Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік құқықтың негізгі қайнар көздері

Читайте также:
  1. CDMA ұялы байланыс желісінің негізгі ерекшеліктері
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  5. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  6. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Негізгі ұғымдар: Әкімшілік құқық, әкімшілік құқықтық институт.

1. Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.

Әкімшілік құқық – ҚР құқық жүйесінің саласы, ол қоғамдық қатынастардың ерекше топтарын реттеуге бағытталған. Оның негізгі ерекшелігі – мемлекеттік басқару аумағында, яғни ҚР-ның мемлекеттік әкімшілік-аумақтық бөліністерінде атқарушы биліктің жүйесін ұйымдастыру және қызмет етуімен байланысты. Мұндай қатынастар өзінің сипатына қарай әр түрлі және олар әкімшілік құқық пәнін құрайды.

Әкімшілік құқық – атқарушы билікті (мемлекеттік-басқарушылық қызметті) тәжірибелік тұрғыдан іске асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын ҚР құқық жүйесінің аса маңызды бір саласы

Әкімшілік құқық пәні – әкімшілік құқықтық норманың көмегімен реттелетін қоғамдық қатынастардың жүйесі.

Әкімшілік құқық пәні мемлекеттік атқарушы билік органдарының және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға қатысты басқа құқық субъектілерінің қызметін реттейтін әкімшілік заңнаманы (мемлекеттік басқару аясында әрекет ететін заңдарды) оқиды және зерттейді.

Әкімшілік құқықтың басқа құқық салалары сияқты өзінің жүйесі бар,

олар бір-бірімен тығыз байланысты әкімшілік-құқықтық нормалар мен институттардан тұрады.

Әкімшілік құқық жүйесі - өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік құқықтық институт – басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөлектенген әкімшілік құқық нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың мазмұнына қарай үш бөлімге бөлінеді. Жалпы сипаттағы басқарушылық қатынастарды реттейтін нормалар, яғни барлық басқаруға ортақ болып саналатын нормалар жалпы бөлімді құрайды; қандай да болмасын басқару салаларындағы қоғамдақ қатынастарды реттейтін нормалар ерекше бөлімді құрайды; әкімшілік-юрисдикциялық қызметте болатын қатынастарды реттейтін нормалар үшінші бөлімді құрайды. Сонымен әкімшілік құқық үш бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім бірнеше әкімшілік-құқықтық институттарды қамтиды.

2. Әкімшілік құқық принциптері - әкімшілік құқықтың негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, бастамалар. Әкімшілік құқық принциптерінің түрлері:

1) Құқық шығару мен құқық қолдану қызметінің демократиялылығы

2) Унитарлық

3) Мемлекет пен адамның өзара жауаптылығы.

4) Адамгершілік.

5) Заңдылық.

6) Азаматтың заң алдындағы теңдігі.

7) Әділеттілік.

Әкімшілік құқық әдісі – басқарушылық қоғамдық қатынастарға қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің жиынтығы.

Құқықтың кез келген саласы міндеттеу, тыйым, ерік беру сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерін пайдалану.

Ұйғарым – бұл белгілі құқық нормасымен қарастырылған қандай да болмасын заңдылық мағынасы бар, әрекетті жасауға тікелей заңдылық міндетті жүктеу. Демек, қажетті жағдайда қандай әрекет жасау керектігін норма көрсетеді.

Тыйым салу – бұл да ұйғарым, бірақ заңдылық мазмұны бөлек. Оның мағынасы құқық нормасы өзінің адресаттарына байланысты қандай да болмасын әрекеттерді жасамауға тікелей заңдылық міндет жүктейді.

Рұқсат ету – осы нормаларда көзделген заңдылық мағынасы бар әрекеттерді жасауға заңды түрде рұқсат беру немесе оларды жасаудан өз қалауы бойынша бас тарту.

 

3. Әкімшілік құқық қайнар көздері – бұл әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысаны. Оларға әртүрлі мемлекеттік органдардың заңдылық актілері (нормативтік құқықтық акт – уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін,тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат), яғни мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалар жатады.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, Заңдар;

2) ҚРПрезидентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР

Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

4) ҚРҮкіметінің нормативтік қаулылары;

5) ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық

сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

6) ҚР министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар

басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

7) Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;

8) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің

нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. ҚР Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық шарттар да саналады.

 

№1 Дәріс. Әкімшілік құқықтық нормалар мен қатынастар.

Жоспар:


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 284 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)