәнеқұқықтық мемлекет құру процестері бірін бірі итермелеп, біріүшін екіншісі өзара колайлы жағдайлар мен алғышарттар туғызады. Бұл процестің екеуі де жалпы және тұтасынан алғандақатар жүреді, ал нақты өмірде олардың біреуі бір кездерібіреуінен озып кетуі немесе қалып коюы мүмкін. Бірақ, аталған процестердің өтуінің оқтын-оқтын бұзылатын «синхрондығы» кейін қоғамдық дамудың барысымен қалпына келтіріледі.

Азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық және этатистік
мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналуын бір сәттік немесе бір реттік шара ретінде қарауға болмайтындығын атап өтумаңызды. Бұл дамудың тұтас бір бөлігін камтитын және ұзақ уақытқа созылатын күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси,мемлекеттік-құқықтық және рухани процестер.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 87 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.026 сек.)