Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арауыл бастығы көмекшісінің құқытары мен міндеттері.

Читайте также:
  1. Азаматтың құқықтары мен міндеттері.
  2. Арауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды ауыстыру,тексеру.
  3. Арауылдық қызметтің ережелері. Қарауылдар наряды.
  4. Жалпы ережелер, қарауылдың киім нысаны.
  5. Скери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері..
  6. Скери бөлімнің сарбазы (матрос) міндеттері.

Қарауылды тағайындайтын рота командирі:

- өзінің орынбасарларымен, взводтардың командирлерімен және олардың орынбасарларымен әрбір кандидатураны жеке қарауға әрі күзетілетін объектілердің маңыздылығын және постылардағы қызмет атқару жағдайларын ескере отырып, қарауыл жеке құрамын постылар бойынша бөлуді жүргізуге;

- қарауылдарды даярлаудың екінші және үшінші кезеңдерінде оқу сабақтарын жүргізуге, жеке құрамның терең білім алып, өз міндеттерін сенімді түрде орындауына және қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауына қол жеткізуге;

- қарауылға түсетін жеке құрамды бөлімнің медициналық пунктіне медициналық тексеруге апаруға, одан кейін тексеру нәтижелерін пост ведомосінде ресімдеуге;

- қарауыл жеке құрамын жұмысқа таратуға жіберер алдында олардың қаруын және ұрыс патрондарын, жуынып – шайыну бұйымдарының бар – жоқтығын, әрбір әскери қызметшінің сырт киімін тексеруге, сондай – ақ пост ведомосін толтырып, оған қол қоюға;

- қарауылдардың жұмысқа таратуға дер кезінде келуін қамтамасыз етуге;

- ротадан немесе батальоннан тағайындалған қарауылдың қызмет атқаруын тексеруге;

- қарауыл ауысқаннан кейін тапсырмалардың орындалуы туралы қарауыл бастығының баяндауын қабылдауға, пост ведомосінде жазылған барлық ескертулермен танысуға, келесі күннен қалдырмай қарауыл тағайындалған бөлімшенің бүкіл жеке құрамымен атқарылған қызметті талдауға және пост ведомосін – ескертулер бойынша қабылданған шараларды көрсетіп және белгі қойып әскери бөлім штабына жөнелтуге міндетті. Бұл міндеттер:

- егер қарауыл батальоннан тағайындалса, батальон командиріне;

- егер қарауыл әскери бөлімнен тағайындалса, бөлім командирінің орынбасарына қолданылады.

Жұмысқа таратудан шығудан 15 минут бұрын қарауылдар қызмет атқаруға дайын болуы және қарауыл бастықтары оларды өз қарамағына қабылдауы керек. Осы кезде қарауыл бастықтары:

- ұрыс патрондарын қабылдап алуға және тарату ведомосі бойынша оларды жеке құрамға қолдарын қойдырып беруге; магазиндерінің (оқ қалталарының) дұрыс жабдықталуын тексеруге;

- пост ведомосі бойынша қарауыл топтарын тексеруге;

- қаруды тексеруге;

- киімдер мен жабдықтардың дұрыстығын тексеруге;

- қарауылдың әзірлігі туралы рота немесе батальон командиріне баяндауға міндетті. Қарауылдар қарауыл қалашығынан қаруларын оқтамай, магазиндерін (оқ қалталарын) сөмкелеріне салып (пистолетпен қаруланған әскери қызметшілерден басқа) шығады.

Әскери бөлімнен барлық гарнизондық қарауылдарды бөлім бойынша кезекші жөнелтеді. Қарауылдарды жөнелту жайлы ол әскери бөлім командиріне (штаб бастығына) және қарауылдар бойынша кезекшіге баяндайды.

Қарауыл жұмысқа таратудан кейін ауысатын қарауыл орналасқан жерге келеді. Қарауыл бастығы оны күзетілетін объектінің аумағына кірер алдында немесе қарауыл үй – жайларына кіре берісте қарауыл бастығына көрсетілген ара қашықтықта тоқтатады, ауысатын қарауылдың бастығына өзін таныстырып, оған ескі парольді хабарлайды. Бұдан кейін ол өз қарауылын қарауыл үй – жайларының алдындағы алаңда оған маңдайшеп бағытта сапқа тұрғызады.

Бұрынғы қарауыл бастығы оған аталған парольдің дұрыстығына көзі жеткен соң, үй – жайда өзінің көмекшісін немесе жұмысқа таратушылардың бірін қалдырып, өз қарауылын қарауыл үй – жайынан алып шығады да, қарауылды жаңа қарауылға маңдайшептен алты – сегіз қадам жерде сапқа тұрғызады. Сапқа тұрғызғаннан кейін қарауыл бастықтары кезектесіп, жаңа қарауыл бастығынан бастап «Қарауыл, түзел», «Тіктел» деп пәрмен береді.

Пәрмен бергеннен кейін пистолетпен қаруланған қарауыл бастықтары қолдарын бас киімдерінде ұстап саптық адыммен бір – біріне қарсы жылжиды, содан соң бір – біріне екі – үш адым қалғанда тоқтайды да, жаңа қарауыл бастығынан бастап мән – жайды баяндайды, мысалы: «Лейтенант мырза. Жаңа қарауыл ауысу үшін келді. Қарауыл бастығы лейтенант Нұров», «Лейтенант мырза. Бұрынғы қарауыл ауысуға дайын. Қарауыл бастығы лейтенант Омаров». Одан кейін қолын бас киімінен түсіреді.

Баяндаудан кейін қарауыл бастықтары «Еркін тұр» деп пәрмен береді, егер сақшы қойылса, қарауыл үй – жайындағы сақшыны ауыстырады, ал одан кейін өз қарауылдарына «Оң - ға», «Адымда» деп пәрмен береді.Жаңа қарауыл бастықтары өз қарауылын қарауыл үй – жайларына ертіп кіреді, ал бұрынғы қарауыл бастығы өз қарауылын қарауыл бастығына арналған нұсқаулықта көрсетілген орынға ертіп барады, қаруларын пирамидаға қоюға пәрмен береді, өз орнына біреуін қалдырып, өзінің жұмысқа таратушыларымен қарауыл үй – жайларына кіреді.

Барлық пәрменді бұрынғы қарауылдың жұмысқа таратушысы береді.

Қарауыл ауысымдары постыға бара жатқанда және постыдан кейін қайтқанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Саптық жарғысында баяндалған ережелер бойынша әскери сәлемдесу рәсімдерін орындайды.

Қарауыл ауысқан кезде жаңа қарауыл бастығы бұрынғы қарауыл бастығымен бірге қарауыл бастығына арналған нұсқаулықта көрсетілген аса маңызды күзетілетін объектілердің жай – күйін сырттан қарау және аралап шығу арқылы, оларды жарықтандырудың дұрыстығын, қоршаулар мен оқпаналарды, қарауыл үй – жайлары мен гауптвахталардың жай – күйін тексереді, одан кейін тізбе бойынша құжаттарды, оқ – дәрілер салынған жәшіктерді, олардың кілттері мен мөрлерін, күзетілетін объектілерді ашуға рұқсат беретін рұқсаттама, қамауға алынғандардың атаулы тізімі, сондай – ақ байланыс және өрт сөндіру құралдарын қабылдап алады.

Постыдан оралған кезде 103 – бапта көрсетілген тәртіп бойынша қарудың оғы алынады. Қарудың оғын алдымен екі қарауылдың жұмысқа таратушылары алып тастайды, ал одан кейін бұрынғы қарауылдың жұмысқа таратушысы «Оң жақтан бір – бірлеп – оқты алып таста» деп пәрмен береді.

Осы пәрмен бойынша оң қапталда тұрған қарауыл алға қарай бір адым жасап, жұмысқа таратушының бақылауымен өз қаруының оғын алады, жабдықталған магазинді сөмкеге салады да, «Қарудың оғы алынды» деп баяндайды, сонан соң бекіту тетігін артқа тартып, қаруын тексеруге ұсынады. Жұмысқа таратушы қаруды қарап тексерген соң, қарауыл бекіту тетігін алға қарай қозғап, қарудың құлағын түсіреді, қаруды сақтандырғышқа қояды, сүңгіні алып тастап, қаруды «белдікке» күйіне ұстап, артқа қарай бір адым шегінеді де, өз орнына барып тұрады.

Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын алып тастайды.

Сақшыларды ауыстыру әрбір екі сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағатта жүргізіледі.

Ауаның температурасы – 20 градус және одан төмен, жел соғып тұрған және қатты аяз болмаған кезде сыртқы постылардың, сондай – ақ пеш жағылмайтын үй – жайлардағы ішкі постылардың сақшылары 1 сағаттан кейін ауыстырылады. Ауаның температурасы + 30 градустан және одан да жоғары болған кезде де сақшылар 1 сағаттан кейін ауыстырылады. Сақшыларды 1 сағат сайын ауыстыру туралы нұсқауларды қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекші береді. Егер сақшылар 1 сағаттан кейін ауыстырылса, онда қарауыл бастығы пост ведомосінде сақшылар қай уақыттан бастап 1 сағаттан кейін, ал басқа ауысым келгенде – қай уақыттан бастап 2 сағат сайын алмастырылып отырғаны жайлы жазып қояды. Қарауыл үй – жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығының көмекшісі немесе қарауыл бастығы әрбір 30 минут сайын ауыстырып отырады.

Ауысым сақшыға 10 – 15 адымға жақын келгенде қарауылдың жұмысқа таратушысы: «Ауысым, тоқта» деп пәрмен береді де, бір қарауылға пост пен оның маңайына бақылау жасауды бұйырады.

Мысалы: «Қатардағы сарбаз Данияров, пост пен оның маңайына бақылау жаса». Сақшы ауысым жақындағанда оларға бет бұрып, өздігінен автоматты «белдікке» (карабинді - аяққа) күйінде ұстайды. Сақшы жаңа қарауыл жұмысқа таратушысының пәрмені бойынша, мысалы: «Қатардағы жауынгер Васильев, постқа қарай адымда» дегенде, тік тұрып, оң жаққа бір адым жасайды, ал қарауыл сақшыға жақындап келіп, оның орнына қарсы бағытта бұрылып тұрады. Бұрынғы және жаңа қарауылдардың жұмысқа таратушылары сақшы мен қарауылдың екі жағында бір – екі қадам арақашықтықта бір – біріне қарап тұрады. Бұрынғы қарауылдың жұмысқа таратушысының: «Сақшы, посты тапсыр» деген пәрмені бойынша сақшы посты ауызша тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір – біріне қарай бастарын бұрады. Посты ауызша тапсыру кезінде сақшы постың нөмірін атаған соң, посты күзетуге келген қарауылға пост табеліндегі күзетуге жататын барлық объектілерді атайды, сондай – ақ қызметті атқару кезінде пост маңында байқалған жайттарға назар аударады. Посты ауызша тапсырып болған соң, сақшы өз жұмысқа таратушысының: «Сақшы, посты қабылдап ал» деген пәрмені бойынша жаңа қарауыл жұмысқа таратушысымен бірге сақшы мен бұрынғы қарауылдың жұмысқа таратушысының қатысуымен күзетілетін объектілерді қарап шығуға және сақтау орындарының есік – терезелерін, қабырғаларын, жарықтандыру жүйесін, қоршауларын, құлыптардың, бауларының, мөрлердің бар – жоқтығын және олардың көшірме бедерлеріне сәйкестігін немесе күзетілетін ұрыс – машиналарының санын тексеруге міндетті.Посты қабылдап алу кезінде қамалған адамдары бар камералар жанында тұрған сақшы, оған қоса, олардағы қамалып отырған адам санын тексеруге міндетті.

Егер посты тапсыру – қабылдау кезінде қандай да бір болмасын ақаулар(қоршаулар бұзылса немесе мөрлер, құлыптар, есіктер, терезелер бұзылса) немесе мөрлердің көшірме бедеріне, сондай –ақ күзетілетін ұрыс машиналары пост табеліндегі көрсетілген санына сәйкес келмесе, жұмысқа таратушы посты тапсыруды тоқтатады да, қарауыл бастығын шақырады; жаңа қарауыл постарды қабылдаған кезде бұл жағдайларда бұрынғы және жаңа қарауыл бастығы шақырылады.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Гарнизондық қарауылдарды кім тағайындайды.

2. Қарауыл бастығы көмекшісінің құқытары мен міндеттері.

3. Сақшының құқытары мен міндеттері

4. Постылардың тапсыру және қабылдау жұмыстары.

6. Ауысым сақшыға неше адымға жақын келгенде қарауылдың жұмысқа таратушысы: «Ауысым, тоқта» деген пәрмен беріледі

7. Сақшыларды ауыстыру неше сағаттан кейін, жүргізіледі.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде,қарауыл бастығы көмекшісінің құқытары мен міндеттерін,қарауылды таратушының құқытары менміндеттері.Сақшының құқытары мен міндеттері оқыту туралы.

7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде,қарауыл бастығы көмекшісінің құқытары мен міндеттерін,қарауылды таратушының құқытары менміндеттері.Сақшының құқытары мен міндеттерін оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Т.Қарғабаев Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

3. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 127 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)