Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бағалаудың негізгі сипаттамасы

Читайте также:
  1. CDMA ұялы байланыс желісінің негізгі ерекшеліктері
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.
  4. Азақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясының жалпы сипаттамасы
  5. Бағалаудың мақсаты неде?
  6. Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге асырудың негізгі нысандары

Әуе соққы толқындарының әсерінен болатын жарылыстардың ғимараттарға, құрылыстар мен жабдықтар немесе адамдарға тигізетін қауіптердің алдын-алу үшін өнеркәсіп секторында және күнделікті өмірде,әскери операциялар кезінде пайда болуы мүмкін жарылыстарды сипаттайтын деректер қажет.Жарылыс туралы ең сенімді ақпаратты эксперимент жүргізу арқылы алуға болады. Алайда, бұл тәсіл әрқашан қолданылмайды. Сондықтан, ең көп таралған есептеу әдістері жарылыстар сипаттайтын параметрлердің мәндерін анықтауға мүмкіндік береді. Есептеу кезінде мынадай параметрлер қолданылады:

-жарғыш заттың түрі мен саны;

-жарылыс шарттары;

-соққы толқынының параметрлері;

-ғимараттар, құрылыстар, машиналардың қирау және адамдардың зардап шегу дәрежесі.

Есептеулер жүргізу үшін бұл көрсеткіштерді өзара байланыстыратын функционалды тәуелділіктер техникалық әдебиеттерде көп мөлшерде ұсынылған.Есептеу қатынасының нақты нысаны жарылыс жағдайына тәуелді.Бұл жағдайларға мынылар жатады: жарылғыш заттар түрі (ықшамдалған жарылғыш заттар,газ-ауа қоспасы, шаң-ауа қоспалары, т.б.), жарылыс орны(ауада, топырақта немесе жерленген жарылыс),соққы толқынын тудыратын кедергілердің болуы және басқа да шарттар.Есептеу барысында ең дәл жуықтаумен,немесе қарапайым жолмен,немесе басқа да жеңілдіктермен көрсеткіштерді алу үшін көптеген авторлар әр түрлі функционалдық тәуелділіктерді ұсынады.Сондықтан,функционалды тәуелділікті таңдау барысында пайдалану мүмкіндігін анықтайтын жүйе шектеулеріне ерекше назар аудару керек.Есептеу жолына байланысты мәселені екі топқа бөлуге болады:берілген жарылғыш заттың мөлшерінен туындайтын жарылыстың салдарын болжау және жарылыс салдарынан жарылғыш заттардың мөлшерін анықтау.Болжам жағдайға сәйкес жасалады,яғни жарылыс әлі болмаған жағдайда болашақ жарылысты сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу қажет.Мұндай есептеулерде бастапқы деректер ретінде жарылғыш мөлшері мен жарылыс шарттары туралы ақпараттар пайдаланылады.Есептеу нәтижесіндесоққы толқынының параметрлері алдын ала белгіленген жерден жарылыс орны арасындағы қашықтық алынуы тиіс.Әдетте кездейсоқ жарылыс себептерін тергеу және талдау арқылы есептеуге тура келеді.Мұндай есептерде жарылыс шарттары,жарылыс орны және жарылыс дәрежесі белгілі болуы керек.Есептеу нәтижесінде жарылғыш мөлшері анықталуы тиіс.Мұндай есептеулер жүргізу үшін де жарылыс дәрежесі,жарылғыш зат мөлшері,жарылыс орны қашықтығының арасындағы функционалды тәуелділік қолданылады.Бұл дәрістердің курсы әр түрлі жарылу шарттары мен факторларды ескеретін түрлі варианттарды егжей-тегжейлі қарастырмайды. Жарылысқа әсер ететін факторлардың арасында тек қана әуе соққы толқыны қарастырылады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 200 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)